Мазмұны: Жиынтық. -Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.
-Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі элементтерден құрастыруылуы мүмкін екендігін жаттықтыру.
- «Бір» деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.
Сан және санау. 6 саны көлеміндегі сан мен цифр туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету.
- Көрнекі негізінде 2,3,4,5,6 санының пайда болуымен таныстыру. 7 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
- Сөйлеуде математикалық терминдарды қолдана білу қабілеттілігін қалыптастыру.
-7-ден 10-ға дейінгі сандар мен цифрлар туралы ұғымдарын қалыптастыру, оларды тану және атай білуді үйрету.
-Көрнекі негізінде 7,8,9,10 сандарының пайда болуымен таныстыру.
-10 көлеміндегі санды тура және кері санауға үйрету.
-Заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөлуге болатыны туралы түсінікті қалыптастыру, бұл бөліктерді атап, бүтін мен бөліктерді салыстыруға үйрету. Бүтінді түсінуге баулу (бөліктен бүтін үлкен, ал бөлік бүтіннен кіші).
Көлем -Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын белгілеу білуге үйрету, заттарды көлеміне қарай өсу және кему ретімен орналастыру. Көлемі бойынша заттардың арасындағы қатынастарды білдіретін математикалық терминдерді қолдану.
Геометриялық пішіндер.
-Шеңбер және тіктөртбұрышпен салыстыру арқылы сопақшамен таныстыру. -Геометриялық пішіндер (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Кеңістікті бағдарлау. -Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.
- Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру.
-Қағаз бетінде бағдарлай білуді бекіту.
Уақытты бағдарлау. -Уақытты бағдарлау туралы білімдерін бекіту.
-Таңертең, күн, кеш, түн мезгілдері тәулікті құрайтыны туралы ұғымдарын қалыптастыру.
-Апта күндерін, жыл мезгілдерін атау кезінде оларды ретімен дұрыс айта білуге үйрету.