Мақсаты:екі кіші саннан тұратын 3 санының құрамымен таныстыру.
Көрнекілігі: доп , көзді байлауға арналған орамал , әртүрлі өлшемдегі текшелер мен шарлар.
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ .Негізгі бөлім -«Ертегіні есіңе түсір» бойжазу ойыны Мақсаты:жаңа тақырыпты оқып – меңгеру мақсатында бұрын меңгерген 3 саны туралы білімдерін тексеру ; ойын іс – әрекетіне уәждеу.
Ойын іс – әрекеті: 1-ші ойын: «Тыңда және сандарды тап» Мақсаты:1-3 цифрлары туралы білімдерін бекіту;зейін мен естігенді есте сақтауды дамыту.
2-ші ойын: «Дәл осындай заттарды тап» Мақсаты:3 санының құрамы туралы білімдерін бекіту, сезгіштік қабылдауды дамыту.
Тапсырма: 1-тапсырма:Заттардың есептік саны. Заттар мөлшерінің олардың санымен арақатынасын анықтау. 3 санының құрамымен жұмыс.
2 – тапсырма: Заттардың есептік және реттік саны. Лабиринтпен жұмыс. Зейінді дамыту.
3-тапсырма:Логикалық ойлауды дамыту.
ІІІ. Қорытынды
Рефлексия 14– оқу қызметі Тақырыбы: 4 санымен таныстыру. 4-тің сандық құрамы. «Ойыншықты тап» ойыны
Мақсаты:4 санымен және цифрымен танысу; 4-тің көлемінде есептік және реттік санау дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: доп , 1 – 4 сандары бар карточкалар , 1-4 сандары мен геометриялық фигуралар әртүрлі орналасқан плакаттар.
І .Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ .Негізгі бөлім -«Барлығы да төрт - төрттен» бойжазу ойыны Мақсаты:жаңа білімді енгізу қажеттілігін танытатын жағдайды көрсету; ойын іс – әрекетіне уәждеу.
Жыл мезгілдерінің бәрін ата (күз,қыс,көктем,жаз)
Тәуліктің барлық бөліктерін ата(таң,күн,кеш,түн) т.б.