Түсінік хат Қызықты математика-аптасына 1рет 32сағат



бет3/27
Дата06.03.2023
өлшемі59,5 Kb.
#71815
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
қызықты математика

Салмақты бағдарлау.
-Зат өлшемін анықтай білу сезімдерін дамыту («салмақ сезімі»), заттардың салмағын өлшеміне қарай тең және тең еместігін алақанына салып өлшеп, анықтауға үйрету.
-Заттың салмағын таразының көмегімен өлшеу дәлірек болатынын түсіндіру. -Дүкенде қолданылатын таразы туралы ұғымдарын қалыптастыру.
-Заттың салмағын өлшеуге қызықтыру.
Күтілетін нәтижелер:
- жиынтық сапасы бойынша түрлі элементтерден тұратынын, бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы біледі, оның құрамдас бөліктерін бөледі;
- 10 саны көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі;
- қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындайды;
- заттардың мәні және көлемі бойынша ара қатынастарын көрсететін математикалық атауларды қолданады;
- заттарды бірнеше бірдей бөлікке бөледі, бүтін мен бөліктерді салыстырады;
- шартты өлшемнің көмегімен түрлі көлемдегі заттарды өсу (кему) мөлшерін ретімен салыстырады;
- геометриялық пішіндерді және денелерді атайды және оларды бір-бірінен ажыратады;
- бір заттың екінші затқа қарағандағы орнын, заттар мен адамдар арасындағы өзінің орнын сөзбен анықтайды және белгілейді, қағаз бетінде бағдарлай алады;
- түрлі жағдайларды ретімен орналастыра біледі, тәулік бөліктерін, апта күндерін, жыл айларын атайды;
- заттарды өсу және кему ретімен орналастыра отырып, салмағы бойынша анықтайды, заттың салмағы оның көлеміне байланысты емес екендігін біледі.


1 – оқу қызметі
Тақырыбы: Заттардың қасиеті «Суретшілер» ойыны


Мақсаты: заттардың белгілері (түсі, пішіні, өлшемі, қызметі, материалы) анықтау іскерлігін тексеру ; бірнеше белгіні бір мезгілде бағдарлау іскерлігін қалыптастыру.


Көрнекілігі: доп , заттардың суреттері
Үлестірме материал: фишкалар


І . Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздіп оқып әрқашан ,
Кілең «бестік» аламыз!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет