ТУҒан тіл / №1 (20), 2014 Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата06.03.2017
өлшемі11,93 Mb.
#8499
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

МӘДЕНИ МҰРА

69

Азаттықтың  ақ  таңы  атып,  тәуелсіздік 

туы  қолға  тиген  алғашқы  жылдардың  елге  де, 

Елбасына  да  аса  ауыр  сынақ  болғаны  белгілі. 

сөз  жоқ,  бүгінде  өз  жемісін  беріп,  халықтың 

игілігіне  айналған  берекелі  істердің  негізі  сол 

алғашқы  қадамдарда-ақ  қаланған  болатын. 

солардың  ішіндегі  ел  дамуының  кезеңдеріне 

алтын  арқау  болып  тартылған  бір  мәселені 

ерекше  атап  айтқан  жөн.  Ол  –  бодандықтан 

босап, азаттыққа ұмтылған халықтың жасып 

қалған жігерін жанып, рухын көтеру.

Егемендігін  жариялап,  Тұңғыш  Президентін 

сайлап  енді  ғана  серпілген  жұрттың  бойын  одан 

әрі  тіктеп,  болашаққа  деген  сенімін  ояту  оңай 

шаруа болған жоқ. Міне, осы сәтте халықты жаңа, 

биік  армандарға  жетелейтін,  жұртты  мемлекеттік 

мүддеге  біріктіретін  идеялар  керек  болды.  Оның 

бастауы тарихи жадымызды, ұлттық мәдениетімізді 

жаңғыртудан басталды.

Алаш  арыстарын  ақтап,  еңбектерін  жариялап, 

кеңестік  кезеңде  аттарын  атауға  қорқатын  хандар 

мен билердің, даналар мен батырлардың есімдерін 

дәріптеп,  мерейтойларын  өткізген  жылдардың 

барлығы  осы  халық  рухын  асқақтатудан  туған 

шаралардың алғашқы легі болатын. Барлық тарихи 

оқиғалардың төрешісі уақыт көрсетіп отырғандай, 

бүгінде  қазақ  рухы  сол  игі  істердің  арқасында 

әлемдік абырой биігіне шығып отыр.

Елбасы 

қабылдаған 



«Мәдени 

мұра» 


бағдарламасы  ұлт  рухын  көтерген  сондай  айтулы 

жоба  болғаны  баршаға  аян.  «Бабалар  сөзі» 

атты  қазақ  фольклорының  жүз  томдығы  –  сол 

бағдарламаның маңызды бөлігі. Оны Елбасы қызу 

қолдап  жүзеге  асыруға  пәрмен  берді.  Тәуелсіздік 

тізгінін қолына кеше ғана алған жас республиканың 

экономикалық  әлеуеті  кемеліне  келе  қоймаған 

шақта  осындай  көрегендікпен  тәуекелге  бел 

байлады. Өйткені, фольклор – қай елдің болмасын, 

қай  халықтың  болмасын  ұлттық  рухының 

таусылмайтын  қайнары.  Оны  адамзаттың  ақыл-

ой  дамуының  ауызша  жадының  энциклопедиясы 

деуге  болады.  Әлемде  фольклорсыз  халық  жоқ. 

Ол – әр халықтың өмір салтының рухани көрінісі. 

Сондықтан  да  әлемдік  ғылымда  фольклорды  тек 

Біздің Бірегей 

БрендіМіз

сөз  өнері  деп  емес,  оны  халықтың  бүкіл  рухани 

болмысының  көрінісі  деп  біледі.  Сондықтан  да, 

Еуропа ғалымдары ХІХ ғасырда адамзаттың ақыл-

ой  дамуының  кезеңдерін  зерттеуде  фольклорды 

басты  қайнар  деп  таныды.  Сөйтіп,  әлем 

халықтарының  этнографиясы  мен  фольклорын 

барынша  жинақтап,  салыстыра  зерттеуге  ден 

қойды. Төрткүл дүниеге сапар шеккен жиһанкездер 

мен саяхатшылар әлем халықтарының фольклоры 

жөнінде  ұшан-теңіз  материалдар  жинап,  адамзат 

мәдениетінің  пайда  болуы  мен  дамуы  жөнінде 

тамаша жаңалықтар ашты. Бұл орайда ХVІІІ-ХІХ 

ғасырларда  дүниенің  басым  бөлігін  өз  отарына 

айналдырған  француз,  ағылшын  ғалымдарының 

жекелеген этностар этнографиясы мен фольклоры 

жөніндегі  зерттеулерінің  маңызы  өте  жоғары 

болды.


Мұндай  ауқымды  зерттеулерден  академиялық 

бағытты  ұстанған  Ресей  ғалымдары  да  қалыс 

қалған жоқ. Ресейлік түріктектес халықтар мұрасын 

әлемге  алғаш  таныстырған  академик  В.Радлов 

осы  мектептің  түлегі  болатын.  Оның  Түріктектес 

халықтар тілінің сөздігі (9 том) мен фольклорына 

(9  том)  арналған  жинақтары,  іргелі  зерттеулері 

соның  дәлелі.  Бұл  үрдіс  кейіннен  В.Потанин, 

Ә.Диваев  сияқты  фольклоршылар  еңбектерінде 

жалғасып,  ХХ  ғасыр  басында  А.Байтұрсынұлы, 

Х.Досмұхамедов  бастаған  Алаш  арыстарының, 

фольклоршы-ғалымдардың  қажырлы  еңбегімен 

кең қанат жайды.

Өткен  ғасырдың  отызыншы  жылдарының 

соңына дейін жалғасқан бұл үрдіс Кеңес өкіметінің 

саяси  бағдарының  күрт  өзгеруіне  байланысты 

қысталаң  күйге  түсті.  Бірақ,  қалай  дегенде  де 

халықтың қанына сіңіп, жүрегіне жазылған рухани 

мұрасының  да  қазақтың  дәл  өзі  сияқты  қандай 

сынаққа  да  төтеп  беретіндігін  дәлелдеді.  Кезекті 

зұлматтан  аман  шыққан  әр  ұрпақ  бабаларының 

рухына  қайта  бас  қойып,  кәусарынан  қанып 

ішіп,  оған  барынша  қамқорлық  көрсетіп  отырды. 

Сондықтан  қандай  кезеңде  болмасын  қазақ 

фольклоры  зиялы  қауым  назарынан  тыс  қалған 

емес. Өйткені, халықтың жан дүниесін зерделеудің 

одан басқа жолы жоқ болатын. Ұлттық мәдениетті 


МӘДЕНИ МҰРА

70

дамытудың алтын тұғыры саналатын фольклорсыз 

алға  басу  мүмкін  емес  еді.  Қазақ  мәдениетінде 

жарық  көрген  классикалық  туындылардың 

барлығы өз бастауын осы асыл мұрадан алды. Оны 

жинамау,  жүйелемеу,  зерттемеу  мүмкін  емес  еді. 

Ол – халықпен біте қайнасқан, ажыратып қарауға 

болмайтын жан дүниесінің күре тамыры болатын. 

Сондықтан оған қарапайым халықтан бастап, небір 

талантты ғалымдар бар күш-жігерін салды…

Дүниежүзі  ғалымдары  қазақ  фольклорының 

адамзат  мұрасының  ішінде  өзінің  дәстүрлі 

төлтума  болмыс-бітімін  барынша  толық  сақтаған 

ерекше  құбылыс  екендігін  ежелден  атап  көрсетіп 

келеді.  Ол  өркениетті  елдерде  жұрнағы  ғана 

қалған  халықтық  мұраның  барлық  жанрлық 

түрлерін сақтап қалуымен ғана емес, сонау мифтік 

санадан  бастау  алатын  дәстүрлі  дүниетанымға 

бай мазмұнымен де ерекшеленеді. Бірақ, кеңестік 

дәуірде қазақ фольклорын кеңінен жинап, ғылыми 

тұрғыдан жүйелеп, оның ерекше табиғатын әлемге 

таныстырудың  мүмкіндігі  болған  жоқ.  Міне, 

соның  кең  шалқары  тәуелсіздіктің  арқасында 

бүгін ашылып отыр. Аталған жоба сол мүмкіндікті 

барынша сәтті пайдаланудың жарқын көрінісі.

Қазақ  фольклорын  көп  томдық  ретінде 

жариялаудың  талпыныстары  бұрын  да  болған. 

Олардың  барлығы  өз  кезіндегі  қоғамдық 

сұраныстың көрінісі болғанмен, түбегейлі нәтиже 

бере алмады. Оған мүмкіндік те жоқ болатын.

Қалай  болғанда  да,  қазақ  ғалымдары  басты 

бағдардан жаңылған емес. Халық мұрасы үздіксіз 

жиналып, жиналғандары жүйеленіп, талай тамаша 

зерттеулер  жарық  көрді.  Осылардың  барлығы 

бүгінгі  жүз  томдыққа  жасалған  алғышарттар  еді. 

Қоғам  алдына  Елбасы  жаңа  міндеттер  қойған 

кезде  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 

институтының  ғалым-мамандары  сол  биік  талап 

үдесінен  шығуға  дайын  болды.  Қалай  дегенде 

де,  академик  Сейіт  Қасқабасов  бастаған  қазақ 

фольклоршылары  ел  үмітін  ақтауға  үлкен 

жауапкершілікпен  тәуекел  етіп,  оны  абыроймен 

атқарып  шықты  деуге  болады.  Шындығында, 

Елбасы  тәуекел  еткен  үлкен  істі  атқарудың 

тауқыметі де аз емес болатын.

Ең  алдымен,  мұндай  бір  халықтың  ғана 

фольклорын  100  том  етіп  басып  шығару  әлемдік 

тәжірибеде әлі жоқ еді. Демек, бұл – бұрын шықпаған 

шыңға қол созу деген сөз. Оның нәтижесіне күмән 

келтірушілер де аз болған жоқ. 

Тіпті,  жүз  томға  жүк  болатын 

халық әдебиетінің үлгілері бар 

ма деген де дүдәмал сұрақтар 

болды.


Екіншіден,  бұл  жинақ 

көпшілікке арналған қатардағы 

басылым  емес  еді.  Академик 

С.Қасқабасов  шығарушылар 

алқасының 

алдына 


бұл 

басылымды 

академиялық 

пішімдегі  ғылыми  жинақ  етіп 

шығару  міндетін  қойды.  Бұл 

дегеніңіз, ғалым-мамандардың 

білім-білігі  мен  тынымсыз 

ізденісін, зерттеу жұмыстарын 

қажет  ететін  аса  ауқымды 

шаруа еді.

Үшіншіден,  қазақ  фольклорының  қолжазба 

қорымен  жұмыс  істеудің  қосымша  қиындықтары 

бар  еді.    Өйткені,    біздің  халқымыздың  өткен 

ғасырда  үш  рет  әліпби  өзгерткені  белгілі. 

Сондықтан құрастырушылар қолжазба үлгілерінің 

араб,  латын,  кирилица  жазуындағы  нұсқаларын 

оқып, салыстыруға мәжбүр болатын. 

Төртіншіден, қазақ қолжазбаларының көпшілігі 

Мәскеу,  Петербург,  Қазан,  Ташкент  сияқты 

қалаларда  шашырап  жатқан.  Сондықтан  арагідік 

экспедициялық  жұмыстарды  да  қатар  жүргізу 

керек болды.

Бесіншіден,  көптомдыққа  Қытай,  Моңғолия 

қазақтарының  фольклорын  да  қосып  шығару 

міндеті  қойылды.  Жырақта  жатқан,  көбі  араб 

әліпбиінде  жарияланған  мұраның  нұсқаларын 

салыстырып, ғылыми түсініктерін жазып, баспаға 

дайындау қыруар шаруаны қажет ететін. 

Алтыншыдан,  бұл  уақытта  Ұлттық  Ғылым 

академиясының  құрылымдық  өзгеріске  түсуіне 

байланысты  М.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және 

өнер  институтының  материалдық-техникалық 

жағдайы мен экономикалық ахуалы күрт төмендеп 

кеткен.  Білікті  ғалымдар  мен  мамандар  жоғары 

оқу  орындары  мен  басқа  да  табысты  салаларға 

жылыстаған.  Сондықтан  өз  ісіне  берілген,  халық 

мұрасын  қадірлейтін  санаулы  мамандарға  алапат 

салмақ түсті.



МӘДЕНИ МҰРА

71

Жетіншіден, кеңестік кезеңде фольклорға деген 

көзқарастың  әсіре  саясаттануына  байланысты 

халық  мұрасының  мәтіндері  де  редакцияланып, 

көп  бұрмаланған  болатын.  Міне,  осының  бәрін 

түпнұсқамен 

салыстырып, 

текстологиялық 

жұмыстар жүргізу қажет болды. Ал текстологиялық 

зерттеулер  Қазақстанда  ең  кенже  қалған  саланың 

бірі болды.

«Бітер істің басына, жақсы келер қасына»,– дейді 

қазақ. Осындай ауқымы үлкен, жауапкершілігі мен 

тәуекелі қос қабат шаруаның басына С.Қасқабасов 

сияқты әлемге мәшһүр ғалым, мемлекеттік басқару 

жұмысында  ысылған,  тәжірибелі  маман,  кәнігі 

ұйымдастырушының  келуі  істің  сәтті  басталып, 

баянды аяқталуына ұйытқы болды.

Шаруаның  басталуы  да  тосын  болды.  Егер 

қисынға  салатын  болсақ,  шу  дегеннен  қазақ 

фольклорында  ең  көп  басылған  және  жете 

зерттелген  жанрлары  ретінде  ертегілер  мен 

батырлар  жырынан  басталғаны  оңтайлы  болатын 

еді.  Олардың  басым  көпшілігін  жеңіл-желпі 

өңдеулермен баспаға бере беруге болатын. Бұл уақыт 

жағынан  мұрсат  алуға,  келесі  томдарды  әзірлеуге 

тыныс  ашатын  еді.  Бірақ,  шығарушылар  алқасы 

мұндай жеңіл жолдан бас тартып, алғашқы томды 

(2003  жылы)  дастандардан  бастады.  Шығыстың 

ғашықтық  сюжеттеріне  негізделген  немесе  діни 

баяндарға  құрылған  дастан  жанры  осы  уақытқа 

дейін көп қағажу көріп, ұрпақ санасында көмескі 

тарта  бастаған  көне  шығармалардан  тұратын. 

Оның  үстіне  шырғалаңы  көп  шығыс  тақырыбы 

мен  діни  дастандарды  зерттеуге  кеңес  дәуірінде 

еш-кімнің  жүрегі  дауалай  бермейтін.  Міне,  жүз 

томдықтың  алғашқы  томдарының  осындай  тың 

тақырыппен  басталуы  да  жұртшылықты  елең 

еткізді. Бұл орайда, осы тақырыпты жеке зерттеп 

жүрген  белгілі  ғалым,  филология  ғылымдарының 

докторы Б.Әзібаеваның еңбегі зор болғаны сөзсіз.

Қазақ  тарихында  алғаш  басылып  шыққан 

кітаптар  арқау  болып,  қазақ  даласына  өте  кең 

тараған  дастандар  көп  жылғы  үзілістен  кейін 

тұңғыш  рет  бас-аяғы  түгенделіп,  ғылыми  жүйеге 

түсіп,  толыққанды  жұртшылық  қолына  тиді. 

Мәселен, бір ғана осы дастан жанрының 28 томға 

жүк  болғанының  өзі  не  тұрады.  Демек,  халық 

арасында аса кең тараған, көлемі жағынан бәрінен 

ауқымды жанрдың дастан болғандығын жаңа ұрпақ 

жадында қайта жаңғыртты.

Бұрындары  «Батырлар  жыры»  деген  атпен 

көпшілікке  мәлім  жырлармен  қоса,  көне  эпостан 

бастап,  «Қырымның  қырық  батыры»,  «Тарихи 

жырларға»  дейінгі  дүниежүзі  халықтары  ішінде 

қазақ  арасында  ғана  жоғары  көркемдік  деңгейге 

жетіп,  сап  таза  күйінде  сақталған  эпостық 

жырлар  да  алғаш  рет  түгенделіп,  ғылыми 

тұрғыдан  сараланып,  барша  түсініктемелерімен 

жарияланғанын  атап  айту  керек.  Ұзын  саны  33 

томды  құрайды.  Олардың  ішінде  тек  тарихи 

жырлардың өзі 13 томға жүк болған.

Қалың көпшілік халық прозасынан ертегілерді 

ғана  білетін.  Ал  оның  мифтерден  бастап,  аңыз, 

әпсана, хикаят сияқты сан алуан жанрлық түрлерін 

түгендеу де осы көптомдықтың еншісіне бұйырып 

отыр.

Халық  даналығы  саналатын  мақал-мәтелдер, 



жұмбақтар,  жаңылтпаштар,  өтірік  өлең  сияқты 

көпшілікке  танымал  құндылықтардың  өзін 

жинақтап, жүйелеп, жекелеген томдарға айналдыру 

да  оңайға  түспегені  сөзсіз.  Мұндай  «шағын 

жанрлардың»  қатарына  бұрындары  арнайы 

көңіл  бөлінбеген  «бата»,  «алғыс»,  «қарғыс», 

«тыйм  сөздер»,  «ырымдар»,  «түс  жору»  сияқты 

шығармалардың  қосылуы  жинақтың  ғылыми 

толыққандылығын барынша күшейте түскен.

Көптомдықтың  қарымын  кеңейтіп,  мазмұнын 

байыта  түскен  тың  сипаттың  бірі  ретінде, 

ғұрыптық  фольклорға  қатысты  дүниелердің 

мол  қамтылғанын  айтуға  болады.  Бұл  саланы 

кезінде  барынша  ыждаһатпен  зерттеген  марқұм 

фольклоршы  ғалым  Б.Әбілқасымовтың  еңбектері 

жете  назарға  алынған.  Жұртшылыққа  бұрыннан 

белгілі  «Наурыз»,  төрт  түлік  туралы  өлеңдермен 

қоса,  «Бәдік»,  «Арбау  жырлары»,  «Күлапсан», 

«Бақсы  сарындары»  сияқты  ғұрыптық  фольклор 

үлгілері де алғаш рет топталып жарияланып отыр.

Ғұрыптық  фольклорды  саралау  машақатын 

«Отбасы фольклорын» құрастыруда өз басымыздан 

кешкенбіз.  Әсіресе,  бұл  жанрлардың  жинақталған 

үлгісі  мардымсыз.  Кезінде  негізінен  ертегілер 

мен  аңыздарға,  эпостық  жанрларға  баса  көңіл 

аударылып,  мұндай  шағын  жанрлар  назардан  тыс 

қалып келген. Ал кеңестік кезеңде бұл шығармалар 

ескіліктің қалдығы саналып, мүлде шеттеп қалған-

ды. Мәселен, қазаққа ең танымал деген жанр «Жар-

жардың»  бірер  нұсқасы  ғана  жазылып  алынған. 

Ал,  «Аушадиярдың»  үлгілері  қатарға  кейіннен 

ғана  қосылды.  «Азалау  жырлары»  жөнінде  де 

осыны  айтуға  болады.  Айтулы  еңбекті  «Балалар 

фольклоры»  жеке  том  ретінде  толықтырып  отыр. 

Бесік жырынан басталатын халық педагогикасының 

қайнары  тұңғыш  рет  жинақталып,  жанрлық 

тұрғыдан  жүйеленіп  жұртшылыққа  жол  тартқан. 

Біраз  жыл  тірнектеп  жинап,  алғысөз,  ғылыми 

түсініктер жазып қолғабыс еткен қызметімізді халық 

мұрасына қосқан өз үлесіміз деп білеміз.

Ал  көптомдықтың  ондаған  томына  жүк 

болған  Қытай  мен  Моңғолиядағы  қазақтар 

фольклорының  үлгілері  де  қазақ  руханиятындағы 

үлкен олжа. Шынтуайтын айтқанда, аталған жоба 

– мұрағаттарды ақтарып, шаң басқан көне жазудан 

көз  майын  тауысып  кириллицаға  қотарған,  оны 

компьютерге  теріп,  әлденеше  қайталап  оқып, 

қатесін тексерген, әрбір тосын қолданысқа түсінік 

беріп,  көрсеткіштерін  жасаған  құрастырушылар 


МӘДЕНИ МҰРА

72

мен  мамандардың  жанкешті  еңбегінің  нәтижесі. 

Басты  мадақ  ие,  солардың  ішінде  көптомдықты 

басынан аяғына дейін қолдарынан өткізген Тоқтар 

Әлібеков  пен  Серікбай  Қосановтардың  есімдерін 

айрықша атауды парыз санадық.

Тұтастай алғанда, «Бабалар сөзі» – халқымыздың 

ғасырлар  бойына  жинақтаған  рухани  мұрасын 

барынша  молынан  қамтып,  ғылыми  тұрғыдан 

саралап,  жүйелеп,  жан-жақты  түсініктерімен 

ұрпаққа аманат еткен жаңа ғасырдың ұлы жобасы. 

Ең  алдымен,  осы  арқылы  біз  өз  халқымыздың 

фольклорлық  жәдігерлерінің  адамзаттың  рухани 

құндылықтарының  ішіндегі  ең  бай,  ең  мәйекті 

мұралардың қатарында екендігін дәйектей алдық. 

Дүние жүзінде өзінің рухани мұрасын 100 том етіп 

басып  шығарған  тұңғыш  ел  ретінде,  біз  әлемдік 

мәдениет  қазынасына  мол  үлес  қосқан  халық 

екендігімізді дәлелдедік.

Екіншіден,  бұл  жинақ  халық  мұрасын  әлемдік 

фольклортану  ғылымы  тұрғысынан  жан-жақты 

саралап,  терең  зерттеулер  жүргізе  алатын  ғылыми 

әлеуеті  жоғары  ел  екендігімізді  көрсеттік. 

Үшіншіден, халқымыздың тарихи жады мен дәстүрлі 

дүниетанымына  суарылған  таусылмайтын  таным 

кәусарын  азат  ұрпаққа  тәуелсіз  сана  тұрғысынан 

саралауға  мүмкіндік  туғыздық.  Төртіншіден,  әлем 

өркениетінің даму өрісіне көз салсақ, қандай модерн 

өнер  дүниеге  келсе  де,  барлығы  түбінде  мифтік 

санаға,  фольклорлық  мотивтер  мен  сюжеттерден 

нәр  алып  отырады.  Демек,  фольклор  –  барлық 

ұлттық мәдениеттің мәйегі. «Бабалар сөзі» де біздің 

өркениетке  ұмтылған  еліміздің  мәңгілік  рухани 

кәусары болары сөзсіз.

Бесіншіден, 

еліміздегі 

гуманитарлық 

ғылымның  қай  саласы  болмасын  өз  тарихын 

саралау  мен  ғылыми  пайымдаулар  жасауда 

фольклорға  иек  артады.  Міне,  осы  орайдағы 

әрбір  ғылыми-зерттеуге  негіз  болатын  түпнұсқа 

дереккөзі де осы көп томдық болады деп сенеміз. 

Алтыншыдан,  бұл  жобаны  атқару  барысында 

қазақ қолжазбаларын жинақтап, жүйелеу бойынша 

да  қыруар  жұмыс  атқарылды.  Қазақ  еліндегі 

әртүрлі  ғылыми  қорлардағы  жазбалар  М.Әуезов 

атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 

қорына  жинақталды.  Шетелдердегі  шашырап 

жатқан мұралар да қайтарылды. Әртүрлі жазудағы 

рухани байлық бір әліпбиге түсті. Сондай-ақ, бұл 

жазбалардың электронды нұсқасы да жасақталды. 

Енді  оны  ұзақ  мерзімге  сақтаудың  және  олардан 

әртүрлі  форматтағы  еңбектер  жазудың  базалық 

негізі  қалыптасты.  Бұл  –  ғалымдарды  көптен 

толғандырып жүрген мәселе болатын. Жетіншіден, 

ең  бастысы,  бұл  жоба  –  халықтың  әлденеше 

ұрпағының  тірнектеп  жинап,  ардақтап  сақтап 

келген  рухани  аманатын  мәңгілік  елдің  мәңгілік 

мәдениет  мәйегіне  айналдырған  тәуелсіз  елдің 

толағай  табысы  болды.  Қазіргі  тілмен  айтатын 

болсақ, Қазақ елінің әлемдік мәдениет бәсекесіне 

шығарған ұлттық бренді деуге болады.



Кенжехан МАТыЖАНОВ,

Филология ғылымдарының докторы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

73

 



 

 



-

 



 

-



19 

-

-



-



19-18



 

74

-

20



-

 



-

 

-



-

 

-



-

 


75

 

 



 

 

-



 

 

-



-

 

-



 

76

-

 



-

-

-



-

 


77

-

-





 


РЕСЕй ҚаЗаҚТаРының кІШІ ҚұРыЛТайы

78

«НАУРЫЗ – 10 ЖЫЛ!»

2004  жылдың  4  сәуірінде  алғаш  рет  Самара 

жерінде  облыстық  «Наурыз»  мерекесі  өтіп, 

аймақтың  барлық аудандарына жол ашып берген 

еді.  Биыл    29  наурызда  Дүниежүзі  қазақтарының 

қауымдастығы  мен    Батыс  Қазақстан  облысының 

делегациялары және Ресейдегі бүкіл қазақ мәдени 

орталықтарының 

өкілдері 

Кинель-Черкасск 

ауданында  өткен  облыстық  деңгейдегі    «Наурыз 

–  10  жыл!»  мерейтойлық  мерекесінің  салтанатты 

шарасына қатысты.

Самара  облысынан  қатысқан  өкілдер  құрамы 

да  ауыз  толтырып  айтарлықтай  деңгейде  болды. 

Атап  айтқанда  Самара  облысы  губернаторының 

әкімшілігі,  облыс  Үкіметі,  Самара  губерниялық 

Думасы,  Халықтар  достығы  үйі,  Самара  мен 

Тольятти  қалалық  аймақтарының  әкімшілігі, 

Самара  қаласы  аймақтық    Думасы  және  облысқа 

қарасты    муниципальды  Большеглушицкий, 

Большечерниговский,  Безенчукский,  Волжский, 

Красноярский, 

Кинельский, 

Нефтегорский, 

Пестравский,  Красноармейский,  Хворостянский, 

Сергиевский  аудандарының  басшылары  түгел 

қатысты. 

Мәдениет үйі алдына жиналған ресейліктер мен 

өзге де қонақтар алдында Дүниежүзі қазақтарының  

қауымдастығы  Төрағасының  бірінші  орынбасары 

Талғат  Мамашев  пен    Астрахан  қаласындағы 

Қазақстан  Консулы  Асхат  Сыздықов  сөз  сөйледі. 

Талғат  Асылұлы  2003  жылы  құрылған  Самара 

өңірлік  қазақтардың  ұлттық-мәдени  «Ақжол» 

автономиясының  белсенді  мүшелеріне  ДҚҚ-ның 

алғыс  хаттарын  табыс  етті.  Олардың  арасында 

Аманкелді  Қатарбаев,  Серік  Сабыров,  Ақкенже 



Ресей қазақтаРының 

кіші құРылтайы

2014 жылғы наурыз айының соңғы күндері Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының (ДҚҚ) делегациясы самара облысына барып қайтты. 

Мұнда Ресей қазақтарының кіші құрылтайы өтті. Ресей Федерациясының 

бұл облысында ресми мәліметтер бойынша 15 мыңға жуық қазақтар тұрып 

жатыр. 

79

РЕСЕй ҚаЗаҚТаРының кІШІ ҚұРыЛТайы

Дүсенбаева, Күләш Қолматаева, Маржан Башенова, 

Зинеш  Темірәлиева,    Надежда  Айболатова, 

Разипа  Кенжебаева,  Людмила  Мельниченко  және 

Кенжебай Туружбаев бар. 

Самара облысында 2003 жылдан бері «Айгүл» 

халық би ансамблі, «Маржан» халықтық сән театры 

және  «Ақ  бұлақ»  вокалдық-аспаптық  ансамблі 

жұмыс  жасап  келеді.  Ондағы  алғашқы  қазақтың 

ұлттық  мәдени  мұражайын  Кинель-Черкасск 

ауданының Дубовый селосында Қарлығаш Шунова 

ашқан болатын.

Мерейтойлық шарада жұртшылыққа бүлдіршін 

және  мектеп  жасындағы  балалардың  қатысуымен 

би  және  вокалды  топтардың  өнер  көрсетуі, 

«Ақжолдың»  аудандық  бөлімшелерінің  шеруі, 

Қыдыр  ата  мен  оның  немересі  Қарашаштың  ел 

алдына  шығуы  ерекше  ұнады.  Аңыз  бойынша 

Қыдыр  ата  ақсақал  бейнесінде  көрінеді,  сөйтіп 

өзін  көрген  жанның  бәріне  бақыт,  береке,  бірлік 

әкеледі. Ал шеру кезінде көрермендерге «Ақжол» 

бөлімшелерінің  қызметі  жөнінде  деректі  кадрлар, 

суреттер  көрсетілді  және  барлық  белсенділердің 

есімдері аталды.

Бүгінде бұл бөлімшелерді Тойған Қуанышқалиева 

(«Махаббат»),  Ұлдай Абсалиева («Алтынай»), Үміт 

Өтепбергенова  («Қанат»),  Есмұхамбет      Нұржанов 

(«Елім-ай»),  Райша  Головина  («Сенім»),  Жексен 

Мұхамбетқалиев  («Жұлдыз»),  Серік  Сабыров 

(«Туған  жер»),  Мұстафа  Тарғынов  («Нұр»), 

Амангелді Қатарбаев («Бiрлiк»), Ерсайын  Қолматаев 

(«Атамекен»),  Қажымұқан  Мұхамбетов  («Кең  ел») 

басқарады.  Олардың  басшылары  мен  белсенділері 

тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанға жиі келіп 

тұрады.  Бір  қуанарлық  жағдай  ұлт  мүддесі  үшін 

жұмыс  істеп  жүргендердің  арасында  отбасылық 

жұптар басым. 

Сол  отбасылық  жұптардың  бірі  –  Наурыз 

мерекесінің  сценарийінің  авторы  және  оның  

жүргізушілері  мен  үйлестірушілері,  Қазақстан 

Республикасына 

еңбегі 

сіңген 


мәдениет 

қайраткерлері  Салауат  Сұлтанов  пен  Айгүл 

Жалелова 

болды. 


Бағдарлама 

жан-жақты 

және  мазмұнды  өтті.  Онда  үлкен  мерекелік 

наннан  бастап  субұрқақ  шашуына  дейінгі 

түрлі  шаралар  қамтылған  және  ол  жергілікті 

әртістердің  қатысуымен  өткен  Гала-концертпен 

қорытындыланды.  Осы  арада  түсініктемемен 

көрсетілген «Наурызға – 10 жыл» деректі фильмі 

туралы  да  айта  кеткен  жөн  шығар.  Мазмұнды 

болған  бұл  туындының    авторы  –  халықаралық 

және  отандық  кинофестивальдердің    лауреаты, 

жүлдегер  және  қатысушысы,  деректі  кино  мен 

теледидар  Гильдиясының  мүшесі,  мәдениет  және 

өнер  саласындағы  Губерниялық  сыйлық  иегері, 

самаралық  «Ақжол»  автономиясының  операторы, 

байырғы қазақстандық Сергей Александров. 

Мерекедегі  спорттық  сайыстар,  көпбалалы 

қазақ  отбасыларының  жарыс-фестивалдары,  әсем 

безендірілген  киіз  үйлердің  тұсаукесері,  наурыз 

көже, ұлттық сусындар мен әртүрлі дәмді тағамдар, 

сондай-ақ  ерекше  сыйлықтар  әрбір  қонақтың 

назарын  өзіне  аудара  білді.  Алматыдан  арнайы 

барған  Дүниежүзі  қазақтары  қауымдастығы 

делегациясының  мүшелері  «Гүлдер»  ансамблінің 

әншілері Дәулет Болатбаев пен Гүлхан Сергебаева 

үлкен  Гала-концертке  қатысты.  Біздің  халықтың 

дәстүрлі  қонақжайлығы  және  кеңпейілділігімен 

мереке  бір  сәтте  көңілді  өте  шықты.  Облыстың 

келесі  11-ші  «Наурыз»  мерекесінің  эстафетасы 

мен  оның  нышаны  –  домбыраны  Сергиевск 

ауданының әкімі Алексей Чернов жұртшылықтың 

қошеметімен қабыл алды.



РЕСЕй ҚаЗаҚТаРының кІШІ ҚұРыЛТайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет