ТУҒан тіл / №1 (20), 2014 Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата06.03.2017
өлшемі11,93 Mb.
#8499
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

86

–  проблемы  сохранения  казахской  культуры  и 

языка, их роли в духовно-нравственном воспитании 

поколений;

–  обеспечение  координации  работы  в  сфере 

культуры  и  образования  российских  казахов  с 

соответствующими российскими и казахстанскими 

структурами.

В частности,  Токтарбай  Дусенбаев  отметил, 

что  в  Федеральную  национально-культурную 

автономии  казахов  России  из  11  региональных 

национально-культурных 

автономий 

казахов  

вошли  семь,  крайне  нужна  федеральная 

программа  развития  этнокультурного  движения. 

Сагит  Джаксыбаев    из  Казани  также  подчеркнул 

важность  сохранения  и    расширения  состава 

ФНКА. По информации президента национально-

культурной автономии казахов Тюменской области 

Есенгали  Жантасова:  «все  казахи  в  области 

стараются учиться, занимаются делом. У нас есть 

Почетный консул, Попечительский совет, который 

работает  прозрачно  с  финансами  и  отчеты  его 

размещаются на веб-сайте. Мы проводим курултай 

казахов и по примеру самарцев передаем эстафету 

курултая  каждый  год  другому  району.  Послание 

Президента РК казахстанцам и для нас  актуально. 

Как  мы  сохраним  культуру?  Не  хватает  связей  с 

Казахстаном, мы готовы купить книги».

Председатель 

национально-культурной 

автономии  казахов  города  Мурманска,  кандидат 

педагогических  наук,  декан  юридического 

факультета  филиала  Балтийского  института 

экологии,  политики  и  права    Серик  Байжуминов 

подчеркнул востребованность изучения казахского 

языка  казахами  через  интерактивные  методы, 

например,  в  летних  лагерях  отдыха  для  детей,  

целесообразность  методической  помощи  со 

стороны исторической родины – Казахстана.

Представитель  Оренбургской  региональной 

казахской  национально-культурной  автономии 

Амержан Тюлюбаев поддержал идею организации 

курсов казахского языка в Казахстане для казахских 

детей  из  России,  большую  востребованность 

лагеря  отдыха  детей  в  Акмолинской  области  РК  

«Балдаурен» у зарубежных казахов.

Участники  «круглого  стола»  предложили 

выслушать  представителей  из  Екатеринбурга, 

которые  впервые  участвуют  в  общероссийском 

мероприятии.  Выступили  Бекжанов  Кадырбай 

–  президент  СРОО  «Евразия-Казахстан»  и 

Галия  Аманжулова  –    вице-президент.  По  их 

информации,  в  Свердловской  области  проживают 

5000 казахов, созданы общественные организации, 

которые  курирует    с    2013  г.  Костанайский 

филиал  ВАК,  ведется    переписка  с  головным, 

алматинским  офисом Ассоциации по электронной 

почте.  «У  нас  проблема:  отсутствие  лидеров  и 

опыта, национальных костюмов и литературы», – 

подчеркнули выступающие. Неслучайно, именно в 

Екатеринбург была передана основная часть книг, 

журналов, СД-дисков, привезенных из Алматы.

Касательно изучения казахского языка, познания 

национальной  культуры  нами  был  презентован 

новый  проект  под  условным  названием  «Юрта» 

–  своего  рода  интерактивное  изучение  языка 

посредством  кюев,  сказок,  песен.  В  форме  юрты 

сделано «радио», в которое вставляется флеш-запись 

казахской  музыки  и  сказок.  Продемонстрирован 

также  словарь  казахско-русско-английский  по 

интерактивному  изучению  языка  с  «говорящей 

ручкой». Эти предметы вызвали большой интерес 

и желание приобрести.

Мероприятия  на  гостеприимной  самарской 

земле    состоялись  при  поддержке  Губернатора 

Самарской  области,  Министерства  культуры 

области,  Федеральной  Национально-культурной 

автономии 

казахов 

России, 


Самарской 

Региональной 

общественной 

организации 

национально-культурной  автономии  казахов  «Ақ 

жол».


Подводя  итоги  приема  у  Губернатора 

Самарской  области,  Талгат  Мамашев  подчеркнул 

авторитет  Токтарбая  Дусенбаева,  понимание 

проблем  казахской  общины  местной  властью, 

целесообразность консолидации казахской общины 

в РФ, во всех регионах проживания казахов.

Малый  курултай  казахов  России  нацелил 

лидеров  казахских  культурных  центров  на 

целесообразность 

воспитания 

молодых 

общественных  деятелей,  подготовки  смены 

старшему 

поколению 

руководителей. 

Он 


единогласно 

высказался 

за 

сохранение 



Федеральной  национально-культурной  автономии 

казахов  России,  созданной  в  2007  году.  Записаны 

интервью на казахском и русском языке для газеты 

«Егемен Қазақстан» и телекомпании «Kazakh TV», 

которая адресно работает с зарубежной казахской 

диаспорой. 

На  таких  мероприятиях  среди  зарубежных 

казахов можно многому поучиться и нашей стороне. 

В  частности,  аппарат  Правительства  Самарской 

области  и  «Дом  дружбы  народов»  издают 

календарь  «Этнокультурный  мир  Самарского 

края»,  паспорта  этнических  групп,    брошюры 

«Этнические  средства  массовой  информации 

Самарской  области»,  «Этнические  общественные 

объединения  Самарской  области».  Этот  опыт 

соседей  можно  было  перенять  государственным 

органам,  Ассамблее  народа  Казахстана.  С  собой 

в  Алматы  мы  взяли  также  паспорт    «Казахи 

Самарской области», у нас родилась идея создать 

паспорта  казахов  разных  стран  мира  на  основе  

официальных документов – переписей населения. 

Это  будет  дополнением  к  соответствующим 

разделам  сайта ВАК www.qazaq-alemi.kz.

Пользуясь  случаем,  выражаем  благодарность 

Генеральному спонсору – Акционерному обществу 

«Самрук-Казына»  за  поддержку  мероприятия  для 

этнических казахов зарубежья. 

Кулгазира БАлТАБАЕВА,

кандидат исторических наук

Алматы – самара – Алматы


87

ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

Дүниеге  көзқарас  жөніндегі  ілім  есептелетін 

философия  белгілі  бір  тарихи  дәуірдің,  белгілі 

бір  ұлттың  материалдық  тыныс-тіршілігінің 

идеялогиялық  жақтағы  бейнесі  әрі  сол  дәуір 

рухының жауһары болып табылады. Ал осы дәуір 

рухының  жауһары  сол  тарихи  дәуірде  жасаған 

алып  ойшылдар  жағынан  түрлі  формалармен 

жинақталып,  қорытылып,  жоғары  өреге  көтеріліп 

философиялық жүйеге айналдырылып отырады.

Абай  шығармаларындағы  философиялық  ой 

сол  тұстағы  қазақ  халқының  тыныс-тіршілігімен, 

тағдырымен  тығыз  қабысып  жатты,  яғни,  бұл 

ойлар  өз  ұлтының  табиғатты  тану  жақтағы 

көзқарастарында, қоғамның саяси, экономикалық, 

мәдениет  жақтағы  көзқарастарында,  қоғамдық, 

заңдық 


көзқарастары 

мен 


моральдық 

көзқарастарында, 

өмірге 

дүниедегі 



заттар 

мен  құбылыстардың  қыбыр-қимылы,  өзгерісі 

және  олардың  өзара  байланыстары  жөніндегі 

көзқарастарында,  сондай-ақ,  өмірдің  қыры  мен 

сыры  жөніндегі  эстетикалық  көзқарастарында 

бейнеленіп отырды, бірақ, Абай бұл көзқарастарды 

жай жадағай ғана ортаға салған жоқ, қайта оны өз 

тұрғысы, өз талғамы бойынша биік өреден ортаға 

қойып,  өз  шығармаларының  өн  бойына  сіңген 

философиялық жүйеге айналдырды.

Біз  Абай  тұлғасын  қазақтың  ұлы  ақыны,  өз 

заманының озық ойлы демократы, терең ойшылы, 

философ,  композитор,  қоғам  қайраткері  деген 

сөздерге  тиянақтаймыз.  Бұл  тұжырымға  талас 

жүрмейді. Осындағы «философ» деген сөзді қалай 

түсіну  керек?  Бұған  біз  Абай  шығармаларындағы 

бай  мазмұнды  философиялық  идеяларға  бір-

бірлеп  талдау  жасау  арқылы  нақтылы  жауап 

таба  аламыз.  Өйткені  Абай  өз  өмірінде  арнаулы 

Жамсап  БӘзІКБАйҰлы, 

ҚХР, Профессор

АбАй шығАрмАлАрындАғы 

философиялық идеялАр турАлы

философиялық  шығармалар  жазып  философ 

болуды  мақсат  еткен  ақын  емес.  Ертедегі  Греция 

мен европаның философия тарихына көз жіберсек, 

ондағы  философтар  әрі  жаратылыстану  ғалымы, 

әрі  ақын-жазушы,  әрі  философ  болу  міндеттерін 

арқалаған,  Абай  да  өзінің  поэзиясы  мен  ғақылия 

сөздерінде  алтынның  сынығындай  жарқыраған 

мол  философиялық  идеясын  кейінгі  ұрпағына 

қалдырып кетті.

Абайдың  философиялық  идеясы  19  ғасырдың 

соңғы  жартысында  сол  тұстағы  қазақтың 

шаруашылық  тіршілігі  мен  қазақ  қоғамының 

рухани  өміріндегі  озық  ой-пікірлері  негізінде 

біртіндеп  формаланды.  Абай  жасаған  феодалдық 

қазақ  сахарасындағы  философиялық  әңгіме 

тақырыбы:  табиғат  пен  табиғаттан  тысқары  рухи 

күш,  адам  мен  алла  тағала,  жан  мен  тән,  өлім 

мен  өмір,  бақ  пен  сор,  жақсылық  пен  жамандық, 

ізгілік  пен  жауыздық,  байлық  пен  кедейлік, 

тағы  сол  сияқтылар  ортасындағы  мәселелер 

болды.  Абай  осы  мәселелер  жөнінде  өзінің 

философиялық  көзқарастарын  ортаға  қойып 

отырды.  Бірақ  Абай  осы  жақтағы  көзқарастарын 

жоғарыда айтқанымыздай  арнайы философиялық 

шығармалар  арқылы  емес,  қайта  оны  ақындық 

талантынан  туған  өлеңдері  мен  ойшылдық 

аңғарымынан туған ғақылия сөздері арқылы ортаға 

қойды.  Бейнелеу  тәсілі  жағында,  өлеңдерінде 

образды    ойды  қолданса,  ғақылия  сөздерінде 

көбінесе логикалық ой-тәсілін қолданды. Төменде 

Абай    шығармаларындағы  философиялық  идея 

жөнінде қысқаша шолу жасаймыз.

Абайдың  мынау  бір  ғақылия  сөзіндегі 

көзқарасы  философиядағы  негізгі  мәселелер 

жөніндегі  ой  тақырыбына  қарай  ойысқан  нысай 



88

ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

байқатады. Мысалы,    Абай былай дейді: «Адам 

ұғылы  екі  нәрседен:  бірі  –  тән,  бірі  –  жан.  Ол 

екеуінің орталарында болған нәрселердің қайсысы 

жибили,  қайсысы  кәсіби  –  оны  білмек  керек». 

«Көзбен  көріп,  құлақпен  естіп,  қолмен  ұстап, 

тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден 

хабар  алады.  Ол  хабарлардың  ұнамдысы  ұнамды 

қалпыменен,  ұнамсызы    ұнамсыз  қалпыменен, 

әрнешік  өз  суретімен  көңілге  түседі.  Ол  көңілге 

түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды 

жайғастырып  көңілде  суреттемек»  («Қырық 

үшінші сөз»). 

Бұл  арада  Абай  алдымен  философиядағы 

обьектив  пен  субьектив  мәселесі  жөнінде  сөз 

қозғап, «Адам ұғылы екі нәрседен: бірі – тән, бірі 

–  жан»  деп,  адамның  объектив  пен  субъективінің 

бірлігін  алға  қойды.  Осымен  бірге,  жан  мен 

тәннің  қатынасы  мәселесін,  сондай-ақ,  «тыстағы 

дүние» мен адамның сезім мүшелері ортасындағы 

қатынасты,  ал  одан  шығатын  нәтижені,  яғни 

сананың 

қалай 


туылатындығы 

жөніндегі 

бірсыпыра философиялық тақырыптар төңірегінде 

сөз  қозғайды.  Әсіресе,  Абай  мұнда  «тыстағы 

дүниенің» обьектив түрде адамның еркіне тәуелсіз 

болмыс  болып  отыратындығын  дәйектейді, 

міне,  бұл  Абайдың  материалистік  көзқарасының 

іргетасы болмақ.

Осыдан  соң  Абай  «тыстағы  дүние»  мен  адам 

санасының  қатынасына  аялдай  келіп,  объектив 

сыртқы  дүниенің  суреті  және  оның  құбылыстары 

адамның  сезім  мүшелері  арқылы  «Әрнешік  өз 

суретімен  көңілге  түседі»  дейді.  Бұл  жерде  Абай 

айтқан  «көңіл»  адамның  ми-нерв  жүйесі  болмақ. 

Абай  онан  ары  ілгерілей  түсіп,  объектив  сыртқы 

дүниеден  келген  информациялар  бес  сезім 

мүшеден өткен соң, «оларды жайғастырып көңілде 

суреттемек»  дейді.  Мұның  мәнісі  –  адамның  ми-

нерв жүйесінде көп өңделіп, онан соң сана пайда 

болады деген сөз. Абайды ұлы ақын, осымен бірге 

философ деуіміз міне осында.

Абайдың  материалистік  көзқарастары  оның 

оқу,  өнер-білім,  тәлім-тәрбие  жөніндегі  ғақылия 

сөздерінде де бой көрсетіп отырады. Мысалы, Абай 

былай  дейді:  «Қарны  аш  кісінің  көңілінде  ақыл, 

бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?... 

Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер 

керек  екен.  Соны  үйренейін  не  балама  үйретейін 

деп ойына жақсы түседі» («Жиырма бесінші сөз»).

Бұл  жерде  Абай  адам  өмірінің  түп  негізі  мен 

адамның қоғамдық санасының белгілі заттық негізге 

сүйенетіндігін  әрі  ол  жасаған  қоғамдық  болмыс 

жағынан белгіленетіндігін материалистік тұрғыдан 

байымдап, «Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім 

түгіл өнер керек екен» деп, адам тіршілігінің негізі 

жөнінде дұрыс қорытынды жасайды.

Абай 

адам 


білімінің 

өздерінің 

өмір 

тәжірибесінен және басқалардың жанама білімінен 



келетіндігін  анық  ортаға  қойып,  философиядағы 

таным  назариясы  мәселесінен  сөз  қозғайды. 

Абай былай дейді: «Адам ата-анадан туғанда есті 

болмайды:  естіп,  көріп,  ұстап,  татып  ескерсе, 

дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан 

білгені,  көргені  көп  болған  адам  білімді  болады. 

Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі 

де есті болады» («Он тоғызыншы сөз»). 

Абай  бұл  арада  «тума  данышпандық», 

«тума  білгірлік»  дейтіндерге  тойтарыс  беріп, 

адамның  нағыз  білім-қабілетінің  реал  өмірден 

келетіндігін,  яғни  адамдар  сыртқы  дүниедегі 

заттар  мен  құбылыстарды  көзімен  көріп,  қолмен 

ұстап, құлақпен естіп тіке тәжірибе арқылы білім 

топтайтындығын, осымен бірге, «естілердің айтқан 

сөздерін  ескеріп»  білімді  болатындығын  айтады. 

Бұл  Абайша  танымның  бірінші  сатысы  болмақ. 

Осыдан  соң  адамдар  өзі  ие  болған  хабарлардың 

ұнамдысын  ұнамды  қалпымен,  ұнамсызын 

ұнамсыз қалпымен, әрнешік өз суретіменен көңілге 

түсіреді.  Міне  бұл  танымның  екінші  сатысы. 

Сөйтіп,  Абай  материалистік  тұрғыдан  танымның 

сезімдік  және  ақылдық  сатысы  болатындығын 

мойындайды.  Алайда,  Абай  сезімдік  таным  мен 

ақылдық танымның қатынасына келгенде, ақылдық 

танымның  ролін  әсірелеп,  ақылдық  танымды 

ақиқат пен жалғанды айырудың өлшемі деп қарап, 

ақылшылдыққа қарай ойысады.

Абай шығармаларындағы философиялық ойдың 

тағы  бір  мол  мазмұны  –  ондағы  бай  диалектика. 

Абай  «Күн  артынан  күн  туар»  деген  өлеңінде 

былай дейді:

«Күн артынан күн туар,

Бір күн дамыл еткізбес.

Ой артынан ой туар,

Желге мінсең жеткізбес». («Абай Құнанбайұлы», 

289 бет )

Абай  мұнда  барша  дүниенің,  адам  ойының 

және  қоғамның  өзгеріп    отыратындығын,  оның 

бір  қалыпта  тұрмайтындығын  пайымдайды. 

Осымен бірге, өзі жасаған дәуір биігінен болашақ 

ғасырларда болатын  ғаламат өзгерістерді даналық 

болжаммен  аңғарып,  болашақ  қоғамда  жан-

жақтылы, ай сайын, жыл сайын шұғыл өзгерістің 

үздіксіз  адам  ойын  да  жаңартып  отыратынын, 

осындай  жаңа  туындылардың  ұласулары  «желге 

мінсең»  де  жеткізбейтінін  данышпандықпен 

айтады. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» 

деген  өлеңінде  адам  өмірінің  бір  диалектикалық 

барыс  екендігін,  бұл  диалектикалық  барыстың 

екінші  қайталанып  қайта  оралмайтындығын 

философиядағы  «уақыт»  ұғымының  ерекшелігі 

тұрғысынан ортаға салады. Мысалы:

«Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек,

Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек». («Абай 

Құнанбайұлы»,12 бет).



89

ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

Абай  шығармаларындағы  мұндай  тұнық 

диалектика  дәуір  мен  жеке  адам  ортасындағы 

қатынас  жағынан  да,  айқын  да  айшықты 

суреттеледі.  Мысалы,  «Тотықұс  түсті  көбелек» 

деген өдеңінде:

«Әркімді заман сүйремек,

Заманды қай жан билемек?

Заманға жаман күйлемек,

Замана оны илемек».(«Абай Құнанбайұлы» 351 

бет).


Абай бұл жерде диалектиканы қоғамдық өмірге 

қолданып,  әр  қандай  тарихи  жекенің  өз  дәуірінің 

туындысы  екендігін,  түрліше  тарихи  дәуірлердің 

түрлі 


тарихи 

жекелерді 

жарататындығын 

пайымдайды.  Сондай-ақ,  «заманды  қай  жан 

билемек»  деп  заман  (тарих)  жекелердің  еркінен 

тыс  болған  өз  даму  заңдылығы  бойынша  дамып 

отырады,  оны  ешкім  де  меңгере  алмайды  деген 

тұжырым  жасап,  қоғамның  даму  заңдылығы 

мен  адам  ортасындағы  қатынасты  материалистік 

тұрғыдан түсіндіреді. Сондай-ақ, әр қандай тарихи 

жекенің  өз  дәуірінің  қоғамдық  болмысынан 

асып  түсе  алмайтындығын,  әрі  оның  икемінде 

болатындығын ілгерілей түсіндіреді.

Абай  шығармаларындағы  бай  диалектикалық 

идеяны  Абайдың  өлеңдерінен  ғана  емес,  қара 

сөздерінен де молынан кезіктіруге болады. Мысалы, 

«Әкесінің  баласы  –  адамның  дұшпаны.  Адамның 

баласы  –  бауырың».  Мұнда  қарама-қарсылықтың 

бірлігі  заңы  жөніндегі  қағида  баяндалған.  «Мен 

егер  закон  қуаты  қолымда  бар  адам  болсам,  адам 

мінезін  түзеп  болмайды  деген  кісінің  тілін  кесер 

едім» дейді. Мұнда жаман жақсыға, жақсы жаманға 

айналады, дүниеде өзгермей бір қалыпта тұратын 

зат жоқ деген диалектикалық көзқарас баяндалады. 

«Жамандықты  кім  көрмейді?  Үмітін  үзбек  – 

қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені 

рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? 

Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі 

мол жақсы жаз келмеуші ме еді» («Отыз жетінші 

сөз»).  Мұнда  да  қарама-қарсы  жақтардың  өзінің 

қарсы жағына айналатындығы, қары қалың қатты 

қыстың көк орай шалғынды жазға айналатындығы 

жөніндегі бай диалектикалық ойлар баяндалады.

Абай 


шығармаларындағы 

философиялық 

ойлар  оның  қоғамдық-әлеуметтік  құбылыстар 

жөніндегі  көзқарастарында  тіпті  де  тайға  таңба 

басқандай  бадырая  көрінеді.  Абай  өзі  жасаған 

феодалдық қоғамдағы таптық қанауды, теңсіздікті 

көре  білді  әрі  өзінің  өткір  жырлары  арқылы 

еңбекші халықтың мұң-мұқтажын, тілегін жырлап 

оған  жанашырлық  білдіріп  отырды.  Осымен 

бірге,  феодалдық  қоғамның  қара  түнегін  өзінің 

найзағайдай  жырымен  осқылады  да.  Абайдың 

«Күз»,  «Қараша,  желтоқсан  мен  сол  бір  екі  ай», 

«Болыс  болдым,  мінеки»  деген  өлеңдерінде 

осындай идеялар жырланған. Мысалы:

«Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Артық қайыр артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда пейіл де жоқ,

Аңдыстырған  екеуін,  құдайым-ай!»  («Абай 

Құнанбайұлы», 73, 74 беттер).

Міне, бұл сол кездегі қазақ қоғамындағы кедей-

кепшіктер  тіршілігінің  нағыз  суреті.  Ақын  мұнда 

өзінің  еңбекші  тапқа  деген  жанашырлығы  мен 

қанаушы тапқа деген кегін бүкпесіз ортаға салады.

«Болыс болдым, мінеки,

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта май

Қалмады елге тығындап.

Сүйтсе-дағы елімді

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап.

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап. («Абай Құнанбайұлы» 

79, 80 беттер).

Абайдың қоғамдық моральдық көзқарасы оның 

адамдарды,  әсіресе,  жастарды  адамгершілікке, 

достыққа,  адалдыққа,  ізгілікке,  шындыққа, 

еңбекшілдікке 

насихаттайтын 

ғақылиялық 

өлеңдерінде тым тамаша суреттеледі, мысалы:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай 


жатып 

сөнсеңіз?» 

(«Абай 

Құнанбайұлы», 36, 37 беттер)



«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар, қалан!



90

ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға. ( «Абай Құнанбайұлы» 207, 

208  беттер)

Абайдың 


әлеуметтік-қоғамдық 

көзқарас-

тарындағы  тағы  бір  тақырып  феодалдық 

қоғамдағы қазақ әйелдерінің теңдігі мен еркіндігі 

мәселесі  болды.  Абай  өзінің  жалынды  жырлары 

арқылы феодалдық  неке саудасына қарсы тұрып, 

әйелдердің  теңдігі  мен  еркіндігін  жырлады.  «Бір 

сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде:

Деген сөз: «Бұқа буға, азбан дуға»,

Хан қарық боп түсіп жүр айғай-шуға.

Етімді шал сипаған құрт жесін деп,

Жартастан қыз құлапты терең суға.

Сән-салтанат жұбатпас жас жүректі,

Кім де болса тұрғысын көксемек-ті.

Мезгіл өткен дәуренді қуалаған 

Не қылсын бір қартайған қу сүйекті.

***

Бай қартайса, малына берер шылбыр,



Мал өмірді жаңғыртпас, құдай ұрғыр,

Біреудің қызын алып малға сатып,

Баяғыны    іздеген  қандай  құрғыр?»  (  «Абай 

Құнанбайұлы», 253, 254 беттер)

Абай 

шығармаларындағы 



философиялық 

ойдың  тұтас  жүйесінен  қарағанда,  кейде  өзінің 

материалистік  көзқарастарына  қайшы  келіп 

отырады.  Бұл  ғажаптанарлық  іс  емес.  Мұны 

қараңғы  түнек  надандық  жайлаған  Абай  жасаған 

қазақ  қоғамымен  байланыстыра  қараған  жөн. 

Өйткені,  Абай  сол  дәуірде  жасаған  –  өз  дәуірінің 

Абайы.  Ал,  Абай  кейбір  мәселелерде  құдайдан 

күмәнданып,  діни  уағызға,  дінді  көрсоқырлық 

пен уағыздаушыларға тіке қарсы шығып отырады. 

Мысалы,  «Сіздер  айтасыздар:  бәрі  құдай 

тағаланың  жаратуынан  яки  бұйрығынша  болған 

іс деп. Жә, олай болса, біз құдай тағаланы айыбы 

жоқ, міні жоқ, өзі әділ деп иман келтіріп едік. Енді 

құдай  тағала  бір  антұрғанға  еңбексіз  мал  береді 

екен. Бір құдайдан тілеп, адал еңбек қылып, пайда 

іздеген кісінің еңбегін жандырмай, қатын-баласын 

жөндеп асырарлық та қылмай, кедей қылады екен. 

Ешкімге  залалсыз  бір  момынды  ауру  қылып,  қор 

қылады екен… Әке-шешесі бір екі баланың бірін 

есті, бірін есер қылады екен… Осының бәрі құдай 

тағаланың  айыпсыз,  мінсіз  ғафур  рахымдығына, 

әділдігіне  лайық  келе  ме?»  («Жиырма  сегізінші 

сөз».) Ол тағы да былай дейді: «Һамманы жаратқан 

құдай  бар.  Ахыретте  сұрау  алады,  жамандыққа 

жазғырады,  жақсылыққа  жарылқайды,  жазғыруы 

да, жарылқауы да пенде ісіне ұқсамайды».

«Жоқ,  онысына  мен  сенбеймін?  Олар  сендім 

десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? 

Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп 

таба береді» («Отыз төртінші сөз»).

Абай  дінді  көрсоқырлықпен  уағыздайтын 

жемеңгер молдаларды былай мінейді:

«Кітапты молда теріс оқыр,

Дағарадай болып сәлдесі.

Мал құмар көңілі бек соқыр,

Бүркіттен кем бе жем жесі».

Абай тағы да былай дейді: «Ғылымсыз оқыған 

намаз,  тұтқан  ораза,  қылған  хаж  ешбір  ғибадат 

орнына бармайды». («Оныншы сөз» ) Міне, бұдан 

біз  Абайдың  дін  жөніндегі  көзқарасының  кілең 

идеялистік жүйеден мүлде басқаша екендігін айқын 

байқауымызға  болады.  Абай  шығармаларында 

«құдай», «алла тағала», «хақ», «иман» деген сөздер 

жиі  кезігеді,  бірақ,  Абай  осы  сөздерді  кілең  діни 

ұғымда  емес,  қайта  оны  шартты  ұғым  ретінде 

қолданып  отырды,  яғни,  оны  «табиғат  күші», 

«ақыл»,  «әділет  күші»,  «ақиқат  жолы»,  «көңіл 

құдіреті»,  «ғылым»,  «қайрат»  деген  ұғымдар 

орнына  қолданып,  оны  өзінің  ахлақ  көзқарасы, 

ғылым  және  ағартушылық  көзқарасы,  өмірдің 

қадыр-қымбаты  жөніндегі  көзқарастары  үшін 

қызмет еттіруге қолданды. Мысалы: Абай «иман» 

деген  сөзді  діни  ұғымда  емес,  оны  ар-ұят  деген 

мағынада  қолданады.  Ол  «біздің  қазақтың  өзінің 

мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген 

деп, осыдан соң «ұятқа» былайша анықтама береді: 

«ұят  деген  адамның  өз  бойындағы  адамшылығы, 

иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған 

қысымының аты». («Отыз алтыншы сөз»).

Жоғарыда  айтқандарымыз  Абайдың  тұтас 

шығармалары 

жөніндегі 

егжей-тегжейлі 

философиялық  зерттеу  емес,  Абайдың  ішінара 

шығармаларындағы философиялық  идея жөніндегі 

қысқаша шолу ғана, өйткені бұл шағын мақаламыз 

Абай  туралы    қомақты  философиялық  зерттеуді 

өзінің міндетіне ала алмайды.

Түсіндірулер:

1. Жибили – еріксіз болатын талап

2. Кәсіби – еңбекпен болатын нәрсе

3. Ғафур – кешіруші



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет