38
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біздің
еліміз бұралаңсыз және түсініксіз қимылдарсыз,
әлеуметтік сілкіністерсіз және ішкі жанжалдарсыз
дамып келеді. Біз қашанда лайықты әріптес болып
қалудамыз, флюгер секілді өзіміздің сыртқы саяси
басымдықтарымызды ауыстырмаймыз.
Ашығын айтқанда, ТМД-ның көптеген елдеріне
осындай кешенді саясат түзіп, осындай тұрақты
дамуға қол жеткізу мүмкін болмады. Бүгін, бүкіл
дүниежүзі Украина туралы айтып жатқанда, мен де
бұл мәселені айналып өте алмаймын.
Сіздер
менің
Украинада
оқығанымды,
украин халқының тағдырына бей-жай қарай
алмайтынымды білесіздер. Мен осы елде
болған сілкіністерді жүрегім қан жылай отырып
қабылдаймын. Украина бұрынғы Одақта өзінің
өнеркәсіптік әлеуеті, индустриялық базасы
бойынша екінші болатын. Ол өз бетінше сенімді
даму үшін басқа барлық республикаларға қарағанда
алғашқы мүмкіндіктері айтарлықтай көп ел еді.
Алайда, тәуелсіздіктің екі он жылында бұл
елде экономикамен және қарапайым адамдардың
әл-ауқатымен айналысқандар аз болды, есесіне
саясатпен көп әуестенді. Қазіргі Украина
дағдарысының басты себебін осыдан көремін. Біз
бауырлас украин халқына тұрақтылықты, келісім
мен бірлікті жедел қалпына келтіруді тілейміз.
Қандай жағдайда да Украинаға біздің елдерімізбен
сауда қатынасы тиімді. Мұны естен шығармау
керек.
Мемлекеттің интеграцияға қатысуы ұлттық
экономиканы
индустрияландыру,
адамдарды
жұмыспен қамту, бизнесті дамытуға оңтайлы
жағдай жасау үшін ынталандырушы қызметін
атқаруы тиіс. Халықтардың әл-ауқатын арттыруды
қамтамасыз ететін, бірінші кезекте, тиын-тебен
үшін жатжұртта емес, өз елінде адамдарға адал да
әділетті еңбек ету үшін жаңа мүмкіндіктер беретін
интеграция ғана табысты болады.
Экономика мен азаматтардың әл-ауқаты
мәселелері Қазақстанның еуразиялық интеграцияға
қатысуы тұрғысынан басымдыққа ие. Біз болашақта
Еуразиялық экономикалық одақтан еліміздің
инновациялық серпінділігі мен жедел дамуы үшін
орасан мүмкіндіктер көреміз.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда дамудың
2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді жаңа стратегиясы
жүзеге асырылып жатыр. Біз «Қазақстан – 2030»
Стратегиясын мерзімінен бұрын жүзеге асырдық
және енді өз алдымызға жаңа – ХХІ ғасырдың
ортасына қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің
біріне айналу мақсатын қойдық. Біз бұл мақсатқа
жалпы еуразиялық геоэкономикалық кеңістіктің
егемен және лайықты бөлігі ретінде қол жеткізбек
ниеттеміз.
Біздің Еуразиялық экономикалық одақ
бойынша әріптестерімізге жоғары меже – 2050
жылға қарай әлемдегі интеграциялық бірлестіктер
көшбасшыларының алғашқы үштігіне ену
межесін қоюды ұсынамын. Бұл жерде Ресей
экономикасының рөлі өте маңызды.
Сондықтан
біздің
бірлестіктің
дамуы
экономикалық
прагматизм;
теңдік
пен
жауапкершілік, дамудың эволюциялылығы мен
Еуразиялық экономикалық одақтың ашықтығы
қағидаттарында арқаулық алуы тиіс. Қазақстан жаңа
биіктікке жолды жоғары қарқынмен бастайды.
Өткен жылы біз бәсекеге қабілеттіліктің
жаһандық индексінде 50-ші елге айналдық. Бизнесті
жүргізу жеңілдігі рейтингі бойынша біз 50-ші орын
алдық және бұл көрсеткішті жақсартудамыз. 2013
жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ІЖӨ
6 пайызға өсті.
Елдің жиынтық халықаралық резервтері
қазірдің өзінде шамамен 100 миллиард долларды
құрайды. Қазақстанда айқын жаңғырту міндеттері
алға қойылып, жүзеге асырылуда. Бұл, ең алдымен,
экономиканы үдемелі индустрияландыру. Оның
шеңберінде 4 жылда 780 жаңа кәсіпорын салынып,
250-ден астам өнімнің жаңа түрлері игерілді.
Бүгінде әлемнің 111 елі қазақстандық
кәсіпорындардың дайын өнімдерін сатып алуда.
Біз жыл сайын электр энергиясы, энергия үнемдеу
және «жасыл технологиялар» саласындағы
жобаларды қоса алғанда, жүздеген жаңа
инновациялық кәсіпорындарды іске қосудамыз.
Біз ТМД-да бірінші болып «Жасыл экономиканы»
дамыту Стратегиясын қабылдадық. Бізде мұнай-
газ шикізатын мұнай-химиясы, туризм, терең өңдеу
сияқты инновациялық кластерлер дамуда.
Қазақстанда бұрын ешқашан болмаған
экономиканың жаңа салалары – автомобиль
және авиақұрылыс, тепловоздар мен вагондар,
Жер серігі, электроника және басқа да көптеген
салаларға негіз қаланды. Азық-түлік өндірісінің
өңірлік орталығы ретінде аграрлық сектор ырғақты
дамуда.
2015 жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік
дәлізінің құрылысы аяқталады – бұл біздің аумақ
арқылы өтетін және Ресей мен Беларусьте салынып
жатқан 2700 шақырым. Өз көршілерімізбен бірге
біз Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға, Иран мен
Парсы шығанағы елдеріне шығатын жаңа темір
жол магистральдарын салып, аяқтадық.
Бізде білім беру саласында маңызды
өзгерістер жүзеге асуда. Бүкіл әлем бойынша
жетекші университеттерде 20 мыңға жуық жас
қазақстандықтар білім алуда. Озық халықаралық
жоо-лардың 10 мың түлегі қазірдің өзінде біздің
экономикада, мемлекеттік қызметте, өндірісте,
мектептерде, жоо-лар мен ауруханаларда жұмыс
істейді.
Астанада әлемдік деңгейдегі жаңа университет
ашылды, барлық өңірлерде 20 интеллектуалдық
мектеп салынды. Жүректі және басқа да органдарды
ауыстыру
жөнінен
операциялар,
діңгекті
жасушалармен емдеу және басқа да инновациялар
қазақстандық медицинаның шындығына айналды.
Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы артуда.
Бұл осы салаларға елеулі мемлекеттік қаржыларды
салудың арқасында мүмкін болып отыр. Өздеріңіз
білесіздер, мен әрқашанда «еуразиялықтар мектебі»
ғылыми мұрасына, әсіресе, Лев Гумилевтің бірегей
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
39
тарихи тұжырымдамасына ерекше құрметпен
қарадым. Бұл бағыт бізге көптеген уақыттан озық
идеялар қалдырды. ХХІ ғасырда оларды тереңдетіп
оқу ерекше көкейкестілікке ие болуда. Бірақ
жаппай жаһандану жағдайында өмір сүріп жатқан
біз үшін ең құндысы сол, Гумилев еңбектері барлық
халықтарға өзіміздің бірегей тарихи-мәдени
кодымызды, және біздің бәріміздің еуразиялық
екенімізді мақтан тұтуға мүмкіндік береді!
Еуразиялық интеграция – ол бізге екі
мыңжылдық
белесінде
тарихи
прогрестің
объективті қадамын ашқан ұлы мүмкіндік.
Құрметті кездесуге қатысушылар!
Еуразиялық Экономикалық Одақ идеясы
қалың жұртшылықтың, соның ішінде ғылыми
қоғамдастықтың
қолдауымен
нақтылы
іс-
қимылдардың егжей-тегжейлі бағдарламасына
айналды. ЕурАзЭҚ, ТМД-ның көптеген елдерінің
қатысуындағы еркін сауда аймағы, Қазақстан,
Беларусь және Ресейдің Кеден одағы, Біртұтас
экономикалық кеңістік – бұл біздің бірлескен
жұмысымыздың дәйекті жемісі. ХХІ ғасырда
біз қысқарған тарихи уақыт феноменінің куәсі
болдық. Бұл бүкіл жаһанданған әлем бетпе-бет
келіп отырған сын-қатерлердің бірі. Еуразиялық
интеграцияның көптеген нақты мәселелерін бізге
мейлінше шектеулі мерзімде шешуге тура келеді.
Салыстыру үшін Еуропадағы интеграция
үдерісінде, кеден одағын құруға – 11 жыл, ортақ
рынок құру үшін – 34 жыл, экономикалық және
валюталық одақ үшін 40 жыл қажет болды. Бірақ
онда өзгеше тарихи жағдай, тәуекелдер мен сын-
қатерлердің басқадай жүйесі болды. Еуразиялық
интеграцияда бүгінде ешқандай да «уақыт байлығы»
жоқ.
Кеден одағы тек 2011 жылдан бастап қана
жұмыс істей бастады. Бізге ХХІ ғасырдағы
туындап келе жатқан және бұлтартпас кең
ауқымды технологиялық өзгерістер және өзге
де сын-қатерлер салдары ретіндегі жаһандық
экономиканың цейтноты жағдайында іс-қимыл
жасауға тура келеді.
Еуразиялық одақтың, бүгінде Еуроодақ бастан
кешіп отырғандай, әлемдік экономикадағы түрлі
дағдарысты ахуалдармен бетпе-бет келуі мүмкін.
Дағдарысты ахуалдар біздің экономикамызда да
пайда болуы мүмкін. Украиналық жағдай – біз үшін
жақсы уақыт емес. Біздің идеямыздың күйреуін
қалайтындар да аз емес. Сондықтан Еуразиялық
экономикалық одақ туралы келісімге қол қойғанда
осы сын-қатерлерді барынша ескеруге тиіспіз.
Бұл факторлар біздің шешімдерімізде қандай
да бір «бұлдыр сағым» көзқарастар туындатуға
тиіс емес. Өкінішке қарай, сараптамалық деңгейде
алаңдатарлық «шыдамсыздықтар», ашық айтқанда,
болашақ экономикалық одақты дағдылы қалыппен
«тезірек қалқитуға» ұмтылушылық бар. Әрине,
мазмұнға нұқсан келтіре отырып. Мен мұндай
қарадүрсін көзқарастардың жақтаушысы емеспін.
Бәрі де геоэкономикалық немесе геосаяси
конъюнктуралардың жаңа өзгерістері жағдайында
еріп кетуі мүмкін ақшаңқан түспен жарқылдаған
ақшақар соғып жатпағанымызды түсінуі керек.
Шынайылық үшін еске сала кетейін, ТМД-дағы
жекелеген интеграциялық бірлестіктер туралы
бұған дейін де «жылдам шешімдер» қабылданған
болатын.
Бұрынырақта, сонау 90-шы жылдары, жалпы
валюталық, кеден және экономикалық және басқа
да кеңістіктер құру туралы түрлі форматтардағы
келісімдерге қол қойылды. Солар қазір қайда?
Олар кімнің есінде?
Олар тіпті тарих оқулықтарында да көрініс
таппаған табыссыз талпыныстар күйінде қалды.
Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында біздің
мұндай қателіктер мен бос ұрандатушылыққа
құқымыз жоқ. Ашық айтайын, бүгінде кез келген
асығыстық немесе жете ойласпаушылық оны іскер
топтар мен миллиондаған адамдардың қолдауынан
айыра отырып, интеграциялық үдерістердің түбіне
жетуі мүмкін.
Қазақстанның экономикалық одақ құру туралы
келіссөздер үдерісіндегі бірқатар қағидатты
ұстанымдарының негізінде дәл осындай сенім
жатыр. Биыл біз Еуразиялық экономикалық одақ
туралы Келісімге қол қоюдың тарихи белесіне
шығамыз. Сонымен бірге, бүгін одан арғы
стратегиялық іс-қимылдарды кем дегенде 15-20
жыл алға белгілей отырып, көкжиектен әрі көз
тастаудың маңызы зор.
Ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақтың
ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы басты
миссиясының екі маңызды аспектіден тұратынын
түсінудің маңызы зор.
Біріншіден, әлемдегі шешуші экономикалық
макроөңірлердің бірі болу. Сарапшылардың
есептеуінше, қазіргі жүзжылдықта «экономикалық
тартылыстың» әлемдік орталығы Шығысқа,
Азияға, соның ішінде, болашақ экономикалық
одақтың аумағына қарай ауысады. Біз әлемнің
ең ірі өндіруші массивтері – Еуроодақ пен Азия-
Тынық мұхиты өңірі арасында орналасқанбыз.
Бұл Шығыс пен Батыстың, Еуропа пен Азияның
арасындағы геоэкономикалық көпір ретінде
бізге табиғи бәсекелестік артықшылығын береді.
Сонымен бірге, бір ареалдан екіншісіне тауарлар
мен технологияларды беруде әншейін делдал
болып қала алмаймыз.
Еуразиялық экономикалық одақ бірден
трансұлттық бизнес үшін жаһандық инновациялар
мен тартылыстардың жаңа орталығы ретінде
құрылуы
тиіс.
Екіншіден,
Еуразиялық
интеграцияның маңызды құрамдас миссиясы
әрбір қатысушы елдің әлемнің неғұрлым дамыған
мемлекеттерінің қатарына енуін қамтамасыз
етуінде.
Еуразиялық экономикалық одақ халықтар мен
бүкіл ұлттық экономикалар үшін ауыртпалық емес,
игілік болуы тиіс. Бізде еуразиялық интеграцияның
халықтың әл-ауқатының, экономиканың өнімділігі
мен бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне тигізетін
ықпалын өлшейтін индикаторлардың айқын
жүйесі болуы керек. Тек осындай көзқарасты
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
40
ұстана отырып қана, біз «еуразиялық таңдаудың»
тартымдылығын қамтамасыз етіп, Еуразиялық
экономикалық одақтың тағдыршешті мақсаттарына
қатысты кез келген күмәнді біржола теріске шығара
аламыз.
Еуразиялық интеграцияның бүкіл үдерісі
дәл осынау маңызды екі бірегей өркениетті
миссияны шешуге функциялық және практикалық
ЕКІНШІ.
Еуразиялық
экономикалық
одақтың аумағы, бүкіл Еуразия ауқымында,
жалпықұрылықтық
инфрақұрылымның
озық буынына айналуы керек. Бұл жерде
бірқатар жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру
маңызды.
Мәселен,
Біртұтас
Еуразиялық
Телекоммуникациялар Желісін құру, Минск –
Мәскеу – Астана – Алматы бағыты бойынша
тұрғыда бағындырылуы тиіс. Тек осылай ғана
еуразиялық интеграцияның үзіліссіз табысын
және оның мақсаттары мен міндеттеріне деген
жалпыға ортақ қоғамдық қолдауды қамтамасыз
етуге болады. Менің пайымдауымша, Еуразиялық
экономикалық одақтың таяудағы 15-20 жылдағы
даму стратегиясында келесі басымдықтарды
қарастырған маңызды.
БІРІНШІ. Ол ұлттық экономикалар мен
еуразиялық интеграцияның бүкіл кеңістігінің
жеделдетілген инновациялық технологиялық
серпілісі үшін арқаулық жағдайлар қалыптастыру.
2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Еуразиялық
инновациялық-технологиялық өзара іс-қимылдар
бағдарламасын әзірлеп, қабылдау маңызды деп
санаймын.
Онда күш пен қаржыны шашыратып алмай,
экономикалық өсімнің бірлескен нүктелерін
белгілеу, неғұрлым перспективалы бағыттар
бойынша бірқатар индустриялық консорциумдар
құру маңызды. Мәселен, минералды ресурстарды
тереңдетіп қайта өңдеуде, аэроғарыш, химия,
машина жасау, агроөндіріс, энергетика, көлік
салаларында. Біздің инновациялар саласындағы
қызметтестігіміздің мәселелерімен айналысатын
теңбе-тең негіздегі Еуразиялық инновациялық
Кеңес тағайындау маңызды деп санаймын.
Екіжақты, сондай-ақ көпжақты негізде
бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлер құру қажет.
Нақты жобалар экономикалық интеграцияның
қозғаушы күшіне айналып, бәсекеге қабілетті
өнімдер шығарып, жұмыс орындарын құрып,
ұлттық бюджеттерге аударымдарды ұлғайтуы тиіс.
жүрдек темір жол магистралын салу, қазіргі бар,
әсіресе, батыста – еуропалық, шығыста –қытайлық
көлік жүйелеріне шығатын автомобиль және темір
жолдар желісін жаңғырту, сондай-ақ, «Еуразия»
арнасының «Каспий-Қара теңіз» жобасын жүзеге
асыру. Келісілген және біркелкі тарифтер бойынша
бүкіл ұлттық экономикаларды газбен қамтамасыз
ететін Бірегей ішкі газ тасымалдау желісін құрудың
болашақ еуразиялық экономиканың беріктігі
үшін маңызы зор. Энергетика кешенін терең
интеграциялаудың жол картасы ретінде бірлескен
«Еуразиялық энергетика» бағдарламасын әзірлеп,
қабылдау қажет. Сондай-ақ, біз Ресеймен бірлесіп,
бізде АЭС салуға тиіспіз.
ҮШІНШІ. Жалпыеуразиялық экономиканың
негізін шағын және орта бизнес құратыны мен
үшін барынша ашық мәселе. Бұл мүмкін деген
экономикалық сипаттағы барлық жаһандық сын-
қатерлерге икемді жауап беруді қамтамасыз
етудің ең маңызды мәселесі. Қаржылық және
сервистік қолдау институттарын жұмыс істеп
тұрған Еуразиялық даму банкі базасында құруға
болады. Еуразиялық интеграцияның ақпараттық-
сараптамалық
және
ғылыми-тәжірибелік
инфрақұрылымын құру қажет.
Еуразиялық экономикалық одақ механизмдерін
қалыптастыру
біздің
елдеріміздің
озық
сарапшылары
мен
ғылыми
әлеуеттерінің
күшін тарту нүктесіне, мүдделерді үйлестіру
көзқарастарын белгілеу алаңына айналуы тиіс.
Ұлттық аграрлық салалардың ғылыми-
тәжірибелік
әлеуетін
біріктіре
алатындай
Еуразиялық аграрлық академия тағайындау
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ
41
орынды болмақ. Аграрлық сектордағы кооперация
азық-түлік экспортына қуатты серпін береді,
сонымен бірге ол біздің ауылшаруашылық тауар
өндірушілер арасында бәсекелестік туғызбауы
керек.
ТӨРТІНШІ.
Еуразиялық
экономикалық
одақ
мақсаттары
оның
құқықтық
және
ұйымдастырушылық тетіктеріне айрықша талаптар
қояды. Олар қатаң қағидаттарға негізделген,
сонымен бірге, кез келген өзгерістерге тиісінше
әрекет ете алатындай жеткілікті икемділікке
ие құрал болып табылуы тиіс. Еуразиялық
экономикалық
одақ
органдарын
басқару
құрылымы мен тәсілдері өзге интеграциялық
құрылымдардан алынған әншейін бір көшірме
болмауы тиіс екені белгілі. Менеджменттің
біздің бірлестігіміздің ерекше миссиясына
жауап беретіндей инновациялық модельдерін
іздеу қажет. Бұл оларды бюрократиядан және
ұлттық мемлекеттік аппараттар шенеуніктерінің
қажет емес синекурасына айналуынан қорғайды.
Сіздер менің Еуразиялық экономикалық одақтың
ұлтүстілік органын Еуразия құрлығының дәл
жүрегінде орын тепкен Астанада орналастыруды
ұсынғанымды білесіздер.
Бұл жерде ешқандай асқақ ойлаушылық жоқ. Бұл
кез келген ел үшін жүктеме. Мен мұны, біріншіден,
бүкіл экономикалық кеңістікті реттеу алгоритмін
теңдестіру қажеттілігі бойынша негіздедім.
Екіншіден, Ресей «бәрін өзі үшін құруда» деген
еуразиялық интеграцияға қатысты барлық сыртқы
күмәндарды жоюдың маңыздылығы үшін. Басқа
нұсқа ретінде мен осыдан жиырма жыл бұрын
географиялық жағынан Еуропа мен Азия түйісетін
өңірде орналасқан қаланы одақтың орталығы
жасауға шақырғанымды еске сала кетпекпін.
Қазақстандық Атырау, Ақтөбе немесе ресейлік
Екатеринбург қалаларының кандидатураларын
зерттеуге болады деп есептеймін. Бірақ Астана бұл
рөл үшін анағұрлым дайын.
Бүгін мұндай таңдауды мен қосымша жаңа
еуразиялық агломерация, еуразиялық интеграция
аумағының орталық бөлігінде жаңа өсу орталығын
құрудың маңыздылығымен дәйектеймін. Ол
Еуразиялық экономикалық одақтың әкімшілік
орталығының біртұтас экономикалық кеңістіктің
шеткі нүктелерінен шамамен бірдей алшақтығы
негізінде бүкіл реттеуші тетіктерді бекемдей алар
еді.
БЕСІНШІ. Мен экономикалық интеграцияның
біздің халықтарымыз арасындағы мәдени-
гуманитарлық байланыстардың белсенділігін
арттыратынына және оларды неғұрлым тереңдете
түсетініне сенімім мол. ХХІ ғасыр мәдени сегментті
ІЖӨ өсуінде қомақты пайыздар әкелетін ұлттық
экономикалардың сөзсіз маңызды құрамдасына
айналдырады. Бұл туризм, соның ішінде тарихи-
мәдени экологиялық және медициналық туризм.
Бұл инновациялық-индустриялық даму мен
басқару жүйесі үшін айрықша маңызды білім беру
қызметтері. Бұл экономиканың көңіл көтеру, спорт
сектор және ақпараттық өнім өндірісі. Сонымен
бірге, мәдени-гуманитарлық интеграция үдерісінің
қандай да бір сегменттің үстемдігінен еуразиялық
кеңістіктегі
рухани-мәдени
алуандылықты
жойып жібермеуі де маңызды. Мен біздің кез
келген елімізде мәдениеттің ұлттық мазмұнының
эрозиясына жол беруге болмайды деп есептеймін.
Сондықтан мүше мемлекеттердің мектептері
мен жоо-ларында бір-біріміздің тарихымызды,
әдебиетімізді, мәдени мұралар мен тілді оқып-
үйренуді ынталандырудың маңызы зор.
Бізде болашақта пайда болатын еуразиялық
хабар тарату құрылымдары интеграциялық
үдеріске қатысатын барлық елдердің мемлекеттік
тілдерін пайдалануы маңызды деп санаймын. Ол
бізді жақындата түседі және сенімді арттырады.
Сондай-ақ Астанада Еуразиялық экономикалық
одақ құру туралы Келісімге қол қою күнін
Еуразиялық интеграция күні деп жариялауды
ұсынамын.
Қымбатты достар!
ХХІ ғасырда еуразиялық интеграцияға жүріп
өтуге тура келетін стратегиялық жолға қатысты
менің пайымым, бүтіндей алғанда осындай.
Мен сіздермен – жастармен тікелей жұмыс
істейтін ғылыми элитамен тағы да өз ойларымды
бөлісіп отырмын. Біздің экономикалық одақтың
құрылғысы – қатып қалған догмат емес. Бізге
уақыттың көптеген күрделі сын-қатерлерімен
бетпе-бет келуге тура келеді. Интеграциялық таңдау
– «сиқырлы таяқша» емес, және таңғажайыптарға
кепілдік бере алмайды. Тек уақыт қана барынша
иландыру дарынына ие.
Мен
еуразиялық
интеграция
идеясын
жариялағаннан кейін өткен екі онжылдық тәжірибесі
оны растай түседі. Еуразиялық экономикалық
одақтың қалыптасуының маңызды сатысына деген
менің көзқарастарым мен пайымдауларымның
ғылыми топтар мен жұртшылық арасында қолдау
табатынына шынайы үміт артамын. Мен ХХІ
ғасырдың ұлы, өркендеген Еуразия жүз жылдығы
болатынына терең сенімдімін.
Назарларыңызға рахмет!
28.04.2014
ШЕТЕЛ ҚаЗаҚТаРы ЖӘнЕ ҚаЗаҚ ТІЛІ
ғалым ЖҰМАШҰлы,
Шынжиаң қоғамдық ғылым академиясы
Тіл зерттеу институты бастығының орынбасары
ҚазаҚ халҚының ҚұраМына енген ежелгі
ру-тайпалар және олардың тіл-жазуы жөнінде
1
Ел іші-сыртында шыққан Қазақ халқының тегіне және тарихына қатысты еңбектер мен
материалдарда Қазақ халқының ежелгі заманда еліміздің батыс өңірін, Алтай, Тянь-шань таулары
мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірін, Сырдария алабын және Дешті Қыпшақ даласын мекен еткен
ежелгі Түркі тілді тайпалардың, атап айтқанда, Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Алан, Түрік, Түркеш,
Қимақ, Қыпшақ, Дулат, Оғыз, Қарлық, Арғын, Найман, Уақ, Керей, Қоңырат, Жалайыр, Алшын т.б.
тайпалардың түрліше тарихи даму дәуірлерін бастан кешіре отырып, бірте-бірте этникалық
бірігуі және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи дамуы арқылы халық болып
қалыптасқаны баяндалады.
Еліміздің солтүстігінде және батыс солтүстігінде көшпенді мал-шаруашылығымен
айналысып, бір мезгіл дәурендеп, көркейіп-гүлденіп, құдыретті қағандықтарды және бектіктерді
құрып, ертедегі тарихтарда аты қалған бұл елдер мен ұлыстардың тарихы және олар жаратқан
түрлі мәдениет, сондай-ақ, олардың өз тұсындағы еліміздің кіндік қағандықтарымен байланыстары
жөніндегі деректер мен мәліметтер, тарих ғылымында «26 тарих» деп аталатын Қытайдың
тарихи кітаптарына жазылып қалған. Бұл мәліметтер осы ұлыс елдердің тарихын, мәдениетін
зерттеуде және сол арқылы бүгінгі таңдағы Қазақ сынды ұлттың жалпы тарихын, мәдениетін
зерттеуде және жазуда құнды да бағалы дерек болып табылады.
Алайда, тарихи мәліметтерде Түрік қағандығынан бұрын тарих бетіне аттары түскен Сақ,
Ғұн, Үйсін, Қаңлы т.б. елдермен ұлыстардың тілі мен жазуы жөнінде анық жазылған деректер
қалмаған. Сол себепті олардың тілі және олар қолданған жазулар жөнінде түрлі тартысты
пікірлер мен көзқарастар туып келеді. Енді біз Қазақ ұлтының құрамына енген бір бөлім ел-
ұлыстардың, ру-тайпалардың тілі мен жазуы жөніндегі деректерді және олар жөніндегі
зерттеулерді бір-бірлеп таныстырамыз, сондай-ақ, өз көзқарасымызды білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |