Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»


Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі



бет10/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
7 Дипломдық жұмысты қорғауға ұсыну тәртібі
Дипломдық жұмыс алдын-ала қорғау рәсімін өту үшін бітіртуші кафедраға тапсырылады.

Дипломдық жұмысты алдын-ала қорғау рәсімі студенттер мен ғылыми жетекшісінің, керек болған жағдайда ғылыми кеңесшілердің қатысуымен кафедраның ашық мәжілісінде өткізіледі.

Алдын-ала қорғау кафедра мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.

Ойдағыдай алдын-ала қорғауды өткен және қойылған талаптарға сәйкес рәсімделген, біткен дипломдық жұмысқа студент, ғылыми кеңесшілер қол қойып, ғылыми жетекшісіне беріледі.

Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа жазба түрде пікірін жазады. (Қосымша Г)

Дипломдық жұмыс мақұлданған жағдайда, ғылыми жетекшісі оған қол қояды және осы жұмыс қорғауға жіберілгені туралы жазбаша пікірмен кафедра меңгерушісіне тапсырылады.

Дипломдық жұмыс мақұлданбаған жағдайда, оған ғылыми жетекші қол қоймайды, бірақ дипломдық жұмыс неліктен қорғауға жіберілмегені туралы шешімін негіздеп, жазбаша пікір жазады.

Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі бұл дипломдық жұмыс туралы ақырғы шешім қабылдайды, бұл жайлы дипломдық жұмыстың титул бетінде жазбаша пікірін қалдырады.

Кафедра меңгерушісі студентті дипломдық жұмысты қорғауға жіберуге болмайды деп шешім қабылдаған жағдайда, бұл мәселе студент пен ғылыми жетекшісінің міндетті түрде қатысуымен кафедра мәжілісінде қаралады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы универститет ректорына бекітуге жіберіледі.

Дипломдық жұмысты қорғауға жіберу қорытынды аттестация басталғанға дейін екі аптадан аспайтын уақытта студенттердің тізімі бойынша факультет деканының өкімімен рәсімделіп, ҚАК-на жіберіледі.

Шығарушы кафедрамен қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыс факультет деканымен пікір алуға жіберіледі.

Дипломдық жұмысқа пікірді қорғалатын жұмыстың бейініне біліктілігі сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары жазады.

Пікір беруші ретінде сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарының профессорларын, доценттерін және оқытушыларын тартуға болады.

Димпломдық жұмыстарға пікір берушілер кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жұмыс атқаратын орны мен лауазымы көрсетіліп, жалпы тізіммен ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Пікір жазушының қорғалатын дипломдық жұмыстың бейініне сәйкес келетін негізгі жоғары білімі немесе ғылыми академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуға тиісті.

Пікір жазушы дипломдық жұмысқа жазбаша түрде өз пікірін жазады, ол пікірде зерттеліп отырған тақырыптың өзектілігі, жаңалығы және іс жүзінде маңыздылығы, академиялық дәреже беруге дипломдық зерттеу тақырыбы дайындалатын студенттің бейініне сәйкес келуі, орындалған зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстардың барлығы, мәселелерді шешу дәрежесі және зерттеудің аяқталуы көрсетілуі керек.

Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежені беру мүмкінділігі көрсетіліп негізделген қорытынды жасалынуы тиіс.

Ғылыми жетекшісімен қорғауға жіберілген дипломдық жұмысқа пікір жазушы F-«қанағаттанарлықсыз» баға қойған болса, онда ол жалпы ереже бойынша қорғалады.

Факультет деканы кафедра меңгерушісі мен студентті қорғауға бір күн қалғанға дейін пікірмен таныстыруы керек, осыдан кейін дипломдық жұмыс пікірлерімен Қорытындылау аттестациялау комиссиясына қорғау үшін жіберіледі.

Студенттің қалауы бойынша қорғау қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Кафедраның ұсынысы бойынша студент дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұнын шет тілінің бірінде айтуы мүмкін, ол жайында қорғау кезінде айтылады және сұрақтарды осы тілде беруге болады.

Пікір беруші пікірді арнайы бланкіде жазады (Қосымша Д).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет