Тулеметова А. С., Кембаева Р. С., Колотаева Л. П., Жантасова Д. М. 5В050600 «Экономика»



бет11/24
Дата25.04.2022
өлшемі1,08 Mb.
#32201
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
МУ ДР каз 2020

8 Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі
Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 94 және 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 36 бұйрықтарымен енгізілген өзгертулерімен және толықтыруларымен) жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестациясын жүргізудің үлгілі ережелерімен анықталады.

Білім алушылардың қорытынды аттестациясын өткізгенге дейін ҚАК-на келесі құжаттар тапсырылады:

- кафедра меңгерушісінің қолы қойылған дипломдық жұмыс;

- студенттердің жеке оқу бағдарламасын орындауы, барлық пәндер бойынша олардың алған бағалары, олардың көлемі, курстық жұмыс пен іс-тәжірибеден алған бағалары туралы факультет деканының анықтамасы;

- дипломдық жұмысқа берілген ғылыми жетекшінің пікірі, онда «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген негізделген қорытындысы (Қосымша Д);

- өндіріс немесе басқа жоғары оқу орны маманының дипломдық жұмысқа

берген пікірі, ол пікірде қорғауға жіберілген дипломдық жұмыстың жан-жақты сипаттамасы және бағасы («өте жақсы», «жақсы», қанағаттанарлық» немесе «қанағатанарлықсыз») көрсетілген және «бакалавр» академиялық дәрежесін беру мүмкіншілігі туралы негізделген қорытынды беріледі;

- студенттің сынақ кітапшасы.

ҚАК-на орындалған жұмыстың ғылыми және тәжірибелік құндылығын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, дипломдық жұмыстың бейіндігі бойынша іс-әрекет жасайтын ұйымдардың жазбаша пікірлері немесе ғылыми зерттеулердің нәтижесін ендіру туралы анықтамалар немесе актілер, және т.с.с. тапсырылуы мүмкін.

Дипломдық жұмысты қорғау қорытынды аттестация комиссиясының ашық мәжілісінде оның мүшелерінің жартысынан көбінің қатысуымен өткізіледі.

Дипломдық жұмысты қорғау бұқаралық түрде студенттердің, шығарушы кафедраның оқытушыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшісі, пікір беруші, дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылуы мүмкін.

Бір дипломдық жұмысты қорғау уақыты, әдетте, бір студентке 30 минуттан аспауы керек.

Қорғау алдында ҚАК хатшысы студенттің жеке оқу бағдарламасын орындағаны туралы деканның анықтамасын оқиды.

Дипломдық жұмысты қорғау үшін студент қорытынды аттестациялау комиссиясының және қатысушылардың алдында 15 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Студент сөз сөйлегенде көрнекті құралдарды (плакаттар немесе интерактивті тәртіпте слайддар) пайдалануы тиіс. Студент өзінің баяндамасында келесілерді баяндауы керек:

- тақырыптың өзектілігін;

- жұмыс негізделетін теориялық және әдістемелік ережелерін;

- жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін;

- нақты кәсіпорында іске асыру мүмкіндігін негіздеп, мәселені шешу немесе үдерісті жетілдіру туралы нақты қорытынды мен ұсыныстарды.

Дипломдық жұмысты талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысуы мүмкін.

Талқылағаннан кейін комиссияның хатшысы ғылыми жетекшінің пікірін (ғылыми жетекші қатысып отырса, өзі сөйлеуіне болады) және сыртқы пікірді оқиды. Ғылыми жетекшінің және/немесе сыртқы пікірде қателіктер болатын болса, онда студент соған негізделінген түсіндірме беруге тиісті.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша баға қойылады. Бұл жерде білім алушының теориялық, ғылыми және тәжірибелік дайындығының деңгейі, сонымен қатар ғылыми жетекшісі мен пікір берушінің пікірлері ескеріледі.

Дипломдық жұмыстың бағасы, академиялық дәрежені тағайындау және мемлекеттік үлгідегі диплом беру туралы шешімді жабық мәжілісте ашық дауыспен комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен МАК қабылдайды. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.

Дипломдық жұмысты қорғау нәтижесі қорытынды аттестациялау комиссия мәжілісінің хаттамасымен әрбір студент бойынша жеке рәсімделінеді және қорғау жүргізілген күні хабарланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет