3.5.1 Теңіз және өзен көлігі Теңіз көлігі аймақаралық сыртқы сауда қатынастарының да-
муына айтарлықтай мүмкіндік туғызды. Теңіз көлігінің жұмыс
істеуінің өзі кеме қатынасының халықаралық ережелерінің
белгіленуін, оның қорғалуын және қауіпсіздігін қажет етті.
Теңіз көлігі - теңіздер мен мұхиттармен бөлінген жер шары-
ның бөлігін қамтитын және біріктіретін әлемдік көлік жүйесі-
нің маңызды және ажыратылмайтын бөлігі. Оның өнімділігі
көліктің басқа түрлеріне қарағанда көбірек. Теңіз кемелерінің
жүк көтергіштігі теміржол құрамдарының мүмкіндігінен әсте ба-
сып озады. Көлік құралдарының өзінде жұмыс істейтін адамдар
саны аз. Нәтижесінде теңіз көлігінің жүктерді тасымалдауының
өзіндік құны ең төмен өзіндік қүнның бірі болады және болып
қала береді.
Теңіз көлігінің үлесін, қазіргі таңда, көліктің барлық түрінің
З/5-тен артық жүк айналымы құрайды. Құбыржол көлігінің бәсе-
келестігіне қарамастан, теңізбен тасымалданатын жүктердің
санының және жалпы жүк айналымының өсуі жалғасуда. Мате-
риалдық өндіріс саласында, әсіресе отынды және шикізат тауар-
ларының басқа түрлерін экспорттауда өндіру және жеткізуде же-
келеген елдердің ұлғайып келе жатқан мамандануымен себепші
болған. Осы тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылар
арасындағы аумақтық алшақтығы 8-10 мың км-ге жетеді.
Теңіз көлігінің техникалық базасын флот, порттар, кеме жөн-
дейтін зауыттар, жол шаруашылығы, радиобайланыс, электр-
және радионавигация құралдары құрайды.
Сауда флотының құрамы тасымалданатын жүктердің сипаты-
на байланысты әртүрлі типті кемелермен анықталады. Олардың
басым бөлігі ( 2/3 дейін) - өндіретін (мұнай, кен, көмір), сондай-
ақ қайта өңдейтін (мұнай өнімдері, сұйытылған газдар, металдар)
салалардың, ауыл шаруашылығының (дэн) көпшілік өнімдері.
Олардың әлемдік сауда флотының құрылымындағы рөлі қатты
өзгеріске үшырағыш нарықтық экономикада жүкке деген сү-
ранысқа тәуелді. Сонымен, 1950 жылы элемдік сауда флотын-
да cy кемелерінің (танкерлердің) үлесі 41 %, 1970 жылы арзан
мұнайды өндіру мен тұтынудың қызған шағында - 55 %, ал 1995
жылы барлық мұнай дағдарыстарынан кейін - 32 % құраған.
Автомобильдер, компьютерлер, теледидарлар, радиоқабыл-
дағыштар сияқты ұзақ пайдаланылатын қымбат тұратын бұйым-
дардың ғана әлемдік өндірісі 0,5 млрд данаға жетеді. Олардың
едэуір бөлігін теңіз көлігінің негізгі жүктерінің санаты құрайды.
Осындай жүктердің санының өсімі оларды теңіз көлігімен, сондай-
ақ көліктің басқа түрімен тасымалдау үшін контейнерлердің
құрылуына себепші болған.
Осының барлығы көліктің әртүрлі түрімен, сондай-ақ те-
міржол көлігімен контейнерлердің орнын ауыстыру бойынша
«контейнерлік көпірлерді» ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Теңіз
және құрлықтағы контейнерлік тасымалдау әрекеті жүктерді
тасымалдаудың уақытын көбірек қысқартты. Көліктегі осын-
дай инновацияны «контейнерлік революция» ретінде бағалады.
Қазіргі кезде негізгі жүктерді жеткізу үшін кемелерге әлемнің
теңіз сауда флотының жалпы тоннажының шамамен 20 %-ы
келеді, олардың ішінде контейнер тасығыш кемелердің үлесіне
- шамамен 1/3 келеді. Сонда да, олар 40 %-ға дейін құрайтын
барлық осы жүктерді тасымалдайды.
Теңіз поргтары халықаралық экономикалық байланыстарда өте
үлкен міндеттерді орындайды. Олар арқьшы нағыз көпшілік сыртқы
сауда жүктерінің басты ағындары, әсіресе отын мен кен өтеді.
Теңіз көлігімен жүктерді тасымалдау шағын каботажға, үлкен
каботажға бөлінеді.
Шағын каботаж - бұл бір бассейннің немесе шектес бассейн-
дер ішінде орналасқан пункттер арасында кемелердің жүзуі.
Үлкен каботаж - континенттік күрлық пен халықаралық бей-
тарап сулармен бөлінген теңіз порттарының арасында кемелердің
жүзуі.
Барлық көлік теңіз кемелерін жүк, қызметтік-қосалқы, тех-
никалық, жолаушылар, жүк-жолаушылар түріне бөлуге болады.
АБЖ KCPO Теңіз флоты министрлігінің аясында теңіз
көлігін басқарудың барлык деңгейіне арналған. «Теңізфлот»
АБЖ функционалдық және өндірістік шағын жүйелерінің байла-
ныстарының жеңілдетілген сүлбасы 3.20 суретте көрсетілген.
KCPO теңіз көлігі 1500-ден астам көлік кемесінен (жалпы тон-
наж 13 млн.т жуық), ондаған ipi порттардан және кеме жөндей-
тін зауыттардан тұрады. Теңіз көлігінің жүк айналымы Кеңес
Одағының жалпы жүк айналымында 17%-дан асты. Кеңестік
кемелер 103 елдің мыңнан астам портына барып отырды. Ше-
тел порттарына кеңестік кемелердің баруының саны жылына 26
мыңнан асты. Халықаралық кеме қатынасында міндетті бірнеше
миллион құжат толтырылды. Кеңестік кемелерді жалдауға және
шетелдік кемелерді жалдауға мәмілелер ресімдеген кезде сыртқы
сауда бірлестіктерімен, Сыртқы көлік одағының кеңселерімен
қарым-қатынас жасау нәтижесінде аумақты ақпарат пайда болды.
Ақпараттың үлкен ағыны каботаждық жүктерді тасымалдаған,
тікелей теміржол-су тасымалдауына теңіз көлігі қатысқан кезде
теміржол вагондарының порттарында және т.б. өңдеуге байланы-
сты пайда болады.