Автомобиль көлігін автоматты басқару жүйесі
(AK АБЖ) және оның құрылымы Негізгі түсініктер
Әлемдік автожолдар желісі (қатты қабатты және жетілдірілген
жолдар) темір жолдардың ендігі бойынша келіп шығады. Бұл
әлемдік жолаушы айналымының 40% және көліктің барлық тү-
ріндегі жүк айналымының шамамен 60% құрайды. Жүк және жо-
лаушы тасымалының басты бөлігі жеке мемлекеттердің шегінде
жүзеге асырылады.
Қазіргі уакытта жеке мемлекеттер аумағында автокөліктер
тарапынан қолданылатын автомагистральдар бірыңғай көліктік
жүйелерді кұрайды. Олар елдің экономикасының қажеттілік-
терін есепке алады, темір жол және cy транспортымен өзара бай-
ланысты. Батыс Европада көптеген елдердің Мұндай жүйелері
мемлекетаралық көліктік міндеттерді жақсы орындайды. Олар
белгілі мөлшерде темір жолмен салыстырғанда жылдамырақ
аймақтық автокөліктік жүйеге ауысады. Батысевропалық мемле-
кеттердің сыртқы сауда айналымының басты бөлігі — Бұл жүк та-
сымалдаушылар мен контейнерлердегі кіші партиялармен тасы-
малданатын өнім. Басқа аудандарда мұндай жүйелердің құрылуы
жинақы (Батыс Европа) немесе шектеулі мөлшерге ие (Солтүстік
Америка).
Жүктер мен жолаушыларды «есіктен есікке» жеткізу құралы
ретінде автомобиль көлігінің орны ерекше. Батыс мемлекеттерде
адамдар ел ішінде және жақын шет мемлекеттерге сапарын ав-
томобильдер мен автобустар көмегімен жасайды. Сондықтан да
олардың әлемдік жолаушы тасымалындағы үлесі шамамен 80%.
Көліктің Бұл түрі қала ішіндегі қозғалысқа қызмет етеді, бірақ
оның колданылу шеңбері аймақ жетіспеушіліктің салдарынан
үнемі өсіп отыра алмайды.
Қазақстанда автомобиль - көліктің недэуір маневрленген түрі.
Ол жақын қашықтықтарда жолаушы және жүк тасымалдау үшін
қолданылады.
Қазақстан 188 мың км-ге созылып жатқан автомобиль жолда-
ры желісіне ие. Қазақстан арқылы жалпы ендігі 23 мыц км. бола-
тын бес халықаралық автомобиль бағыты өтеді. Автомобильдік
жол тораптары:
Алматы - Астана - Костанай (трасса M-36): Челябинскке
шығу жолы;
Алматы - Петропавловск: Омскке шығатын;
Алматы - Семей - Павлодар (трасса M-38): Омскке шығу
жолы;
Алматы - Шымкент (трасса M-39): Ташкентке шығу жолы;
Шымкент - Актөбе -Орал (трасса M-32):
2009 жылы елдің аймағында «Батыс Европа - Батыс Қытай»
автобанының кұрылысы басталды, ол 2013 жылға қарай аяқ-
талады. Жол торабының жалпы ұзындығы 8445 км құрайды,
оның ішінде 2787 км Қазақстан территориясы бойынан өтеді
(Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Ал-
маты облысы). Асфальт бетонды қаптаманың қалыңдығы 80 см
құрайды, автомагистралдің пайдаға асырылу мерзімі - 25 жыл
жөндеусіз, қозғалыстың максималды жылдамдығы - сағатына
120 км. Жоба сонымен қатар, көлдердің үстінен өтетін көпіржол,
жолдық-эксплуатациялық кешендерді, аялдамалық алаңшалар,
автопавильондар, жайылымдық аралықтар, электронды таб-
ло секілді жолдарды да қарастырады. Құрылыспен бір уақытта
трасса маңында орналасқан аймақтарда жол салу және жөндеу
жұмыстары жүргізіледі.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағда-
йында автомобиль көлігін қолдану шеңбері кеңейіп келе жатыр.
Экономикадағы ЖІӨ екі еселендіру бойынша міндеттерге жататын
құрылымдык қайта жасауларды жүргізу автомобиль жолдарының
өткізгіштік қабілетін мен сапасын көтеру қажеттілігіне алып
келеді. Себебі, автомобиль тасымалы 2010 жылға қарай 33 тен 55
миллиард тонна-километрге үлғайды.
Қазіргі уақытта аталмыш салада қызмет көрсету жұмыстары
толығымен бәсекелес ортаға берілді.
Автомобиль жолдарын дамытудың басты алғышарттары ав-
тожолдар саласын дамыту Мемлекеттік бағдарламасының тара-
пынан 2001-2005 жылдарға арналған жоспарда қарастырылды.
Бағдарламаны жүзеге асыру уақытында мемлекеттік маңызы бар
мыңнан астам км. автомобиль жолдары жөнделіп қалпына
келтірілді.
Автожолдарды бес категорияға бөліп қарастыруға болады:
категория - мемлекеттік және республикалық маңызы бар
автожолдар, сонымен қатар түрғындарды теңіз порттары, аәро-
порттармен жалғастыратын автомобиль жолдары;
категория - бұл да мемлекеттік және республикалық маңызы
бар автожолдар;
категория - өлкелер мен облыстардың басты жолдары,
аудандық жолдар, сонымен қатар теміржол бекеттері мен көл-
дердегі тиеу-түсіру пункттеріне кіре беріс жолдары;
категория - өлкелік, облыстық және аудандық маңызы бар
автожолдар, сонымен қатар өнеркәсіп орындарының, кұрылыс,
ауыл шаруашылығының жергілікті маңызы бар авто жолдары;
категория - жоғарыда аталғандардан бөлек жергілікті ма-
ңызы бар ішкі кәсіптік жолдар.
Автомобиль көлігінің өндірістік-техникалық базасын төмен-
дегілерден тұратын негізгі қорларды есепке ала отырып қарастыру мақсатқа сай келеді:
жылжымалы кұрамды жөндеу кәсіпорындары;
жанар-жағар май бекеттері, транспорттық-экспедициялық ұйымдар, EO;
гараж өндіретін кәсіпорындар, жылжымалы құрамды модернизациялау құрылгысы;
дөңгелек жөндеу зауыттары;
автовокзалдар;
жүк автобустары бекеттері.
Автомобиль көлігінің жұмысы тасымалдаудың айлық және
тәуліктік жоспарларының негізінде, жүргізушілерге және басқару
диспетчерлеріне берілген міндеттер негізінде үйымдастырылады.
Жүк тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесін
жасаудың басты мақсаты - ЭЕМ, ЭММ және заманауи бағдар-
ламалық жабдықтау технологиялары негізінде оперативті бас-
қаруды жетілдіру арқылы автомобильдердің жұмыс жасау тиім-
ділігін арттыру. Ол жылжымалы құрамның өнімділігін көтеру
және тасымалдауға кететін шығындарды азайту, үйымдык ce-
бептерге байланысты жұмыс уақытын жоғалтпау, өндірістік емес
аралық аумақтар мен автомобильдерді тиеу-түсіру аймақтарын
азайту, транспорт кұралдарының жүк көтеру қабілетін жақсарту
туралы деректер арқылы жүзеге асырылады.
Жүк тасымалдарын басқару жүйелерінде қолданылатын за-
манауи техникалық кұралдардың бірі дербес компьютер база-
сындағы заманауи бағдарламалык кешендермен байытылған
жергілікті есептеуіш желілері болып табылады. Осындай кешен-
дердің бірі «БЕСТ- АВТО» жүйесі болып табылады.
«БЕСТ-АВТО» - Бұл кез келген типтегі (жүк және жолаушы
автокомбинаттары, трамвайлық-троллейбустық басқармалар, мү-
най өндіруші, құрылыс, машина жасау және соған ұқсас ipi бір-
лестіктерге қызмет көрсететін арнайы кәсіпорындар) авто-
көліктік кәсіпорындардың өндірістік-қаржылық қызметін авто-
маттандырауға мүмкіндік беретін желілік бағдарлама жүйесі.
«БЕСТ-АВТО» жүйесі жергілікті есептеуіш жүйені қолдану
есебінен кез келген жұмыс орнында кез келген бағдарламаны
қосып бірыңғай деректер базасымен жұмыс жасауға мүмкіндік
жасайды. Бұған қоса, егер ақпарат БЕСТ-авто жүйесіне енгізіліп
қойған болса, онда ол жұмысын жүргізуге қажетті басқа да ке-
шендер тарапынан қайта жасалады.
«БЕСТ-АВТО» жүйесінің басты қасиеттері:
қызметінің басты көрсеткіштерінің автоматты есебі (жанар-
май кірісі мен шығыстары, жүргізушілердің жалақысы);
статистикалық есеп беру мен корытындылардың үлкен
көлемі;
тарифтің барлық түрлері бойынша жөндеу коэффициент-
терінің кең спектрі, ол кез келген инфляциялық өзгеріске опера-
тивті жауап қайтару мүмкіндігіне ие.
Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың автоматтанды-
рылған жүйесінің құрылымында жүк тасымалдау бойынша үш
басты блокты бөліп көрсетуге болады:
Автомобиль көлігінің деректер базасы;
Автокөлік қызметінің есептеуіш кешені;
Электронды деректер алмасудың ақпараттық жүйесі.
Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудын
автоматтандырылған жүйесін іске қосу
Автомобиль көлігі жұмысын есепке алудың автоматтан-
дырылған жүйесін іске қосу электрондық құжат айналымының
жалпы жүйесіне автокөліктің автоматтандырылған қызмет орын-
дарын қосу аркылы және олардың қағазсыз технология негізін-
де тасымалдаушылармен өзара байланысы арқылы жүзеге асы-
рылады.
Автоматтандырылған жұмыс орындары мен электрондық құ-
жат айналымының мүмкіндіктері оларды үлкен кәсіпорындарда
да, салыстырмалы түрде кішілеу кәсіпорындарда, техникалық
дайындығына байланысты заңды және жеке түлғалар тарапынан
қолдануға мүмкіндік береді.
ЭЕМ қолданатын жүк тасымалдауды басқаруды автоматтан-
дыру басты міндеттерінің бірі жүк көлігі жұмысын оперативті
басқаруды жетілдіру және үйымдастыру болып табылады. Бұл
жүйе жүк тасымалдаудың технологиялық процесіне ауысымды-
тәуліктік кезеңде басқарушылық әсер етуге бағытталған. Аталған
жүйе келесі техникалык құралдарды пайдаланады: ЭЕМ, бай-
ланыстың заманауи құралдары, түрлі перифериялық техникалық
құралдар.
Есепке алу қызметінің шығыс ақпараты тәулік ішінде жүк
көліктерінің жұмысын сипаттайтын құжаттар болып табылады:
ол келесі құжаттар көлік жұмыстарын есепке алу корытындысы,
желілердегі көлік қызметінің оперативті есебі, жүргізушілердің
жұмыс кестесі, тәуліктік диспетчерлік баяндама, тәулік ішіндегі
тасымал процесінің статистикалық деректері, бір айға жасалған
статистикалық деректер.
Есептік қызмет деректері негізінде талдау жүргізіледі. Оған
есеп деректерінен бөлек, жоспардың орындалмау себептері де
келіп түседі. Талдаудың шығыс акпараттары дегеніміз жоспардың
орындалмау себебін сипаттайтын, оны дұрыстау бойынша ұсы-
ныстар жасайтын, тәулік ішіндегі автомобиль көрсеткіштері,
объектілердегі көлік жұмыстарының көрсеткіштері, диспетчер-
лер мен оператор жұмыстарының талдауын көрсететін құжаттар.
Есепке алу мен талдау жүк тасымалдау процесінде ғана емес,
жаңа объектілердегі болуы мүмкін жағдайларды үйренуге де
кажетті болып табылады. Бұл үшін тиісті қызметкер тарапынан
келесі жұмыстар орындалады:
клиентура, жүк ағымы мен тасымалдау жағдайын үйрену;
жүк бар-жоқтығы балансының негізінде клиентурадағы
мүмкін болған тасымалдау көлемін, мүмкіндіктерін және объек-
тінің техникалық қамтамасыздандырылуын анықтау;
үйымдастырудық алдыңғы катарлы әдістерін қолдану мүм-
кіндіктерін және тасымалдау процесінің жетілдірілген техноло-
гиясын үйрену;
тасымалдауды бақылау және реттеудің прогрессивті әдіс-
терін анықтау;
берілген объектідегі көлік жұмысын оперативті есепке алу-
дың прогрессивті әдістерін және шынайы ақпараттың берілуін
анықтау;
берілген объектідегі терминалда перифериялық құралдар
мен сүқбат терезесін қолдану мүмкіндігін зерттеу;
белгілі мерзімде ЭЕМ жұмысындағы тұрып қалу жағдайында
ақпарат беру жүйесін резервілеу жүйесін анықтау ;
маршруттардағы жүрістер мен барыстардың санын (жыл-
жымалы күрам бірлігіне қатысты алғанда) анықтау;
жұмыстың орындалу үзақтығын және т.б. анықтау.
Бұл көрсеткіштер недәуір қарапайым критерийлік қызметтерді
құрайды, сол ретте мыналар жиі қолданылады:
тасымалданатын жүк санын максимизациялау;
тапсырылған тасымалды орындау үшін қолданылатын кө-
ліктер санын минимизациялау;
суммарлық көлік жұмысын минимизациялау;
жалпы аралықтарды минимизациялау.
Тиімділеу критерийлерінің жалпы көрінісі 3.17-суретте бе-
рілген.
3.17-сурет. Тиімділеу критерийлері
Көп критерийлі қаулыларды қолдану кезінде критерийлердің
өзара жақындығы мен өлшемдестігі (компромисс) сауалы ту-
ындайды. Басқаруды тиімділеу мәселелерін шешу әдістері екі
түрге: нақты және жақын түрлерге бөлінетіндігін атап өту кажет.
(3.18- сурет).
3.18-сурет. Жүк тасымалын тиімділеу міндеттерін шешу
әдістерінің классификациясы
¥сақ партиялардың тасымалын жоспарлау міндеттері көлік-
тердің жүк сыйымдылығы жүк қабылдаушылардың қажетті-
лігінен асып кеткен жағдайда пайда болады. Мұндай тасымалдар,
ереже бойынша калалық жағдайларда орындалады, ал Бұл келесі
сәттерді қосып алады:
Көліктік құралдар жұмысында тиеу-түсіру жұмыстарына
көп уақыт кетеді және біраз уакыт жүктерді орналастыруға жұм-
салады.
Қалалық қозғалыстың интенсивтілігі мен қаланың көліктік
желісінің толыктығы жүк тасымалының жоспарлануы мен орын-
далуына үлкен кедергі жасады;
Көліктік және адамдық ағымдардың тығыз байланыстылығы
жағдайында жүк ағымы козғалысын үйымдастыруда қауіпсіздік
мәселесі туындайды;
Көптеген сауда жүктері үшін тасымалдардың мәні тек жі-
ңішке көліктік көрсеткіштермен анықталмайды (салмақ, тасымал
қашықтығы және т.б.); жеткізудің сақталуы (тез бұзылатын азық
түлік өнімдері, қымбат тауарлар) мен өз уақытында жеткізілуі
маңызға ие болады;
Қалалық жағдайда автомобильдер aya бассейнін ластаудың
бір көзі және шудың басты көзі, сондықтан да бұл тасымалдарды
реттеу мәселесі күшейе түседі.
Жүк жіберушілер мен жүк қабылдаушылар бір-бірімен кейбір
жол желілері арқылы байланысқан, оны көліктік желі деп атайды.
Жоспарлау кезінде көліктік желі моделі қолданылады, ол шынайы
жол желісінің абстрактілі көрсеткіші болып табылады. Мұндай
модельдер әрқилы және көп жағдайда жоспарлау мақсаттары
мен әдістерімен байланысты. Әдетте танымал жол атластары,
карталары мен схемалары қолданылады. Доғалары біріктірілетін
төбешіктер жиынтығы түріндегі көліктік желі недәуір жиі
қолданылады. Төбешіктер жоспарлау үшін шынайы пункттер
көрінісі болып табылады. Олар көлік, жүк қабылдаушылар,
жүк жіберушілер парктерінің орындары болуы мүмкін. Жолдар,
өткелдер және көшелер көліктік желі моделінде бағытталған доға
ретінде есептеледі.
Көліктік желі моделіндегі маңызды және қажетті құрылым
кала көшелерінің анықтамалығы болып табылады. Аныктама-
лықта алфавиттік ретпен көше, даңғыл, алаңдар мен жаппай
турғылықты орындардың жаңа аудандары санамаланған. Әрбір
атауға көліктік желі моделінің номері қойылады.
Қалада қолданылатын ҚАЖ ақпараттық базасы болып қа-
ланың 1:10000 масштабтағы электрондық картасы саналады.
Ол аәротүсірім нәтижелері негізінде жаңартылып отырылады.
Электрондық карта барлық үйлер, кварталдар, жасыл массив-
тер, cy объектілері, темір жолдар, платформалар, көпірлер мен
бөгеттердің геометриялық сипаттарын береді. Картографиялық
объектілермен мекендердің, көшелердің атауы, қалалық инфра-
құрылым объектілерінін үнемі толтырылып отыратын деректер
базасына байланысты.
ҚАЖ болашаққа арналған нұсқасында жаңа типтегі ДБАЖ
ақпараттық қамтамасыз ету құрамына енетіндер жол козғалы-
сын бейнепосттар арналарынан, жол желісін бақылаушылардан
алынған жедел ақпаратгар көмегімен реттеуші АБЖ мен тығыз
байланыс орнатуға бағытталған.
Көліктік желі графасын қолдану тасымалдауды жоспарлауға
бағытталған қарапайым құрамдардан күрделі кәсіби бағыттағы
жұмыстар атқаратын жүйелерге дейін созылған.
Маршруттарды жобалау әдістемесіне тәуекелді жою үшін
жалпы жауапкершілік пен қауіпсіздік принциптері қойылған.
Бұл принциптер қозғалыс траекториясын есепке алуда базалана-
ды, көліктік құралдардың типтері үшін жол жағдайы мен арнайы
қызмет мамандарының пікірін есепке ала отырып базаланады.
Деректер базасын сипаттау бойынша, жалпы ережелерге қа-
тысты алғанда, бағдарламаны пайдалану кезінде келесі кыз-
меттер қамтамасыз етілуі қажет:
Мекен-жайы бойынша толтыру, автоматты байланыс де-
ректер көзіне базаны енгізу ауданның әкімшілік территориалдық
бөліміне автоматты іріктеуді енгізу;
Дербес логикалык және кеністікті парамстрлер бойынша ба-
задан клиенттерді таңдау;
Әртүрлі графикалық түрдегі картаға клиенттер базасынан
берілетін логикалық шарттарға тәуелді түрде таңдау;
Клиенттер базасынан таңдалғандарды айналып өту үшін
автокөлік маршруттарын автоматты таңдау;
Автокөліктегі клиенттер мен маршруттар туралы ақпараты
бар карталардың көріністерін құжаттау;
Базадан алынған клиенттер бойынша кез келген түрдегі
есеп беру құжаттарын құру (тізімдер, ақпараттық хаттар, мекен
жай жапсырмалары және т.б.).
Көліктік желі моделін ұйымдастырудың әртүрлі стандартта-
ры бар. Geographic Data Files (GDF) стандарты көшелік, жолдық
желінің негізгі деректер базасын сипаттайды. GDF жол желісін
сипаттайтын бірыңғай, қолайлы модель арқасында ақпаратты
қолдану мен өңдеуді жеңілдету үшін құрылған болатын. Стан-
дарт тұтынушыларға өздерінің ақпараттық қажетгіліктерін нақ-
ты анықтауға, ал жасаушыларға нақты жасалынған ережелер
негізінде жүйе құруға мүмкіндік береді.
Граф түрінде шынайы көше-жол желісін көрсетудегі басты
проблема көліктік желі графасының объектілерін таңдау болып
табылады. Бұл жағдайда бағдарланған графтар қолданылады.
Осы проблеманы шешудің үш жолы бар:
төбелерге жол бөліктері жатады, ал бағандарға - осы бөліктердің арасындағы байланыс;
граф төбешіктері қозғалыс бағытының мүмкін болған өзге-
рістерін көрсетеді, ал бағандар - жіберілетін бағыттарды.
Жолаушы көлігін диспетчерлік басқарудың
автоматтандырылған жүйелері
Жолаушы көлігін диспетчерлік басқарудың автоматтанды-
рылған жүйелері (ЖКДБАЖ) 1970-ортасында кеңінен тарала
бастады. Мақсаты: жалпыға ортақ қалалық жолаушы тасыма-
лы көлігінің жұмысын қауіпсіз және түрақты қызметпен қамта-
масыз ету.
Олардың негізіне қозғалмалы бірлік құрылғысымен әрбір
көліктік кұралды жабдықтау жатады, соның көмегімен орта-
лық диспетчерлік бекетпен (ОДБ) байланыс орнатылады. ОДБ-
те автобустың жүріп өткен жолдары туралы автоматты түрде
ақпарат алып отыратын компьютерлер бар, сол арқылы жүргі-
зушілердің жүру графигі мен кестесі бақылауға алынады, кә-
сіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін есепке алу және
жоспарлау көрсеткіштеріне бақылау жасалынады.
Автобустарды диспетчерлік басқаруға бірнеше мысалдарды
қарастыруға болады, онда ОДБ мен ҚБҚ екі жақты байланысы
мен көліктік құралдарды қамтамасыз ету принциптері қолданыс
тапқан.
1980-ші жылдарда М-6000 басқарушы есептеуіш кешендерінің
базасында Омбы өнеркәсіп автоматикасы тарапынан ДБАЖ-А
жасалынды, оның құрамында функционалдық элементтердің
типтік жинағы болды: ҚБҚ - қозғалмалы бірлік құралы; БПҚ -
бақылау пункті кұралы; ПОБОҚ - перифериялық объектілермен
байланыс орнату құрылғысы.
ДБАЖ-А жұмысы CM-2M есептеуіш басқарушы кешеніне
берілді және Ресейдің 18 ipi қалаларында іске қосылды.
УВК CM-2M өндірісі 1990 ж тоқтады, 1992 ж бастап кез кел-
ген жинақтайтын және сыртқы құралдарды шығару тоқтатыл-
ды. 1996 жылы барлық эксплуатациялайтын CM-2M кешендері
өздерінің амортизация мерзімін жасап шығарды.
Техникалық кұралдар кешенін дамытуға арналған мұндай
бағдарлама көпшілік тасымалдаушы АБАЖ-ға тән. Бұл жағдайда
есептеуіш және ақпараттық ресурстарды басқару SCO Unix вер-
сиялы 3.2 және 5.0 операциялық жүйелеріне тән; ЖЕЖ Ethemet
- TCP/IP алмасу хаттамасы пайдаланылады, ал мүмкіндіктің
басшылықтандырылуы мен деректер базасын жүргізуді ДББЖ
Oracle 7.15 жүзеге асырады.
SCO Unix және ДББЖ-Oracle құралдарын таңдау келесі ap-
гументтерге қатысты:
SCO Unix 3.2 - недәуір тиімді, кең тараған серверлердің
операциялық ортасы, көп міндетті, көпшілік тұтынушыларға
арналған, жоғары талаптарға сай;
ДББЖ Oracle 7.15 тиімділік көрсеткіштері, мүмкіндікті ад-
министрациялау бойынша жоғары рейтингке ие;
ДББЖ Oracle көп платформалы болып табылады, деректер
алмасудың бағдарламалык құралына ие, оньщ ішінде DBase-ға
ұқсас және т.тб.;
ДББЖ Oracle-де жобалау тиімділігінің деңгейі жоғары,
Oracle Developer/2000 бумасы бар Case-технологиясы ;
Республика аймағында SCO Unix және ДББЖ Oracle бойын-
ша сервис пен техникалық жабдықтаудың дамыған жүйесі бар.
«АБЖ-Рейс» - ДБАЖ-А техникалық жүзеге асырылуының
және бір мысалы. Оның үлгісі бірнеше жылдар ішінде Мәс-
кеуде сәтті эксплуатацияланған. Ол келесідей көріністе сипат-
талуы мүмкін: әрбір көліктік бірлік радиостанция тарапынан
басқару орталығымен байланыс орнату үшін одометрмен, жа-
қын маңдағылармен байланыс орнататын қабылдағыштармен,
көліктік бірліктерге толтырылған датчиктармен жабдықталады.
Маршруттағы көліктік бірліктің орнын анықтау одометрдің
және жақын радиустағы радиоканалдардың көмегімен жүзеге
асырылады. Көліктік бірліктің жүрісі кезінде радиомаяктың әсер
ету зонасында жол координаттары көліктік бірлікте радиоканал
бойынша және маяктың басып өткен қашықтығының сомасын-
да енгізіледі. Жақын радиустағы радиоканал 820 МГц жиілікпен
жұмыс жасайды. Көліктік бірлікті басқару орталығымен байла-
ныстыру үшін 300 мГц жиілік диапазонындағы екі радиоканал
пайдаланылады; бірі дыбыстық формада сүхбаттар жүргізу үшін
пайдаланылса, екіншісі - сандық ақпаратты беру үшін.
Қалалық жолаушы тасымалын басқарудың жаңа мүмкіндік-
тері ақпараттандыру, радионавигация және байланыстың зама-
науи құралдарының негізінде жүзеге асрылады.
Көпшілік қалаларда қалалық көлікті баскарудың автоматтан-
дырылған радионавигациялық жүйелерін құру бастау алды. Жо-
лаушы көлігін басқару жүйесінің басқада қатынас құралдарын
- коммуналдық, кезекші-техникалық, авариялық-құтқарушы-
лық қатынастардың интеграцияланған шешімдер тенденция-
сы байқалды. Қолданбалы БЖ жасалды, ол ҚАЖ аймағындағы
отандық жасалымдар мен радионавигациялық құралдарды пай-
даланды. Төменде ҚАЖ негізгі жүйелері келтірілген:
Ақпараттық-технологиялық жабдықтау жүйесі — бағыттар,
жүргізушілер мен аялдамалар үшін деректер базасының кестесін
жүргізу және құру, сонымен қатар қозғалмалы құрамның жұмыс
кестесін кұру;
Жолаушы көлігін диспетчерлік басқару жүйесі - бағыт-
талған қозғалысты бақылауға алу, бағыттардағы және парктегі
қозғалмалы құрамды басқару, жұмысты талдау және есеп беру;
Көлікті жүргізуші мен диспетчердің дыбыстык байланы-
сындағы радиоканалды басқару жүйесі ( дербес режим, топгық
режим, циркулярлық режим) - диспетчерлер мен жүргізушілердін
сұқбаттарын деректер базасының архивіне басу;
Қаланың бейнеграммасын басқару жүйесі - көліктік құрал
қозғалысы мен орналасуы, маршруттар туралы ақпаратты шы-
ғару, сонымен қатар көрсетілген көліктік құралдар туралы анық-
тамалық ақпарат жасау;
Жолаушы көлігінің жұмысы туралы есеп берушілік форма-
ларды күру жүйесі - көліктік кәсіпорындар, жүргізушілер мен
диспетчерлерге арналған есеп беру формалары.
ОДБ бағдарламалық-техникалық құралдары калалық көлік
кешенінің жұмысына қажетті технологиялық құжаттарды шыға-
руды және жасауды қамтамасыз етеді және оның осы жұмыстарын
орындауын парктен шыққан уақыттан қайтып паркке келгенге
дейін қадағалайды.
ОДБ қозғалмалы объектілермен байланыстыру үшін радио-
матчтарда монтерленетін базалық бекеттер іске қосылады,
олардың әркайсысы өзінің оперативті зонасындағы жұмысты
жабдықтайды. Қозғалмалы күралдар спутниктік навигациялық
қабылдағыштары, борттық есептеуіш кұрылғылары, радиомодем
және УКВ-радиобекеттері бар борттық кешендермен жабдық-
талады. Жұмыс кезінде навигациялык деректер автоматты pe-
жимде базалық бекеттер арқылы ОДБ-ға беріледі, кейін сүраныс
бойынша қаланың электрондық картасында көрсетіледі. Жүйе-
нің бағдарламалық құралдары көліктік құралдардың қозғалыс
параметрлерін талдайды. Ақаулар болған жағдайда ол диспет-
черге сәйкес хабарлама жасайды, диспетчер жағдайга баға беріп
адекватты әрекеттер жасайды. Ақау немесе апатты жағдай болған
жағдайда ОДБ мен коғамдык қауіпсіздікті сақтау бөлімшелеріне
автоматты түрде дабыл қағылады. ОДБ жолаушы тасымалы бой-
ынша жұмыс нәтижелеріне баға береді және қала әкімшілігі мен
көліктік кәсіпорын басшылығына ақпарат жеткізеді.
Жүйені қалалық масштабқа толық көлемде енгізу үшін
5-6 радиоканал іске қосылады: 1-2 деректер алмасу үшін және
4 - дыбыстық хабарламалар алмасуға арналған.
Әрбір бірлігінің орны туралы деректерді жинау минутына
бір рет жүріп отырады, бұл қоғамдық қатынасты диспетчерлік
басқару жүйелеріне қойылатын жасаған талаптарға толығымен
сәйкес келеді. Осы жағдайда төтенше дабыл сигналын беру
қарастырылған. Көлік жүргізушісінің кез келген уақытта диспет-
чермен дыбыстық сұқбат жүргізу немесе формалдандырылған
хабарламалар алмасуға мүмкіндігі бар.
Көліктік құралдың борттық кешені жүргізушінің кабинасын-
да орнатылады, ол радиобайланысты күндіз де, түнгі уақытта да
дене қозғалысын жасамай-ақ қолайлы пайдалануға мүмкіндік
береді. Борттық кешен модульдық құрылымға ие және қосым-
ша модульдерді қосу есебінен функционалдық мүмкіндіктерін
көтеруге мүмкіндік алады.
Борттық кешен құралдары қарама-қарсы жүйе режимінде
де жұмыс жүргізуге мүмкіндік жасайды және штаттан тыс жағ-
дайдарда түрлі алгоритмдер бойынша дабыл сигналдарын беруге
жағдай жасайды.
Деректер алмасу және байланыстырудың біріккен кешені
стационарлық және жылжымалы объектілерде орнатылатын қү-
ралдарға ие, оларды төмендегі жағдайларға қолданады:
УКВ-диапазонды жіңішке жолақты толқын радиоканалда-
рын белгілеу;
өткізгіш арналары мен СЧВ-диапазонды кең жолақты радио-
каналдарды белгілеу;
жалпыға ортақ қолданысқа арналған коммутацияланатын
телефон арналары.
Жүйе компоненттерін іске қосу деректер алмасу және бай-
ланыстыру біріккен кешенінің көмегімен ақпараттық терминал-
дарды пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Жүйе құрамында
сериялық шығарылатын жабдық пайдаланылады, ол созылмалы
қызмет мерзіміне ие және шынайы эксплуатация жағдайында
тексерілген. Мұндай әрекет стационарлық инфрақұрылымды же-
ңілдетуге, жүйенің сенімділігін жоғарылатуға және оның эксплуа-
тациясына кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Байланыс құралдары мен деректер беру құралдары келесі pe-
жимдерде сөйлеу хабарламаларымен алмасады:
сөйлеу хабарламаларының циркулярлық жіберілуі;
сөйлеу хабарламаларын екі жақты алмасу;
берілген тұтынушы мекен жайына деректер жіберу;
түтынушы топтар мекен жайына деректер жіберу;
циркулярлық деректер базасы;
электрондық пошта режимінде деректер алмасу;
деректер базасын өшіру мүмкіндігі;
аялдама тақтайшасына жолаушылар үшін ақпарат беру.
Деректер алмасу және байланыстыру арналары бойынша
берілетін барлық қызметтік ақпарат диспетчерлер мен жүргізу-
шілер арасындағы ауызша сөйлесуді қоса алғанда ОДБ-да тір-
келеді және сақталады.
Бөлінген есептеуіш кешені стационарлер мен қозғалмалы
объектілерде орнатылатын құралдарға ие және сериялы түрде
шығарылатын техникалық құралдар мен компоненттер негізінде
құрылады.
Есептеуіш және навигациялық құралдар, көліктік құралдарда
орнатылады және келесі қызметтерді орындайды:
көліктік құрал жұмысы туралы навигациялық және басқа да
деректерді құру және оларды берілген форматта басу;
жүргізушіні жүйенің ақпарттық ресурстарының оперативті
мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
деректер модификациясы - берілген алгоритмдерге сәйкес
автоматты түрде және қолмен жаңарту және өзгерту;
сыртқы жады құралдарында навигациялық және басқа мәліметтерді енгізу;
транспорттық құралдар арасында деректер алмасу;
көлік жүргізушісінің сұранысы бойынша деректерді көрсету;
жүргізуші мен жолаушыларға дыбыстық хабарлама жасау.
АБЖ енгізуді дамытудың басты проблемасына нормативті
құжаттарда көрсетілген шектеулерді жатқызуға болады. Олар
радионавигациялық аппаратураның тіркелуін, көшірілуін, алу
процестерін регламенттейді, бірақ мұндай аппаратураның жера-
сты көлік транспортында жаппай қолданылуын есепке алмай-
ды. Оны шектеулерді азайту және болдырмау тарапы жағынан қарастыру қажет.