Утепбаева А. А., Елеусизкызы М.,Наурызбаев Б. А. ҚАрапайым математикалық ҰҒымдарды



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата08.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#135388
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
5.2
 
Әртүрлі жасерекшелік топтарда геометриялық пішіндермен 
таныстыру әдістемесі 
 
Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндермен танысу 
алгоритмі: 
-
тәрбиеші геометриялық пішінді көрсетіп, оның атын атайды; 
-
балаларға дәл сондай пішінді өздерін көрсетіп, оның атын атауын 
ұсынады; 
-
балаларға басқа заттардың ішінен тауып беруін сұрайды; 
-
геометриялық пішінді зерттеп, қарап шығуды айтады; 
-
осы геометриялық пішіннің қасиеттерін сипаттап, басқа пішіндерден 
айырмашылығын айтуды сұрайды.
-
кейін балаларға сол геометриялық пішіндермен тәжірибелік әрекетте 
қолданып, белгілі бір тапсырманы орындауын ұсынады.
Мектепке дейінгі балаларға геометриялық пішіндердің элементтерін
таныстыра бастағанда, оқу дағдыларын дұрыс қалыптастыру қажет. Мәселен, 
геометриялық пішіннің ұшы – ол нүктесі. Балалар геометриялық пішіннің 
бұрышы мен жақтарын көрсетеді. Бұрышы – ол екі сәуле қосылған нүктесі.
Бекіту және қайталау мақсатында геометриялық пішіндерді қағаздан қию, 
ерекмексаздан жасау және т.б. тапсырмалар беріледі. 
Геометриялық мазмұны бар жаттығулар мен ойындар балалрмен жұмыс 
жүргізуде маңызы зор. Олар баланың математикалық білімге деген 
қызығушылықтарын оятып, баланың интеллектуалдық қабілеттерін дамытады. 
Геометриялық пішіндермен таныстыруда әр жастың ерекшеліктеріне 
қарай өзіндік әдістемесі бар. 


56 
Бірінші сәбилер тобында заттардың формаларын ажыратуды үйренеді 
(шаршы, кірпіш, шар). Тәрбиеші балалардың назарын сенсорлық эталонның 
айқын қасиеті бар заттарға аударта отырып, ажырата және атауларын атай 
алуға үйретеді.
Екінші сәбилер тобындағы геометриялық пішіндермен таныстыру 
міндеттері: 
-
балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру: дөңгелек, шаршы, 
үшбұрыш; 
-
көру және сипап сезу түйсіктері арқылы форманың пішінін зерттеуге 
үйрету. 
Екінші сәбилер тобында таныстыру әдістемесі. Түсі мен көлемі жағынан 
балаларға дәл тәрбиешідегідей екі пішінді береді (дөңгелек, шаршы).
Тәрбиеші дөңгелекті атын атамай көрсетіп, сондай пішінді тауып алып, 
көрсетуге тапсырма береді. Сол пішінді сипап сезу, ұстап көру арқылы 
зерттеуді ұсынады. Сұқ саусақтың көмегімен пішіннің контурын бірнеше рет 
жүргізіп, бірге қайталатады. Әрекетті сөзбен баяндай отырып, «Қараңдаршы, 
саусағымыз ешқайда тоқтаған жоқ, қай жерден бастасақ, сол жерге қайта 
келдік». Тәрбиеші балаларға: «Бұл – дөңгелек. Дөңгелетіп көріңдерші! 
Дөңгеленеді ме?», - деп түсіндіріп, балаларға тәжірибелік жұмыстарды да 
жасатып көрсетеді (сурет-5.5).
 
Сурет-5.5. Дөңгелек
Тәрбиеші балаларға дөңгелекке зерттеу жүргізгендей, шаршыны да 
зерттейді. Тәрбиеші саусақпен шаршыны тауып алады, контурын бірнеше рет 
жүргізіп, назарын бұрыштарына аударады: «саусағымыз бір бұрыштан екінші 
бұрышқа дейін жүрді, бұрыштан өтіп, қайта жүрдік, осылайша шаршының 
барлық бұрыштарын көрдік, демек, бұл – шаршы. Ал енді, дөңгелетіп көрейік, 
шаршы дөңгелей ме? Неге?», – деп, осы сияқты үшбұрышпен таныстырып,
дөңгелекті, шаршы, үшбұрышты салыстыртады. Бекіту мақсатында 
дидактикалық ойындарды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет