«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет31/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Мустафаева Г-1.

7. 
Акробатикалық жаттығулары – акробатикалық секірулер, тепе- теңдік сақтау жаттығулар. Осы 
жаттығулар күш, ептілік және жылдамдық дамытуға және вестибуляр аппаратты жаттықтыруына бағытталған. 
8. 
Көркем гимнастиканың жаттығулары – түрлі заттармен (доптар, шығыршықтар, ленталар, булавалар) 
би түрінде орындалатын қимыл қозғалыстардан тұрады. 
Гимнастика басты амалдарын адам дене дамуына әсер көрсетушілеріне қарағанда келесі топтарға 
бөлуге болады: 
а) дене қасиеттерін және қозғалыс қабілеттерін жалпы дамуына бағытталған жаттығулар (саптағы 
және жалпы дамыту жаттығулар, ойындар және эстафеталар); 
б) өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді тәрбиелеуге арналған жаттығулар (қолданбалы 
жаттығулар және секірулер); 
в) ерік-жігерлік қасиеттерін және дене қабілеттерін дамытуға және нығайтуына бағытталған 
жаттығулар (еркін, акробатика және көркем гимнастика жаттығулары, құралдағы жаттығулар, таянып 
секірулер). 
Гимнастикада жаттығуларды қатал регламеттау әдісі және шұғылданушылардың әрекетшілігін 
қолданады. Гимнастиканың келесі әдістемелік ерекшеліктері бар:
1. Адам ағзасына жан-жақты әсер ету. Гимнастика көмегімен адам органдарының қызметтерін 
әбден жетілдіруге болады. Гимнастика дененің жалпы дамыту және дене қабілеттерін жан-жақты 
жетілдіру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
2. Әр түрлі жаттығуларды қолдана отырып ағзаның функционалдық және морфологиялық 
жүйелерінің және дене қасиеттерінің жан-жақты және үйлесімді дамуы іске асырылады.
3. Адам ағзасына таңдалған әсер ету. Лайықты жаттығуларды, өзіне керек бастау қалыптарды 
және нақты жасау тәсілдерін таңдап алып, керек бұлшық еттерге, буындарға жергілікті әсер тигізу. 
Осылай дене дамуының кемшілігін өзгертуге болады.
4. Оқу процесінің қатал тәртібін белгілеу және жүктемені дәл мөлшерлеу. Оқу процесін 
ұйымдастырғанда жеке әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың жеке міндеттерін 
жүйелі принциппен шешу мүмкін. Жаттығулардың қарқындығын және амплитудасын өзгертіп, қайталау 
санын көбейтіп немесе азайтып, бастау қалыптарын немесе жаттығулардың орындалу жүйесін өзгертіп 
жүктемені мөлшерлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет