«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Мустафаева Г-1.

Жарысқа қатысушылар. Жасөспірімдік тобы: 11-13 жас. Кіші жасөспірімдер тобы: 14-15 жас, 
қыздар мен ұлдар. Үлкен жасөспірімдер тобы: 16-17 жас, қыздар мен жігіттер. 
Ересектер тобы: 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер. Бұл топтан жастар тобы бөлініп шығады. 
Жарысқа қатысушыларға рұқсат беру. Жарысқа арнайы дайындықтан өткен және дәрігердің 
рұқсаты бар адамдар ғана жіберіледі. Дәрігердің рұқсат берген құжаты болып сынақ кітапшасы, 
дәрігердің визасы бар және әр фамилия тұсында дәрігердің мөрі қойылған атаулы өтініші немесе 
бекітілген үлгідегі жеке анықтамасы болып табылады. 
Спортшылардың қатысу кезегі. Жарыстың түрі мен ауқымына қарамастан секіру мен лақтыру 
жарыстарына қатысу кезегі жеребемен анықталады. Жүгіру (жүріс) жарысында жолдарды немесе 
орындарды бөлу әр айналымда жеребемен анықталады. Көпсайыс жарысында да әртүрі үшін жеребе 
жүргізіледі. 
Командалық жарыстарда қатысушылардың өнер көрсету кезегі, сонымен қатар жүгіру жолдарын 
бөлу жеребесі бүкіл жарыс үшін бір өткізіледі (бұл үшін түрлерді кезектеу кестесі дайындалады). 
Спортшылардың құқықтары мен міндеттері. Спортшылар жарыстың өткізілу тәртібі мен 
ережесін білуі қажет. Тәртіп бұзғаны үшін және сырттан көмек үшін ескерту жасалады (сары 
карточка), қайталап тәртіп бұзған жағдайда қатысушы жарыстан шығарылады (қызыл карточка), 
оған дейінгі нәтижелер саналады. Айқын техникалық дайындықсыз қатысушы жарысқа қатысуға 
жіберілмейді. 
Тіркелуге жиналу орнына келу: жүгірушілер, лақтырушылар, ұзындыққа секірушілер үшін – 20 
минут бұрын, биіктікке секірушілер үшін – 25-30 минут, сырықпен секірушілер үшін – 40-50 минут бұрын 
жүргізіледі. Тіркелуге кешіккен спортшылар жарысқа жіберілмейді. 
Лақтыру мен секіру мүмкіндіктерін орындауға 1 минут (сырықпен секіруде – 1,5 минут) беріледі. 
Бір уақытта өткізіліп жатырған әртүрлі жарыста (мысалы, жүгіруде және секіруде) қатысушы 
алдымен жүгіруге, тек содан кейін секіру мен лақтыруға қатысуы керек. Бұл жағдайда ол жарысты сол 
биіктіктен немесе сол мүмкіндігінен бастайды. Егер қатысушы бірнеше жарыс түрінен жазылса, оларға 
қатысуға міндетті. 
Барлық жарыстар ұйымдастырушы ұйыммен қарастырылған және бекітілген ережеге сай 
жүргізіледі. Ереже жарыстардың негізгі құжаты болып табылады, ережені басшылыққа ала отырып, 
төрешілер алқасы жарысты жүргізеді. Ережеге толықтырулар мен өзгерістер еңгізуді тек қана жарысты 
өткізіп жатқан ұйымдар өкілдерінің көмегімен және команда өкілдерімен бірге бас төрешілер алқасы 
жүзеге асыруы мүмкін. 
Жеңіл атлетика бойынша жарыстарды өткізетін ұйымдар жарыс мерзімінен бұрын командаларға 
(мекемелерге, оқу орындарына және т.б.) жарыс ережесін жіберу қажет. Ереже келесідей бөлімдерден 
тұрады: 
 жарыстың мақсаты мен міндеттері; 
 жарысты өткізу орыны мен уақыты; 
 жарысты ұйымдастыру басшылығы; 
 қатысатын ұйымдар мен командалар; 
 жарыстың бағдарламасы (күндері мен сағаттары болуы тиіс); 
 команда құрамы мен бір қатысушы үшін жарыстық әрекет саны; 
 жеке және командалық жеңімпаздарды анықтау тәртібі мен шарттары (есептеу жүйесі мен бағалау); 
 марапаттау рәсімі; 
 ұйымдар мен қатысушыларды қабылдау шарттары; 
 тапсырыстарды ұсыну мерзімі мен шарттары; 
 ереже жарыстардың сәйкесті шартына қарама-қайшы болмауы тиіс. 
 Күні мен сағаттары бойынша жарыстардың бағдарламасын тарату кезінде мыналарды ескеру қажет: 
 осы жарыстарды жүргізуде жарыстардың түрлері; 
 жарыстарға бөлінген сағат санын, тәулік санын; 
 жабық жерде өткізілсе жарықтың болуын; 
 бағдарламалық жарыс түрлері бойынша қатысушылардың болжамдылығы; 


55 
 бір уақытта секіру мен лақтыру үшін секторлар санын; 
 жарысқа қатысушылардың біртекті жаттығуларды реттеу мүмкіндігі (мысалы 100 метрге жүгіру, 200 метрге 
жүгіру, 400 метрге жүгіру және ұзындыққа секіру т.б.); 
 бірнеше айналым арақашықтықтарын жасау (жүгірулер айналымы, ширек финалдар, жартылай финалдар, 
финал); 
Күндер бойынша бағдарламаны жоспарлаудың қарапайым тәсілі, мысалы, өсуі бойынша жүгіру 
түрлерін қарастырған жөн: тақ түрлері 
- бірінші күні, жұп түрлері – екінші күні, егер жарыстар үш күн жүргізілетін болса, онда: I түрі – 
бірінші күні, II түрі – екінші күні, III түрі - үшінші күні, IV түрі – төртінші күні және т.б. 
Разрядтар бойынша жарыстардың ережелерінде жүгірулер айналымын, секірулерді, лақтыруларды 
өткізу үшін белгілі-бір уақыт беріледі. Өзіндік саралау үшін бір жүгіріс айналымы мен төрешілер 
алқасының жұмысы уақытын есепке алу қажет. 
Ережеде командалық біріншілікті анықтау үшін есептеу жүйесін яғни, өткізілетін жаттығу 
түрлерінің санын, бір түрдегі қатысушылар санын, орны немесе ұпай саны бойынша нәтижелерде 
бағалау жүйесін дәл орнату қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет