Жарыстарды дайындау мен өткізу. Жарыстарды ұйымдастыруда және өткізуде қатысушыларға
жақсы нәтижелер көрсетуге мүмкіндік беретін қажетті жағдайлар жасау керек. Көрермендер мен
қатысушылар үшін жарыс тәрбиелік және насихаттау сипатындағы жарқын, әсерлі спорттық мереке
болуы тиіс. Жарысқа қатысушылар, көрермендер, жаттықтырушылар үшін жарыстың барысы туралы
мәлімет толық, уақытында және дәл болуы керек. Спорттық шараларға қатысушылардың барлығының
қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Бұл мақсатта келесі мәселелерді
шешу қажет:
өтетін жарыс туралы Ережені жасақтау, оны қатысатын ұйымдарға тарату;
спорттық базаны анықтау және жалға алу;
жарысқа қатысушылардың (шетелдік спортшылар қатысқан жағдайда) тұру, тамақтану және
транспорттық қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау;
төрешілер ұжымының құрамын жасақтау және олардың жұмыс жасауына жағдай жасау;
қажетті құжаттарды дайындау (бағдарламаларды, хаттамаларды, күн тәртібін);
өткізілетін жарыстарды жарнамалау;
жарыстардың ашылу және жабылу сценарийлерін құрастыру;
марапаттау құжаттарын дайындау (мақтау қағаздары, дипломдар, медальдар, сыйлықтар
және т.б.);
спортшыларды жарысқа жіберу, өтініштерді қабылдау бойынша комиссия жұмысы;
команда өкілдерімен жиналыс;
төрешілер құрамын ұйымдастыру және нұсқаулық кеңесі;
жарыстың салтанатты ашылуы;
жарысқа қатысушылардың дайындығы;
бекітілген талаптар мен ережелерге сәйкес жарысты өткізу;
жеке жарыстардың қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау;
командалық жарыстардың қорытындысын шығару;
54
жарысты сәтті өткізуге себепші болған адамдарды, төрешілерді, спорт сарайларының
қызметкерлерін, командалық жеңімпаздарды марапаттау және жарыстың жабылуы;
қорытынды құжаттарды дайындау және оны командаларға беру.