«uzdik ustaz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «uzdik ustaz»



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата13.04.2023
өлшемі1,46 Mb.
#82159
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Орындық жүйе – әрбір қатысушылардың қатысқан жаттығу түрінен жинаған ұпайлар жиынтығы, 
жеке жаттығу түрінде алған орыны үшін беріледі. 
Ұпайлық жүйе – арнайы кесте бойынша ұпай санын есептеп анықтау. 
Жарысты болдырмау немесе күнін ауыстыруды тек қана оларды өткізетін ұйым ғана жасай алады. 
Кейбір түрлері бойынша жарыстарды өткізбеуге немесе жарыстың басталуына араласуға бас төрешінің 
құқы бар: 

жарыстарды өткізуге дайындалмаған немесе жарамсыз жерлер; 

жарыстарды өткізуге құрал-жабдықтар мен инвентарьлар жоқ немесе сәйкес келмеуі; 

қолайсыз метеорологиялық жағдайлар; 

дәрігерлік көмек қызметінің жоқтығы; 

сөреге бір ғана қатысушы немесе бір ғана эстафета жүгіру командасы шықса (жеке-командалық және 
командалық жарыстар ерекшелігімен, бір қатысушы бір команда жүгіру кезінде жүгіріп шығады). 
Жарыстарды өткізу бойынша даулық сұрақтар туған жағдайда қатысушылар немесе команда 
өкілдері өтініштері немесе наразылықтарын төрешілерге айтуына болады. Алдымен нәтижелерді ресми 
түрде хабарлағаннан кейін, бірден ауызша өтініш беріледі. Егер сұрақ шешілмесе, онда осы жарыс 
бойынша нәтижелерді хабарламадан кейін 30 минуттан кеш емес жазбаша наразылық беріледі. 
Жарыстарды өткізетін ұйым төрешілер алқасына қажетті инвентарьлармен, құрал-жабдықтармен, 
қатысушылар нөмірлерімен, кеңсе жабдықтарымен және басқа да материалдармен толық қамтамасыз ету 
қажет. 
Спорт базасын бақылауды және өткізетін жарысқа сәйкестілігін жарыс өткізетін ұйым, спорт 
басшысының басшылығы мен төрешілер алқасы жүргізеді. 
Жеке-командалық және командалық жарыстарды өткізу кезінде әрбір команданың өзінің өкілі 
болуы қажет. Ол команданың барлық қатысушылары үшін техникалық тапсырыстарды өз уақытында 
беруді жауапкершілігіне алады; өткізілетін кеңестерге қатыса алады; даулы сұрақтарға наразылық білдіре 
алады және жеребе тастауды жүргізуге құқылы болады. 
Команданың өкілі жарыстарда жеңімпаздарға орындарын бөлуге, жарыстардың өткізілу барысына, 
төрешілер алқасының шешіміне тікелей араласуға құқы жоқ. 
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған
міндеттердің бірі – жас 
ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған 
ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге 
тәрбиелеу болып табылады.


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет