8. Топтардағы жұмыс. Жасөспірімдік жастағы жыныстық қатынастың салдары. Оқытушы оқушыларды 2 топқа бөледі. Әр топқа жасөспірім жасындағы жыныстық
қатынас зардаптарын талқылап, флипчартты параққа жазу ұсынылады. Осыдан кейін әр
топ өз жазбаларын презентациялайды.
Жасөспірім жасындағы жыныстық қатынасқа түсудің салдарының мысалдары: •
Түрлі зардаптары бар түсік жасатумен аяқталатын ерте жүктілік;
•
Жыныстық есею шағына толмай отбасы құрған бозбала мен бойжеткеннің
некесі ұрпақсыз болуы ықтимал, мұндай ата-аналардан туған балалар әлсіз
болып келеді;
•
АИТВ-ны қосқанда, жыныс жолдарымен өтетін жұқпалы ауруларды жұқтыру
қауіпі мен жыныс жолдарының қабыну аурулары;
•
Жасөспірім жаста жасанды түсік, жүктілік және босану салдарынан болатын
гинекологиялық аурулар;
•
Ерте ата-ана атануға байланысты туындайтын шешімі қиын әлеуметтік және
моральді әдеп мәселелері;
•
Ерте басталған жыныстық өмір, осы жаста енді қалыптасып келе жатқан
репродуктивті жүйенің гормоналды реттелудің бұзылуына әкеліп соғуы
мүмкін.
9. Жаттығу. «Жоқ!» деп айта алу дағдысы. Оқытушы оқушыларға оларды біреу жыныстық қатынасқа түсуге көндіргісі
келетінін елестету сұралады: «Сіз «Жоқ!» деп айтып қойдыңыз деп елестетіңіз, бірақ
сіздің бас тартуыңызға әлдекім қарсылық білдіріп, сізді «Иә» деп айтуға көндіргісі келеді.
Келіңіздер, серіктесті ренжітпей-ақ өз дегенімізде тұруды үйренейік».
Осыдан кейін, парақтардағы сәйкес бағанға «Жоқ» деген мағынасы бар кейбір
мысал сөйлемді және «Иә» деп айтуға, көндіруге арналған сөйлемдер жазу ұсынылады.
Мысал жауаптар: Жыныстық қатынастан бас тартып «Жоқ» деп айтуға қандай себептерді келтіре аласыз Сізді «Иә» деп айтқызып, жыныстық