130
Ол латекстен емес полиуретаннан жасалатындықтан
ішкі жағына лубрикант
жағылған (кейбір ерлер мүшеқабы сияқты), сондай-ақ,
онымен бірге майдың
немесе судың негізінде жақпа заттарды да қолдануға болады.
Оларды қолданудағы кемшіліктері қандай?
Кейбір аудандарда оның табылуы қиын
Бағысы ерлер мүшеқабынан қымбатырақ
Тиімділігіне жету үшін қолдану дағдылары болу қажет
Қандай жанама әсерлері болуы мүмкін?
Ешқандай
жанама әсері жоқ
Жасөспірімдер осы әдісті таңдауда нені басты назарда ұстауы қажет?
Әйелдер мүшеқабы жасөспірімдер үшін отбасын жоспарлауда жақсы әдіс болып
табылады, себебі олар ЖЖБЖ және қажетсіз жүктіліктен
қорғайды, рецептісіз алуға
болады. Әйел мүшеқабын дұрыс пайдалану үшін оны дұрыс қолдану дағдыларын дамыту
керек және ол туралы серіктеспен келісіп алу керек.
ЖҮКТІЛІККЕ ҚАРСЫ ТАБЛЕТКАЛАР
Ол не?
Жүктілікке қарсы таблеткалар – бұл әйедің ауыз арқылы қабылдайтын таблеткалары.
Олар қалай әсер етеді?
Таблеткалар ұрық жасушаларының анабезден шығуын ай сайын алдын алады. Сонымен
қатар, олар
сперматозоидтың жатырға енуіне, жатыр аузында сілемейдің қоюлануына
байланысты кедергі болады.
Қолдану нұсқаулығына сәйкес, таблеткаларды күнде
қолдану керек.
Олар қаншалықты тиімді?
Жүктілікке қарсы таблеткаларды дұрыс қолданған жағдайда қажетсіз жүктіліктен 100%
қорғай алады.
Қолдануда қандай артықшылықтары бар?
Әдетте етеккірлік циклді реттейді, етеккір кезіндегі қан ағу мөлшерін төмендетеді
Безеулік бөртпелерді төмендетуі мүмкін
Жыныстық байланысты үзудің
қажеті жоқ
Оларды пайдалануды қалаған уақытыңызда тоқтата аласыз
Достарыңызбен бөлісу: