11. Мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін «Зорлық пен адам саудасы» атты оқытушының шағын-дәрісі Зорлық – адам ағзасына және психикасына, оның еркіне қарсы және ықтиярынсыз
қоғамға қауіпті, адам құқықтарына қарсы ықпал.
Ықпал ету нысаны мен механизмі бойынша зорлықты 2 түрге бөлуге болады:
1. Физикалық, адам денесіне әсер ететін сыртқы ықпал мен әр түрлі заттардың
көмегімен адамның ішкі ағзасы мен психикасына да әсер ететін сыртқы формальді
ықпал (оған жататындар: ұрып-соғу, физикалық түрде еркіндікті шектеу, басқа да
физикалық ауыртпалықтар келтіру, сонымен қатар жеңіл дене жарақаттары).
2. Психикалық зорлық – адам психикасына хабарлау арқылы әсер ететін зорлық (ең
көп тарағаны – қоқан-лоққы жасау).
Отбасындағы зорлық – дүние жүзінде, әртүрлі мәдениеттерде, әртүрлі халықтарда
кездесетін әмбебап көрініс. Физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық
болып келеді, ол – әйелдің, қыздың қоғам мен отбасындағы орнына қатысты дәстүрлі
патриархалды көзқарастардың салдары болып табылады.
БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдар, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты,
қоғамдағы гендерлік теңсіздіктің пайда болуының дәл өзі, адам құқығының бұзылуы деп
қарастырады, барлық елдер оның түбірімен жойылуын өз жауапкершілігіне алады.
Бүгінгі таңда 89 мемлекетте (соның ішінде Қазақстанда да) тікелей отбасындағы
зорлықпен күресуге бағытталған заңнамалар жұмыс істейді.
Мыңдаған әйелдер мен қыздар жыл сайын қазіргі заманның құл сатушыларының
құрбаны болуда, жүздеген қыздарды өзін-өзі жойған мәдени дәстүрлерге еріп, күштеп
тұрмысқа беріп, тағдырларына балта шабуда. Түрлі формалардағы зорлық әрбір төртінші
отбасында байқалады. Бұл сандар Қазақстанда әйелдерге деген зорлық мәселесі өршіп
тұрғанын көрсетеді.
Отбасындағы зорлық – бұл кез келген ойластырылған физикалық, жыныстық,
психологиялық және экономикалық бағыты бар, отбасының бір мүшесінің екінші бір
мүшесіне қатысты іс-әрекеттері. Егер де осы әрекеттер отбасы мүшесінің адам және
азамат тұрғысынан конституциялық құқығы мен еркіндігін бұзып, оған моральді зақым
және денсаулығына физикалық немесе психикалық зиян шектірген жағдайда солай
аталады.
Отбасы зорлығының құрбаны кез-келген: күнде күйеуі ұрып-соғатын әйел, өгей
әкесінің жыныстық қудалауынан зардап шеккен жасөспірім қыз, маскүнем анасынан таяқ
жейтін бала, өз балалары жек көретін қартайған әже де болуы мүмкін.