121
6. «Жасөспірім кезеңдегі жауапты қауіпсіз тәртіп» атты мультимедиалық
презентацияның сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын дәрісі.
7.
Жыныстық өмір дегеніміз тек қана ер мен әйел арасындағы тікелей байланыс емес,
ол ер мен әйелдің жан-жақты сексуалдылығының көрінісі, ер мен әйелдің рухани бірігуі.
Тек махаббат,
нәзіктік, сыйластық және өзара түсіністік қана шын мәнінде жыныстық
өмірді үйлесімді және бақытты ете алады.
Қазір көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде де жастарда жыныстық
белсенділіктің артуы байқалады. Қазіргі заманғы жасөспірімдерге әлеуметтік жетілудің
жеткілікті болмауы мен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімінің жетіспеушілігі
аясында, оның ішінде жыныстық өмір, жедел физиологиялық жетілу тән. Жыныстық
қатынастарға жасөспірімдердің тарту себебі, бұл олар үшін
ересектер әлеміне ену, өз
замандастарының арасында өзінің маңыздылығын дәлелдеу болып табылады.
Жыныстық қарым-қатынас – бұл өте мұқият таңдауды, өзіне және басқаларға
тыйым салуды қажет ететін қарым-қатынас түрі.
Жыныстық қарым-қатынас – бұл жасөспірімдер үшін қарым-қатынас аймағы,
көбіне олар тәжірибелеу аймағына ұқсас болады. Сондықтан, осы қарым-қатынастар
жасөспірімдердің денсаулығы мен тағдырына психикалық және физикалық зардабын
тигізбейтіндей әрекетер жасау керек, көңілі қалушылық пен жан жарасына әкеліп
соқтырмау керек, себебі дәл осы алғашқы сезім мен
алғашқы жақындық адамның
келешек өміріне үлкен әсерін тигізуі мүмкін.
Бәрінен бұрын жасөспірімдерге ең дұрысы жыныстық жақындасуды шегеру қажет.
Олардың жасында шегеру зиян емес екенін олар білуі керек, ең қауіпсіз өмір – бұл ерлі-
зайыптылардың өз отбасындағы өзара адал өмірі.
Көптеген психосексуалды қарым-қатынасқа байланысты уайымдар мен
мәселелерден құтылуға болады, егер бозбала немесе бойжеткен өзіне немесе басқа
біреуге «жоқ» деп қарсы жауап айта алатын болса. Бұл үй қамауда болу, достарың мен
компаниялардан бас тарту деген сөз емес. Бірақ интимді қатынасқа түсуге табанды
ұсыныстарға тап болғанда, әркім өзіне сұрақ қою керек:
•
Шын мәнінде осыны қалаймын ба?
•
Жыныстық қатынас жоқ жерде өзімізді жақсы сезінеміз бе?
•
Жүктілік болғанда біз не істейміз?
•
Сақтану үшін қандай амал қолданамыз, егер де мен ұсынсам, жалпы қолданамыз
ба екен?
•
Егер осы сұрақтарға жауап беру қиын болса, натық түрде «жоқ» деп айтудан
қорықпаңыз. Нақты емес «білмеймін», «мүмкін» деген сөздер – жалтақ жауаптар жиі
бүркемеленген келісім болып есептеледі. Ал бұл жағдайда нақтылық өте қажет.
Кейбір жастар кейінге шегеру зиян, ол күйзеліс, ісік ауруы және тері ауруларына
әкеліп соқтыруы мүмкін деп ойлайды. Шын мәнінде, дені сау жас адам уақытша шегеруге
қабілетті.
Артығырақ айтсақ, жас кезде шегеру мүлде қауіпсіз болып саналады.
Жыныстық шегеру тілектер мен мұқтаждықтарын бақылау, оларды басқару
қабілетін дамытады. Жасөспірім кезеңде жыныстық шегеру әлеуметтік және
физиологиялық ереже болып есептеледі. Бұл жаста шегеру денсаулық пен әлеуметтік
қызметке кері әсер етеді. Ең ұтымды амал – назар мен қызығушылықты жыныстық
қатынас аясынан басқа затқа, шығармашылық, танымдық,
спорттық істерге ауыстыру
керек.
Саналы әрі ерікті түрде жыныстық өмірден бас тарту - есті және құрметке
лайықты әрекет. Достардың басымшылдығына берілудің қажеті жоқ. Басқалардың
122
басынан кешкен жыныстық өмірі туралы әңгіме естіп, мен көп нәрсе жоғалттым деген
ойлармен өз-өзіңізді қинамаңыз. Бұл әңгімелерде әдетте, көбісі асыра айтылған немесе
жай ғана ойдан шығарылған болады.
Бір-біріңе деген ыстық сезімсіз, шынайы психологиялық жақындық болмаса,
мұндай жыныстық қатынас өзінің қажетсіздігімен, жасандылығымен, табиғисыздығымен
өте қорқынышты.
Бірақ,
өкінішке орай, біздің өміріміздің шындығы сол, көптеген жасөспірімдер
жыныстық өмірдің тәжірибесімен ерте танысады. Жыныстық өмірді қалайша
қауіпсіздендіруге болады және қауіпсіз жыныстық қатынас дегеніміз не? Адам
денсаулығына психикалық жарақаттар мен зиянды зардаптарды тигізбеу мүмкіншілігі бар
жыныстық қатынасты қауіпсіз деуге толық құқығымыз бар.
Күтілмеген жүктілік қаупі мен жұқпалы ауруларды жыныс жолдарымен жұқтыру
қауіпі ең аз болғанда және кез-келген (физикалық және психикалық) күштеу формалары
жоқ болғанда – жыныстық-қатынас қауіпсіз болып саналады.
Қауіпсіз жыныстық-қатынас кілті – шындық және ашық өзара сырласу,
серіктестердің өзара жауапкершілігі, өз мұқтаждарын басқа кісінің қызығушылығы мен
сезімдерін еске ала отырып, бақылай білу.
Петтинг – ер мен әйел арасындағы әр түрлі жыныстық толғаныстарды бастан
кешетін, бірақ жыныс мүшелерінің жанасуы болмайтын,
жыныстық қатынастың бір
формасы. Петтингтің ең қарапайым формасы – сүйісу мен құшақтасу, басқа да
формалары – ашық және терең еркелетулер болып табылады. Бірақ кейде петтинг
кенеттен бойжеткен үшін алкогольді ішімдік салдарынан жыныстық қатынасқа әкеліп
соқтыруы мүмкін екенін есте сақтау керек. Мұндай сәттерде кейбір еркектер күш
көрсетуге баруы мүмкін. Өзара еркелетулерде, жас адамдармен тығыз қарым-қатынас
алдында бойжеткендер мынаны білуі қажет: жас адамдар құмарлық әсерінен кейде батыл
түрде өзгеріп, өзін басқара алмай қалады.
Кез-келген адам өмірінде көптеген қызықтарға тап болады. Бейәдеп кейіптер,
тұрпайы қылықтар, өзіне тарту көзқарастары, шамадан тыс макияж, оңашалануға дайын
тұру – осының барлығы – жыныстық қастандықтықтың тек кейбір факторлары ғана
екендігі белгілі, себебі жас адамдардың санасында олар қолжетімділікпен бірлестіріледі.
Көптеген сылтаулар жасөспірімдерді жыныстық
байланысқа итермелейді, бұлар:
қызыққұмарлық, жалғыздықтан арылуға тырысу, махаббат сезімі, серіктеске деген
аяушылық немесе онымен айырылудан қорқу сезімі, қысым да болуы мүмкін.
Егер екі серіктес те тығыз қарым-қатынасқа түсуге бел буса, онда олар АИТВ-дан,
ЖЖБЖ-дан сақтану үшін, қауіпсіз жыныстық қатынастың мәселелерін талқылап алу
қажет, сонымен қатар, күтілмеген жүктілікті қаламаған жағдайда, қандай
контрацептивтер қолдану қажет екенін де шешу керек. Сақтану
туралы серіктестің өзі
әңгіме қозғайды деп күтудің қажеті жоқ – бұл мүлде болмауы да мүмкін! Әр адам ең
алдымен өзі үшін өз денсаулығына жауапты. Серіктес сізге үнемі қамқор болады деп
сенім артуға болмайды.
Жауапты жыныстық тәртіп – еркек пен әйелдің қарым-қатынасының
ажырамайтын бөлігі болуы шарт. Егер қазіргі таңның ақиқаты түрлі тыйымдар мен
некесіз жыныстық қатынасқа жағымсыз көзқарас өз позицияларынан көбірек шегінетін
болса, онда оның орнына көп тер төгуді қажет ететін – жеке жауапкершілікті тәрбиелеу
міндеттері орын алады.