«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет45/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Иммунитетбұл, ағзаның жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың агенттері 
мен заттектеріне қарсы, бөгде құрамға ие, қарсы тұра алушылық қасиеті. 
Мұндай агенттерге бактериялар, вирустар, шыққан тегі жануарлар мен өсімдіктер 
болып келетін улы заттектер және ағзаға жақпайтын басқа да азық-түліктер жатады. 
Иммунитет екі негізгі түрге бөлінеді: туа біткен және жүре пайда болатын. 
Туа біткен иммунитет басқа генетикалық белгілер сияқты ұрпақтан ұрпаққа 
беріледі. (Мысалы, оба ауруына қарсы тұра алатын қабілеті бар адамдар болады). 
Жүре пайда болатын иммунитет екпеден соң немесе жұқпалы аурудың 
салдарынан пайда болады. Вакцинацияадам ағзасына жұқпалы ауруға қарсы, 
әлсіретілген немесе өлтірілген микроағзалардан жасалған арнайы дәрілерді, 
вакциналарды енгізу арқылы белсенді иммунитет қалыптастыру әдісі. 
Анатоксиндер – антигендік қасиетін сақтаған, микробтардың уытының 
залалсыздандырылған формалині. Дифтерия, сіреспе және басқа да жұқпаларға қарсы 
вакцина есебінде қолданылады. 
Жүре пайда болатын иммунитет тұқым қуаламайды. Ол ағзаға енгізілген немесе 
түскен, анықталған микроағзалардың әсерінен ғана пайда болады. 
Жұқпалы аурулардан сақтану шараларында иммунизация - жұқпалы аурулардың 
спецификациялық профилактикасы үлкен рөл атқарады. 
Иммунизацияға, екпе күнтізбесімен сәйкес келетін профилактикалық екпені 
жүргізу жатады. Күнтізбеде екпенің екі тобы бейнеленген. Бірінші топқа туберкулезге
полиомелитке, көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, қызылшаға және басқа да ауруларға 
қарсы екпелер жатады. Аталған ауруларға қатысты иммунизация індеттің жағдайына 
қарамастан, туылған соң белгілі бір уақытта, барлық балаларға жүргізіледі. 


52 
Екінші топқа ішек сүзегіне, бруцеллезге, сібір жарасына, тырысқаққа, обаға қарсы 
екпелер жатқызылады. Бұл екпелер зақымдалу жағдайы тым жоғары болып тұрған 
індеттің таралу аймағында жүргізіледі. 
Иммунитетті нығайту үшін не істеу керек? 
Келесі кеңестерге құлақ асу қажет: 
1. Салауатты өмір салтын ұстану; 
2. Белсенді демалыс; 
3. Физикалық жаттығулар; 
4. Еңбек және демалыс режимі; 
5. Денені суық сумен сүрту; 
6. Жеке гигиена ережелерін сақтау; 
7. Дәрумендерге бай азық-түліктерді қолдану; 
8. Зақымдалу ошағымен байланысқа түсуден бас тарту; 
9. Күйзеліс жағдайларынан бас тарту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет