51
Дезинсекция
механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық әдістерді
қолданады. Жәндіктерді жою түрлі қақпандардың,
жабысқақ қағаздың көмегімен,
киімдерді және ішкиімдерді ыстық үтікпен үтіктеу, дезинфекциялық камераларды ыстық
ауамен және бумен өңдеу арқылы жүзеге асырылады. Көп қолданылатыны ерітінді
түріндегі химиялық заттектер,
эмульсиялар және аэрозолдер, сонымен қатар, өсімдік
инсектициді және бактериялық дәрі-дәрмектер де пайдаланылады.
Дератизация. Жұқпалы аурулардың көзі болып есептелетін кеміргіштермен күресуге
қажетті улы заттар, көзін жоюға арналған түрлі қару-жарақтар мен әдіс-тәсілдер, сонымен
қатар, кеміргіштерге ауру тудыратын бірақ адамдарға және үй
жануарларына қауіпсіз
болып табылатын бактериялар қолданылады.
Жұқпалы ауруларға қатысты тағы бір түсінікті қарастырайық.
Карантин – індеттің ошағынан таралатын жұқпалы ауру туралы ескерту шаралар жүйесі.
Карантин, әдетте, оба, шешек, тырысқақ сияқты өте қауіпті аурулар пайда болғанда
орнатылады. Карантин орнатылғанда жұқпалы ауру ошағы толық оқшауланады. Бұл
үшін ошаққа қарулы күзет орнатылады, адамдардың келуі, кетуі тоқтатылады, қандай да
бір мүлікті дезинфекциялаусыз өткізуге тыйым салынады,
мектептің, клубтардың,
кинотеатрлардың және шағын тұрмыстық қызмет ету кәсіпорындарының қызметі
тоқтатылады, карантин аймағына енуді қадағалайтын
бақылау-өткізу орындары
ашылады.
Обсервация (латынша observation – бақылау) оба, шешек, тырысқақ, сары ауру ылаңдары
таралған елдерден немесе тұрғын аудандарынан шыққан, я болмаса сол елдерге баратын
адамдарды арнайы оқшауланған ғимараттарда бақылау бойынша шаралар жүйесі.
Адамдардың жұқпалы ауруға қарсы тұру қабілетін жоғарылатуына байланысты
сақтандырушы іс-шаралар, адам ағзасының жұқпалы ауруларға қарсы тұра білу қабілетін,
иммунитетін көтеруге арналған сауықтыру іс-шараларының орындалуын тұспалдау
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: