12. Сабақты қорытындылау. Сабақ соңында оқытушы қорытынды шығарып, оқушылардан сабақтың қай бөлігі
қызықты болғанын сұрайды.
Содан кейін оқытушы берілген жауаптарды түйіндеп, жалпы қорытынды шығарады:
Біздің әлемімізде шапшаң, үнемі күйзеліс пен айналамыздың ластануынан тұратын
өмірімізде денсаулық мәселесі өте маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда, бұрынғыға
қарағанда денсаулығымызға көп көңіл бөлуіміз керек, ерте ме, кеш пе біз өте қарапайым
шындықты түсінеміз: түрлі аурулардан емделіп, оған қаражат, көп уақыт құртып,
жүйкемізді жұқартқанша, деніміз сау болып жүрген жақсы.
Модуль 5. Адамның өнегелі-жыныстық дамуы (8 сағат). Сабақ 5.1. Отбасы адам өмірінде (2 сағат). Мақсаты: Отбасының адам өміріндегі рөлін және болашақ отбасылық қарым-қатынастарды
жоспарлау жауапкершілік сезімін оқушылардың түсінігінде қалыптастыру.
Міндеттері: - Отбасының адам және қоғам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.
- Отбасы институтына, ата-анаға және отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін, отбасы
мүшелеріне қатысты жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
- Ерте некеге тұру мен адам құқықтарының бұзылуы арасындағы өзара байланысты
көрсету.
- Ата-ана жауапкершілігі түсінігін ашу.
- Некеге тұру және ата-ана болу жауапкершілігін қалыптастыру.
- Болашақ отбасын құру дағдысын қалыптастыру.
Түйінді сөздер:отбасы; отбасылық құндылықтар; отбасының адам өміріндегі рөлі;
отбасының қоғамдағы рөлі; отбасы құрылымы; жауапкершілік, құқық, отбасы
мүшелерінің міндеті; ерте некеге тұру; гендерлік теңдік; адам құқығының бұзылуы;
болашақ отбасы; жауапты, жыныстық өмір мәселелері; отбасы мүшелерін қолдау қызметі.
Сабақты жүргізу әдістері: эссе жазу, ми шабуылы, шағын-дәріс, кіші топпен жұмыс,
пікірталас, рөлдік ойын, синквейндер құрастыру.
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз;
маркерлер; мультимедиапроектор; «ашық сырлар парақтары»; қағаз парақтары (А-4);
мақұлдау парақтары; жағдайдың тақырыптары жазылған карточкалар.