«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет43/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

функцияларын 
күшейту» 
атты 
мультимедиалық 
презентацияның 
сүйемелдеуімен өтетін оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұн. 
Ауыруы мүмкін күдікті оқушыны өзін жаман сезінуінің себептерін анықтағанша 
оқшаулайды. 
Жұқпалы ауру пайда болған жағдайда, бірден жұқпаның таралуының алдын алу 
шараларына кірісуі қажет. Жұқпалы аурумен ауыратын күдікті анықталған жағдайда 
жедел жәрдем және оқу орнының медициналық қызметкерін шақыру қажет, олар шұғыл 
хабарлама картасын толтырып, оны аудандық немесе қалалық санитарлық-
эпидемиологиялық станцияға жөнелтуі тиіс (СЭС). 


49 
Науқасты оқшаулау – бұл, адамдардың науқастармен қарым-қатынасын, сонымен 
қатар, күдіктілер мен науқастармен қарым-қатынас жасаушыларға, жұқпаның алысқа 
таралуының алдын алуға арналған індетке қарсы іс-шара. 
Науқасты арнайы жұқпа емханасына жөнелткеннен соң, науқастың үйіне және оқу 
орнына зарарсыздандыру шаралары жүргізіледі. Барлық қарым-қатынас жасаушылар 
санитарлық бақылаудан өтеді және оқшауланады (үйде немесе арнайы мекемелерде). 
Нақты диагноздың қойылуына байланысты науқас зақымданудың бүкіл кезеңінде; 
ал науқаспен қарым-қатынас жасаушылар – белгілі бір мерзімге, инкубациялық кезеңнің 
ең ұзақ мерзіміне оқшауланады. 
Қарым-қатынасты тыюдың келесі түрлері қолданылады: 

Госпитализация, 

Үйде оқшаулау, 

Оқшаулағышқа көшіру, 
Бір жұқпалы ауруларда госпитализация міндетті болып саналса, енді біреулерінде – 
эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштеріне байланысты жүргізіледі. 
Қарым-қатынасты тыюдың түрлеріне қысқаша тоқталып өтейік: 
Госпитализациялау жолдамасы емхананың дәрігерімен немесе жедел жәрдем 
қызметімен рәсімделеді. Жолдамаға жұқпалы аурумен ауыратын науқастармен 
байланысы, елден сыртқа шыққандығы туралы, күдікті жұқпалы аурудың қай жерде 
тіркелгендігі, балаларда жоспарлы екпелердің барлығы туралы көрсетіледі. Жұқпалы 
аурулар емханасына госпитализациялау арнайы көлікпен, шұғыл көрсеткіштер бойынша 
– жедел жәрдем қызметімен жеткізіледі. Тасымалдаудан кейін автомашинаны санитарлық 
өңдеуден өткізеді. 
Үйде оқшауланған кезде науқасқа жеке бөлме немесе қорғаныш қалқамен бөлінген 
бөлменің бір бұрышы, жеке ыдыс-аяқ және өзге де тұрмыстық қажеттіліктер беріледі, 
үнемі зарарсыздандыру шараларын жүргізіп, бөлмені желдетіп тұру қажет. Науқасқа 
күтім жасайтындарға мүмкін болатын зақымданулардан қорғану шаралары туралы 
ақпарат беріледі (марльі бетпердесін тағу, науқаспен қарым-қатынастан соң қолды жуу 
және т.б.). 
Оқшаулағышқа көшіру науқасты госпитализациялағанға немесе үйде 
оқшаулағанға дейін, ұжымдарда (мысалы, оқу және балалар ғимаратында), емханаларда 
қолданылатын уақытша іс-шара. Оқшаулағыш үшін арнайы жабдықталған немесе 
мамандандырылған мекемелер қолданылады. 
Егер үйде біреу жұқпалы аурумен сырқаттанса, аурудың алғашқы белгілері біліне 
салысымен науқасты оқшаулап, дәрігер шақыру қажет. Науқасқа бөлек ыдыс-аяқ, сүлгі, 
сабын және дәретсауыт беріледі. Таңертең және кешке, бір уақытта оның қызуы өлшеніп, 
термометрдің көрсеткіштері арнайы температуралық парақта нақты уақыты және күнінің 
көрсетілуімен жазылады. Науқастың киімдерін жуып болған соң, екі бетін де үтікпен 
мұқият жүргізу қажет. Пәтерді күніне бірнеше рет желдетіп, зарарсыздандырушы 
ерітінділермен тұрақты түрде сүртіп тұру керек. Науқастың тағамы тез сіңетін, 
дәрумендерге бай болу керек және сұйықтықты көп ішу керек. 
Науқасты күтуші мақта-дәкелі таңғышын, халат (немесе соған ұқсас киім), қолғап, 
шұғыл және мамандандырылған дәрі-дәрмек қолдану қажет; ол қолының (тырнақтар 
қысқа болып алынуы керек) және киімінің тазалығына мұқият болу керек. Науқаспен
науқастың төсегімен, ыдыс-аяқтарымен және басқа да заттарымен жанасқанда міндетті 
түрде қолды жуып, оны 1% хлорамин ерітіндісімен залалсыздандыру керек. Сонымен 
қатар, бір шетінде залалсыздандырушы қоспасы бар сүлгі тұтынуға болады. Барлық үй-
іші жеке бетперде тағып, науқасқа қызмет көрсетіп болған соң, қолды антисептиктердің 
көмегімен жуу керек. 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет