«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Отбасы – келесідей тұрақты ажырамас белгілермен сипатталатын



Pdf көрінісі
бет51/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Отбасы – келесідей тұрақты ажырамас белгілермен сипатталатын 
қоғамның негізгі (базалық) ұяшығы: 

еркек пен әйелдің одағымен; 

некеге тұру еріктілігі; 

отбасы мүшелерінің тұрмыстық ортақтықпен байланыстылығы; 

некелік қарым-қатынасқа түсу; 

балалардың туылуына, оларды әлеуметтендіруге және тәрбиелеуге ұмтылу.
 
Отбасы маңызды қоғамдық құндылықтарға жатады.
Адам өмірлік кезең сатыларында оның міндеттері мен отбасындағы мәртебесі 
біртіндеп өзгере бастайды. Ересек адам үшін отбасы - оның бірқатар талаптарын 
қанағаттандырудың көзі және оған әр түрлі және едәуір қиындау тапсырмалар беретін 
шағын ұжым болып табылады. Сәби үшін отбасы – физикалық, психикалық, эмоциялы 
және интеллектуалды даму жағдайлары жиналатын орта.
Отбасы – бұл тұрмыстық ортақтық пен өзара жауапкершілікпен байланысты неке 
мен қандық туыстыққа негізделген адамдардың бірігуі. Отбасы ғасырлар бойы үлкен 
құндылық ретінде құрметтеліп келді, әсіресе, адам қиын жағдайларда тіршілік ету үшін 
күресуде үлкен ұжымға мұқтаж болды.
Заманауи қоғамдағы отбасы:
1. Негізінде эмоциялы сезімі бар туыстас одақ – махаббат (алдымен жұбайлық, сонан соң 
ата-аналық, ұл перзенттік немесе қыз перзенттік). Эмоциялы жақындыққа негізделген 
отбасылық қатынастар қоғамның ең қорғансыз мүшелеріне – қарттар мен балаларға 
қамқорлықтың жасалуына түрткі болады.
2. Отбасында халық жаңғыруының маңызды биологиялық және әлеуметтік міндеттері 
атқарылады.
3. Отбасында тәрбие беру, яғни жаңа ұрпаққа тәжірибе, белгілі бір тіректер мен 
құндылықтарды беру жүзеге асырылады. Отбасылық игі дәстүрлер – қоғамның 
тұрақтылығы мен ізгілігінің көзі. 
 
 
 


57 
Отбасы құрылымы 
Отбасы құрылымы мен құрамының көптеген әр түрлі нұсқалары бар:
- «нуклеарлық отбасы» күйеуі, әйелі мен олардың балаларынан тұрады; 
- «толысқан отбасы» - ерлі-зайыптылар жұбы мен олардың балалары, оған қоса басқа 
ұрпақтың туыстарынан, ата-аналарынан тұрады, мысалы: отбасының құрылымын 
құрайтын әжесі, атасы, ағасы, жеңгесінен тұрады және олар бір-бірімен тығыз қарым-
қатынаста болады;
- «аралас отбасы» ажырасқан адамдардың некесінің салдарынан түзілген «қайта 
құрылған» отбасы болып табылады. Аралас отбасы өгей ата-ана немесе өгей балалардан 
тұрады, өйткені, әуелгі некенің балалары отбасыға жаңа мүше ретінде қосылады; 
- «жалғызбасты ата-ананың отбасы» мұнда ажырасудың, жұбайының кетіп қалуы немесе 
қайтыс болуынан, я болмаса неке қиылмағандықтан шаруашылық істерін тек бір ғана 
ата-ана (анасы немесе әкесі) атқарады.
Отбасы құрылымының сипаты әлеуметтік-тарихи жағдайлардың сипатымен 
анықталады: қоғамдағы әйелдердің теңсіздігі оның отбасында да теңсіздікке тап болуына 
әкеледі. Қоғамдағы иерархиялық (төмендегілердің жоғарыдағыларға бағынуы) қатынас 
отбасында да иерархиялық қатынасты тудырады.
Отбасы түрлері: 
партриархалды отбасы, мұнда отбасы мемлекетінің басшысы болып әкесі табылады; 
матриархалды, мұнда үлкен абырой мен ықпалға анасы ие; 
- эгалитарлық (тең жұбайлық) отбасы, мұнда айқын белгіленген отбасының басшысы 
жоқ, әкесі мен анасының арасында билік жағдайға сай бөлінеді.
Отбасылық қарым-қатынастардың 2 түрін бөліп көрсетуге болады. 
1. Авторитарлық (жетекшілік), мұнда отбасындағы барлық жетекшілік пен 
ұйымдастыру жұмыстары отбасының барлық мүшесінің қолына тапсырылған.
2. Екінші – демократиялық (серіктесік), мұнда міндеттердің теңдей бөлінуін, 
отбасы мәселелерін шешуде бірдей қатысуды мақұлдайды, айтарлықтай ілгерілік бар.
Соңғы уақытта жұбайлар арасындағы қатынаста теңдікті қалаушылар көбейіп 
келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет