«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Ми шабуылы». Отбасы құндылықтары туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет52/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125
6. «Ми шабуылы». Отбасы құндылықтары туралы түсінік. 
Сұрақ: Отбасы құндылықтары деген не? Оларды атаңыздар. 
Оқушылар жауап береді, олардың жауаптары тақтаға жазылады. Сонан соң оқытушы 
оқушыларды анықтама жасауға жинайды: 
Отбасы құндылықтары — бұл, барлық отбасы мүшелері құрметтейтін, бағалайтын 
маңызды, олардың қызығушылықтарының ортақ алаңы.
Көбісі үшін отбасы құндылықтары шамамен бірдей: махаббат, ата-аналық ету, адалдық, 
сенім, өзара сыйластық, қайырымдылық, ата-аналармен байланыс, үй... Бір сөзбен 
айтқанда, онсыз отбасын отбасы деуге болмайтын барлық нәрселер. Отбасының өзі осы 
жағдайларды жинақтаушы элемент болып табылады, ол да құндылық!
7. Кіші топтардағы жұмыс. Отбасы құндылықтарын саралау. 
Оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Оқытушы әрбір топқа тақтада 
жазылған отбасы құндылықтарын саралауын сұрайды. Сонан соң талқылау басталады. 


58 
Үлгі жауаптар: 

Махаббат

Қатынастарда өтіріктің болмауы

Өзара түсіністік

Құрмет

Ортақ қызығушылықтар

Тұрақты жыныстық өмір

Балалар

Материалдық ауқаттылық

Туысқандар

Өзара сенім

Келісімге келе білу.
8. «Ми шабуылы». Отбасы міндеттері. 
Сұрақ: Отбасы қандай міндеттерді атқарады? 
Оқытушы оқушылардың жауаптарын жинақтайды. 
9. «Отбасы міндеттері» мультимедиалық презентациясының сүйемелдеуімен өтетін 
шағын-дәріс. 
Мысал мазмұн. 
Отбасы – әр түрлі міндеттердің бірқатарын толықтай атқаратын күнделікті өмірде 
адамдар арасындағы қатынастың тұрақты жүйесі. 
Отбасы міндеттері – оның мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін 
қанағаттандырумен тікелей байланысты отбасының тіршілік іс-әрекетінің аясы.
Отбасы мүшелерінің қанша қажеттілік түрлерін қанағаттандыра алатын болса, 
отбасында сонша міндеттер бола алады.
Отбасының репродуктивтік міндеті – өмірдің биологиялық жаңғыруы, 
балалардың туылуының арқасында үздіксіздікті қолдау. Ол адамның ұрпағын жалғастыру 
үшін қажет.
Отбасының әлеуметтік-демографиялық (халықтың жаңғыруы) міндеті. Қоғам 
алдыңғы ұрпақтың санына қарағанда қазіргі ұрпақтың санының көп болуына терең көңіл 
бөлуде. Бұл адамның адамгершілік-эмоциялы қажеттілігі де болып табылады. Отбасы 
баласыз кеміс.
Балалардың алғашқы әлеуметтену міндеті – қоғамдағы отбасына баланы жайлап 
кіріктіру, бұл қоғамға тән барлық заңдылықтармен оны таныстыру.
Бала туылған күнінен бастап, әсіресе алғашқы туылған жылдардан бастап 
анасымен және әкесімен жеткілікті түрде психоәлеуметтік байланыста болса үйлесімді 
жеке тұлға болып өседі. Баланы тәрбилеуде, әсіресе, туылған сәтінен бастап оны жеке 
қарым-қатынас жасаудан айырса, онда балада физикалық және жүйкелік-психикалық 
дамуының тежелуі байқалады. Ондай балалар қоғамдағы өмірге бейімделуде 
қиындықтарды сезінеді. 
Отбасының тәрбиелеуші міндеті алдыңғысына жақын.
Отбасы махаббат сезімін ұластырады, ата-аналар мен балаларда сенім, 
бауырбасушылық сезімдерін қалыптастырады, әсіресе, отбасылық қатынастардың 
эмоциялы негізін құрайтын: үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, қарттар мен жас балаларға 
қамқор болу деген сияқты адамгершілік сезімдердің тәрбиеленуінде отбасының рөлі өте 
үлкен.
Дұрыс жынысық тәрбиені бәрінен бұрын отбасы беруі керек, себебі, дұрыс 
сексуалды бағдар – бұл репродукивті денсаулықты сақтаудың кепілі.


59 
Отбасы балаға эмоциялы жайлылық пен қорғанушылық сезімін береді. Тілдесу, 
қызметтік іс-әрекет, марапаттау, жазалау, тәртібін бағалау арқылы әсер ету – дұрыс 
тәрбиелеудің кепілі.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта отбасының тәрбие беру потенциалының төмендеп 
кеткендігін байқауға болады.
Отбасының демалыс уақыты міндеті де адамгершілік тәрбие беруге септігін 
тигізеді. Демалыс уақыты – бұл балалардың дамуы үшін маңызды эмоциялы, тәрбиелеуші 
жағдай. Ата-аналарымен өтікізілетін уақыт балалардың адамгершілік-эстетикалық, 
мәдени деңгейін көтеру үшін, олардың рухани дамуы үшін аса маңызды.
Қоғамдық тәрбие қосымша болып табылады, егер отбасы берекесіз болса, онда 
отбасы тәрбиесін де алмастырады:
- жанжалды отбасы, мұнда отбасыішілік жанжал болады (ата-аналар арасында, ата-
аналар мен балалары арасында және т.б.). 
- ұйымдаспаған отбасы, мұнда отбасыішілік қатынастарда қысым байқалады
жұбайлардың қоғамдық талаптар мен ережелерге жауап беретін құнды бағдарларының 
бұзылуымен жиі толығып отыратын ортақ өзара түсіністік пен қызығушылықтардың 
болмауы. 
Отбасындағы жағымсыз зардаптар мен берекесіздіктің балаға әсері – психикалық 
ақаулар, қиын мінез-құлық, әлеуметтік бейімделушіліктің болмауы және девианттық 
тәртіп, бұлардың әсерінен тек отбасы ғана емес, қоғам да толығымен зардап шегеді.
Экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық міндет отбасының биологиялық 
өмір сүруін (тамақ, тұратын жер, киім және т.б.) қамтамасыз етуден тұрады. Отбасындағы 
өмір ең алдымен тұрмыстың материалдық қамтамасыз етілуінен, еңбекке жарамсыз 
туыстарға бірігіп материалдық қамқорлық көрсетуден, жасөспірімдерді қолдаудан 
тұрады.
Медициналық міндет немесе отбасы мүшелерінің физикалық денсаулығын қолдау 
ең алдымен профилактикалық сипатпен көрсетіледі. Ол салауатты өмір салтын сақтаудан, 
зиянды әдеттерден бас тартудан, белсенді демалыстан, гигиеналық дағдыларды 
меңгеруден және сауықтыру іс-шараларын жүргізуден тұрады. Отбасы мүшелері 
денсаулық мәселелері туралы ақпараттармен қамтамасыз етілуі, уақытылы көмек пен 
кеңес алу үшін меджұмысшыларға барып, олардың тағайындалымдарын орындауы қажет.
Жиынтықтағы аталған міндеттер отбасылық қатынастар жүйесін көрсетеді. 
Отбасы міндеттерінің қайсы-біреуін елемеу немесе орындаудан бас тарту отбасылық өмір 
салтын бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет