«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет64/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   125
5. «Ми шабуылы». Дос. 
Оқушылар өздері үшін «Дос» түсінігі қандай мағына беретіндігі туралы сұрақтарға 
жауап береді.
Олардың барлық сұрақтары жалпыланады. 
6. Жаттығу. Дос туралы мақалдар мен мәтелдер. 
Оқытушы оқушылардан дос туралы қандай мақалдар мен мәтелдер білетіндігін
оларды еске түсіруін ұсынады.   
Сенімді бір дос, жүз қызметшіден артық.
Бір-біріне арқа сүйеу – барлық істе батыл болу. 


75 
Достың қадірі басыңа күн туғанда білінер. 
Басыңа іс түспей, достың қадірін түсінбейсің. 
Досың үшін өлімге дайын болудан асқан махаббат жоқ. 
Досыңның үйінде ішкен су балдан да тәтті.
Достық қамқорлық пен көмектің арқасында берік болады. 
Бейбітшілік үшін дос болсақ – соғысқа орын жоқ.
Берік достықты балтамен шапсаң да бұза алмайсың. 
Дос табу оңай, достықты сақтау қиын. 
Досыңның кім екенін білу үшін бір пұт тұзды бірге жеу керек. 
Дос деп танылдың ба, қиындықта көмектес. 
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық! 
Досың жоқ па ізде, таптың ба, достықты сақтауға тырыс. 
Жақсы дос оқыстан тап болмайды. 
7. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөледі және адамдар 
арасында достықтың туындау себептерін талқылап, оны флипчартқа жазуды тапсырады.
Сонан соң оқушылар өздерінің атқарылған жұмыстарын таныстырады.
 8. Пікірталас. Достық пен махаббат. 
Оқытушының сұрауы бойынша, бірнеше оқушы өздері алдын ала жазған «Достық 
және махаббат» тақырыбындағы эссе-шығармаларын оқиды.
Сосын шығарманы талқылау ұйымдастырылып, оның барысында мына 
сұрақтарды талқылау ұсынылады: 
1. Достықтың махаббаттан қандай айырмашылығы бар? 
2. Махаббатсыз достықтың болуы мүмкін бе? 
3. Достықсыз махаббат болуы мүмкін бе? 
9. «Достық» және «Махаббат» тақырыбына синквейндер құрастыру. 
Оқытушы оқушыларды 2 топқа бөледі. Бір топ «Достық» тақырыбына, ал екінші 
топ – «махаббат» тақырыбына синквейндер құрастырады. 
Мысал жауаптар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет