71
елемейді және олармен қатаң сөйлеседі. Жас ата-ананың балалардың даму мен
когнитивтік өсуінде жиі артта қалады. Отбасында бір мезгілде кедейшілік, ерлі-
зайыптылар арасында алауыздық сияқты факторлармен қатар ата-аналардың білімі төмен
болса, балада мәселелердің көбею мүмкіндігі арта түседі.
Табиғат адамның ұрпағының жалғасуын қарастырған – бұл баланың құрсақта
дамуы мен туылуының таңғажайып және құпия құбылысы. Дегенмен, болашақ ата-аналар
баланың туылу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Болашақ ана құрсақтағы
ұрықтың дамуына және баланың туылуына ықпал ететін жағымсыз әсерлерді білуі қажет.
Сол себепті, әр жас жігіт, жасөспірім мен қыз бала ата-ана және отбасылық
адамның рөліне дайындалуы қажет. Бала табу міндеті отбасы үшін әрқашан
маңыздылардың бірі болып саналып келеді. Тәжірибе бойынша, әрбір адам ерте ме, кеш
пе ата-ана атанады, ал бұл рөлді табысты түрде жүзеге асыру үшін, оның бойында ата-ана
болуға дайындықты, өзінің ата-ана екендігін ұғынуды және жұбайымен бірге жұп болып
балаларды тәрбилеу дағдыларын қалыптастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: