«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет69/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Жабдықтар мен материалдар: 
Флипчарт, маркерлер, А4 қағазы, мультимедиапроектор, «Ер адамдардың 
Репродуктивті жүйесінің Анатомиясы мен Физиологиясы» атты тарату материалдары, 
«Әйелдердің Репродуктивті жүйесінің Анатомиясы мен Физиологиясы» атты тарату 
материалдары.


81 
Сабақ барысы 
44. Оқытушы кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбын, міндеттері мен мақсатын 
хабарлайды. 
45. Сергіту. «Жел соғады» жаттығуы. 
Жүргізуші шеңберге тұрып, «Жел кімде ... , соған қарап соғады» деп, 
қатысушыларға сәйкес келетін киімнің бір белігісін атайды. Ойынның шарты – аты 
аталған киімнің элеменетін ұстап қалу. Егер аты аталған киімнің белгісі бірнеше 
адамда болса, онда бірнеше адамды да ұстауға болады. Мысалы, «Жел жолақ 
свитерлері бар адамдарға соғады». Барлығы жолақ свитерлері бар адамдарды ұстап 
қалулары керек. Кім соңынан ұстайды, сол жүргізуші болады.
46. Кіші топтардағы жұмыс.
 
Еркектер мен әйелдердің жыныс мүшелерінің 
анатомиясы. 
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. 
Топтар талқылауға және келесідей сұрақтарға жауап беруге тапсырмалар алады:
Бірінші топ – қай мүшелер еркектердің жыныстық жүйесіне жатады, олар қандай 
қызметтерді атқарады?
Екінші топ - қай мүшелер әйелдердің жыныстық жүйесіне жатады, олар қандай 
қызметтерді атқарады?
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады. Сонан соң оқытушы тақтаға 
«Ер адамдардың репродуктивті жүйесінің анатомиясы» және «Әйел адамдардың 
репродуктивті жүйесінің анатомиясы» деген суреттерді іледі де, жыныс мүшелерінің 
атаулары жазылған карточканы оқушыларға көрсетіп, сонан соң оны тақтадағы 
суреттен көрсетуін сұрайды.
Талқылап болғаннан соң оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарып
адамның репродуктивті жүйесінің анатомиясы мен физиологиясы туралы айтып 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет