«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Нәрестелік пен балалық шақ кезеңі



Pdf көрінісі
бет77/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Нәрестелік пен балалық шақ кезеңі 7-8 жасқа дейін жалғасады да біз тікелей сөз ететін 
жыныстық жетілу кезеңі басталады.
Жыныстық жетілу кезеңі. 
Уақыты бойынша 10 жылға дейін созылады, оны жас шекарасы 7(8) – 17(18) жас аралығы 
болып есептелінеді. Осы уақыт бойы репродуктивтік жүйенің жетілуінен тыс әйелдік 
ағзаның физикалық дамуы аяқталады: бойдың, түтік сүйектерінің өсуі аяқталады. Дене 
бітімі аймағыны және әйелдік тип бойынша майлы тін бұлшықет тінінің орнығуы 
қалыптасады. Жетілу процессі - ұзақ та күрделі процесс.
Жыныстық кемелдену кезеңі және репродуктивті кезең. 
16(18) жастан 45 жасқа дейін 30 жылға созылады, тұрақты етеккірлік цикл мен ағзаның 
тәжірибелік үнемі жүкті болуға дайын болуымен сипатталады. Бала көтеруге қолайлы дас 
23-25 аралығы болып есептеледі. Дәл осы жасқа дейін қаңқалыө өсу аяқталады – сүйектің 
өсу аймақтары жабылады да шын мәнінде кальций қажеттілігі төмендейді (өсіп келе 
жатқан іштегі нәресте осы минералға мұқтаж екені жасырын емес қой, ал оны ол өз 
анасынан алады).
Климактериялық кезең. 
Әйелдің өміріндегі анабездің гормоналды қызметінің бірте-бірте таусылып, бала көтеру 
қабілеті төмендеп, етеккірдің келуі азайып, орта есеппен 51 жас шамасында тоқтатылу 
кезеңі. Осы кезеңнің жас шегі 45-69 жас. Соған байланысты жыныстық гормондардың 
деңгейінің төмендеуіне байланысты ағзаның майлы, көмірсулар мен минералдарының 
алмасуында өзгерістер болады.
48. Кіші топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі.
Топтар келесідей сұрақтарға жауап беруге және талқылауға тапсырма алады: 
Бірінше топ – қыз балаларда жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық өзгерістер 
мен мәселелерді атап шығу.
Екінші топ – ер балаларда жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық өзгерістер мен 
мәселелерді атап шығу.
Оқушылардың барлық жауаптары флипчартта жазылып, топтық жұмыстар 
таныстырылады. 
Таныстырудан кейін оқытушы оқушыларға келесідей сұрақтарды қойып, пікірталас 
жүргізеді: 

Жасалынған тізімдерде қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? 

Жыныстық жетілу кезеңінде болатын физикалық және эмоциялы 
өзгерістерді жеңу үшін бір жыныс өкілі екінші жыныс өкіліне қарағанда 
көбірек дайын деп ойлайсыздар ма? 
Оқытушы оқушылармен бірге қорытынды шығарады. 


89 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет