Қыздардың жыныстық жетілуі. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің репродуктивті жүйесінің басқа
жүйелерден айырмашылығы - ол ағза қайта жаңғыруға дайын болған 16-17 жасында
функционалдық белсенділіктің ең жоғарғы шегіне жетуі.
Әйел ағзасының тіршілігінде жыныстық жетілу маңызды кезең болып саналады.
Жыныстық жетілу кезеңіндегі қызды – сәбге де, бірақ әйелге де жатқызбайды. Ол кезең
жаспен есептегенде 7(8)-17(18) жас аралығындағы 10 жылды қамтиды. Жасөспірім
қыздарда сыртқы келбетінің өзгеруі басталады. Дене тез өседі, аяқтар айқын түрде
ұзарады. 13 жастан кейін дене басым түрде өседі. Бұл жастағы қыздар әдетте арық болып,
ата-анасының мазасыздануын тудырады. Шамамен 14 жастан бастап, бойдың өсуі сияқты
болмаса да, дене салмағы арта бастайды. Салмақтың артуы, эстрогендердің шығарылу
көзі болып есептелетін, жамбас, бөксе, іштегі (әйел тұрпатты) тері асты майының қабаты
дамиды. Бұл кезеңдегі дамуда қыздар ұлдарды қуып жетеді.
Қыз балаларда жыныстық белгілердің пайда болуының салдары 9-10 жас – жамбас сүйегінің өсуі, бөксенің дөңгеленуі, сүт бездерінің мардымсыз
көтерілуі;
10-11 жас – емшек бездерінің күмбез тәрізденуі («гүлшанақ» сатысы), шатта түктің пайда
болуы;
11-12 жас – сыртқы және ішкі жыныстық мүшелердің ұлғаюы, қынап эпителийінің
өзгеруі;
12-13 жас – емшек безіндегі без талшықтарының және оның айналасының дамуы,
емшектердің пигменттелуі, алғашқы етеккірдің пайда болуы;
13-14 жас – қолтықта түктердің өсуі, тұрақсыз етеккір;
14-15 жас – бөксе мен жамбас формасының өзгеруі;
15-16 жас – безеулердің пайда болуы, тұрақты етеккір;
16-17 жас – қаңқаның өсуінің тоқталуы.
Қыздар жыныстық жетілу кезіндегі ағзада болып жатқан өзгерістерді түсінгені маңызды,
ол етеккір жайлы ақпараттарға қанық болу керек; ол пайда болғанда, болуы мүмкін
сырқаттарда не істеу керек екенін білуі керек.
Бозбала қыздар ағзасындағы етеккір кезеңінде болатын процесстердің мәнін түсінуі
керек. Қыздардың ағзасында болып жатқандарды түсіну, бозбалаларға қыздарға –
болашақ әйелдер мен аналарға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына жәрдемдеседі.