«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет17/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125
5. Ұжымдық жұмыс. 
Оқушылар оқытушының басқаруымен зат алмасу сызбасын құрастырады. 
Жоғарыда айтылып өткендей, ішкі секреция бездерінің қызметі ұзақ мерзімді 
процесстерді реттеуде маңызды рөл атқарады, жекелеп айтқанда ағзадағы зат 
алмасу реттелісін қарастырайық.
Зат алмасу (метаболизм) дегеніміз әртүрлі өзара тәуелді және өзара шарттасқан 
процестердің күрделі кешені. Ол процесер организм әрекетке түскен сәттен бастап 
шығарылып тасталу процессіне дейін жүреді. Зат алмасу өмір сүрудің маңызды 
шарты. 
Ағзаның қалыпты қызмет жасауына сыртқы ортадан органикалық азық 
материалдардың, минералды тұздардың, су мен оттегінің келіп тұруы қажет. Зат 
алмасу заттектердің организмге түсу, ас қорыту жолдарында олардың өзгеруі, сіңуі, 
жасуша ішінде өзгерулерден және ыдырау нәтижелерінің шығарылу процестерінен 
тұрады. Жасушалар ішіндегі заттектердің өзгеруіне қатысты процестер жасуша 
ішіндегі немесе аралықтағы алмасу деп айтылады. 
Жасуша ішіндегі зат алмасу нәтижесінде гормондар, ферменттер және неше түрлі 
қосылыстар жасушалар арасындағы заттектің және жасушалардың құрылуына 
пайдаланатын құрылымдық материал іспеттес, дамушы ағзаның өсуі мен жаңаруын 
қамтамасыз етеді. 
Қоректік 
заттар – 
ақуыздар, 
майлар, 
көмірсулар 
Химилы
қ
өзгерістер 
Түзілу
Ыдырау 
Қорытылмаған 
қалдықтар, 
несепнәр, тұздар, 
су, көмірқышқылы 


18 
Сонымен, зат алмасу (метаболизм) - бұл ағзаның тіршілік етуін қамтамасыз 
ететін химиялық процестердің кешені. Ағзадағы химиялық өзгерістер қарама-
қайшы екі бағытта жасалады – қарапйымнан (анаболизм немесе ассимиляция) 
күрделі қосылыстардың түзілуі және күрделі қосылыстардың оңай, қарапайым 
қосылыстарға ыдырауы (катаболизм немесе диссимиляция). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет