«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


 «Ерте жыныстық байланыстарға түсудің салдары» атты мультимедиалық



Pdf көрінісі
бет92/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125
4. «Ерте жыныстық байланыстарға түсудің салдары» атты мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі. 
Мысал мазмұны 
Жасөспірімдік кезең – бұл, тәжірибеге әуесқойлылық пен оны қанағаттандыру 
кезеңі. Қажетсіз жүктілік, ЖЖБЖ және АИТВ/ЖИТС – мұның бәрі жасөспірімдердегі 
жыныстық белсенділіктің салдары. 

Жастар жауапты шешімдер қабылдауға дайын болмағандықтан және жеткілікті 
ақпараттарды білмегендіктен, әсіресе, ЖЖБЖ мен АИТВ/ЖИТС-қа әлсіз болып 
келеді. Ержету кезеңінде жасөспірімдер көбінесе тез ересектер қатарына қосылуды 
жыныстық қатынас деп ойлайды. 

Жыныстық қатынас көбіне алкоголь мен есірткі тұтынуға ұласып жатады, ал бұл 
өз нәтижесінде мінез-құлық қауіптілігіне және нақты шешімдер қабылдаудың 
төмендеуіне әкеліп соғады. 

Жастар көбіне өздерін әлсіз деп ойламайды, олардың қатынастарын «бұл жағдай 
менде болмайды» деген сөздермен анықтауға болады. 

Белгілі бір адамдар тобына жатпай-ақ, қауіпті мінез-құлық нәтижесінде ЖЖБЖ 
мен АИТВ-ні жұқтыруға болады. Сенің кім екенің маңызды емес, сенің не 
істейтінің маңызды. 
Зерттеу мамандары, соңғы жылдары алғашқы рет жыныстық байланысқа түсу жасының 
төмендеу үрдісі байқалатындығын анықтады. Қазіргі заманғы жастарға ерте жыныстық 
байланысқа түсу қалыпты жағдайға арналған. 
Психологтардың анықтауынша, қазіргі жасөспірімдерде жыныстық мәселелерге деген 
қызығушылық пайда болған. Жасөспірімдер теледидардан немесе видеофильмдерден 
жыныстық мағынасы бар көптеген көрініске куә болады, көп ақпаратты интернеттен 
алады. Әлі толық жетілмеген жасөспірімнің санасы ақпаратты дұрыс түсінбейді және оны 
дұрыс қолдана алмайды, нәтижесінде өмірлік дағдысына айналып кетеді. Жастардың 
жыныстық қатынасқа деген көзқарастарының жеңілдігі сондай, бұл облыстың әлеуметтік 
тыйымдарына мән бермейді. Жасөспірімдер арасында мүлде бейтаныс адамдармен 
жыныстық қатынасқа түсе беру кең таралған. Жыныстық өмірді 16 жасқа дейін бастаған 
бозбалалардың саны, осы жастағы бойжеткендердің санына қарағанда әлдеқайда жоғары. 
16 жасқа дейін жыныстық өмірді бастаған оқушылардың саны, жалпы білім беретін 


102 
мектептерге қарағанда, арнаулы мамандандырылған оқу орындарында оқитын 
оқушыларда жоғары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет