104
Соңғы жылдары адамнан адамға жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар
кең таралуда. Қазіргі таңда жыныстық жолмен берілетін 20-дан аса жұқпалар белгілі.
Оның негізгі себебі – жастардың жыныстық қатынасқа деген жеңіл көзқарастары, бұл
облыстағы әлеуметтік тыйымдар оп-оңай тыс қалуда. Ерте
жыныстық қатынасқа жеңіл
көзқарас, әртүрлі серіктестермен кездейсоқ қатынастар ЖЖБЖ зақымдалуының қаупін
күшейте түседі.
Жыныстық жолмен берілетін жұқпалар (ЖЖБЖ) – бұл, қоздырғыштары
жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар тобы.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ)
мәліметі бойынша, жыл сайын
әлемде жыныстық жолмен берілетін 300 млн-ға жуық жұқпа жұқтыру тіркеледі екен,
АИТВ-инфекциясымен зақымдану қаупі 5-10 есеге өсіп келеді. ЖЖБЖ-мен ауырудың ең
үлкен деңгейі 20-21 жастағыларда, содан кейін 15-19 жастағыларда кездеседі екен. Бұл
аурудың саны Қазақстанда да артып келеді.
Сіздердің назарларыңызды ЖЖБЖ-ға қатысты біршама маңызды пункттерге
аударғым келеді.
1. Бұл аурулар ұзақ (емделмеген жағдайда), толқын тәрізді және сырт көзге
байқалмайтындай болып өтеді.
2. ЖЖБЖ кезінде өзін-өзі емдеу деген болмайды,
сонымен қатар, арнайы емнің
көмегінсіз емделу мүмкін емес.
3. Дәрігерге қанша ерте барсаңыз, сонша аурудың асқынуының алдын аласыз және
тез сауығасыз:
•
Ер мен әйелдің бедеулігі
•
Созылмалы солғын түрінің жіті түрде өтуі
•
Жыныстық органдар жүйесінің ісіп
ауыруы
•
Жатыр мойнағының обырға шалдығу қаупі
•
Белсіздік
•
Жүйке жүйесінің бұзылуы
•
АИТВ жұқпасының қаупі
•
«В», «С» гепатиті кезіндегі бауыр циррозы
•
Етеккір
кезіндегі қан кету
•
ЖИТС ауруынан қайтыс болу
4. Көптеген ЖЖБЖ анадан балаға өтуі мүмкін.
Жоғарыда айтып өткеніміздей көптеген ЖЖБЖ-лар келесідей ұқсас белгілерге ие:
•
Жыныстық мүшедегі қышыну мен күйдірулер.
•
Жыныстық мүшедегі көпіршік тәрізді бөртпелер.
•
Жыныстық мүшеден ерекше бөлінулер.
•
Жыныстық мүшенің айналасы мен артқы жақтың қызаруы.
•
Жиі несеп шығарудағы ауырсынулар.
•
Лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы.
•
Жыныстық мүшеде ауырмайтын жаралардың пайда болуы.
•
Жыныстық мүшедегі бездер (кондиломалар).
•
Жыныстық қатынас кезіндегі қан кету.
•
Дене қызуының көтерілуі.
Бірақ ЖЖБЖ-ның белгісі зақымдалудан соң ұзақ уақыт білінбеуі мүмкін, мұның
зұлымдығы да сонда. Жұқпаланған адам өзін дені сау сезінуі мүмкін, бірақ ол жыныстық
серіктесін зақымдайды.
Сондықтан, егер сіз өзіңізді ЖЖБЖ жұқтырып алған деп
есептесеңіз, бірден маман-дәрігерге қаралыңыз.