Аталуы мүмкін жұқпалардың тізімі: 1. Мерез
2. В және С гепатиті
3. АИТВ
4. Соз ауруы
5. Трихомониаз
6. Хламидиоз
7. Папиллом – вирусты жұқпасы
8. Ұшық
Егер оқушылар қандай да бір жұқпаны қалдырып кетсе, оқытушы оны өзі қосады.
Оқушылардан ЖЖБЖ неге бұлай бөлінгені анықталады. Екі топқа бөліну себебі анықтала
салысымен, оқытушымен бірге берілу жолдары да анықталады.
7.Топтардағы жұмыс. ЖЖБЖ белгілері. Оқытушы оқушыларды аталған жұқпалардың санына қарай бөліп, оларға ЖЖБЖ аттары
жазылған карточкалар таратады, оған өздері білетін ЖЖБЖ-лардың негізгі белгілерін
жазуды сұрайды. Содан кейін әр топ өз жұмыстарын презентациялайды. Презентациядан
соң, көптеген аурулардың белгілері ұқсас болып келетіндігі анықталады. Мысалы:
•
Жыныстық жолмен ерекше көбікті бөлінулер (іріңді, шырышты-іріңді, сарғыш
немесе жасыл түсті, кейде жағымсыз иістермен);
•
Қышыну, ісіну немесе жыныстық органдардың сыртқы жағындағы ауырсынулар;
•
Несеп шығарудың бұзылуы (жиі, ауырсынулармен немесе күйдіре);
•
Жыныстық органдардағы жаралар;
•
Жыныстық органдардағы көпіршік тәріздес бөртпелер;
•
Жыныстық органдардағы бездер (кондиломалар);
•
Шаптағы лимфатикалық түйіндердің үлкеюі (дөңгелек немесе жұмыр пішіндес,
ұстап көргенде ауырсынулар);
•
Жыныстық қатынас кезіндегі қан кету;
•
Дене қызуының көтерілуі.
Оқытушы қорытынды шығарған кезде, көптеген ЖЖБЖ-лар әртүрлі емделгенмен,
белгілері ұқсас болатыны аңғарылады. Сондықтан, осы белгілердің біреуі байқалысымен
дәрігерге көріну қажет.
8.Ми шабуылы. ЖЖБЖ салдары. Оқытушы оқушылардан өздері білетін ЖЖБЖ салдары туралы айтуды сұрайды. Барлық
айтылғандар флипчартқа жазылады. Мүмкін болатын зардаптар:
•
Ер мен әйелдің бедеулігі
•
Жатыр мойыншағының обырға шалдығу қаупі
•
Белсіздік
•
Жүйке жүйесінің бұзылуы
•
АИТВ жұқпасын жұқтыру қаупі
•
«В», «С» гепатиті кезіндегі бауыр циррозы
•
Етеккір кезіндегі қан кету
•
ЖИТС-пен ауыру кезіндегі өлім
Оқытушы ЖЖБЖ-ның барлық бөлімдерін қорытып, оқушыларды шағын-дәрісті
тыңдауға шақырады.