«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет99/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Мысал мазмұны. 
АИТВ/ЖИТС індеті – Жер шары үшін жаңалық емес. Ол миллиондаған адамдардың 
өмірін жалмау арқылы бүкіл әлемге жайылып келеді. 
Біз, ұлттық және мемлекеттік шекараларға қарамастан адамдардың қарым-қатынасы 
қарқынды түрде артып жатқандықтан, қоғамдық қарым-қатынас қиындауы нәтижесінде, 
адамдағы иммунодефицит вирусы (АИТВ) әлемдік өркениетке қауіп төндіретін ең 
маңызды мәселеге айналған заманда өмір сүріп жатырмыз. Зерттеушілердің айтуынша 
ТМД мемлекеттері АИТВ таралу жылдамдығы бойынша әлемде бірінші орынға шыққан. 
АИТВ-ны жұқтыру адамның істеген ісіне байланысты, егер зақымдалу қаупі бар іс-
әрекеттер жасаса, кез келген адам жұқтырып алуы мүмкін. 
АИТВ деген не? АИТВ – бұл адамдағы иммунитет тапшылығы вирусы. Вирустар 
бактериялардан әлдеқайда кіші жұқпа агенттері арқылы көрсетіледі. Вирустар өмір 
сүруге қажетті маңызды элементтен айырылған, сондықтан олар қожайынның 
жасушаларына еніп, оның өнімдерін пайдалануға мәжбүр. АИТВ өзінің тіршілік әрекетін 
қолдау үшін иммунды жүйелер жасушасын – осының әсерінде иммунитет тапшылығы 
пайда болатын лимфоцитті пайдаланады. 
АИТВ тек адам ағзасында өмір сүретін вирустарға қатысты. Құрылымына байланысты 
олар жануарлар мен жәндіктердің ағзасында өмір сүре алмайды. Бұл вирусты «18» гайка 
кілтімен салыстыруға болады, ол кіші өлшемді гайкаларға ілінбейді, ал үлкен өлшемді 
гайкаларға тіпті де сыймайды. 
«АИТВ қайдан шықты?» деген сұрақ жиі қойылады. Қазіргі таңда АИТВ-ның пайда 
болуы иммунитет тапшылығы вирусының эволюциялық дамуы кезеңінде, тұқымдық 
тосқауылдардан өтіп, адам үшін ауру тудырушыға айналған деуге толық негіз бар. Бұл 
оқиға ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңы мен 50-ші жылдарының басында орын 
алды. Ал ЖИТС-пен науқастану жағдайы бірінші рет 1981 жылы АҚШ-та орын алды. 
Иммунитет тапшылығы вирусын 1983 жылы Франциядағы Пастер институтының ғалымы 


108 
Люк Монтанье және онымен бір уақытта, оған тәуелсіз АҚШ-тық ғалым Роберт Галло 
ашты, бұл жаңалықтары үшін екі ғалым да Нобель сыйлығын алды. Кейіннен АИТВ-мен 
ауырушылар басқа елдерде де бар екендігі тез анықталды. Әсіресе зақымдалу Африка 
елдерінде көп болып шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет