«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет97/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   125
Трихомониаз
Микроб арқылы емес, біржасушалы қарапайым жәндік, «кішкентай жануар» - 
трихомонадия арқылы пайда болады. Ол сыртқы ортаға өте төзімді. 
Аурудың алғашқы белгілері 4 күннен 3 апта аралығында байқалады. Трихомониаз 
әдетте әйелдерде анық байқалады, бірақ көбінесе ерлерде ешқандай белгілерсіз пайда 
болады. Негізгі белгілері: қатты қышыну және тітіркену, жағымсыз иісті көпіршікті 
бөлінулер. 3-4 аптадан соң, емделмеген жағдайда, трихомониаз созылмалы түрге өтеді. 
Қыздар 5 жасқа дейін гигиена ережелерін өрескел бұзған жағдайда жұқтырып алуы 
мүмкін. 
Қоздырғыштары герпес вирусы болып есептеледі. Жыныстық жолмен беріледі және 
жыныстық мүше мен оның айналасында жараның пайда болуына әкеліп соғады. Мұндай 


106 
пайда болулар әр бірнеше аптада пайда болып, бірнеше күнге созылуы мүмкін, содан ұзақ 
уақытқа жоғалып кетуі мүмкін. Тіпті толық сауығудан кейін де вирус ағзада қалып, 
аурудың қайта пайда болуы мүмкін. 
А.И.Куприн мен Н.Г.Гарина-Михайловскаяның шығармаларындағы мерездің көркем 
әдебиет тілінде қалай суреттелгенін тыңдаңыздар. 
А.И. Куприн «Ор» повесінде төңкеріске дейінгі Россиядағы жезөкшелер үйіндегі 
әйелдердің өмірі туралы жазған: «...әйелдер... көбісінің дауысы қарлыққан немесе 
мыңқылдаған, мұрындары жартылай ішіне түсіп кеткен». «Адамның барлық жері 
ауырады: сүйектері сырқырайды, сіңірлері, миы... Дәрігерлер аурудан жазылуға болады 
дейді. Қайдағы! Ешқашан жазылмайсың! Адам он, жиырма, отыз жыл шіриді. Секунд 
сайын сал ауруына ұшырауы мүмкін, сондықтан оң жақ беті, оң қолы, оң аяғы өледі, адам 
емес оның жартысы ғана өмір сүреді. Жартылай адам - жартылай өлік. Көбісі есінен 
ауысады. Және әр адам түсінеді... Әр адам... Әрбір осындай науқас жей алатынын, ән сала 
алатынын, сүйісе алатынын, тіпті тыныс алатынын түсінеді, - ол айналасындағыларды, 
жақындарын – әпкесін, әйелін, баласын зақымдап алатынына сенімді емес... Барлық 
мерездердің балалары кемтар, жетілмеген, зобталған, көкжөтел, жарымес болып туылады. 
Міне, Коля, бұл аурудың көрінісі осы!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет