«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


«ЖЖБЖ-дан өзіңді қалай қорғау керек?» блиц-интеллектуалды ойыны



Pdf көрінісі
бет103/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125
12. «ЖЖБЖ-дан өзіңді қалай қорғау керек?» блиц-интеллектуалды ойыны. 
Оқытушы әр қатысушыға доп лақтырады. Допты қағып алған адам, ЖЖБЖ-дан 
қорғану әдісін таңдайды. 
Бір қатысушы барлық айтылған қорғану әдістерін тақтаға немесе флипчартқа жазып 
тұрады. 
13. «ЖЖБЖ және АИТВ-ның алдын алу шаралары» атты мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі. 


111 
Адамдар арасында ЖЖБЖ-ның таралуы адамның мінез-құлқына байланысты, адам 
өзін неғұрлым қауіпті ұстаған сайын ЖЖБЖ-мен зақымдалу қаупі соғұрлым арта 
түседі. 
Қорғанудың сенімді әдістерін қолдана отырып, адам өзін және жақынын ЖЖБЖ-дан 
қорғай алады. Қорғанудың сенімді әдістеріне: 

Ең тиімді әдіс - ересек жасқа жеткенше жыныстық қатынастардан бас тарта 
тұру. 

Егер сіз жыныстық белсенді болсаңыз, ең қауіпсіз жолы – бұл бір ғана сенімді 
серіктеске ие болу. Егер серіктес бұрынғы өмірінде қорғансыз жыныстық 
байланыстар жасаса, оған бақылаудан өту керек. 

Нұсқауларды қатаң, тұрақты және дұрыс түрде сақтай отырып, мүшеқап 
қолдану, яғни, тек сенімсіз серіктеспен ғана емес, әрбір жыныстық қатынас 
кезінде қолдану қажет. 
Әңгіме ЖЖБЖ/АИТВ жұқтыру, керексіз жүктілік жайлы болса, мүшеқап қолдану 
қауіпсіз жыныстық қатынастың ең басты түрі болып табылады. Мүшеқапты дұрыс 
қолдану кезінде ғана қорғаныс тиімді болады. 
Сапалы мүшеқаптар төзімді латекстен жасалады және арнайы зертханалық 
тексерілулерден өткізіледі. Зертханалық тексерулердің көрсеткеніндей, сапалы латексті 
мүшеқаптар, АИТВ-ны қосқанда барлық микроағзаларға тосқауыл бола алады. 
Майлы жақпалар латексті құртады және мүшеқаптың жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін, 
сондықтан жақпа үшін сулы жақпаларды пайдаланған жөн. 
Мүшеқаптың соңғы жағында ауаның қалып қоюы, жыныстық қатынас кезінде оның 
жыртылуына әкеліп соғуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет