Мүшеқапты пайдалану ережелері:
•
Мүшеқап сатып аларда оның шығу мерзімі мен сыртқы қабатына назар аударыңыз.
•
Мүшеқапты оның сақталу шарттары сақталатын жерден алыңыз (бұл салқын,
құрғақ және қараңғы орын болуы керек).
•
Мүшеқапты бүлдіріп алмау үшін, оны қолмен абайлап ашыңыз (тіспен, тырнақпен,
қайшымен ашуға болмайды).
•
Мүшеқапты қозған жыныстық мүшеге кигізіңіз. Майланған жағы сыртта болуы
тиіс. Ішкі жағы сулы жақпамен майланған.
•
Түп жағында (спермақабылдағышта) ауаның болмауын қадағалаңыз. Ол үшін киер
алдында мүшеқаптың түбін екі саусағыңызбен қысып тұрыңыз.
•
Мүшеқап жыныстық мүшені ұзына бойы толық жауып тұруы керек.
•
Ұрық шашудан кейін (жыныстық мүшенің қозуы сақталып тұрғанда) жыныстық
мүшені мүшеқаптың тағулы тұрған күйінде қынаптан шығарып алу керек.
Ішіндегісін серіктесіңізге құймаңыз.
•
Қолданылған мүшеқапты түйіндеп байлап, қағазға орап қоқысқа тастаңыз.
Материалды пысықтауға арналған қосымша жаттығулар
1. Топтардағы жұмыс. «ЖЖБЖ деген не?»
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі. Әр топ команда үшін сұрақ таңдайтын
көшбасшыны белгілейді. Оқытушы топтарға дұрыс жауаптардың саналатындығы туралы
ескертеді.
Командалар бір-біріне бетпе-бет отырады, сұрақтары бар қорап екі топтың ортасына
қойылады. Топ көшбасшылары кезекпен қораптан бір сұрақтан алып, оны оқиды. Егер бір
топ жауап бере алмаса, басқа топ жауап береді. Оқытушы флипчартқа командалардың
нөмірі мен екі баған сызып, оған дұрыс берілген жауаптар үшін балл қойып отырады.
112
Әрбір дұрыс жауап 10 баллмен бағаланады. Егер басқа командаға берілген сұраққа
дұрыс жауап берсе 20 ұпай қосылады (10 ұпай дұрыс жауапқа, қалған 10 ұпай бонус
есебінде).
Егер екі команда да дұрыс жауап бере алмаса, оқытушы жауап береді. Соңында барлық
баллдар есептеліп, көп балл жинаған команда ұтады.
Бұл жаттығуды өткізу үшін, оқытушы төменде көрсетілген сұрақтар мен жауаптар
кестесін пайдаланады.
Кесте
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақтар
(қағаз парақтарында бір-бірлеп
жазылған және қорапқа
салынған)
Жауаптар
(есеп шығару және қабылданған жауаптарды түзеу
үшін оқытушы оларды өзіне қалдырады)
ЖЖБЖ деген не?
ЖЖБЖ – бұл жыныстық жолдармен берілетін жұқпалар.
ЖЖБЖ жыныстық қатынас кезінде ағазадағы
сұйықтықтардың алмасу процессі жүргенде беріледі.
ЖЖБЖ-да тағы қандай атау
бар?
Соз аурулары; жыныстық жолдармен берілетін аурулар.
Бірнеше ЖЖБЖ-ды
атаңыз?
Мерез, гонорея, урогенитальді хламидиоз, трихомоноз,
микоплазмоз, генитальді герпес, генитальді кандидоз, В
және С гепатиттері, генитальді үшкір кандиломлар және
басқалар (барлығы аурудың 20 түрі).
Барлық ЖЖБЖ-лар
жазылады ма?
Бәрі емес, бірақ көбісі. Герпес, АИТВ, В гепатиті сияқты
вирусты ЖЖБЖ-ларды қоспағанда.
ЖЖБЖ жұққанын бірден
анықтауға бола ма?
Әр қашан анықтауға болмайды, себебі, жұқтырғаннан кейін
бірнеше уақыт аралығында инкубациялық кезең жүреді,
ЖЖБЖ-ның алғашқы белгілері белгілі бір уақыт
аралығынан кейін ғана білінеді. Кейде ЖЖБЖ-лар бірден
білінбеуі мүмкін немесе белгілері аз байқылып өтеді.
Хламидиоз ұзақ уақыт білінбейді, тек әйелдерде
жүктіліктің әр түрлі патологиясы болғанда ғана білінуі
мүмкін.
ЖЖБЖ жұқтырылғанда
қандай белгілер болуы
мүмкін?
Еркектер мен әйелдерде:
ауыз қуысының шырышты қабығында, тік ішек
аймағында, жыныс мүшелерінің шырышты қабатында
және теріде жаралар, түйіндер мен көпіршіктердің
болуы;
зәр шығару кезінде ауыру мен ашу әсерлері болғанда;
жыныс мүшелерінде қышу, ісіну болады;
қалтырау, тері беттерінде бөртпелер, денеде сырқырау
болады.
Әйелдерде:
қынаптан жағымсыз иісі бар, түсініксіз бөлінуілер
болады;
қарынның төменгі жағында ауыру әсері;
етеккір аралығы кезеңінде қынаптан қан тәріздес
бөлінулер;
жыныстық қатынас кезінде қынаптың терең жағында
113
ауыру байқалады.
Еркектерде:
зәр шығару каналдарынан бөлінулердің болуы.
ЖЖБЖ не үшін қауіпті?
Көптеген ЖЖБЖ-ның қоздырғыштары адамның бала
табу органдарын зақымдап, бедеулік, импотенция,
жатырдан тыс жүктіліктің пайда болуы, түсік тастау
сияқты жағдайларға әкеліп соғады. Мерезді уақытында
емдемесе, соңы ұрпақтан ұрпаққа беріледі, орталық
жүйке жүйесін, ішкі мүшелердің қиын жағдайға
өзгеруін тудырады. Кейбір ЖЖБЖ-лар қауіпті
ісіктердің пайда болуына әсер етеді.
ЖЖБЖ-лары бар адамдарда АИТВ-ны жұқтыру қауіпі
он есеге артады.
Көптеген әйелдер мен еркектерде жыныстық жұқпалар
анықталмай қала береді, себебі, кейде олар білінбейді,
кейде байқалмайды да, солай адамдар өзінде аурудың
бар екендігін сезбей, ауырып, басқа адамдарға
жұқтырып жүре береді.
АИТВ/ЖИТС ЖЖБЖ-лар
қатарына жатады ма?
Иә, сондай-ақ жыныстық жолмен берілгендей, АИТВ
қан арқылы және анасына балаға беріледі.
Егер сіз ЖЖБЖ-ларды
жұқтырып алдым деп
ойласаңыз не істеу қажет?
Дұрыс диагноз қойдыру үшін және толық емнің курсын
алуға дәрігерге (венеролог) баруыңыз керек.
Жыныстық серіктестерді де хабардар ету қажет.
Дәрігер сізге 10 күнге
қабылдайтын дәрілерді жазып
берді, бірақ ауру белгілері дәрі
қабылдағаннан кейін бесінші
күні жоғалып кетті. Сіз
дәрілерді қабылдауды тоқтата
аласыз ба?
ЖОҚ, ЖЖБЖ-ның қоздырғыштарын өлтіру өте қиын.
Сол себепті, дәрігер сізге жазған дәрілерді барлық
емделу уақыты бойында қабылдауыңыз қажет.
Не үшін ЖЖБЖ-лары бар
адамдар АИТВ-ны жұқтыруға
бейім болады?
Көптеген ЖЖБЖ-лар шырышты қабықтың және
терінің зақымдануы (жара, қабыну) арқылы білінеді,
оның салдарынан АИТВ адам ағзасына оңай енеді.
ЖЖБЖ-лары бар әйел өзінің
баласына жұқтыруы мүмкін бе?
ИӘ, бала жатыр ішінде (мерез), туылу барысында
босану жолдары арқылы (гонорея), емшек сүтін ему
арқылы (АИТВ) жұқтыруы мүмкін.
ЖЖБЖ-ны емдеу кезеңінде
жыныстық қатынасқа түсуге
бола ма?
ЖОҚ, өзіңнің серігіңе де жұғуы мүмкін (немесе өзің
басқа да ЖЖБЖ-ды жұқтырып аласың), тіпті ЖЖБЖ-
дан ем ала отырып та. Сол себепті толыққан айыққанша
жыныстық қатынастарға түсуге болмайды.
Суды және сабынды қолдану
ЖЖБЖ-дан қорғай ала ма?
ЖОҚ, ЖЖБЖ қоздырғыштарын су да, сабын да кетіре
алмайды.
Контрацептивті дәрілер
ЖЖБЖ-лардан қорғай ала ма?
ЖОҚ, контрацептивті дәрілер ЖЖБЖ-лардан қорғай
алмайды. Тек мүшеқапты қолдану ЖЖБЖ-лардың
берілу қауіпін азайтуы мүмкін.
ЖЖБЖ-ларды дәріханадан дәрі
сатып алып, өзім емдеуіме бола
ма?
ЖОҚ, ЖЖБЖ-ны диагностикалау және емдеуді тек
дәрігер жасауы керек.
Емделіп
болғаннан
кейін
ЖЖБЖ-ны қайта жұқтыру
Иә, ЖЖБЖ-ларға қарсы иммунитеттер өндірілмейді.
114
мүмкін бе?
Кейде ЖЖБЖ-ның белгілері
емсіз біраз уақыт аралығында
өтіп кетеді?
Иә. Бірақ, бұл аурудың өтіп кеткендігін білдірмейді.
Бір мезгілде бірнеше ЖЖБЖ-
ларды жұқтыру мүмкін бе?
Иә. Көбіне солай болады.
ЖЖБЖ
тек
жыныстық
жолдармен беріле ме?
Көбіне солай. Бірақ, тұрмыстық жолдармен берілетін
ЖЖБЖ-лар (мерез, гонорея) да бар және де қан арқылы
жұғатын ЖЖБЖ-лар (АИТВ, гепатит В, С) да бар.
Бір серігіне ғана ЖЖБЖ-дан
емделіп қою жеткілікті ме?
Жоқ. Егер екеуі де емделмесе, онда қайта жұқтыруы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |