«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі


Вертикальді жолы (анадан балаға өтуі)



Pdf көрінісі
бет102/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Вертикальді жолы (анадан балаға өтуі) 
АИТВ-жұқпасының науқастанған анадан балаға берілуі жүктілік кезінде, босану 
және емшек сүтімен тамақтандыру кезінде беріледі. Жүктілік және босану кезінде арнайы 
антиретровирусты терапияны (АРВ – терапия) қабылдау АИТВ-ның берілуін 15-18%-ға 
төмендетеді. 
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынуымен, толғатқан әйел қанында 
вирус көп шоғырланған жағдайда, АИТВ-ның балаға берілу қаупін төмендету 
мақсатымен босандыру баланы іштен жарып алу отасы арқылы жүзеге асады. АИТВ 
жұқтырған аналардың балалары қолдан тамақтандыруға көшіріледі. 
Қандай жағдайларда АИТВ берілмейді? 
АИТВ мына жағдайларда берілмейды: 

Қол қысысқанда, жанасқанда, құшақтасқанда, зақымдалмаған тері вирус үшін 
нағыз бөгет болып табылады; 

Гигиеналық бұйымдардан; 

Тұрмыстық жолмен: киім, төсек, сүлгі арқылы; 

Бассейндерде, ваннада, моншаларда; 


110 

Жәндіктер шаққанда; 

Сүйісу кезінде. 
АИТВ-ға қашан тексерілу қажет? 
АИТВ-нің анализін вирустан емес, ондағы антидене арқылы анықтайды. Антидененің 
жасалуы үшін 3 ай шамасында (кейде 6 айға дейін) уақыт керек. Ерте тексерілу, тіпті 
ағзада вирус болған жағдайда да теріс нәтиже беруі мүмкін. Сондықтан, жұқтыру 
болмағанына көз жеткізу үшін, «қауіпті» жағдайдан немесе жыныстық қатынастан соң 3 
айдан кейін тексерілуден өту керек, бұл аралықта тек қауіпсіз іс-әрекет жасаңыз. 
Пайда болысымен дәрігерге қаралуыға тиіс болатын қорқынышты белгілер: 

1 ай бойы ұдайы жөтел 

Қысқа мерзімде салмақтың 10 пайызын жоғалту 

1 айдан асқан дене қызуының көтерілуі 

1 айдан асқан іш өту 
АИТВ-ға арналған тесттер. 
АИТВ жұқтырғаныңды білудің жалғыз тәсілі – тестілеуден өту. АИТВ-ға зерттеу 
жүргізу ерікті, анонимді және құпия түрде өтеді. Адам өзі қаламаса, ешкім оны АИТВ-ға 
қарсы бақылаудан өтуге күштей алмайды. Бұл дегеніміз, АИТВ-ға тексерілуді адам өзі 
шешу керек. Бақылаудан өту үшін, ЖИТС-қа қарсы күрес пен алдын алу орталығында 
немесе осындай бақылау жүргізетін басқа да медициналық мекемелерге барып қан 
тапсыру керек. 
АИТВ-ны вирус емес, осы вирустың антиденесі көрсетеді, сондықтан, 
тексерілуден ағза көзге көрінуге жетерліктей антиденелерді бөліп шығарған кезде ғана 
өту керек. Нақты нәтиже алу үшін, ереже бойынша, емделушіге қайтадан қан тапсыру 
ұсынылады. Қайта қан тапсыру, қан алу, зертханаға жіберілу, тіркеу кезінде мүмкін 
болатын қателіктердің алдын алу үшін қажет. Егер бірінші және екінші тексерілулердің 
нәтижелері сәйкес келсе, анығырағы АИТВ антиденесіне жағымды нәтиже берсе, нақты 
өзіндік ақуыздары бар АИТВ антиденесі анықталған жерге қорытынды зерттеу 
жүргізіледі. Егер нәтижелер бланкісінде АИТВ антиденесі табылған деп көрсетілсе, 
нәтиже дұрыс және бұл адам АИТВ-ны жұқтырған деп есептеледі. 
Егер тест нәтижесі – теріс, АИТВ антиденесі анықталмаған болса: 

Адам зақымданбаған немесе 

Адам зақымдалған, бірақ заманауи әдістермен анықтау үшін, ағза әлі антидененің 
жетерліктей мөлшерін шығармады. Вирус ағзада бар, ал антидененің көрінетіндей 
мөлшері әлі пайда болмаған кезең – «терезе кезеңі» деп аталады. 
Тесттің теріс нәтижесіне сенімді болу үшін, 1 айдан соң тексерілуді қайталау қажет. 
Күмәнді нәтиже – алынған нәтижені анық түсіндіре алмаушылық. Бұл жағдайда 
тексерілуді екі аптадан немесе 1 айдан соң қайталау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет