109
Сонымен, АИТВ адам ағзасының белгілі бір сұйықтықтарымен
және белгілі бір
жағдайларда ғана беріледі.
АИТВ берілуі мүмкін адам ағзасының сұйықтықтары:
•
Қан;
•
Шәует (семенная жидкость);
•
Қынаптағы бөлінулер;
•
Емшек сүті.
АИТВ берілуінің парентералды жолы
Есірткіні күре тамырға салу АИТВ жұқтырудың ең қауіпті түрінің бірі болып
табылады. Бұл көбіне есірткі тұтынушылардың ортақ ине
мен шприцті пайдалануына
байланысты болып келеді, ал науқастың қаны сау адамның қанына келіп түскенде одан
құтылу мүлде мүмкін болмайды.
АИТВ келесі жағдайларда беріледі:
•
Стерилденбеген (АИТВ жұқтырылған) хирургиялық және инъекциялық
аспаптарды
пайдалану, қандай да бір дәрі салу үшін ине салу,
құлақ тестіру,
татуировка, пирсинг салдыру;
•
АИТВ жұқтырылған қан немесе оның құрамдас бөліктерін құйдыру, зақымдалған
донордан мүшелер мен тіндерді орнату;
•
Қырыну үшін бөтен ұстараны пайдалану.
Жыныстық жол
Жыныстық қатынас кезіндегі АИТВ жұқтыру факторлары:
•
АИТВ жұқтырушымен қорғаныш құралдарынсыз жыныстық қатынасқа түсу;
•
Жыныстық жолмен берілетін жұқпаның бар болуы.
Жыныстық қатынас кезінде жұқпалану мүмкіндігі ерлерге
қарағанда әйелдерде жоғары
болады. Бұл әйел ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Әйелдерде АИТВ-ға шалдығу қаупі жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың әсерінен
ұлғая түседі, жатыр мойнағының қабынуы, жарақаттануы
немесе шырышты қабатының
қабынуы, етеккір кезінде, сонымен қатар қыздық перденің жыртылуы кезінде беріледі.
Алкоголь мен есірткі қолдану өз іс-әрекетіне
бақылауды төмендетіп, қауіпті жыныстық
іс-әрекетке ұрындырады.
Қазіргі таңда Қазақстанда АИТВ-ның жыныстық жолмен
берілуі басым болып және ол
60% шамасын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: