«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет98/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125
Байланысты:
Valeologia kaz

Н.Г. Гарина-Михайловскаяның 
«Матренаның ақшасы» әңгімесінде шаруаның отбасында мерездің пайда болуы 
туралы суреттеледі: «...барлық отбасы жаман аурумен ауырып жатты. Қарт, Корнейдің 
қайынатасы, тірідей шіруге айналды. Үлкен томпақ мұрны ісінген, үлкен қызыл көзі 
шарасынан шыққан – тегіс жара. Пештің үстінде жүре алмай отыратын. Үйдегі ауа, тіпті 
жазда да адам төзгісіз болатын. Қарттың Маркел деген інісі болатын, одан тіпті жаман 
мүңкиді: оған тіпті көшеде де жақындай алмайсың. 
Ал Маркелдің кішкентай, шіріген лашығында тағы да 7 адам болды, барлығын да жара 
басқан: сол сияқты мұрынсыз, саңырау, нақұрыстар. Олар осылай қорқынышты, хайуан 
төзгісіз жағдайда, бірақ санасы адамдікіндей, хайуаннан да нашар өмір сүріп жатты». 
Медицинаның заманауи жетістіктері ЖЖБЖ-ны тиімді емдеуге мүмкіндік береді. 
Барлығы уақтылы дәрігерге көріну, ұқыптылық және емдеу курсының аяқталуына 
байланысты. 
10.Топтардағы жұмыс.
АИТВ және ЖИТС дегеніміз не, берілу жолдары, тестілеу. 
Оқытушы оқушыларды үш топқа бөледі де, әр топқа мына презентацияларды талқылап, 
дайындау тапсырылады: 
Бірінші топ – АИТВ және ЖИТС деген не? Зақымдауға жеткілікті мөлшерде АИТВ 
жиналатын ағзаның биологиялық сұйықтығын атау. 
Екінші топ – АИТВ-ның берілу жолдарын және жұқпаланбайтын жолдарын атау. 
Оқытушы жағдайлар бейнеленген суреттерді көрсетіп, қандай жағдайда АИТВ 
жұғатынын талқылауды сұрайды. 


107 
 
Үшінші топ – АИТВ жұқтырған адамды қалай анықтауға болады? 
Топтардың барлық жауаптары флипчартқа жазылады, содан кейін команданың бір өкілі 
шығып презентация жасайды. Оқытушы оқушылармен бірге топтық жұмыстың 
қорытындысын шығарады. 
11. «АИТВ. Берілу жолдары, АИТВ-ға тестілеу» атты мультимедиалық 
презентацияның сүйемелдеуімен оқытушының шағын-дәрісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет