Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Проект нормативов предельно допустимых выбросов загрязняющих веществ в
атмосферу для Актюбинского завода ферросплавов – филиал АО ТНК «Казхром», ТОО
«Центр Чистых Производств - СРС», Павлодар, 2007 г.
2. Беренин Н.С., Волкодаев М.В., Двинянина О.В. Сводные расчеты загрязнения
атмосферного воздуха и их использование для решения задач мониторинга и управления
качеством атмосферного воздуха (например г. Санкт-Петербурга).
3. Мамырбаев А.А. Токсикология хрома и его соединений // – Актобе, 2012. – С. 284.
4. Интернет желісі- www.kk.wikipedia.org – Хромтау.
5. ГОСТ 17.2.3.02-78 Охрана природы. Атмосфера. Правила установления допустимых
выбросов вредных веществ промышленными предприятиями.
6. Тобыл-Торғай экология департаменті мәліметтері.
Резюме
Еркебаева Г.Е., преподаватель, Карасаева Ш.А., магистр, преподаватель,
Дарменкулова А.Ш., магистр, преподаватель
(г. Актобе)
Количество вредных веществ в атмосферном воздухе Актюбинской области
В данной статье рассмотрены некоторые источники загрязнения окружающей среды
Актюбинской области. По данным статистики экологического департамента Актюбинская
область является одним из наиболее неблагоприятных регионов республики. Здесь имеется
ряд различных экологических проблем, одной из которых является загрязнение
атмосферного воздуха. В данных местах измеряется концентрация взвешенных веществ:
сероводорода, углеводорода, диоксида азота, оксид азота, летучие органические вещества,
загрязняющие газообразные и жидкие вещества.
Ключевые слова: экология, загрязнение, атмосферный воздух, загрязнители,
промышленность.
Summary
Erkebaeva G.E., teacher, Darmenkulova A.Sh., teacher, Karasaeva Sh.A., teacher,
(c. Almaty)
An amount of atmospheric harmful substances in air of Aktobe
This article describes some of the sources of environmental pollution of Aktobe oblast.
Aktobe oblast is one of the most unfavorable regions of the republic according to statistical data of
the Department of ecology. There is a number of different environmental problems, one of them is
air pollution.. Watching the state of atmospheric air in area of is mainly determined on three
regions. These places measured on concentration of suspended substances, hydrogen sulfide,
hydrocarbons, nitrogen dioxide, nitrous oxide, volatile organic pollutants in gaseous and liquid
substances.
Key words: ecology, contamination, atmospheric air, pollutants, industry.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
11
ӘОЖ 633. 174. 1
ҚАНТ ҚҰМАЙЫНЫҢ (SORGHUM SACCHARTUM) ЦИТОПЛАЗМАЛЫҚ
АТАЛЫҚ СТЕРИЛЬДІ ЛИНИЯЛАРЫ НЕГІЗДЕ Ғ
1
ГИБРИДТІ ТҰҚЫМЫН АЛУ
Е.А.Кіршібаев, б.ғ.к., аға оқытушы
Н.А.Өмірәлиева, магистрант
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Бұл мақалада анықталғандай 2012-2013 жылғы алынған отандық және шетел
селекциясының стерильді линиялары мен қантты сорттарының дәнінің өнгіштігі (90-100 %)
жоғары нәтиже көрсетті. Стерильді негізде гибридті өсімдік алу үшін май айының алғашқы
онкүндігінде қантты сорттар егілсе, есептеу барысында ерте пісетін МСЛ-26 және
Низкорослое 81 стерильді линиялар 20 күн кеш отырғызылды. Себебі, теплицалық жағдайда
қантты формалармен стерильді линиялардың вегетациялық уақыты алдын ала тәжірибе
арқылы анықталған болатын. Сонымен, далалық жағдайда цитоплазмалық аталық
стерильділікке ие, ерте пісетін, әртүрлі ауруларға төзімділігі жоғары линиялар негізінде
гибридті дән алынды. Тәжірибе барысында өсімдіктің гүлдеу уақыты басталғанда барлық
стерильді линиялардың масақтары арнайы пергаменттік қағаздан жасалған изолятор кигізу
арқылы оқшауланды. Себебі, гүлдеп тұрған басқа қантты сорттардың тозаңдарымен буданға
түсіп кетпес үшін. Сонымен қатар, салыстырып отыру үшін әр вариантта бақылау ретінде де
стерильді линиялардан өсімдіктер оқшауланып қалдырылды. Стерильді линиялармен қантты
құмай сорттары арасындағы будандастыру нәтижесі жақсы көрсеткіш көрсетті. Өсімдік
масағында жоғары мөлшерде дән байлану тек қантты құмайдың сорт ерекшелігіне ғана
тәуелді емес, стерильді линиялардың қасиетіне де байланысты екендігі анықталды.
Дегенмен, дән байлану көрсеткіші бір масаққа шаққанда орташа Оранжевое 160 (МСЛ-26
2200, Низкорослое 81 812 дән), Казахстанская 20 (1600, 1548 дән) және Узбекистан 18 (525,
810 дән) мен стерильді линиялар арасындағы дән байлану көрсеткіші басқа варианттармен
салыстырғанда жоғары болды. Ал, сәйкесінше Ростовский (80, 275 дән) және Сахарное 32
(32, 700 дән) сорттары стерильді линиялармен будандастыру нәтижесінде дән байлану
көрсеткіші біршама төмен көрсеткіш көрсетті. Алынған нәтижелерге қарай отырып
Оранжевое 160, Казахстанская 20 және Узбекистан 18 сорттарын фертильділікті қалпына
келтірушілерге, ал Ростовский мен Сахарное 32 сорттарының фертильділікті жартылай
қалпына келтірушілер деп атауға болады.
Түйін сөздер: Қант құмайы, сорттар, стерильділік, фертильділік, линиялар,
будандастыру, биоөнімділік, ата-аналық формалар, гибридтер, гетерозис, дән байлануы.
Қант құмайы (Sorghum sacchartum) жер шарының ең қуаң аймақтарында өсетін
маңызды өсімдік болып саналады. Кейбір климаттық жағдайларда қант қызылшасы мен
қамысты өсіру мүмкін емес, осындайда қант құмайының қажеттілігі өте зор [1].
Қант құмайы биологиялық және негізгі құрылымы жағынан астық тұқымдасына
жатады. Қазіргі ғылымда құмайдың әртүрлі 50-ге тарта түрі белгілі, олардың ішіндегі ең
танымал және көп тарағаны дәнді және дәнді-шөптесін, техникалық және қант құмайы
саналады. Құмай әлемдік егіншілікте ежелден келе жатқан және кең таралған дақыл. Ол
әлемде 85 елде 50 млн.-ға жуық қуаң, жартылай қуаң және ылғалдылығы аз аймақтарда
шығарылады. Құмай әлемнің көптеген елдерінде тағам және жемшөп өндірісінде
қолданылады. Дәнінен әртүрлі ботқа үшін жарма, ұннан пісіретін тағамдар өндіреді. Қант
құмайының сабағынан жұмсақ алкогольді және алкогольсіз сусындар даярлау үшін сироп
алынады. Дәнінен үй жануарларына, құстарға және балыққа жем дайындайды. Сонымен
қатар, вегатативті массасы сүрлем-шырынды жем және пішен дайындау үшін қолданылады.
100 кг жасыл массасында 24-26 азықтық бірлік, сүрлемде 20-22 азықтық бірлік, пішенде 49
азықтық бірлік бар. Құмай құрғатылған және бір жылдық жайылымда қолданылған жерлерде
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
12
жақсы өсуде. 100 кг дәнінде 119 азықтық бірлік қамтылған. Дәнінде 65-70% крахмал, 11-15%
ақуыз, лизининаға бай, 3,5-4% май жинақталған.
Қант құмайы немесе Sorghum saccharatum қазіргі заманғы ғылымда ең құрғақшылыққа
төзімді өсімдіктердің қатарына кіреді. Құмай, Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша
қуаңшылыққа ерекше төзiмдiлiгінің арқасында өсiмдiктер дүниесiнiң «түйесi» болып
табылады [1,2].
Қант құмайының бұта тәрізді, қалыпты жағдайда кем дегенде биіктігі үш жарым
метрдей болу керек. Қант құмайының негізгі ерекшелігі оның сабағындағы шырынының
химиялық құрамында. Қант құмайының сабағынан алынатын шырынының химиялық
құрамы, өсімдіктің астық және сыпыртқы түрінен ерекшелігі, табиғи жағдайдағы еритін
қанттың (20%) болуында [3,4].
Америкалық ғалымдар құмайдың жаңа қантты сорттарын дамыту үшін көп
еңбектенген, өткен жүзжылдықтың 40-жылдарының өзінде жақсы жетістіктерге жеткен.
Алайда, қант құмайы тамақ өнеркәсібінде ғана сұраныста емес. Қазіргі ғалымдар баламалы
энергияның қайнар көзі туралы кең ауқымды әртүрлі зерттеулер жүргізуде. Қант құмайы
биологиялық отын дайындауда негізгі шикізат болып табылады. Ауылшаруашылық
мамандары қант құмайын «болашақтың өсімдігі» ретінде қарайды. Планетамызда климат
өзгеруде және кейбір аймақтарда құрғақшылық қарқынды етек алып келеді. Қант құмайын,
қызылша мен қантты қамыс өсіруде климаттық және экономикалық жағдайы жайсыз
өңірлерде қолдануға болады [4]. Сонымен, тағам және жемшөп дақылдары бидай, жүгері,
қант қызылшасы және тағы да басқа астық, техникалық дақылдар құрғақ климатта өсе
алмайтын немесе өнімділігі төмен болғанда, құмайдың маңыздылығы жоғары [5].
Қазақстанда құмаймен селекционерлік жұмыс 1976 жылы КазНИИ жайылымдық
шаруашылығында басталды және 1985 жылға дейін жалғасты, сосын 1987 жылдан бастап
қазіргі уақытқа дейін құмайды зерттеу КАЗНИИРиЗ (НЦП егін және өсімдік шаруашылығы)
жүргізілуде. Селекцияға құмайдың барлық дақылдары алынды (дәнді құмай, қантты, шөпті
судандық, гибридті судандық құмай), 1998 бастап тағамдық-жармалық қосылды. Құмай
өндірісіндегі селекциялық жұмыстар биология ғылымдарының докторы В.М.Макаровтың
жеке және тікелей басшылығымен жасалынды. Қызметкерлерімен бірлесе отырып, алғаш рет
дақылдардың сорттарының мол өнімді және құмайдың гибридтерін және могарды жасап
шығарды [7].
Құмайдың құрғақшылыққа және тұзға төзімділігі еліміздің құрғақ аймақтарында бұл
дақылдан мол өнім алуға, көптеп өсіруге мүмкіндік береді. Алайда, осы қасиеттеріне
қарамастан, ол әлі кең көлемде тарала алған жоқ. Құмай дақылдарының егістік алқаптарын
ұлғайтуға тежейтін негізгі себептер – жаңа өнімділігі мен қанттылығы жоғары сорттардың
және аурулар мен зиянкестерге төзімділігі бар будандардың болмауы.
Қант құмайын Қазақстанның оңтүстік-шығыс құрғақ аймақтарында кеңінен енгізуге
тежеуші факторлар өнеркәсіптердің сұраныстарына жауап беретін жаңа сорттары мен
будандарын шығарудағы жұмыстардың аздығы болып отыр. Қант құмайының көптеген
жерсіндірілген сорттары кеш пісетіндігімен, сабақтарындағы қант құрамының және
шырынының аздығымен сипатталады. Осыған байланысты сабағындағы ерігіш қанттылығы
жоғары, мол өнім беретін гибридтерін алу үшін алғашқы зерттеу жұмыстары жасалуда. Ол
үшін қант құмайының шет елдік және еліміздің селекционерлерінің еңбектерімен алынған
қанттылығы жоғары сорттарын анықтау және оларды ерте пісетін және тағы басқа да
шаруашылыққа қажетті белгілері бар сорттармен будандастырып гибрид алу үшін оларды
селекциялық үдеріске тарту қажет.
Объектілер және зерттеу әдістері. Негізгі объект ретінде қант құмайының отандық
және шетел сорттары және перспективті линиялары алынды. Жұмыста қазіргі заманғы
физиологиялық-биохимиялық, генетикалық-селекциялық әдістер, сонымен қатар өсімдікті
зерттеудегі агрономиялық тәсілдер қолданылды. Қанттың ерігіштігін рефроктометрлік
әдіспен
анықталынды.
Вегатациялық
тәжірибенің
қойылуы
[8].
Будандастыру
модификациялық қабылданған әдіспен, ӨББИ экспериментті алаңда жүргізілді.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
13
Марфометриялық параметрлері құрылымдық талдаулар нәтижесінде анықталды. Өлшеу
және өлшем әдісі бойынша өсімдіктің биіктігі, дән байлану, дәннің саны, буын аралықтары
саны, құрғақ биомассасы сияқты өсудің биологиялық параметрлері зерттелінген [9]. Көктеу
күші, өну энергетикасы және өнгіштігі сияқты тұқымның егу сапасы [8-9] бойынша
анықталған. Н.Л.Удольская және Exsel 97 компьютерлік программа бойынша зерттеудің
барлық нәтижелері статистикалық өңдеуден өткізілген.
Тұқымның егу сапасы. Мамыр айында жер аумағы дайындалып, егістікке арналған
тұқым материалы сарапталып, тазаланған. Зертханалық жағдайда зерттелетін сорттар
тұқымының егістік сапасы мен өнгіштігі (1-кесте) анықталған. 1-кесте бойынша барлық
сорттар мен линиялар тұқымның жоғары өнгіштік көрсеткішін көрсетті (90-100% дейін).
Кесте 1– Қант құмайы сорттары дәнінің өнгіштігі
Сорттар
Дәннің өнгіштігі (%)
Низкорослое 81
90±0,8
МСЛ 26
96±0.5
Сахарное-32
100±0,0
Оранжевое-160
100±0,0
Узбекистан-18
100±0,0
Казахстанская-20
96±0,5
Ларец
100±0.0
Ростовский
100±0.0
Порубень-7
100±0.0
Суданская трава Казахстанская 3
100±0.0
Ставрополь-36
100±0.0
Казахстанская-20
100±0.0
Құмайдың стирильді линияларымен жұмыс істеу. Биылғы жылдың мамыр айының
бірінші онкүндігінде, алдын ала дайындалған жер аумағында қант құмайының тұқымы
себілді. Келесі будандастыруға пайдалану үшін жиырма күннен кейін ерте пісетін стерильді
линиялар себілді. Біздің есебіміз бойынша гүлдеу фазасы алдында себілген қант құмай
сортының гүлдеу фазасымен дәл келуі керек. Тұқымды жылы топыраққа (15
0
С-да 6-8 см
тереңдікте) жалпақ қатарлы әдіспен (70х30 см) қолмен отырғызылды. Зиянды
саңырауқұлақтардың және бактериялық аурулардың алдын алу үшін 1 тонна тұқымға 5-10
литр ерітінді есебімен Максим®XL cулы суспензиясымен өңделгеннен кейін алдын ала
сұрыпталған тұқым 4-5 см тереңдікке отырғызылды .
Сорттық ерекшеліктеріне байланысты өскіндер 7-9 күндерінде алғашқы өскіндер пайда
бола бастады. Әрі қарай үнемі фенологиялық бақылаулар жүргізілді. Стирильдік
линиялардың шашақбастары гүлдеу алдында пергаменттік қағазбен жабылды және әдіс
бойынша құмайдың қантты формасының аталық тозаңмен 2-3 рет тозаңдандырылды [11].
Таңғы сағат 8-ден 10- ға дейін уақытта стирильді форманың толық гүлдеу фазасында
будандастыру жұмыстары жүргізілді. Тозаңдандырылғаннан кейін әр масақты пергаменттік
қағазбен жауып, содан кейін сәйкесінше номерленді. Тозаң кепкен сайын ыстық ауа-райында
(изоляторда), әр 2 күн сайын 3-рет тозаңдану жүргізілді [11]. Будандастыру үшін
Низкорослое 81 және МСЛ 26 (Молдовалық стирильді линия - 26) алынды. Аталық форма
ретінде құмайдың отандық және шетелдік селекциясының (Казахстанская-20, Узбекистан-18,
Оранжевое-160, Сахарное-32, Ростовский) жоғары өнімді және жоғары қантты сорттары
алынды. Будандастыру схемасы мен тұқымдарды байланыстыру нәтижелері 2-кестеде
көрсетілген.
Барлық варианттар бойынша стерильдік линиялардың қанттық формамен гибридтеу
нәтижесінде жоғары байланысты көрсетілді. 2-кестенің мәліметтері бойынша Оранжевое-160
х МСЛ 26 және Казахстанская-20 мен және Низкорослое 81 стерильдік линияларымен
будандастыру варианттарында тұқымдардың жоғары байланысуы байқалады. Бір масақта
байланысу орта есеппен 1548-ден 2200 дана тұқымнан тұрады. Сонымен қатар, 810-812 дана
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
14
тұқым берген Узбекистан-18 бен Оранжевое-160 стерильдік линиялы тұқымдар жақсы
байланыс көрсетті.
Кесте 2 – Стерильдік линия мен қантты формамен будандастыру схемасы және масақтағы
данамен алынған гибридті тұқым саны
Аталық
серильді
линиялар
Аталық форма
Казахстанская-20
Узбекистан-18 Оранжевое-160 Сахарное-32
Ростовский
Низкорослое 81
1548±15
810±12
812±19
700±16
275±24
МСЛ 26
1600±55
525±22
2200±9
32±1,5
80±5
Сахарное-32 сорты масақтан 700 дана тұқым берді. Нәтижелердің көрсеткіші бойынша
Ростовский сорты стерильдік линиямен будандастыру барысында тұқымның төмен
байланысын берді (бар-жоғы масақта 275 дана). Сонымен, 2-кестенің мәліметтері бойынша
стерильді линиялар МСЛ 26 және Низкорослое 81 қантты формамен будандастыру кезінде
жоғары байланысты береді, алайда, тұқымның жоғары байланысы қант құмайының сортына
байланысты.
Стерильдік негізінде Ғ
1
өсімдікті алу үшін МСЛ 26 стерильді линия енгізілді. Кестедегі
көрсеткіштер бойынша стерильдік линиядағы тұқымдардың байланысы бір-бірлерінен
өзгешеленеді. Мысалы: Казахстанская-20 х МСЛ 26 будандасуы бір масақтағы тұқымдардың
байланысуы 1600 дана құрайды. Ал стерильді линия мен Оранжевое-160 будандастыру
нәтижесінде тұқым байланыстыру одан жоғары, яғни орта есеппен бір масақта 2200 дана
құрайды. Узбекистан-18 және МСЛ 26 (525 дана) вариантында тұқым байланысу бойынша
Узбекистан-18 бен Низкорослое 81 (810 дана) вариантынан төмен. МСЛ 26 мен Ростовский
және Сахарное-32 мен будандастыру төмен байланысты көрсетті, бір масаққа сәйкесінше
тұқым байланысы, небары 80 және 32 дана құрады. Бұл стерильдік негіздегі тұқым
байланысы қант құмайының сортына ғана емес, сонымен қатар стерильдік линия көзіне
байланысты.
Қорытынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде отандық және шетелдік
селекциясының стерильдік линия және қантты сорттарынан алынған тұқымдардың өнгіштігі
жоғары нәтижені көрсетті (90-100%). Стерильді линиялар мен қантты сорттарды
будандастыру жоғарыдағы схема бойынша будандастыру, барлық комбинациялар бойынша
бір масақта 32-2200 дана аралығында гибридті тұқым алынды. Алынған гибридтер алдағы
уақытта кешенді зерттеуге алынады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Алабушев А.В. Эффективность производства сорго зернового//А.В.Алабушев,
Л.Н.Анипенко. – Ростов-на-Дону: ЗАО «Книга», 2002. – 192 с.
2. Шепель Н.А. Сорго //Н.А. Шепель. – Волгоград: Комитет по печати. – 1994. – 448 с.
3. Sani Y.A., Jaliya M.M., Makeri M.U., Sunusi S.I. and Yari A.A. Sorghum: Production,
Processing, Marketing and Utilization //By IdrisIdris 79.- May 2013. – P.1 – 287.
4. Wayne Smith C., Richard A. Frederiksen John Wiley & Sons, Sorghum: Origin, History,
Technology, and Production. USA. TexasA.&M. university 25 déc. 2000. – 824 p.
5. Морару Г.А. Перспективы использования сахарного сорго для обеспечения
жизнедеятельности человека //Agriculura. Moldovei. – 2000. – №1. – С.16-19.
6. Шепель Н.А. Сорго интенсивная культура //НА. Шепель.-Симферополь: Таврия,
1989. – 191 с.
7. Омарова А.Ш., Макаров В.М., Алмаханов Б.А. Итоги селекционной работы по
кукурузе и сорго в Казахстане //КазНИИЗ – 70 лет: Сб.научн. трудов НПЦЗР. – Алматы:
НурлыАлем. – 2004. – С.172-178.
8. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. – М. 1979. – 416 с.
9. Журбицкий З.И. Теория и практика вегетационного опыта «Наука». – М.: 1969. –230
с.
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
15
10. Удольская Н.Л. Введение в биометрию. – Алма-Ата: Наука Каз. ССР, 1976. – 85 с.
11. Шаманин В.П. Общая селекция и сортоведение полевых культур: учеб. пособие. –
Омск: Изд-во ФГОУВПО ОмГАУ, 2006. – 400 с.
Резюме
Киршибаев Е.А., к.б.н., старший преподаватель, Омиралиева Н.А., магистрант
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Получение Ғ
1
гибридных семян сахарного сорго (Sorghum sacchartum) на основе
цитоплазматической мукой стерильности (ЦМС)
Как указано в этой статье, всхожесть семян стерильных линий и сахарных сортов
отечественной и зарубежной селекции, полученных в 2012-2013 гг., показала высокие
результаты (90-100%). Если для получения на стерильной основе гибридного растения
сахарные сорта были высеяны в первой декаде мая, то в ходе расчета раннеспелые
стерильные линии МСЛ-26 и Низкорослое 81 были посеяны на 20 дней позже
.
Так как,
вегетационный период сахарных форм и стерильных линий в тепличных условиях был
экспериментально заранее определен. Таким образом, в полевых условиях на основе
раннеспелых, с высокой устойчивостью к различным заболеваниям, обладающих мужской
стерильностью линий, были получены гибридные семена. В ходе опыта в период начала
цветения растений метелки всех стерильных линий были изолированы специальными
изоляторами из пергаментной бумаги
.
Для того, чтобы не допустить опыления пыльцами
других цветущих сахарных сортов. Вместе с этим, для сравнения в каждом варианте в
качестве контроля были оставлены изолированные от стерильных линий растения.
Результаты скрещивания между стерильными линиями и сортами сахарного сорго показали
хорошие показатели. Определена зависимость высокой завязываемости зерна в метелках
растений не только от сортовых особенностей сорго сахарного, но и от свойств стерильных
линий. Однако, средний показатель завязываемости зерна на одну метелку у Оранжевое 160
(МСЛ-26 2200, Низкорослое 81 812 зерен), Казахстан 20 (1600, 1548 зерен) и Узбекистан 18
(525, 810 зерен), и показатель завязываемости зерна между стерильными линиями по
сравнению с другими вариантами был высоким. А соответственно, сорта Ростовский (80, 275
зерен) и Сахарное 32 (32, 700 зерен) в результате скрещивания со стерильными линиями
показали значительно низкий показатель завязываемости зерна. По полученным результатам
можно сказать, что сорта Оранжевое 160, Казахстан 20 и Узбекистан 18 относятся к
восстановителям фертильности, а сорта Ростовский и Сахарное 32 можно назвать
полувосстановителями фертильности.
Ключевые слова: Сорго, сорта, ЦМС, фертильность, скрещивание, родительские
формы, гибриды, завязывание.
Summary
Kirshibayev E.A., candidate of biological sciences, senior teacher,
Omirliyeva N.A. undergraduate
(c. Almaty, Kazakh State Women Teacher Training University)
Getting Ғ1 hybrid seeds of sweet sorghum (Sorghum sacchartum) based on flour
cytoplasmic sterility (CMS)
As noted in this article, the germination of the seeds sterile lines and sugar varieties of
domestic and foreign selection, produced in 2012-2013., Showed good results (90-100%). If
obtaining a sterile hybrid plant-based sugar varieties were sown in the first decade of May, then in
the course of calculation of early-maturing sterile line MSL-26 and 81 were undersized sown 20
days later. Thus, the hybrid seeds were obtained in the field on the basis of early-ripening lines with
high resistance to various diseases and possessing male sterility. Panicles of all sterile lines were
isolated from parchment paper using special insulators in the beginning of plant flowering during
the experiment in order to prevent pollen pollination of other flowering sugar cultivars. Relatedly,
plants isolated from sterile lines were left for comparison in each variant as a control. The results of
cross-breeding between sterile lines and sugar sorghum cultivars showed good indicators. The
dependence of high set of grain in plant panicles not only on the cultivars characteristics of sugar
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
16
sorghum, but also on the properties of sterile lines was defined. However, the mean value of grain
set per panicle for Oranzhevoye 160 (MSL-26 2200, Nizkorosloye 81 812 grains), Kazakhstan 20
(1600, 1548 grains) and Uzbekistan 18 (525, 810 grains), and the grain set indicator between sterile
lines for compared to other variants was high. Accordingly, the cultivar Rostovskiy (80, 275 grains)
and Sakharnoye 32 (32, 700 grains) have showed a significantly low indicator of grain set s a result
of cross-breeding with sterile lines. Due to the obtained results we can say that cultivars
Oranzhevoye 160, Kazakhstan 20 and Uzbekistan 18 refer to the fertility restorers, but the cultivars
Rostovskiy and Sakharnoye 32 can be called half-restorers of fertility.
Key words: Sorghum, varieties, cytoplasmic male sterility, fertility, liniyaya, crossing parental
forms, hybrids, tying.
Достарыңызбен бөлісу: |