Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата31.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#10937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Абдуқадырова Қ.А. Мұнай және газ химиясы. – Алматы, 2013. – Б. 6, 17-18.  
2.  Таңжарықов  П.А.,  Абдрахманов  С.Т.,  Сарабекова  Ұ.Ж.  Мұнай  газ  саласындағы 
еңбекті және қоршаған ортаны қорғау. –Қызылорда: Тұмар, 2009. – Б. 126-134. 
 3. Диаров М.Д. Экология и нефтегазовый комплекс. – Том 9. – Алматы, 2011. – Б. 25.  
4. Құлжанов К.С., Алмабеков О.А., Нұралы Ә.М. Мұнай өңдеу процестерін жетілдіру. – 
Алматы, 2011. – Б. 20.  
5. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газдан отын өндіру арнайы технологиясы.  – Астана. 2- 
басылым, 2005. – Б. 331-339. 
Резюме 
Мамирова К.Н., к.г.н., ассоц. профессорПашеева У.М., магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Влияние добычи нефти на окружающую среду и пути его решение  
(в примере Атырауской области) 
Нефть  так  как  является  токсичным  для  окружающей  среды  причинить  большой  вред 
природу  и  здоровья  человека.  Почва,  воздух,  водоемы  подвергаются  заражению.  В 
результате  чрезмерного  развития  углеводородов  в  недрах  было  искусственное 
землетрясение.  Чтобы  свести  к  минимуму  вредное  воздействие  нефти  и  газа  на  здоровье 
человека  и  окружающую  среду  потребует  использования  экологических  технологий. 
Необходимо  строить  дамб  для  предотвращения  наводнений  бурение  нефтяных  скважин. 
Поселения, расположенные вблизи нефтедобывающих и перерабатывающих областей были 
эвакуированы  приемлемым  для  другой  стороны.  Разведкой  и  добычей  нефти,  бурение  и 
освоение  природных  ресурсов  и  охраны  окружающей  среды  должны  осуществляться  в 
полном  соответствии  с  мерами.  Меры  по  охране  окружающей  среды,  направленные  на 
обеспечение  безопасности  населенных  пунктов,  эффективное  использование  земли  и  воды, 
чтобы  предотвратить  загрязнение  грунтовых  и  поверхностных  вод,  лесных  отрогов, 
заповедников и заповедных зон будут использоваться для осуществления мер безопасности. 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
28 
 
Ключевые  слова:  нефть,  нефтепродукты,  окружающей  среды,  природных  ресурсов, 
атмосфера, гидросфера, биосфера, геологической среды, климат, почва, рекультивация и т.д.  
Summary 
Mamirova K.N., cand. of geography sciences,associate professor, Pasheyova Y.M. master 
(c. Almaty, Kazakh State Women´s Teacher Training University) 
The impact of oil extraction on the environment and the way its decision  
(example of Atyrau oblast) 
Oil  as  it is  toxic to  the environment  cause  great  harm to  nature and human health. Soil, air, 
water  exposed  to  infection.  As  a  result  of  excessive  development  of  hydrocarbons  in  the  bowels 
causes  artificial  earthquake.  To  minimize  the  harmful  effects  of  oil  and  gas  production  on  human 
health  and  the  environment  will  require  the  use  of  environmental  technologies.  It  is  necessary  to 
build dikes to prevent flooding oil well drilling. The settlements are located near oil-producing and 
refining  areas  were  evacuated  to  acceptable  to  the  other  side.
 
Oil  exploration  and  production, 
drilling and development of natural resources and protection of the environment should be carried 
out in full compliance with the measures. Environmental protection measures aimed at ensuring the 
security of settlements, the effective use of land and water, to prevent contamination of ground and 
surface water, forest spurs, nature reserves and protected areas will be used for the implementation 
of security measures. 
Key  words:  Oil,  petroleum  products,  environment,  Natural  resources,  atmosphere, 
hydrosphere, biosphere, geological environment, climate, soil, reclamation. etc. 
 
 
 
ӘОЖ 332.142.2 
АЛМАТЫ АГЛОМЕРАЦИЯСЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТЫҚ 
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАНУЫ 
 
К.Н.Мамировап.ғ.к. қауым. профессор м.а.,  
Э.Г.Омирзахова, магистрант 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  Алматы  агломерациясының  антропогендік  ландшафтының 
адам  әсері  нәтижесінде  өзгеруі  жайлы  қарастырылған.  Алматы  қаласы  мен  қала  маңына 
шоғырланған мегаполистер жайлы айтылған. Адам әрекеті нәтижесінде өзгеріске ұшыраған 
ландшафт  түрлері  карастырылған.  Өндірістік  кәсіпорындар  Алматы  агломерациясының 
экологиясын ластауда. Экологиялық ластану мәселелерін шешу үшін рекреациялық аудандар 
мен  жасыл  желектер  көлемін  кеңейту  қажет.  Қаладағы  көлік  санын  азайту  немесе  оларды 
экологиялық  таза  көлік  түрлеріне  ауыстыру  шараларын  қарастыру  керек.  Жалпы,  мұндай 
өтпелі  кезеңде  қаржы  тапшылығына  байланысты  «экология»  деген  ұғымға  әр  адам  өз 
тарапынан  үңілуі  керек.  Экологиялық  оқулықтарды  насихаттау,  тарату  керек.  Жоғары  оқу 
орындарындағы  осы  салаға  маманданып  жатқан  жастармен  жұмыс  жүргізіп,  тағылымдық 
семинарлар  өткізу  қажет.  Сол  сияқты  балабақшадағыларға  қоршаған  ортаны  қорғау 
тақырыбында  қызықты  үйірме  сабақтар  өткізіп,  тіпті  теледидардан  фильмдер  де  көрсетуге 
болады.  Осының  бәрі  –  экологиялық  мәдениетті  құрайды.  Осы  күні  Алматыда  бірнеше 
мыңға  жуық  автокөліктер  бар.  Мұны  екі  категорияға  бөлуге  болады:  Кеңес  кезіндегі 
шығарылған ескі көліктер, қалғандары шетелдік көліктер. Шынында, бұлардың қай-қайсысы 
болмасын  айналаға  орасан  зор  апат  әкелуде.  Осы  көліктердің  шығарған  түтінінде 
ғалымдардың  зерттеуі  бойынша  200-дей  химиялық  зат  болады  екен.  Оның  үстіне  көптеген 
көліктер  қорғасын  қосылған  жанармаймен  жүреді.  Экологиялық  посттар  санын  көбейту 
қажет,  өнеркәсіп  тораптарын  қала  сыртына  көшіру  және  оларды  экологиялық  талаптарға 
жауап беретін жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Алматы қаласының жер жағдайы, 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
29 
 
климаты  өте  ерекше.  Оның  үстіне  аға  ұрпақтың  өз  қолдарымен  жасап  кеткен  демалыс 
орындары  өз  алдына.  Мысалы,  «Баум  бағы»,  Орталық  демалыс  бағы,  28-панфиловшылар 
бағы  ауаның  тазарып  тұруына  белгілі  мөлшерде  пайдалы  әсерін  тигізеді.  Жасыл  желек 
мәселесіне – ағаш отырғызу да кіреді. Ағаш та қартаяды, дауылдан құлайтыны да бар.  
Түйін  сөздер:  агломерация,  антропогендік  ланшафт,  урбандалу,  мегаполис, 
экологиялық ластану, рекреациялық аймақтар. 
Бізге белгілі  Алматы  – экологиялық қолайсыз аймақта, тау қазандығында орналасқан. 
Сондықтан  тау  және  дала  зоналарының  желі  еспейді.  Қаланы  құтқаратын  жалғыз  жол  ол  –
таулы  алқаптағы  ауа  циркуляциясының  бір  қалыпта  жүріп  отыруы.  Бір  ғана  қолайсыз 
құрылған  ғимарат  қаладағы  қалыпты  ауа  айналымын  бұзады.  Сәулетші  Зенков,  Верный 
(Алматы) қаласын жоспарлау кезінде биік ғимараттар тұрғызуға тыйым салған. Ұзын және 
биік ғимарат құрылыстары тауларға перпиндикуляр орналасуы керек, себебі таудан келетін 
ауа  массаларын  толық  тосып  қалмауы  керек.  Таудан  келетін  ауа  массаларының  көлемін 
кеңейтетін  өзен  арналары  Весновка,  Үлкен  және  Кіші  Алматы  маңызды  каналдар  болып 
саналады. Өкінішке орай көптеген аудан тұрғындарының үйлері тауға қарама қарсы есепсіз 
түрде  салынған  және  ол  ауа  массасының  айналымына  кедергі  жасайды.  Жағдайды 
қиындататын  жәйт  бұл  өнеркәсіптік  кәсіпорындарының  көп  бөлігі  қаланың  орталық 
бөлігінде шоғырланып, ал санитарлық-қорғау аумағы (жасыл аудандар) әлсіз немесе жоқтың 
қасы.  Нәтижесінде  қалада  дерлік  жел  болмайды  және  200-ден  астам  түрлі  зиянды 
компоненттері  бар  ауадан  қала  тұрғындары  тыныс  алуға  мәжбүр.  Бұл  жағдай  әрине 
алматылықтардың  денсаулығының  нашарлауына  әкеліп  соғады.  Қала  тұрғындарындағы 
аурулардың  1/3  бөлігі  ауаның  улы  газдармен  ластануына  байланысты  туындайды  екен. 
Кәсіпорындардың  70%-дан  астамы  қала  аумағының  орталық  және  солтүстік  аудандарында 
орналасқан.  Солтүстігі  Райымбек  даңғылында  өндірістік  кәсіпорындар  және  аз  қабатты 
үйлер басым. Соңғы онжылдықта қаладағы ғимараттардың тығыздығы артқан. Әсіресе таулы 
ауа ағынының транзитті аумағы болып саналатын оңтүстік бөлігінде [1]. 
Урбандалған  аймақты  сапалық  жағынан  бағалағанда,  қаланың  орналасуының  физика 
климаттық  факторлары  да  ескеріледі.  Алматы  қаласы  үлкен  мегаполистің  бірінде,  теңіз 
деңгейінен  биік  орналасқан.  Алматы  қаласы  өзінің  физика-географиялық  және  табиғи-
климаттық сипатымен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер оның экологиялық ерекшеліктеріне әсер 
етеді. Алматы қаласы Тянь-Шань тау жүйесінің бір сілемі болып саналатын Іле Алатауының 
солтүстік  баурайының  бөктері  мен  Үлкен  және  Кіші  Алматы  өзендерінің  шатқалдарында 
орналасқан. Дүниежүзіндегі  ең биік орналасқан қалалардың біріне жатады. Оның солтүстік 
нүктесі  теңіз  деңгейінен  670  м,  ал  оңтүстік  нүктесі  –  970  м  белгісін  көрсетеді.  Күрделі 
ландшафты  географиялық  жағдайлар,  қаланың  қазіргі  заманғы  жоспарлы  құрылысын 
анықтады. Тұрғызылған территориялардың көпшілігін тұрғын үй кешендері алып жатыр, ал 
аз  ғана  территорияны  алып  жатқан  бір  қабатты  ғимараттар,  кейбір  аудандарда  ғана 
орналасқан.  Өндіріс  территориясының  70%-дан  астамы,  қаланың  орталық  және  солтүстік 
бөліктерінде  орналасқан.  Райымбек  даңғылынан  солтүстікке  қарай  өндірістік  және  аз 
қабатты  ғимараттар  тұрғызылған.  Соңғы  он  жылдықта  түрлі  ғимараттардың,  тұрғын 
үйлердің,  кешендердің  салыну  тығыздығының  арту  тенденциясы  көп  байқалады.  Сонымен 
бірге,  тау  ауасының  ағымы  өтетін  қаламыздың  оңтүстік  бөлігінде  ғимараттар  да  көптеп 
салынуда.  Іс  жүзінде  осыған  дейін  құрылған  табиғат  қорғау  жобалары  мен  қаламыздың 
оңтүстік бөлігінен негізгі ауа ағымының кедергісіз өту үшін, ғимараттардың салыну жоспары 
да орындалмай, іс жүзінде қалып отыр.  
Қалалық электро көліктер жылжымалы құрамымен жабдықталуы жағынан, маршрутты 
жүйенің  дамуы  жағынан  артта.  Экологиялық  көзқарас  тұрғысынан,  көше-жол  жүйелерінде 
орын  алған  кемшіліктерге,  магистральды  көшелердің  үздіксіз  қозғалысының  және  қала 
сыртындағы  автожолдар  мен  айналып  өту  жолдарының  бір  жүйелі  болмауын  жатқызуға 
болады.  Алматы  қаласының  бас  жоспарының  даму  концепциясына  алдын  ала  қоршаған 
ортаға  әсерін  бағалау  бойынша,  қаламыздың  қоршаған  орта  жағдайына  кері  әсер  ететін 
факторларға  мыналар  жатады:  қаланың  орталық  бөлігіндегі  өндіріс  кәсіпорындарының  көп 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
30 
 
мөлшердегі  концентрация  мен  қоршаған  ортаны  қорғау  бойынша нормативтік талаптардың 
орындалмауы;  қала  құрылымындағы  өндірістік  білім туралы  және  өндіріс  шығарындылары 
бар  аймақтарда  тұрғын  үйлердің  орналастырылуы,  өндірістерде  толық  жүйелендірілмеген; 
санитарлы-қорғау зоналарының әлсіздігі немесе мүлде болмауы және осы аймақтарды басқа 
да  қалалық  қажеттіліктерге  қолданылуы,  өндіріс  территорияларының  қолданылу  тиімділігі 
мен  оларды  көгалдандыру  жұмыстарының  төменділігін  айтуға  болады.  Алматы 
территориясының  қоршаған  ортасын  негізгі  ластау  көзіне  –  өндірістік  кәсіпорындар  мен 
көліктер жатады. Олардың қатарына үш ірі жылу энергетика орнату стансалары (1-ЖЭС,2- 
ЖЭС  және  ГРЭС)  мен  оншақты  қазандықтар,  «Поршень»,  АЗТМ,  «Кітап»  фабрикасының 
өндірістік  комплексі  т.б.  кәсіпорындар  жатады.  Қоршаған  ортаның  экологиялық 
тұрақсыздығына  автокөліктік  ұйымдары  мен  автокөліктер  көп  әсер  етеді  [11].  Ластаушы 
заттар,  қоршаған  ортаға  түрлі  жолдармен  түседі.  Олардың  негізгілеріне  –  өндірістердегі 
газды және шаңды шығарындылар, өндірістік, тұрмыстық ақаба сулар, тұрмыстық қалдықтар 
тастайтын жерлер жатады. Осы жолдар арқылы қоршаған ортаға аса көп мөлшерде ластаушы 
заттар шығарылады. Олардың арасында улылығы жоғары заттар да болады [2]. 
Ауаның экологиялық жағдайын зерттеу нәтижелері.   
Автокөлік  мәселесі.  Қала  көшелеріндегі  автокөліктерден  бөлінген  зиянды  заттар 
қоршаған  ортаға  кері  әсерін  тигізуде.  Қалаға  жылу  беретін  кәсіпорындардан  бөлінетін 
зиянды заттардың алдын алу. Мысалы, Алматыда 1-ЖЭС, 2-ЖЭС, сол секілді ГРЭС, бұдан 
басқа140-тан аса ірілі-ұсақты қазандықтар бар.  
Қаладағы  тұрғын  үйлерден,  жылу  орталықтарынан  бөлінетін  тұрмыстық  қалдықтар 
мәселесі.  Негізінен,  қаладан  бөлінген  күл-қоқыстар  Қаскелең  бағытына  кететін  жолдың 
бойындағы арнайы жерлерге апарылып төгіледі. Кейінгі кездері қоқыс таситын көліктердің 
көнеруіне  байланысты  т.б.  себептер  бар,  осы  жағынан  біраз  қиындықтар  туындауда.  Су 
мәселесі. Осы күні қала тұрғындары ішіп отырған ауыз-су 120 м тереңдіктен алынып отыр. 
Соншама  терең  алынып  отырғанның  өзінде  ауыз  судың  құрамында  әртүрлі  органикалық 
заттардың  бар  екені  байқалады.  Сол  секілді,  жерасты  суымен  бірге  жерүсті  суының  да 
көптеген  шешілмеген  түйіндері  бар.  Бұл  бағытта  да  атқаратын  жұмыстар  шаш  етектен. 
Жасыл желек мәселесі. Алматы қаласының жер-жағдайы, климаты өте ерекше. Оның үстіне 
аға  ұрпақтың  өз  қолдарымен  жасап  кеткен  демалыс  орындары  өз  алдына.  Мысалы,  «Баум 
бағы»,  Орталық  демалыс  бағы,  28-панфиловшылар  бағы  ауаның  тазарып  тұруына  белгілі 
мөлшерде пайдалы әсерін тигізеді. Жасыл желек мәселесіне – ағаш отырғызу да кіреді. Ағаш 
та  қартаяды,  дауылдан  құлайтыны  да  бар.  Оларды  қадағалап,  осылардың  орнын  толтырып 
отыру  керек.  Сонымен  қоса,  кейінгі  кездері  бой  көтерген  «Ақсай»,  «Мамыр»,  «Жетісу» 
секілді  ықшам  аудандарды  жасыл  желекпен  қамтамасыз  ету,  сол  маңайларға  әдемі 
бақтардың  бой  көтеруіне  ықпал  етуде.  Енді  осындай  ойға  алған  әрекеттердің  ілгері  басып 
кетуі  үшін  халықты  ынталандырып,  жеңілдіктер  ұсыну  да  ойластырылды.  Қала  салу 
мәселесі.  Бұл  мәселені  сөз  еткенде  қала  сыртынан  қала  салу  емес.  Жыл  сайын  жаңа 
ықшамаудандар  бой  көтеруде.  Сондағы  салынған  көпқабатты  кешендердің  талапқа  сай 
болуын  қадағалау.  Себебі,  Алматыдағы  бұрын  қаланған  сәулетті  құрылыстарда  біраз 
қателіктерге  жол  берілген.  Мысалы,  Абай  даңғылы  бойындағы  республикалық  Ұлттық 
кітапхана  тау  жақтан  келетін  самал  желдің  алдына  кесе  көлденең  салынған.  Осы  сияқты 
басқа да құрылыс ғимараттары аз емес. Осыған байланысты қазіргі күнде қаланың ұлғаюына 
орай үлкен жоспар жасалып жатыр [3].  
Қоршаған  ортаны  қорғауға  өз  үлестерін  қосқан  шағын  және  орта  бизнеспен 
айналысушыларға  жеңілдіктер  бар.  Мониторинг  және  кадастр,  яғни  үздіксіз  бақылау 
жүргізіп  отыру.  Қоршаған  ортаның  сапасын  үздіксіз  електен  өткізіп тұру  қажет.  Мұның  да 
өзінің  әртүрлі  методологиясы  бар.  Осы  бағытта  қазір  халықаралық  герман  көмек  көрсету 
қоғамымен  жұмыс  жүргізіліп  жатыр,  олардың  өздерінің  бөлген  гранты  бар.  Сондай-ақ 
немістің  «Консалтинг  инженеринг»  фирмасы  жұмыс  істеуде.  Осындай  жұмыстардың 
атқарылуымен  мониторинг,  кадастрдың  негізі  салынуда.  Оқу-білім,  ағартушылық  арқылы 
экологиялық  мәдениет  қалыптастыру.  Жалпы,  мұндай  өтпелі  кезеңде  қаржы  тапшылығына 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
31 
 
байланысты  «экология»  деген  ұғымға  әр  адам  өз  тарапынан  үңілуі  керек.  Экологиялық 
оқулықтарды насихаттау, тарату керек. Жоғары оқу орындарындағы осы салаға маманданып 
жатқан  жастармен  жұмыс  жүргізіп,  тағылымдық  семинарлар  өткізу  қажет.  Сол  сияқты 
балабақшадағыларға  қоршаған  ортаны  қорғау  тақырыбында  қызықты  үйірме  сабақтар 
өткізіп,  тіпті  теледидардан  фильмдер  де  көрсетуге  болады.  Осының  бәрі  –  экологиялық 
мәдениетті  құрайды.  Осы  күні  Алматыда  бірнеше  мыңға  жуық  автокөліктер  бар.  Мұны  екі 
категорияға бөлуге болады: Кеңес кезіндегі шығарылған ескі көліктер, қалғандары шетелдік 
көліктер.  Шынында,  бұлардың  қай-қайсысы  болмасын  айналаға  орасан  зор  апат  әкелуде. 
Осы көліктердің шығарған түтінінде ғалымдардың зерттеуі бойынша 200-дей химиялық зат 
болады  екен.  Оның  үстіне  көптеген  көліктер  қорғасын  қосылған  жанармаймен  жүреді. 
Зиянды заттарды бөлетінін есептемегенде, адам өміріне де әкелетін қаупі аз емес. Кейде тіпті 
көшеде жүрудің өзі мұң болып кетеді. Осындай себептердің жиынтығы мынаған әкеледі: 1. 
Көліктерге  арнайы  түтін  сорғыштар  орнату,  бұл  химиялық  заттарды  бейтараптандырады, 
ұстап  қалады;  2.  Ерекше  қорғалатын  аймақтарға  автокөліктерді  аз  жіберу;  3.  Қала  ішіндегі 
көліктердің  жүру  ережесін  қайта  құру.  Алматы  қаласының  ауа  бассейні  қатты  ластанған 
және  көптеген  химиялық  қосылыстардың  ШРК  мөлшерінен  бірнеше  есе  асып  кеткен. 
Атмосфераның  химиялық  құрамы  әрине,  жыл  мезгілдері  мен  тәулік  бойынша  өзгеріп 
отырады. Ластаушы заттардың құрамында – шаң, күкірт диоксиді, азот диоксиді, азот оксиді, 
көміртегі  оксиді,  күкіртті  сутек,  хлор,  бензапирен,  ванадий,  темір,  мыс,  сынап,  марганец, 
никель,  мырыш,  хром,  қалайы  болады.  Қала  атмосферасының  құрамындағы  21  зиянды 
заттың рұқсат етілген мөлшерден асып түскенін көрсетеді. Осының бәрі қаланың ластанған 
ауа дәрежесінің жоғары екендігін көрсетеді. 2006 жылдың екінші ширегі бойынша алынған 
орташа  көрсеткіштер  мынаны  көрсетеді:  формальдегид  мөлшері  –5,6  ШРК,  шаң-2  ШРК, 
көміртегі  оксиді  –2  ШРК,  азот  диоксиді-2  ШРК,  фенол  –1,3  ШРК.  Райымбек  даңғылының 
бойында формальдагид мөлшері рұқсат етілген нормадан 4 есе, шаң мөлшері 3 есе, ал азот 
диоксиді 2 есе асып отыр. Ал көміртегі оксидінің максимальды бір жолдық концентрациясы 
18  ШРК-ға,  азот  диоксиді  2  ШРК-ға  жетіп  отыр.  Кестеде  анағұрлым  ластанған  Райымбек 
даңғылы  мен  Наурызбай  батыр  көшелерінің  қиылысы  бойында  жиналған  ластаушы 
заттардың  (мг/м  3)  орташа  концентрациясы  2008  жылдың  бірінші  жартысы  бойынша 
көрсетілген. 
Антропогендік 
факторлар 
негізінен 
жанама 
(жолдар, 
каналдар, 
гидротехникалық  құрылыстар,  құбырлардағы  мұнай  төгілуі  т.б.)  және  тікелей  (аң  аулау, 
балық аулау, ағаш кесу, тау-кен өндірісі т.б.) болып 2 топқа ажыратылады.  
Алматы  агломерациясындағы  қолайсыз  экологиялық  мәселелерді  шешу  жолдары:  1. 
Мегаполис  желілеріндегі  және  тұрғындар  тығыз  орналасқан  жерлердегі  өндіріс 
кәсіпорындарды  ауыстыру  керек.  Оларға  Т.Рысқұлов  көшесінде  орналасқан  АЗТМ,  Бетон 
зауыты жатады. Бұл ең алдымен кәсіпорындардан шығып жатқан улы газдарға байланысты 
улануды, өкпе ауруларына шалдыққан тұрғындардың санын азайтады. Екіншіден, өнеркәсіп 
аумағында  тұрғын  үй  құрылысына  шектеу  болуы  тиіс.  Үшіншіден,  бұл  кәсіпорындар 
экологиялық талаптарға жауап беретін қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. 
Төртіншіден,  өндірістік  кәсіпорындар  маңындағы  жасыл  желектер  аумағын  үлкейту  керек. 
Бәрімізге белгілі, ағаштар улы газдар мен шуды зінде ұстап қала алады. Сонымен қатар ауа 
бассейндерінің  тазаруына  көмегін  тигізеді.  Қаланың  экологиялық  тазалығын  қадағалайтын 
экологиялық посттар, ұйымдар құрылуы керек. Мысалы, жастар ұйымы «Жасыл ел» қазірдің 
өзінде біздің еліміздің түрлі аймақтарында қоршаған ортаны қорғау үшін шағын, бірақ елеулі 
үлес қосып келеді [4]. 
2. Мегаполистегі халықтың өсуі мен қоныстануын біркелкі тарату. Қаладағы халық ең 
көп  қоныстанған  аудандар  Жетісу  және  Алатау  болып  саналады.  Олардан  кейін  Қарасай 
ауданы  тұрады.  Бұл  жағдайда  қала  маңына  серіктес  қалалар  тұрғызу  керек  немесе  қала 
орталығындағы  біршама  қаржы  орталықтарын  қала  шетіне  ауыстыру  керек.  Бұл  құбылыс 
қала  халқының  қала  шетіне  қоныс  аударуына  итермелейді.  Өйткені  қала  маңындағы 
қолайсыз экономикалық жағдай ауыл тұрғындарының жұмыс орындарын табуы үшін, білім 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
 
32 
 
алуы  т.б.  үшін  қалаға  келеді.  Нәтижесінде  Алматыға  қос  ауыртпалық  түседі:  қала  халқы 
санының өсуі және ауыл тұрғындарының көші-қоны. 
3.  Алматы  агломерациясындағы  экологиялық  мәселенің  бірі  –  көлік  мәселесі.  Бұл  – 
Алматы  қаласының  басты   экологиялық  проблемасы.  Сондықтан  бірінші  кезекте  сырттан 
келетін көліктерді  қалаға кіргізбеу мәселесін оңтайлы шешу керек. Бұл әлемдік тәжірибеде 
бар. Ол үшін, алдымен, қала әкімдігі сырттан келетін адамдарды қала сыртында көлік қоятын 
тұрақ  пен  қалаға  еш  кедергісіз  жеткізетін  қоғамдық  көлікпен  қамтамасыз  ету  мәселесін 
шешуі  тиіс.  Оған  қоса,  жүк  көліктері  қаланы  сырттай  айналып  өтетін  жол  салу  қажет. 
Сондай-ақ, жылу жүйелеріндегі мазут, көмір пайдалануды толықтай газбен алмастыру керек. 
4.  Қала  маңында  рекреациялық  аймақтарды,  жасанды  көлдер,  бақтарды,  жасыл 
желектерді  көбейту  қажет.  Адам  әрекеті  нәтижесінде  қазіргі  таңда  Весновка  өзені  үлкен 
масштабта ластанған, сонымен қатар бұл тізімге Үлкен Алматы, Қарғалы өзендері де кіреді. 
Весновка  өзенінің  ластану  көзі  тұрмыстық  қалдықтар  болып  отыр.  Өзен  Айнабұлақ 
ықшамауданы үстінен өтеді, бұл ықшамауданда халық көп қоныстанған. Өзен экологиясын 
жақсарту үшін оған жақын маңға қандайда бір кәсіпорын немесе тұрғын  үйлер құрылысын 
жүргізуге  тыйым  салу  керек.  Және  де  өзен  жағалай  ағаштар  отырғызылуы  керек.  Бұл  енді 
антропогендік фактор емес антропогендік ландшафт болып саналады. 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Алматы мың жылдық тарих – Алматы қаласының тарихы. 2009 ж. 
2.  Мұқашева  Ж.Н.,  Көшімова  Ә.Ғ.  «Антропогендік  ландшафтану»  оқу  құралы.  –
Алматы, 2004 ж. 
3. Тәтімов М. Ұлттық урбанизациямыздың ұтымды үрдістері. – Алматы: Атамұра, 1993. 
– 102 б. 
4. АОММ. 1078. «Алматинский областной маслихат». 1-т., 37-іс, 87-п. 
Резюме 
К.Н.Мамирова, к.п.н., и.о. ассоц. проф., Э.Г.Омирзахова, магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Трансформация антропогенных ландшафтов агломерации города Алматы 
В  статье  расcмотрены  трансформация  антропогенных  ландшафтов  Алматинской 
агломерации  и  экологические  проблемы  мегаполиса,  в  частности  воздействие  предприятий 
на атмосферу Алматы. Приведены результаты изучения состава и свойств аэрополлютантов, 
выявлены  источники  загрязнения  окружающей  среды.  Определены  средние  концентрации 
аэрополлютантов. В этом статье рассмотривается неблагоприятная экологическая обстановка 
в  городе  Алматы  и  в  зоне  его  влияния  связана  с  отрицательным  воздействием  на 
окружающую 
среду 
автотранспорта, 
теплоисточников, 
промышленных 
и 
сельскохозяйственных  предприятий,  обусловлена  характерными  природно-климатическими 
особенностями  –  слабой  аэрацией  территории,  инженерно-геологическими  условиями, 
особенностями  рельефа.  Наблюдаемые  в  Алматы  процессы  стихийного  территориального 
разрастания самих городов и их пригородных поселений сопровождаются не только резким 
ухудшением экологического состояния окружающей среды, катастрофическим нарастанием 
транспортных  проблем,  но  и  ростом  социальной  напряженности  и  криминальных 
проявлений. 
Ключевые  слова:  агломерация,  антропогенный  ландшафт,  урбанизация,  мегаполис, 
экологическая загрязнение, рекреационная зона. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет