Summary
K.N.Mamirova, acting assoc. prof., E.G.Omirzahova, undergraduate
(c. Almaty, Kazakh state women's teacher training university)
The transformation of anthropogenic landscapes of Almaty agglomeration
The article reveals the transformation of anthropogenic landscapes of Almaty agglomeration
and environmental issues of metropolis, in particular the impact on enterprises of Almaty
atmosphere. The results of the study of the composition and properties of aeropollutants , identified
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
33
sources of pollution. Determine the average of concentration aeropollutants. The article devoted to
unfavorable ecological situation in Almaty city and in the zone of its influence is associated with a
negative impact of the transport medium, heat sources , industrial and agricultural enterprises due
to the climatic characteristic features - weak aeration territory, engineering-geological conditions
terrain features.
Keywords: agglomeration, anthropogenic landscape, urbanization, metropolis, environmental
pollution, recreation area.
ӘОЖ 378.61(0758)
ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Е.Ж.Меңліғазиев, х.ғ.д., профессор,
Ж.Қ.Қуанышева, п.ғ.к., аға оқытушы,
Ұ.Кәдірәлі, магистрант
(Алматы, Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Химияның маңызды теориялық ашылулары көптеген эксперименттік
фактыларды жалпылаудың нәтижесі екені анық. Заттың табиғаты эксперименттің көмегі
арқылы танылады, ол өзара байланыс пен өзара тәуелділікті ашуға көмектеседі. Химия
ғылымында эксперимент маңызды болса, осы ғылымның негізін оқытатын мектепте де оның
маңызы зор болуы керек. Зат және олардың бір түрден екінші түрге айналуы туралы ұғымды
химия курсында қалыптастыру, оның негізінде теориялық білім беру үшін осы заттарды
бақылау мен химиялық эксперимет жүргізусіз мүмкін емес. Сонымен қатар, химиялық
эксперимент кезінде бақыланып жатқан химиялық құбылыстың үрдісін түсіндіру үшін
оқушының теория мен заңдарды терең білуін қажет етеді. Сондықтан тәжірибе жасау үшін
керекті білік пен дағдыны қалыптастыруда химиялық эксперимент үлкен рөл атқарады.
Теория мен эксперименттің тығыз байланыста болуы ғана оқу-тәрбиелік үрдісте
оқушылардың химиядан жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
Химиялық экспериментті оқытушы мен оқушының белсенді әрекет ететін үрдісі деп
атауға болады. Осыған орай, химиялық экспериментті оқушылардың белгілі білім
жүйесімен, дағды мен білікпен қаруландыруға бағыттайтын оқытушының шығармашылық
қызметі деп, ал оқушының білім жүйесі және дағды мен білікті меңгеруге бағытталған
оқушының танымдық қызметі деп қарастыруға болады. Химиялық эксперименттің
мәселелері кейбір химияны оқыту әдістемесі жайлы жұмыстарда қарастырылған. Бірақ
олардың көбісінде тәжірибені қою техникасына көп көңіл бөлінеді де, оларды сабақта
пайдалану әдістемесіне сирек назар аударады. Химиялық эксперимент кезіндегі оқытушы
мен оқушы қызметінің ішкі байланысы химияны үйрету үрдісін құбылыстар мен үрдістерді
тек жазба түріндегі деңгей деп қана таныстырмай, қазіргі заманғы химия ғылымымен
байланыстырып себеп-салдарын түсіндіру, оның мәнін меңгеру деңгейінде ұйымдастыруға
мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: мемлекеттік білім беру стандарттары, мектептегі химиялық эксперимент,
зертханалық жұмыс, көрнекі тәжірибе, сарамандық жұмыс, эксперименттік есеп,
практикалық дағды.
Сөз – көрнекі және сөз – көрнекі – сарамандық әдістерді оқытудың ең маңыздысы
химиялық эксперимент болып табылады. Ол химия пәнін оқытуда ең маңызды рөл атқарады.
Химиялық эксперимент оқушыларға тек атаулармен ғана емес, сонымен қатар, химия
ғылымының әдістерімен таныстырады. Химиялық экспериментке үлкен үлестерін қосқан
ғалымдар: В.Н.Верховский, В.В.Фельдт, К.Я.Парменов, В.В.Левченко, В.С.Полосин,
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
34
Д.М.Кирюшкин, Л.А.Цветков, И.Нұғыманұлы, Ж. Шоқыбаев, З.Өнербаева және тағы
басқалар .
К.Я.Парменов эксперименттің техникасына ғана назар аудармай, сонымен қатар, пәнді
оқыту процесіндегі оның орындалу методикасына да басты назар аударды. Ол:
«Демонстрациялық тәжірибені жүргізу барысында оқушылардың тәжірибені бақылауы мен
оны батыл жүргізуіне дайындау керек» деген [1].
Химия пәні бойынша оқу-тәрбие процесінде оқушыларда терең сапалы білім
қалыптасуы үшін эксперимент пен теория тығыз байланыста болу керек.
Химиялық эксперименттің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып мұғалім оқушыны
теориялық білімдерін нақтылауға, жинақтауға және практика жүзінде іске асыруға үйретеді.
Химиялық эксперимент оқушыларға теория жүзінде оқыған, меңгерген түсініктері мен
қалыптасқан білімдерін практика жүзінде көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, жасап көруі
арқылы тереңдетуге көмектеседі. Оқушылар жинақтаған білім, біліктерін және қалыптасқан
дағдыларын тек орта мектепте ғана пайдаланып қоймай, одан кейін де пайдалана алады.
Химиялық эксперимент – құбылыстардың сырын ашудың негізгі құралы. Эксперимент
арқылы оқушылар құбылыста ешбір жұмбақ және жасырын сыр жоқ екеніне, олардың да
табиғатта белгілі бір заңдылықтарға бағынатынын, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді
адамның сарамандық іс-тәжірибелерінде кең пайдалануға мүмкіндік туғызатынына
оқушылардың көзі жетеді. Эксперимент оқыту үрдісінде теориялық тәжірибемен өзара
байланысып іске асады және білімді сенімге айналдырады.
Оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де
эксперимент қолданылады. Сонымен қатар, эксперимент оқушылардың бақылаушылық,
ізденушілік қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіруге, алған білімді іс
жүзінде қолдана білуге тәрбиелейді. Эксперимент химия сабағында, сарамандық сабақтарда
дәлелдеу және тексеру құралы ретінде де пайдаланылады.
Химиялық эксперименттің ең басты атқаратын функциясы – оқушылардың танымдық
іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады.
Танымдық іс-әрекет дегеніміздің өзі – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан және ізденімпаздықтан қалыптасады. Ал
белсенділік – білім алуының іс-әрекет пәнімен тікелей орналасу дәрежесін анықтайды.
Химия пәнін оқытуда танымдық іс-әрекетті белсендіру – бұл оқушының белгілі мақсатқа
бағытталған әрекеті, қызығушылығын тудырып, шығармашылығы мен шеберлігін арттыруда
қолданылатын әрекеттер жиынтығы. Оқушыларда танымдық іс-әрекеттері өз бетінше
жүргізу дағдысын қалыптастыру – оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі. Мұны жүзеге
асыру оқушыларды жинақтылыққа, өзін-өзі дұрыс басқаруға үйретеді, білімді саналы түрде
игеріп, оны танымдық шығармашылық және қарапайым тапсырмаларды орындауда дұрыс
қолдана білуге жетелейді. Сондықтан да оқу барысында оқушылардың таным белсенділігін
арттыруды олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, ізденушілік қабілетін
қалыптасатындай етіп ұйымдастыру керек.
Химия пәні сабағында танымдық белсенділікті арттыруда түрлі жаңа технологияларды
қолдануға болады. Сонымен қатар оқытуда дайын білімді беру, есте сақтау, қабылдау ғана
емес, оқушының білімі өз бетінше қызмет нәтижесінде кеңею керек. Осыдан оқушының жеке
тәжірибесі мен іс жүзіндегі әрекеті шығады [2].
Химия ғылымында және оны білім ретінде оқыту процесінде химиялық эксперименттің
бүгінгі таңда қолданыста бірнеше түрі бар. Олар: демонстрациялық эксперимент,
зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыс, эксперименттік есептер, ой эксперименті.
Демонстрациялық эксперименттің мақсаты негізінен жоспар бойынша жаңа
материалды түсіндіру кезінде оқушылар санасында заттар, химиялық құбылыстар және
процестер туралы нақты көзқарастар тудыру үшін химиялық түсініктер қалыптастыру. Ол
орындалу үшін мынандай эксперименттік әдістер пайдаланады:
-тәжірибенің мақсатын қою қажет, яғни эксперимент не үшін өткізіледі, экспериментті
бақылау нәтижесінде нені түсіну және ұғыну қажет;
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
35
-тәжірибе жүргізілетін құрылғыны суреттеу, тәжірибе шартын және реактивтерге
сипаттама берілуі керек [3].
Осыған орай демонстрациялық экспериментке байланысты бір мысал келтіре кетуге
болады. Мысалы, 8-сынып оқушыларына «Оттегінің қасиеттері» деген тақырыпта дәріс
оқығанда оның қандай зат екенін және қандай жағдайларда басқа қосылыстармен химиялық
реакцияға қатысатынын анықтап, түсіндіріп, ұғындырғаннан кейін ары қарай сабаққа қажетті
құрал-жабдықтарды дайындап алу қажет. Оған қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:
бертолле тұзы, қызыл фосфор ұнтағы, натрий, спирт шам, пробиркалар, шырпы, химиялық
қасық, сүзгі қағаз, асбест мақта. Тәжірибе жасамас бұрын оқушыларға, оттектің физикалық,
химиялық қасиеттеріне қысқаша сипаттама берілуі тиіс. Оттегі иіссіз, түссіз, ауадан шамалы
ғана ауырырақ газ. Қалыпты жағдайда бір литр оттегінің салмағы 1,43 г тең. Оттегі суда өте
аз ериді (0˚С-та көлем бойынша 5:100), сондықтан оны су үстінде жинауға болады. Оттегі
химиялық активті элемент. Ол инертті газдар, галогендер және алтын мен платинадан басқа
элементтердің бәрімен тікелей әрекеттеседі. Элементтердің оттегімен қосылыстары оксидтер
деп аталады. Одан кейін оттектің физикалық, химиялық қасиеттерін пән мұғалімі
демонстрация түрінде дәлелдеп, оқушыларға көрсетуі қажет.
1. Пробиркаға бертолле тұзын салып қыздырамыз, тұз балқып қайнаған сияқты бола
бастайды. Бұл – оттегінің бөлініп, тұздың айырыла бастағанының алғашқы белгісі. Шала
жанған шырпыны пробирка аузына жақындатсақ, оттегі бөлінген болса, шырпы лап етіп
жанады. Бұл реакциядан оқушылар оттегін зертханада құрамында оттегі болатын тұрақсыз
қосылыстардан алуға болатынын түсінеді.
2KCIO
3
→ 2KCI + 3O
2
2. Оттегінің химиялық қасиеттерін түсіндіру үшін оның жай заттармен қосылуына
бірнеше тәжірибелер жасалады.
А) темір қасыққа аздап қызыл фосфор салып, спирт шамында қыздырып, жанған
фосфорды оттек бар пробиркаға батырсақ, фосфор оттегінде көз қаратпайтын жарық
шығарып, ашық жалынмен жанады, ыдыс ішінде қою ақ түтін фосфор (V) оксиді түзіледі.
4P+5O
2
=2P
2
O
5
+Q фосфор(V) оксиді
Ә) Натрийдің бір түйірін керосиннен алып, сүзгі қағазымен сүртіп, құрғатамыз және
сыртындағы қабыршақтарынан тазартамыз. Оны темір қасыққа салып, қасықтың түбіне
асбест қағазын немесе асбест мақтасын төсейміз. Спирт шамның жалынында балқығанша
қыздырамыз. Балқып жана бастаған натрийді ішінде оттегі бар шыны ыдысқа саламыз,
оттегінде натрий жарқырап жанады.
4Na + O
2
= 2Na
2
O
Б) Оттегінің ауадан ауыр екенін дәлелдеп, көз жеткізу үшін, техникалық таразының
табақшасына көлемдері бірдей екі колбаны қойып, теңестіреміз. Содан кейін газометрден
келетін түтікті колбаның қабырғасына тигізіп алмай, ішіне енгіземіз де аспаптағы затты
қыздырып, оттегін жібереміз. Бөлінген оттегі жиналып, колбадағы ауаны ығыстырған кезде
таразының осы жағы төмен қарай басылады.
Жасалған тәжірибелер нәтижесінде оқушылар бос күйдегі оттектің активті, ауадан
ауыр, химиялық реакцияға оңай түсетін элемент екендігіне көз жеткізіп, жаңа сабақты
қорытындылайды.
Зертханалық тәжірибелер – мұғалімнің бақылауымен оқушылар өз бетінше
орындайтын жұмыс түрі. Зертханалық тәжірибелер жаңа материалды толық ұғыну үшін және
нақты, дәлелді білім алу үшін сабақтың кез келген ыңғайлы бөлігінде жасалатын тәжірибе
түрі. Зертханалық тәжірибелер, теориялық ұғымдар, ережелер және кейбір түсініктерді
нақтылау үшін заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу, физика-
химиялық құбылыстарды бақылау және тағы сол сияқты жұмыстарды қамтиды.
Зертханалық жұмыс кезіндегі эксперименттің өзіне тән артықшылықтары бар.
Зертханалық жұмыстар мұғалімнің тікелей басшылығымен жүргізіледі. Сыныптағы
оқушылар бір мезгілде бір ғана жұмысты орындайды. Зертханалық жұмыс кезіндегі
эксперимент уақытты көп керек етпейді. Мұғалім зертханалық жұмыс кезінде оқушылардың
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
36
тәжірибелерді жасау барысын бақылап және бағыт-бағдар беріп отырады. Оқушылар
зертханалық жұмыстарды мұғалімнің көмегімен қорытындылайды. Мысалы, «глицериннің
қасиеттері» деген тақырыпқа оқушылар зертханалық жұмыс жасайды.
Тапсырма: а) глицеринді суда еріту;
ә) глицериннің ылғал тартқыштық қасиетін байқау;
б) глицеринге тән реакциялар;
Жұмыстың барысы:
а) глицериннің суда еруі.
Оқушылардың әрқайсысы пробиркаға 5мл глицерин құйып алады да, оның үстіне сол
мөлшерде су құйып араластырса, глицериннің суда жақсы еритіндігі байқалады;
ә) глицериннің ылғал тартқыштығы.
Бір парақ сүзгі қағаздың бетіне 2-3 тамшы глицерин мен одан бөлек жеріне бірнеше
тамшы су тамызып бақылағанда, су тез буланып кетеді де, ал глицерин тиген жері
бұрынғыдай еш өзгеріссіз ылғал күйінде қала береді.
б) глицериннің жануы
глицерин түссіз жалынмен жанып CO
2
, H
2
O түзіледі.
В) глицериннің натриймен әрекеттесуі.
Пробиркаға 1-2 мл глицерин құйып, оған тазартылған металл натрий түйірін салып,
аздап қыздырғанда, реакция шабытты әрекеттесіп, нәтижесінде натрий глицераты мен сутегі
түзіледі.
CH
2
OH CH
2
-ONa
CH-OH + 2Na = CH-ONa + H
2
CH
2
OH CH
2
OH
Зертханалық тәжірибе жасап болғаннан кейін, оқушылардың жасаған жұмыстарын
қаншалықты түсінгенін тексеру үшін жасаған тәжірибелері бойынша ауызша сұрақтар
қойылып, зертханалық жұмысқа қорытынды жасалады.
Практикалық жұмыс – тақырыпты немесе тарауды оқып болғаннан кейін сол жаңа
материалға сәйкес химиялық тәжірибелерді арнайы сабақта оқушылар өз бетімен жасайтын
жұмыстың түрі, оқу жоспарында практикалық жұмысқа арнайы сағат бөлінеді. Практикалық
жұмыс басқа сабақ түрлеріне қарағанда алынған білімді қорытындылауға және ол білімді
эксперименттік жұмыстарға қолдана білуге, өзін-өзі бақылауға, білік пен дағды
қалыптастыруға, білімін жетілдіруге, ізденімпаздылыққа үйретеді. Сонымен қатар,
оқушының ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық қабілетінің дамуына көмектеседі.
Эксперименттік есептер – тек тапсырмалардан тұратын оқушылар өз бетінше
орындаған жұмыстың түрі, яғни есеп мазмұны беріледі, оны шешудің және практика жүзінде
жүргізудің жолдарын оқушылар өздері өз бетінше анықтайды және таңдайды, іс жүзінде
жүзеге асырады. Жұмыстың мұндай түрін орындау оқушылардан тек теориялық білімдерін
пайдалануын ғана емес, сәйкес тәжірибелерді жүргізе алу қабілеттіліктерінің болуын талап
етеді. Эксперименттік есептерін шығару химияда оқушылар үшін маңызды өзіндік
жұмыстың түріне жатады. Эксперимент есептерінде сандық мәліметтер болмайды, химиялық
тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білікті қалыптастыруда
эксперименттік есептердің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар
теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Олар химиялық құрал-
жабдықтармен және реактивтермен жұмыс істеу дағдыларын нығайтып жетілдіре түседі.
Эксперимент есептерін үзбей шешіп машықтанғанда оқушылар өздігінен жұмыс істей білуге,
ұқыптылыққа, өз ісіне сын көзбен қарауға үйренеді. Оқушылардың химиядан білім сапасы
мен сарамандық әзірлігі эксперимент есептерін шығару үстінде айқын бөлінеді.
Ой эксперименті оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіру әдісі ретінде ұмыт
болған эксперимент түрінің бірі. Оны көптеген химия пәні мұғалімдері қолданбайды да,
себебі, бұл эксперимент түрі туралы оқу құралдарында, әдістемелік құралдарда және басқа
да ақпарат көздеріндегі мәліметтердің өте аздығынан көп зерттелмеген. Ой экспериментін
жүргізуде мұғалімнің рөлі өте жауапты. Мұғалімнің міндеті оқушыларға тапсырма
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
37
берілгеннен кейін олардың эксперимент жүргізу жолдарын талдау, талқылау және абстракты
ойлау процестерін үзбей бақылап отыру қажет. Оларды мүқият тыңдай отырып орбитор
(баға беруші) рөлін атқару қажет. Оқушылардың өзінің ұсынған жолдарын олардың
өздерімен бірге талқылай отырып, қажет болған жағдайда бағыт-бағдар көрсету қажет.
Соңында әрбір оқушының сабаққа белсенділігін, іс-әрекетін бақылау қажет [4].
Қорыта айтқанда, химиялық эксперимент орындалу барысында байқалған химиялық
құбылыстар мен үрдістерді түсіндіру кезінде оқушыға химиялық білік пен дағды қалыптасуы
жүзеге асады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, сапалы химиялық білім беру оқушының ой-өрісін
дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастырады да, алған білімі химияны күнделікті
тұрмыста сапалы қолдануына мүмкіндік береді. Оқушының химия пәніне деген
қызығушылығын дамыту үшін мүмкіндігінше олардың өздігінен жұмыс жасауына, соның
ішінде негізгі химиялық ұғымдарды жете танып білуіне химиялық эксперимент көмегін
тигізеді. Химиялық эксперимент барысында оқушылардың химиялық ұғымдарды түсінуі
жеңілдеп, сарамандық дағдылары қалыптасып, қорытынды жасауды меңгереді. Сонымен
қатар тәжірибеге керекті құралдардың құрылысын, оның бөлшектерінің орналасуын, бір-
бірімен байланысуын және операциялардың орындау тәртібін ұғынып, жұмысты ретімен
істеумен қатар құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білу жөнінде толық мағлұмат алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе. – М.: Владос, 2000.
– 413 с.
2.
Нұғыманұлы И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. –
Алматы: «Print-S», 2005. – 353 б.
3.
Зуева М.В., Гара Н.Н. Школьный практикум. Химия. 8-9 классы. – Москва: Дрофа,
1999.
4.
Гара Н.Н., Зуева М.В. Школьный практикум. Химия. 10-11 классы. – Москва:
Дрофа, 1999.
Резюме
Менлигазиев Е.Ж., д.х.н., профессор, Куанышева Ж.К., к.п.н., ст. преподаватель,
У.Кадирали, магистрант, 1 курс
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Формирование экспериментных навыков учащихся по химии
Если мысленно проследить исторический путь химической науки, то можно убедиться,
что в ее развитии огромная роль принадлежит эксперименту. Все значимые теоретические
открытия в химии являются результатом обобщения большого числа экспериментальных
фактов. Формирование представлений и понятий о веществах и их превращениях в курсе
химии, а на основе этого и теоретических обобщений невозможно без конкретного
наблюдения за этими веществами и без химического эксперимента. Кроме того, химический
эксперимент играет важную роль в формировании умений и навыков для проведения
опытов. Следовательно, только в тесном взаимодействии эксперимента и теории в учебно-
воспитательном процессе можно достигнуть высокого качества знаний учащихся по химии.
Химический эксперимент следует рассматривать как процесс, включающий в себя две
активно действующие стороны – преподаватель и ученик. В этой связи химический
эксперимент в ходе обучения можно рассматривать как творческую деятельность
преподавателя, направленную на «вооружение» учеников определенной системой знаний,
умений и навыков, и как познавательную деятельность учащихся, направленную на
овладение системой знаний, умений и навыков. В первом случае ученик выступает как
объект, на который воздействуют, во втором – как субъект, связывающий оба вида
деятельности. Только так ученик в состоянии проникнуть в суть химических явлений и
процессов, освоить их на уровне общих закономерностей, ведущих идей и теорий и
использовать полученные знания для дальнейшего познания предмета химии. Вопросы
Хабаршы-Вестник-Bulletin №4(64), 2016
38
химического эксперимента рассмотрены в ряде работ по методике обучения химии. Но в них
в большинстве случаев обращается внимание на технику постановки опытов и значительно
реже на методику их использования на уроках.
Внутренняя взаимосвязь деятельности преподавателя и учащихся в процессе
химического эксперимента позволит организовать процесс познания химии не на уровне
описательного ознакомления с явлениями и процессами, а на уровне овладения их
сущностью, объяснения причинно-следственных связей между ними с позиций современной
химической науки.
Ключевые слова: государственный стандарт образования, химический эксперимент в
школе,
лабораторная
работа,
демонстрационный
опыт,
практическая
работа,
экспериментальные задачи, практические навыки.
Summary
E.Mendigaziev, doctor of chemical sciences, professor,
Zh.Kuanysheva, candidate of pedagogical sciences, senior teacher,
W.Kaderali master student
(c. Almaty, Kazakh state women's teacher training university)
Formation of the experimental skills of students in chemistry
If you mentally trace the historical path of chemical science, we can see that in its
development a great role belongs to experiment. All the significant theoretical discoveries in
chemistry are the result of a synthesis of a large number of experimental facts. The formation of
ideas and concepts about substances and their transformations in the course of chemistry, and based
on this and theoretical generalizations impossible without a specific monitoring of these substances
and without any chemical experiment. In addition, chemical experiment plays an important role in
the formation of skills for conducting experiments. Therefore, only in close collaboration of
experiment and theory in the educational process to achieve high quality of pupils ' knowledge in
chemistry. Chemical experiment should be seen as a process that involves two active parties – the
teacher and the student. In this regard, the chemical experiment in the course of learning can be
seen as a creative activity of the teacher, aimed at "arming" students certain knowledge, skills and
abilities, and how cognitive activity of students aimed at mastering the system of knowledge,
abilities and skills. In the first case the student acts as the object that is exposed in the second – as a
subject that links both activities. In the first case the student acts as the object that is exposed in the
second – as a subject that links both activities. The only way the student can grasp the essence of
chemical phenomena and processes, to master them at the level of the General laws, the leading
ideas and theories and to use the obtained knowledge for further study of chemistry.The chemical
experiment discussed in several works on the methodology of teaching chemistry. But in most cases
attention is drawn to the technique of staging experiences and much less on their usage in the
classroom.
The internal relationship between the activities of teacher and students in the chemical
experiment will allow to organize the process of learning chemistry is not at the level of descriptive
acquaintance with the phenomena and processes, and the level of knowledge of their essence,
explanations of causal relationships between them from the standpoint of modern chemical science.
Keywords: state standard of education, the chemical experiment in school laboratory work,
demonstration of experience, practical work, experimental tasks, practical skills.
Достарыңызбен бөлісу: |