Вестник Казнпу им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата06.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#3561
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39

Кілт  сөздер:  көркемдік  жаңалық;  шығармашылық  тұлға;  тіл  мәнерлігі;  ұлттық  ерекшеліктер;  авторлық 
қолданыс;  шығарма идеясы. 
Аннотация:  В  современном  казахском  языкознании  возникла  необходимость  в  концептуальном  анализе 
художественных  произведений  с  точки  зрения  национально-культурных  познаний.  Поэтому  имеет  огромное 
значение  языковое  познание  прозы  писателя  Габита  Мусрепова,  которая  сыграли  огромную  роль  в 
формировании  национального  характера.  В  представленной  статье  рассматривается  поэтические  особенности 
произведении Ғабита Мусрепова и его художественноемастерство. Раскрыты своеобразие творческой личности 
писателя, оригинальность и глубина художественного видения им действительности. Анализируя произведения 
писателя  в  когнитивной  системе  его  творчества,  авторы  показали  тесную  связь  поэта  с  художественно-
эстетическими  традициями  народа,  его  новаторство.  Пристальное  внимание  уделено  на  стилистические 
особенности художественных средств, использованных в произведениях, которая дает возможность учитывать 
неповторимое  своеобразие,  самобытность  художника  слова,  грани  его  таланта.  Выявляется  значение 
национально-познавательных  лингвокультуремов,  образность  художественных  средств  и  приемов, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
140
 
употребляемых  автором.  Также  исследуется  семантико-стилистические  функции  лексических  пластов, 
отличительное  своебразие  тропов  при  создании  художественной  картины  мира.  Проанализирована    языковая 
картина  мира  в  творчестве  писателя  как  способ  кумуляции  национальной  культуры.  Авторами  доказаны 
индивидуальность писателя и особенность использования лингвостилистических приемов в передаче образов-
персонажей, в описании пейзажа. В заключении авторы приходят к выводу широкое применение выразитель-
ных средств языка свидетельствует как о мастерстве писателя, так и отражает его языковую личность. 
Ключевые  слова:  художественная  новизна;  творческая  личность;  выразительность  языка;    национальные 
особенности;  авторское использование; идея произведения. 
Abstract: In modern Kazakh linguistics there is a need for the conceptual analysis of fiction based on the national 
and cultural knowledge. Therefore the linguistic knowledge of the prose by the writer Gabit Musrepov, that played a big 
role  in  the  formation  of  national  character  is  of  great  importance.  In  the  given  article  the  features  of  poetic  works  by  
Gabit  Musrepov  and  his  writing  skills  are  considered,  and  the  peculiarities  of  creative  writer's  personality  and 
originality, the depth of his artistic vision of reality are revealed. The author showed the close connection of the poet 
with art and esthetic traditions of the people, its innovation, analyzing the works of the writer in the cognitive system of 
his creativity. Careful attention is paid to the stylistic features of the expressive means used in his works, which allows 
to consider the unique identity and originality of the master’s words, facets of his talent. The meaning of national and 
cognitive linguistic culture and rheme, imagery expressive means and devices used by the author  are revealed and also 
the semantic and stylistic features of lexical formations, the special peculiarity of tropes in creating the linguistic picture 
of  the  world  are  investigated  .The  linguistic  picture  of  the  world  in  the  writer’s  work  as  a  way  of  accumulation  of 
national culture is analyzed in the article. 
The  individuality  and  peculiarity  of  the  writer  in  the  use  of  linguistic  and  stylistic  devices  to  transfer  images  of 
characters,  the  description  of  the  landscape  are  proved  by  the  author.  The  author  comes  to  a  conclusion  that  the 
widespread use of expressive means of the language reflects both the writing skills of the writer and shows his language 
personality.  
Keywords:  literary  novelty;  creative  personality;  language  expressiveness;  national  features;  author`s  neologisms; 
the idea of literary work. 
 
Қазақ әдебиетінің биік белеске шығуына үлкен үлес қосып, ерен еңбек еткен Ғ. Мүсірепов – ана 
тіліміздің  ел  таныған  шебері.  Оның  зері  мен  өрнегі,  мүдірсіз  жазу  мәнері  тіліміздің  сұлулығы  мен 
икемділігін,  бай  мүмкіндігін  паш  етеді.  Ақиқат  ғұмыр  кешкен,  қиын-қыстау  кезеңде  азаматтық  ер 
тұлғасынан  айнымай,  адалдықтан  ауытқымай  өткен  абзал  жазушының  артына  қалдырған  асыл 
мұраларының  құпия  сырларына  үңілу,  өрнекті  сөздерін  саралау,тіл  тарихы  үшін,  жаңа  сапада 
жаңғырып  жатқан  ұлттық  сана  үшін  аса  маңызды.«Ғабитті  мақтаудың  қажеті  жоқ,  Ғабитпен 
мақтануымыз қажет» деген академик З.Қабдоловтың сөзі өмір шындығына айналып отырғаны анық. 
Жазушы  ұлттық  тіл  байлығының  сан-салалы  қырларын  асқан  шеберлікпен  өз  қажетіне  жаратумен 
бірге, өзіне ғана тән, қайталанбас сөз қолдану үлгілерін де жасады. 
Ғабит  Мүсірепов  – шеберлігі шығарма сайын ширығып,  шыңдала  түскен, бірден-бірге  өрлеп, ең 
шырқау биіктерге көтерілген  жазушы. Оның әрбір шығармасы – көркемдік жаңалық, тың сөз, биік 
талғам,  сонымен  қатар,  өзіне  қояр,  көркем  шығармаға  қояр  талабы  да  өзгеше.  Бұл  ойымыздың 
дәлелін суреткердің «сөз сөзге не сәулесін түсіріп тұрады, не көлеңкесін түсіріп тұрады. Бізге бір - 
біріне сәуле шашып, құлпырып тұрған сөздер керек» деген пікірінен байқауға болады.  
Әдетте әдеби шығарманың тілі туралы мәселе қозғалғанда жазушының шеберлігі қаламгердің сөз 
табиғатын қаншалықты түсінетіні тұрғысынан ғана емес, сол сөзді өз мақсатына сай қалай құбылта 
қолдануы жөнінде де болары анық. Т.Әбдірахманова: "...көңілдегі көрікті ойын сол көркем қалпында, 
өмір  шындығын  өнер  айнасына  жан  толқытарлықтай  әсерлі  етіп  түсіндіруде  ең  қажет  сөзін  танып, 
тауып  қолдану  шын  дарын,  табиғи  талант  иесінің,  шебер  суреткердің  ғана  қолынан  келеді"  -  дей 
келіп,  "шығарманың  көркемдігі,  ең  алдымен,  оның  осы  бірінші  элементі  -  тіл  көркемдігімен 
өлшенсе,...ал  тіл  көркемдігі  дәлдік,  ықшамдылық,  бейнелілік,  нақтылықпен  белгіленеді  [1,  82б.]. 
Басқаша  айтқанда,  ой  айқындылығы,  дәлдігі,  сезім  сұлулығы,  нәзіктік,  оқиға  жүйесінің  суреттілігі, 
жинақты, ықшамдылығы – көркемдіктің негізгі шарттары" екендігін нақ басып айтқан[1,123б]. 
Бұдан туатын ой – қаламгер әр сөздің жанын түсіне білу керектігі, бойындағы қасиетті тап басып 
пайдалану  қажеттігі.  Осы  орайда  Ғ.  Мүсірепов  сөз  табиғатын  танудан  ерекше  өнер  көрсетеді.  X. 
Әдібаевтың: "Ғабит тілі сән түзеп жайқалған жасыл желекті бейнебір қалың орман. Әр түп ағаш өз 
қатарына тізілген, бабымен мәпелеп өсірген – қайыңы да, қарағайы да, терегі мен емені де бар сұлу, 
сымбатты орман, тіл орманы ", - деген пікірі Ғабең тілінің көркемдігіне, тіл байлығына берген әділ 
бағасы.  Қаламгердің  прозалық  мұралары–  қазақ  әдебиетіндегі  өзінше  бір  көркемдік  әлемді 
қалыптастырған  үлкен  бір  белес.Бұлайша  бағалауымызға  Ғ.Мүсіреповтің  тілі,  ондағы  көріктеу 
құралдарының  қолданылу  ерекшеліктері  негіз  болады.  Мысалы:  Ел  көшсе,  жайлау  жетімсіреп 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
141 
қалады,  құс  кетсе  көл  жетімсірейді  («Ұлпан»  романынан).  Сөйлемдегі  жетімсіреу  сөзі  «ата-
анасынан  ажырау»  деген  тура  мағынасынан  алшақ  кетпеген.  Мұнда  қатысымдық  мағына  теңеу 
түрінде  келіп,  ақпараттылық  құбылыс  сөйлемде  анық  байқалады.  Сол  сияқты,  Күзгі  көк  ақырын-
ақырын  тебендеп,  келер  жылдың  қамын  ойланғандай  ақырын  жатыр  («Ұлпан»  романынан). 
Сөйлемнің  негізгі  беретін  ақпараты  –  күз  мезгілі.  Жылдың  осы  кезеңі  қарапайым  хабарлау  түрінде 
емес,  кейіптеу  түрінде  ұтымды  бейнеленген.  Сөйлем  құрамындағы  бірліктерді  жеке-жеке  алғанда, 
толық  ақпарат  анықталмайды,  тұтас  сөйлем  ғана  жазушының  когнитивті  танымынан  жан-жақты 
ақпарат  бере  алады.  С.Аманжоловтың:  «Адам  баласының  ой-өрісі қаншама  кеңейсе, соншама  ойын 
беру жолы көбейіп, әр түрлі құрал іздейді, көркем әдебиет, өнер осындай жолдарының көптігімен өз 
алдына  өнер,  өз  алды  білім  саналады»  деген  пікірі  осы  ойымыздың  айғағы  [2,12б.].Мысалы:  Түні 
бойы  үстін  басқан  қараңғылық  әрең  ауып  бара жатқандай. Үһлеп азнаған  жел де  тына  бастады. 
Аспан  ала  қаншықтанып,  бірлі-жарымды  таң  жұлдыздары  көріне  бастады.  Түні  бойы  торыған 
өліммен осы арада қоштасып, Біржан мен Шәйза ауылға келгенде алтын күн қызарып, көкжиектен 
кеудесін  шығарып  келе  жатыр  еді  («Тулаған  толқында»  романынан).  Сөйлемдердегі  тың 
бейнелеулер  арқылы  таңның  атуы,  күннің  шығуы  ерекше  бөлек  сипатқа  ие  болған.  Қолданыстағы 
үстін  басқан  қараңғылық,  ала  қаншықтанып,  алтын  күн,  көкжиектен  кеудесін  шығарып  деген 
суретті  сөздер  табиғат  құбылыстарына  қатысты  қасиеттерді  сатылай  суреттеп,  ғалам  бейнесіне  сай 
етіп шебер суреттейді.Күннің көкжиектен кеудесін шығарып келе жатуы кез-келген адамның ойына 
келе бермейтін ғажайып сурет. 
Ғ.Мүсірепов кейіпкерлері ұлттық ерекшеліктерімен көрініп, іс-әрекетімен, мінез-кұлқымен, өмірге 
деген  өзіндік  көзқарасымен  дараланып  беріледі.  Ол  жасаған  образдар  ерекше  типтік  дәрежеге 
көтеріліп, оқушының жадында ұзақ сақталып қалады. 
Суреткер әр сөзді орын-орнына қолдана білетін, жеке сөйлемдерге, синтаксистік сөз тіркестеріне 
аса  зор  жауапкершілікпен  қарайтын  тұлға,  нәзік  сезімді  сөз  зергері,  нағыз  стилист  жазушы. 
Жазушыны  өзгеден  ажыратар,  өзіндік  қолтаңбасын,  өзіндік  бет-бедерін  айқындайтын  осындай 
қасиеті оның өзіндік стилі болып саналады.  
Халықтық  дәстүрлі  қолданыстар  жазушы  шығармаларының  көркемдік  негізін  құрады  десе  де 
болады. Ғ. Мүсірепов өзінің туындыларында қазақ халқының көркемдік сөз өрнектерін ретіне қарай 
пайдаланып  отырған.  Авторлық  шығармашылық  ізденістер  мен  қолданыстар  жымдаса  өріліп, 
жазушы  шығармаларының  көркемдік  бейнесін  жасайды.Тарихи  ел  шежіресінің  мазмұнында  құрыл-
ған «Ұлпан» романында құбылысты, адамды бейнелеуде, оның болмыс-бітімі мен мінез ерекшелігін 
беруде  жұмсалатын  сөз  өрнегі  теңеуді  ұтқыр  пайдаланған.  Жазушының  теңеуді  қолданудағы 
ерекшелігі – бұрыннан танымал, дәстүрлі теңеулермен шектелмей, өзінше жаңа теңеулер жасауға жиі 
баруы.Шығарманың өн бойынан мұндай теңеулерді молынан кездестіруге болады. Мысалы: Ұлпаным 
жібектей  созымды;  үкідей  ұлпа жүнді  ақ  бота, аяқтары  сабаудай  жіңішке,  көздері  тостағандай 
сұлу-ақ; аққу жұмыртқасындай аппақ бет; күректей ақ сақалы күмістей жарқыраған қарт адам; 
Есенейдің өз аулы айнадай жарқыраған(«Ұлпан» романынан).  Еламанның моласындай таудай қара 
обаны  қай  Сибанның  басына  орнатып  едік;  жұмысқа  дегенде  ерттеулі  аттай  әзір;  қорғасындай 
қара бұлттар; жалғыз өскен емендей; арзанды қымбаттай ажарлай біліпті; отыз екіден өрілетін 
қамшыдай  жымдастырып,  ізін  білдірмей,  бір  алақандай  бұлақ;  көкжал  бөрідей(«Оянған  өлке» 
романынан).  Қарбыздай  домалап  жатқан  көп  бастың  суретін  салады;  екі  миығы  тышқан  көрген 
мысықтың  мұртындай  дірілдеп  қояды;  Шеген  орғып  шығып,  сонадай  барып  тұр.  Шеген  кейде 
киіктей орғып, кейде балықтай бұлт етіп қалып, жалт беріп, оқыс бұрылып, еркін жүрген сияқты 
оқтаудай  жуан  қаламды  қазандай  үлкен  қара  сауыттағы  сияға  малғысы  келіп...;  үрлеген 
қозықуықтай; қозыдай жамырысып шулап отырады; күмістей жарқырайды; балалардың арасында 
ұршықтай иіріліп жүреді; қаракер ат қайыстай созылып барып..; құмырсқадай тізбектеліп көзінің 
жасы  моншақтап  кеткен;  қаншықтай  шапылдасқан  қатындар;  темірдей  тиетін  қос  жұдырық, 
алақаның да ақ мамықтай; сары сақалына ақ кіргендіктен, бет-аузын балдыр басып кеткендей қарт 
адам екен («Қазақ солдаты» романынан). 
Кейіпкер  образын  бейнелегенде  автор  адамның  сырт  келбетін  ғана  бермей,  оның  жан-дүниесін, 
мінез-құлқын  суреттейді,  көріктеуіш  құралдарды  аса  бір  ұқыптылықпен  қолдана  білген  шебер 
қаламгер  екені  дәлелдене  түседі.Мысалы  «Оянған  өлке»  романында  Игілік  бидің  бейнесін  шебер 
суреттеген:Шойын кеуделі, аю жоталы, бүруге біткендей жүндес сом саусақты, қастары қыйғаш-
қыйғаш біткен қара кісі – Игілік би, паң да, тәкаппар да емес. Даусын көтере сөйлегенін, бір адамға 
суық жүз көрсетіп, қабақ шытқанын ешкім көрген де, естіген де емес, ала көзін бір төңкеріп, қалың 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
142
 
қабағын  бір  түйіп  қалса,  бұл  маңайдағы  елдер  басына  қара  жамылғандай  болар  еді.Күреңкөз 
қожаның  тышқанның  құмалағынан  жасағандай  ұсақ  қара  тастардан  тізген  тәспиғымен  бірге 
барлық буын-буыны сыртылдап кетер еді.  
Көркем  шығармалардағы  кейіпкер  бейнесінен  тілдік  тұлғаның  рухани  келбеті  аңғарылады. 
Автордың ішкі толғанысы, сезім әлемі, идеалдары, ұмтылыстары - барлығы кейіпкер мінез-құлқымен 
немесе  іс-әрекетімен қабысып  жатады.  Мысалы,  Қазақ  әйелінің  тіршілігінде  түсіне  де  қоймайтын, 
сене  де  қоймайтын  бірнеше  жайлар  бар.  Көшпелі  елдің  барлық  еңбек  тырбанысында  әйел-еркегі 
бірге жүреді. Қазақ әйелі еркектен жүзін жасырып, паранжі киген емес. Келіншек болып түскенде 
әуелі шымылдық ішінде отыратыны рас. Бірақ «беташар» деп өлеңмен айтылатын ырымнан кейін 
келіншек беті ашылады, бұдан кейін жасырынбайды.  
Ру-ру  болып  отыратын  қазақ  елінде  қыз  балаға  ешкімнің  тілі  тиген  емес,  бірен-саран  ондай 
сотқарлық  істеген  еркектер  алапес  болған  адамдай  ауыл-үйі  араласа  алмай  «ит-кірмеде» жүреді. 
Ел  ішінен  қуылмағанымен,  ол  бәрібір  қуғындағы  адамға  тең  («Ұлпан»  романынан).  Мәтінде  автор 
қазақ  әйелінің  бейнесін  кейіпкер  Тұрлыбек  арқылы  оқырман  талқысына  салады.  Кыз  баланы  жат 
жұрттық,  үйде  жүрген  қонақ  ретінде  үкілеп  өсіретінін,  жалпы  әйел  адамға  деген  қазақ  халқының 
көзқарасын, тәлім-тәрбиесін, ұлттық танымын осы сөйлемдер арқылы шебер жеткізген. Жазушы әйел 
жанына  тән  көркемдік,  даналық  әлемін  Ұлпанның  өн  бойына  жинақтаған.  Демек,  қазақ  әйелінің 
дүниетанымы,  табиғи  ұстанымдары,  өмір  сүру  болмысы  басты  образ  арқылы  танылып  отырады. 
Автор  шығармаларының  өн  бойында  бүкіл  қазақ  елінің  табиғатын,  адамдардың  түрлі  қарым-
қатынасын, әлеуметтік ортаның қатысымдық сипатын білдіреді. Бір елге бас бола білген Ұлпанның 
қайсарлылығын, іскерлігін, қара сөзге дес бермейтін шешендігін түгелдей ұлғайған теңеуді келістіре 
қолдана  отырып  айқын  аңғартқан.  Мысалы,  Билер  түз  тағысын  тосқауылдап  қуатын  ұялы 
қасқырша  бірінің  сөзі  әлсірей  бергенде,  екінші  біреуі  іліп  әкетіп  Ұлпанды  ұзақ  қудаласа  да  бір 
тұйыққа  әкеліп  қамай  алмай  қойды.  Адам  мен  хайуанның  психологиясын  өзара  шебер  жымдасты-
рып,  естен  кетпейтін  бейнелі  теңеу  тудырған.  Шығармаларының  тіліне  үңілген  сайын  жазушының 
білімпаздығы  мен  ұшқырлығына  тәнті  бола  түсеміз.  Көркем  мәтінде  кейіпкер  тұлғасының  шебер 
бейнеленіп, ашылуы оларды табиғи әрі сенімді етіп көрсетеді, яғни, жазушы өзінің туындысындағы 
кейіпкерлердің шынайылығына сендіреді.  
Көркем  сөз  зергері  Ғ.  Мүсіреповтің  «Ұлпан»  романындағы  теңеулер  қолданысы  өте  күрделі. 
Романдағы  әрбір  теңеу  жазушының  өзіндік  өрнегі,  өмірлік  тәжірибесінің  айнасы.  Осыған  дәлел 
ретінде бірқатар мысалдар келтірелік. Жігіттер төрде отырған дәу қара шұбардың Есеней би екенін 
енді  біліп,  майлы  қасықпен  төбеге  ұрған  мысықтай  жым  болды.  Ғабеңнің  қолынан  ғана  келетін 
жеңіл  әжуаға құрылған  езу  тартқызар жолдар.  Яғни  жігіттердің  дәл  сол  жағдайдағы  күйлерін  көзге 
елестеткендейетіп  көрсеткен.  Жазушы  шығармаларының  тілдік  ерекшелігі  –  аз  сөзге  көп  мағына 
сыйғыза білуінде, ащы сарказм, юморды жиі қолдануында болып келеді.  
Ғабит  Мүсірепов  –  табиғаттың  тілін  терең  түсініп,  сөзден  сурет  салып,  образды  сөз  өрнектерін 
тудыра білген жазушы. Көбіне пейзажды шығарманың идеясы мен характерлерді ашуда пайдаланған. 
Қаламгер шығармалары - үнемі табиғатпен, өзі өмір сүріп отырған қоғаммен, өмірдегі болып жатқан 
сан  қилы  оқиғалармен  тонның  ішкі  бауындай  қабысып  жатқан  дүниелер.Оқырманын  ойлантуға, 
сендіруге мәжбүр ететін, сезімге жетелейтін айрықша байланысты көреміз.    
Автор  табиғаттың  тылсым  құпия  сырларын  суреттеуде  тілдік  элементтерді  ұтқыр  қолданып,  сөз 
оралымдарын еркін ойнатып жұмсайды. Табиғат суреткер шығармаларында адаммен байланыстыры-
лып жанды бейне, динамика ретінде алынады, оларды бір-бірімен байланыстырып тұтастай гармония 
жасайды.  Жазушы  өзіндік  түйсігімен,  түсінуімен,  қабылдауымен,  талғампаздығымен  тереңдетіп 
береді және сөз-образдарды шебер қолдана біледі. Оның табиғат туралы қай өлеңін оқысақ та, жанды 
бейне  көз  алдымызда  сөз  кестелер  арқылы  өріліп,  сурет-образ  болып  саұталып  қалады.  Мысалы: 
Жалпақ  жатқан  Ақ  Жайық  есінегендей  ғана  леп  береді.  Жоғары  жағы  көк  қорғасындай  ауыр 
толқиды да, теңізге құлар саға жағы күнге шағылысып, жалпақ күміс айнадай жарқырайды. Орал 
тауының  алтындай  жарқырайтын  мысы  мен  күмісі  аралас  тарам-тарам  тамырлары  бар  шағала 
тас  ...,  кей  жері  сұрғылт,  кей  жері  көгілдір  тартқан  тас  айнадай  жалтылдайды;  бет-аузы 
табақтай жалпақ, қатпар-қатпар, қара шұбар... 
Қаламгер  табиғатты  бейнелегенде,  образдарды  сомдағанда  теңеулерді  қайталамай,  өзгертіп, 
ажарлау, айшықтау тәсілдермен орайластыра береді. Ол табиғатты суреттеуде құрғақ, сылдыр сөйлем 
құрамайды, алдымен өзі тебірене толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді. Мысалы, «Күн 
күлімдеп тұрғандай ашық. Көгілдір аспан күндегісінен гөрі көбірек көтеріліп кеткендей биік сезіледі. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №3 (49), 2014 ж. 
143 
Түнде жауған ұлпа қар барлық дүниені ақ жібекпен орап алыпты. Жас қайыңдар ақ зелен жамылған 
әдепті  келіншекке  ұсап  тәжім  етердей  иіліп  тұр.  Аққа  оранған  шілік  түбінен  дыр  етіп  ақ  құр 
ұшқанда бұтаққа қонған ұлпа қар оңай ұшқындап кетеді де, ақ құр қанатынан шілік бұтақтарына 
кір  жұғып  қалғандай  сезіледі»  («Ұлпан»  романынан).  Табиғатты  алдымен  күлімсіретіп  алып,  содан 
соң  оның  көркемдігін,  сұлулығын  оқырманға  жеткізу  мақсатында  лингвомәдениеттік  
нышандардықиыстыра  жұмсайды.  Әсіресе,  Жас  қайыңдар  ақ  зелең  жамылған  әдепті  келіншекке 
ұқсап  тәжім  етердей  иіліп  тұр  деген  сөйлемде  автордың  жас  қайыңды  иіліп  тұрған  жас  келінге 
теңеуі ерекше бір рең әдемілігін, қимыл әсемдігін айшықтап ұлттық бояу берген. Қазақ келіншегінің 
әдепті  қылығы,  үлендерге  сәлем  берудегі  ибалығы  табиғат  суретімен  әдемі  үйлестірілген. 
Қаламгердің қай теңеуін алсақ та жалаң алынбай, күрделі, ұлғайған түрінде жұмсалады.  
Қай  кезде  де  жазушы  пейзажды  суреттей  отырып,  табиғаттың  әсем  көріністерін  адамдардың  іс-
қимылымен бірлікте, үнемдеп, дәлдеп беруге талпынған. Көбіне табиғатты шығармаларының идеясы 
мен  характерлерді  ашуда  пайдаланған.Пейажды  суреттеуде  жазушы  алдына  жан  салмайды,  кез-
келген  образды  жолдарға  үңілген  адам  көзбен  көріп,  қолмен  ұстағандай  керемет  бір  әсер  алады. 
Мысалы,  Сұрғылт  аспан  астары  жыртылып,  кір  мақталары  салбырап  кеткен  көрпеге  де  ұқсап 
кетеді. Жалба-жұлба сұрша бұлттар төмен жүр. Жазғы, айқын көк түсінен айрылған аспан кейде 
үсті-басын  қар  басып  қалған  тауға  да  ұқсап  кетеді.  Теңіз  бетін  буылдыр  бір  тұман  басып,  теңіз 
суы  қара-қошқыл  тартып,  қорғасындай  ауыр  сезіледі.  («Қазақ  солдаты»  романынан).  Келтірілген 
сөйлемде  күздің  бір  көңілсіз  шағының  өзін  ажарлап  берген,  әсіресе,  елімідің  солтүстіктік  өңірінің 
әдетте  бұлт  басып  тұратын  сұрғылт  аспанын  суреттеу  тәсілі  қайран  қалдырады,сөз  зергерінің 
байқампаздығы мен талғампаздығынантерең әсер аламыз. 
Табиғатты  бейнелеуде  қаламгер  позтикалық  сөздерді  шебер  қолданған.  Әсіресе  рең  әдемілігін 
беруде,  қырдағы  ауыл  көрінісін  беруде  оқырманын  ертіп,  еліктіріп  әкетеді.  Мысалы,  көнді  жердің 
бидайығы бас жарып, үлпілдегі шашақтана бастапты; мың түрлі асыл шөптер гүл атып, қызылды-
жасылды  шұбартып  жатыр;  әр  жерге  топталып  өскен  тікендер  алтындай  жарқыраған  сары 
гүлдерін төгіп тұр; балғын көктем бар ажары мен мырзалығын төге салған қалпында тұр. Келесі 
мысалда  табиғат тіпті ажарлана түскен: Күн жаңа ғана көтеріліп келеді. Жазғытұры кең бейіл дүние 
шыққа  малынып,  маужырап  тұр.  Бармақ  басындай  қара  ала  аралар  үлбіреген  гүлдердің  төсіне 
қонып, солқылдата  сорып  бал жинап жүр.  Ат  тұяғының жапырып  кеткен  балғын  көк  шөптеріне 
жаның  ашынғандай.  Жал-жал  болып  біткен  қалың  орманды,  қатра  топырақты  құйқалы  жер. 
Көлдер де көп. Көл бетінде шомылып болып айнаға қаранып, сыланып отырған аққу-қаз су бетіне 
түскен  сәулелерімен  сұлулық  салыстырып,  сырласып  отырғандай.  Жайылымынан  қайтқан 
мыңдаған үйректер суылдап келіп көлге қонады. Қыбыр-қыбыр, жыбыр-жыбыр сырласады да қайта 
ұшады. Оттады – тойды, су ішті – қанды, енді қамысты, томарлы көлдерді сүзе ұшып жүретін 
албасты қаралар бар ғой, солардың өзі нағыз арамы доңыздар. Сақалды бастармен боз торғайдың 
жұмыртқасын  да  шағып  жейді...(«Оянған  өлке»  романынан).  Шаңқан  шілденің  аяқ  кезі  болар 
деймін...  Пісіп  қалған  ақ  селеулер  баяу  теңселіп,  үкідей  бұлғаңдап,  кейде  жұмсақ  қана  тізеден 
сипайды  да,  кейде  инесін  қадап  алады.  Сипағанда  талғамай  сипаса,  инесін  қадарда  екі  сирақтағы 
жара мен  жарықты  тауып  алып  қадайды.  Адыр  төбелер  арықтаған  түйедей,  жалаңаш,  құбақай 
тартып,  жансыз  сұлап жатқандай  көрінеді  («Қазақ  солдаты»  романынан).  Берілген  сөйлемдерде 
әсем  көрініс,  жеңіл  әжуа,  дарынды  қолданыс  байқалады.  Ғ.Мүсірепов  стилінің  ұйымдастырушы 
орталығы  өзі,  суреттеліп  отырған  табиғатты  өзінің  қатысуымен  баяндайды.  Ғабиттің  орманы  мен 
даласы    болсын,  желі  болсын,  теңізі  болсын  -  бәрінің  де  мағыналық  бояулары  көңілді  оята  біледі. 
Үзіндідегі  қарапайым  сөздері,  теңеу,  эпитет,  кейіптеу  сияқты  көркемдік  құралдарыайналасына  жан 
бітіріп, әрбір сөйлемі табиғат образын жасауға қатысып тұрады.  
Қаламгердің  образды  жолдарына  қайта  оралайық:  Кәрі  Каспийдің  ауыр  теңселіп,  жардан  биік 
толқындары  теңіз  жағасын  арсылдай  ұрып,  долданып  жатқан  бір  кезі  болу  керек.  Ауыр-ауыр 
ыңырану  естіледі.  Алыстан  жымың  қағып,  шағыра  беретін  қала  оттарына  да  жақындап  келем. 
Теңіз  біресе  ауыр  күрсінгендей,  біресе  жалқау  есінегендей  болады.  Мана  теңіз  үстінде  көтерілген 
ауыр  қара  тұман  енді  көрінбей  кетті.  («Қазақ  солдаты»  романынан).  Теңіздің  құдіреттілігін, 
тұңғиық тылсымын осы бір суретті жолдарымен күшейте түскендей. Бір қызығы, суреткердің бірде-
бір сөзін жеке алып талдауға болмайды, ол контекспен астасып, жанды құбылысқа айналып кеткен.  
Тағы да Ғабеңе зер салайық: Жайықтың таңертеңгі түюлі қабағы түгел жадырап, төсін күнге 
тұтас  тосып,  күлімдеп  жатқандай  сезіледі.  Таңертеңгі  қатты  толқындар  өзен  түбінің  лайын 
қопарып жатқандай еді, енді толқын баяулап, жағаның қызғылт құмын меруерттей жуып жатыр. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Филология», №3 (49), 2014 г. 
144
 
Өзеннің екі  беті  де  балықтай  шолпылдаған  бала.  Әріректе  ақ  шағаладай шуласып  әйелдер де  суға 
түсіп жатыр. Ыстықтаған иттер де өзенге келіп түсе бастады. Таңертеңгі тұнжырап көрінген 
қоңырқай  қаланың  ажары  кіріп,  еңбек  үндері  біріне-бірі  қосылып,  үлкен  бір  гүрсіл-дүрсілге 
айналыпты.  Кеше  менің  теңіз  демалысы  дегенім,  бүгін  қала  демалысы  сияқтанады.  («Қазақ 
солдаты»  романынан).  Кейіптеу  арқылы  автор  жансызға  жан  беріп,  тілсізге  тіл  бітіреді,  шығарма-
дағы оқиғаға табиғатты үнемі қатыстырып отырады. Оқырманын өзімен ертіп, еліктіре түседі. Ауыл 
көрінісі құдды бір көз алдыңда өтіп жатқандай әсерге бөленесің. 
«Көркем әдебиетте сөз тұлғалы болумен бірге теңемелі, бейнелеулі болсын. Әр сөз әрі тұлғалы, әрі 
бейнелі болса, көркемдік содан туады», - деп жазушының өзі айтқандай, Ғабит Мүсірепов қазақтың 
құнарлы сөзін, танымды өмірін шығармаларында барынша жарқырата айшықтайды.  
 
1
 
Әбдірахманова Т. Қасым Аманжоловтың поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976. – 295 б.  
2
 
Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Ғылым, 2002. – 368 б.   
3
 
Мүсірепов Ғ. Күнделік. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 288 б. 
4
 
Мүсірепов Ғ. Таңдамалы. Үш томдық. – Алматы: Жазушы, 1980. –592б. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет