Вестник университета



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата31.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#10671
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

Аңдатпа
Мақалада қаржылық қитұрқылар мен алаяқтықты тексеру бойынша қызметтердің жаңа бағыттары – фо-
рензик қарастырылады. Бұл тақырыпты зерттеу – форензиктің, яғни қаржылық қитұрқылар мен алаяқтықты
тексеру  бойынша  қызметтердің  белгілерін  тереңірек  анықтау  және  теориялық  негізде  анықтамаларын
ашып көрсету мүмкіндігі. Алаяқтық қимылдардан болған шығындар көп болуы мүмкін, бірақ оны анықтау
ықтималдығы төмен. Алаяқтардың жұмыс орындарын жоғалтып алу тәуекелі жоғары болғанмен, кей жағ-
дайларда олар жазасыз қалады. Көптеген басшылар негізінен олармен тек еңбек қатынастарын тоқтатады,
қызметкерлерінің  алаяқтық  қимылдарын  жария  қылғысы  келмейді.  Алаяқтық  көрсеткіштер  әрқашанда
алаяқ тық дәлелдер болып табылмайды, сондықтан көрсеткіштерді анықтау әрқашан айырмашылықтардың
себептерін түсіндірумен қоса жүруге тиіс екенін есте ұстауымыз керек. Қаржылық ақпаратты бағалау үшін
алаяқтықты  анықтау  бойынша  аналитикалық  процедураларды  жетілдірудің  өзекті  мәселелеріне  мыналар
жатады: біріншіден, қаржылық тергеудегі аналитикалық процедураларды пайдалануды реттейтін, отандық
нормативтік-құқықтық базаның халықаралық нормативтік реттеу тәжірибесінен артта қалуы, екіншіден, осы
мақсаттар үшін аналитикалық процедураларды қолдану бойынша тиісті әдістемелік нұсқаулардың жеткілікті
болмауы. «Форензик» және «алаяқтық» ғылыми-зерттеуді талап етеді, демек, ұйымның басқару тиімділігін
арттыруда форензиктің рөлі мен маңызы арта түседі. Бұл тұрақты өсу жағдайында жұмыс істейтін қазіргі
заманғы ұйымдарға өте маңызды. Форензик ғылыми тұрғыда терең зерттелмеген, сондықтан алдағы уақытта
дискуссиялық толықтырулар мен ғылыми полемика қажет.
Тірек сөздер: ішкі бақылау, ішкі аудит, форензик, қаржылық тексеру, алаяқтық.
Аннотация
В статье рассматривается новое направление услуг по расследованию финансовых махинаций и мошен-
ничества – форензик. Исследование этой темы – попытка дать определение финансовому расследованию с
теоретических позиций и возможность глубже уяснить признаки услуг по расследованию финансовых махи-
наций и мошенничества. Потери от мошеннических действий могут быть существенными, но вероятность
обнаружения невелика. Хотя для мошенников риск потерять работу больше, во многих случаях они остаются
безнаказанными. Многие руководители не хотят аффишировать мошеннические действия своих сотрудников,
в основном только прекращая трудовые отношения. Но следует помнить, что показатели мошенничества не
всегда являются доказательством мошенничества, поэтому обнаружение показателей всегда должно сопро-
вождаться детальной работой для уточнения причины возникновения разногласий. К актуальным пробле-
мам совершенствования аналитических процедур по обнаружению мошенничества для оценки финансовой
информации относят, во-первых, отставание отечественной нормативно-правовой базы, регулирующей при-
менение аналитических процедур в финансовых расследованиях, от международной практики нормативно-
го регулирования, во-вторых, отсутствие на практике достаточного количества надлежащих методических
руководств по применению аналитических процедур для этой цели. Таким образом, понятия «форензик» и
«мошенничество» требуют научных исследований, поскольку возрастают роль и значение форензика в повы-
шении эффективности управления организацией. Особенно это важно для современных организаций, функ-
ционирующих в условиях постоянного роста. Форензик научно мало изучен, требует дальнейшего дискусси-
онного наполнения и научной полемики.
Ключевые  слова:  внутренний  контроль,  внутренний  аудит,  форензик,  финансовое  расследование,
мошенничество.

152
ӘОЖ 657.1(075.8)
Б.А. МАРХАЕВА. 
Алматы Менеджмент Университеті,
э.ғ.д., доцент.
Д.Л. КОЗБАХОВА.
М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан
гуманитарлық институты,
магистр
КӘСІПОРЫННЫҢ  ДЕБИТОРЛЫҚ  БЕРЕШЕГІН
БАСҚАРУДАҒЫ  КЕЙБІР  ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
Аңдатпа
Жұмыстың мақсаты кәсіпорынның дебиторлық берешегін басқарудың оңтайлы саясатын зерттеу және
негіздеуден  тұрады.  Дебиторлық  берешектің  деңгейі  пайдалылық  пен  тәуекелдік  арасындағы  таңдауға
байланысты  болады.  Бұл  қосымша  дебиторлық  берешекті  ұстау  бойынша  шығындар  мен  дебиторлық  бо-
рыштардың  ұлғаюы  есебінен  артқан  пайданының  арасындағы  қарама-қайшылықты  дұрыс  шешу  қажет.
Дебиторлық  берешекті  инкассалаудың  орташа  мерзімі  және  үмітсіз  қарыздардан  шығындардың  үлесі  кө-
бінесе  несиелеу  мерзімі;  жеңілдіктер;  кәсіпорынның  инкассалау  бағдарламасымен  анықталады.  Жұмысты
орындау  барысында  анализ  және  синтез,  жіктеу  және  қорытындылау,  аналогия  және  ұқсастық  кеңінен
қолданылған.  Жұмыстың  нәтижелері  кәсіпорынның  дебиторлық  берешегін  басқарудың  екі  тәсілдемесін
көрсетумен  бейнеледі,  олар  кәсіпорынның  несиелік  саясатының  талаптарын  төмендету  (төлеу  мерзімін
ұзарту)және  жылдам  төлегені  үшін  жеңілдік  беруден  тұрады.  Жұмыстың  нәтижелері  кәсіпорынның  ме-
неджері  не  бухгалтер-талдаушының  өз  міндеттерін  атқаруға  септігін  тигізеді  деп  күтілуде.  Негізгі  қо ры-
тынды  қаржы  менеджментінің  қағидасымен  үйлеседі:  қосымша  пайда  мөлшері  қосымша  дебиторлық  бе-
решекті  ұстау  бойынша  шығындарды  жабуға  лайық  пайданың  мөлшерімен  теңеспегенше  кәсіпорынның
несиелік  саясатының  талаптарын  төмендетуге  болады.  Компания  аса  консервативті  (іске  асырудың  едәуір
шығындарына әкелетін) және аса либералды (едәуір үмітсіз дебиторлық берешеккке әкелетін) емес несиелі
саясатты жасауға талпынып көруде.
Тірек сөздер: дебиторлық берешек, басқару, инкассалау, қосымша пайда, ысырап тәуекелі.
Дебиторлық берешекті басқарудың өнері оның жалпы мөлшерін оңтайландыру және оның
уақытылы инкассалауын қамтамасыз етуден тұрады.
Дебиторлық қарызды басқару кәсіпорынның айналым активтерін және өнімді сату көлемін
ұлғайтуға  бағытталған,  осы  қарыздың  жалпы  мөлшерін  оңтайландыруды,  оны  уақытында
инкассациялауды  қамтамасыз  етуді  қамтитын  маркетингтік  саясатын  жалпы  басқарудың  бір
бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның дебиторлық қарызын білікті басқару негізінде келесі
іргелі мәселелер бойынша қаржылық шешімдер қабылдау жатыр:
 
Š
әрбір есеп беру күніне дебиторлық қарызды есептеу;
 
Š
кәсіпорында  дебиторлық  қарызды  жоюға  байланысты  жағымсыз  жағдай  қалыптасқан
жағдайлар мен себептерді диагностикалық талдау;
 
Š
барабар  саясатты  әзірлеу  және  кәсіпорынның  тәжірибесіне  дебиторлық  қарызды  бас-
қарудың қазіргі әдістерін енгізу;
 
Š
дебиторлық қарыздың ағымдағы жағдайын бақылау [1].
Кәсіпорынның дебиторлық қарызын басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі әдістер
болып табылады. Тек қаржылық әдістерге мыналар жатады: Э. Альтманның әдісі, пайда болған
мерзімдері бойынша дебиторлық қарызды реттеу, дебиторлар шоттарының «ескіру» реестрін
құру,  күдер  үзген  дебиторлық  қарыздың  мүмкін  сомасын  болжау,  дебиторлар  шоттарының
ойластырылған «ескіруін» анықтау, қаржылық коэффициенттерді есептеу және бағалау. Бас-
қарушылық әдістерге: «шешімдер ағашы», «3С» несиеге қабілеттілікті талдау әдістері, кә сі-
порынның  несиелік  саясаты  стратегиясының  матрицасы,  ақпараттық  базаны  қалыптастыру,
сыйақы жүйесін пайдалану, несиелік қарызды төлеу мерзімін «созу» жатады [2].
Дебиторлық  берешекті  басқарудың  мақсатына  кәсіпорынның  клиенттері  тарапынан  тө-
лемдерін тездету, күмәнді борыштарды төмендету, нарықтағы сату мен жылжытудың тиімді

153
саясатын жүргізу жатады [3]. Дебиторлық берешекті басқару жүйесін шартты түрде екі үлкен
топтамаға бөлуге болады:
 
Š
сатуларды  арттыру  құралы  ретінде  дебиторлық  берешекті  максималды  түрде  тиімді
басқаруға жағдай жасайтын несие саясатына;
 
Š
мерзімі өткен немесе үмітсіз дебиторлық берешектердің қалыптасу тәуекелін төменде-
туге бағытталған іс-шаралар кешеніне.
Дебиторлық берешекті сатып алушыларды шоттарды мерзімінен бұрын төлеуге ынталан-
дыру  жолымен  басқаруға  болады.  Әдетте,  бұл  үшін  келісілген  мерзімдерінен  алдын  ала
төлемдер жүргізілген жағдайда сату бағасынан немесе тауар жеткізілім құнынан шегерімдер
ұсынылады.
Басқа автордың пікірінше, дебиторлық берешекті басқарудың басты мәселесі болып сатып
алушылар  мен  кредиторларға  төлемдерді  жүргізуге  қаражаттардың  дер  кезінде  және  толық
келіп түсуін қамтамасыз ететін келісімшарт қатынастарын белгілеу болып табылады [4]. Өзге
де мәселелер арасында келесілерді бөліп көрсетуге болады: дебиторлық берешектің қолайлы
мөлшерін шектеу; ақша қаражатының кепілдікті түсімін қамтамасыз ететін сату жағдайларын
таңдау; әр түрлі сатып алушылар топтарына олардың төлем тәртібін сақтау тұрғысынан ше-
герім  немесе  үстемелерді  анықтау;  дебиторлық  берешекпен,  яғни  дебиторлық  берешекте
тыйым салынған қаражаттарды пайдаланбаудан алынбай қалған пайдамен байланысты мүмкін
бо латын шығындарды бағалау.
Дебиторлық берешектің күрт артуы жағымды, сондай-ақ теріс те бағаланады, себебі кә-
сіпорынның сатып алушыларға қатысты алаңғасар несие саясатын; сатулардың артуын немесе
сатып алушылардың бір бөлігінің төлем қабілетсіздігін және банкроттығын дәлелдеуі мүмкін.
Дебиторлық қарыздардың азаюы оң бағаланады, егер олардың өтелу кезеңінің қысқаруынан
болатын  болса.  Ал  егер  бұл  берешек  өнімді  жөнелтудің  азаюымен  байланысты  болса,  онда
бұл кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің төмендегендігін растайды. Сондықтан дебиторлық
берешектің артуы әрдайым кері, ал төмендеуі – оң бағаланбайды.
Экономикалық  жағдайлар  мен  кәсіпорынның  несиелік  саясаты  дебиторлық  берешектің
деңгейіне  елеулі  ықпал  етеді.  Егер  экономикалық  жағдайлар,  әдеттегідей,  кәсіпорынның
қаржылық директорының бақылау назарынан тыс болатын болса, онда дебиторлық берешектің
деңгейі пайдалылық пен тәуекелдік арасындағы таңдауға байланысты болады. Қосымша де-
биторлық  берешекті  ұстау  бойынша  шығындар  мен  пайданы  арттыру  арасындағы  қарама-
қайшылықты  дұрыс  шешу  қажет.  Бұдан  басқа,  үмітсіз  қарыздардан  ысырап  тәуекелі  орын
алады.  Дебиторлық  берешектің  инкассалауының  орташа  кезеңі  және  үмітсіз  қарыздардан
ысырап үлесі көп жағдайда несиелендіру мерзімінің ұзақтығы, жеңілдіктер, кәсіпорынның ин-
кассалау бағдарламасы сияқты айнымалылармен анықталады.
Әр  түрлі  шоттар  бойынша  тәуекелді  бағалау  жеткілікті  деңгейде  стандартталған  делік,
бұл бағалауға мүмкіндік береді. Несиені өтеу қабілеттігінің нормативі – ол кәсіпорын қабыл-
дайтын  несие  жөніндегі  өтініштің  ең  төменгі  сипаты  (не  несиелік  міндеттемені  орындау
бойынша клиентке қойылатын талаптар). Несиеге сату – ол өнімге деген сұраныстың өзгеруіне
ықпал  ететін  көптеген  факторлардың  бірі.  Теориялық  тұрғыдан,  несиені  өтеу  қабілеттігінің
нормативтерін,  өткізуден  алынған  пайданың  дебиторлық  берешекті  ұстау  бойыша  қосымша
шығындардан  асқанға  дейін,  төмендету  қажет  деп  түсіндіріледі.  Ал  қосымша  шығындарға
мыналар жатады:
 
Š
несие бөлімінің мүмкін болатын ұлғаюы;
 
Š
қосымша шоттарды тексеру бойынша техникалық жұмыстар көлемінің артуы;
 
Š
дебиторлық берешектің қосымша сомасын ұстау.
Сонымен бірге сатулар көлемінің артуы және инкассалаудың орташа мерзімінің ұзаруы-
мен байланысты қосымша шығындардың пайда болуы ықтималы бар.
Егер несие алу үшін төлеу қабілеттігі нормативтерінің жеңілдеуі жаңа сатып алушыларға
тартымды  болса,  бұл  сатып  алушылар  қарыздарының  инкассалауы  қазіргі  кезде  қолда  бар
клиенттер  қарыздарының  инкассалауына  қарағанда  баяу  жүргізілуі  де  мүмкін.  Бұдан  басқа
қазіргі  кезде  қолда  бар  клиенттердің  бір  бөлігі  өзінің  міндеттемелерін  уақытылы  төлеуге
қатысты адалдығы төмендеуі мүмкін.

154
Мысалы, кәсіпорынның келесідей мәліметтері бар (кесте 1).
Кесте 1 – Кәсіпорынның сатулар туралы мәліметтері
1. Сату (өткізу) бағасы, теңге/кг
10 
2. Айнымалы шығын (несие төлеу қабілеттігін зерттеу
бойынша бөлім шығыстары енгізілген), теңге
(8)
3. Бір бірлікке шаққан маржиналдық пайда (п. 1–п. 2)
2
Шоттар бойынша төлеудің шекті кезеңі
Бір ай жазылған күннен бастап
Сатулардың жылдық көлемі, теңге
2 400 000
Кәсіпорынның өндірістік қуаты толық жүктелмеген, сондықтан сату көлемдерінің артуы
тұрақты шығындарының өсуіне алып келмейді. Қаржылық директор төлем мерзімін бір айдан
екі  айға  дейін  ұзартуға  шешім  кабылдайды,  сонымен  қатар  қазіргі  сатып  алушылар  өзіндік
төлем тәртібін өзгертпейді деп болжанады. Сату көлемдерінің 25%-ға, яғни жылына 3 000 000
теңгеге  дейін  арттыруы  күтілуде,  ал  қосымша  дебиторлық  берешектерді  ұстау  шығындары
салық салынғанға дейінгі пайданың 20%-н құрайды. Қаржылық директордың шоттар бойынша
төлеу мерзімдерін ұзарту туралы шешімінің негізді екендігін анықтаймыз.
Сатулардың  қосымша  көлемі  600  000  теңгені  құрайды,  демек,  өндіріс  көлемі  60  000  кг
(600 000 теңге/10 теңгеге) артады. Дебиторлық берешек айналымы 6-ға тең (12 ай/2 ай). Қосымша
дебиторлық берешек көлемі – 100 000 теңге (600 000 теңге/ 6 айналымға). Осы қарызды ұстау
үшін кәсіпорын қосымша айнымалы шығын жұмсайды, ол 80 000 теңгені құрайды (айнымалы
шығын 0,8 теңге әрбір теңгеге көбейтілген 100 000 теңгеге). Ақпаратты 2-кестеге біріктірейік.
Кесте 2 – Кәсіпорынның дебиторлық берешегі бойынша есептеулер
Сатулар көлемі артудан алынатын пайда (2 теңге х 60 000 кг)
120 000
Қосымша дебиторлық берешек (600 000 теңге/6)
100 000
Қосымша дебиторлық берешекке салым (айнымалы шығын/ сату
бағасы көбейту қосымша дебиторлық берешек = 0,8 х 100 000 теңге)
80 000
Алынбай қалған пайда (қаражат қосымша дебиторлық берешекке
салынды) (0,2 х 80 000 теңге)
16 000
Сонымен, қосымша сатулар көлемінен алынатын пайда (120 000 теңге) қосымша салым-
дарды өтеуге қажетті пайда көлемінен (16 000 теңге) әлдеқайда жоғары болғандықтан, қаржы-
лық  директордың  несиелік  төлеу  қабілеттігі  нормативтерін  төмендету  шешімі  негізделген
болып табылады.
Оңтайлы  несие  саясатының  мәні  мынадан  тұрады:  қосымша  пайда  мөлшері  қосымша
дебиторлық берешекті ұстау бойынша шығындарды жабуға лайық пайданың мөлшерімен те-
ңеспегенше, несие көлемін кеңейтуге болады. Сонымен бірге төмен сапалы несиелер бойынша
тәуекелмен қатар үмітсіз қарыздар бойынша ысырап санының артатындығын ұмытпаған абзал.
Несие  шарттары,  әдетте,  несие  ұзақтығы  және  ұсынылатын  жеңілдікті  біріктіреді.  Мы-
салы, «2/10, таза 30» дегені ол, егер шот 10 күнде төленсе, сатып алушы 10% жеңілдікке ие,
ал максималды төлем мерзімі – 30 күн екендігін білдіреді. Дегенмен, коммерциялық несиенің
шарттары  сұраныспен  (яғни  клиентпен)  анықталады,  ал  несие  мерзімі  –  кәсіпорынға  өзінің
өніміне сұранысты өзгертуге мүмкіндік беретін құралдардың бірі; әдетте, несиелендіру мер-
зімін ұзарту сұраныстың артуына алып келеді.
Айталық, инкассалаудың орташа мерзімі бір айдан екі айға дейін созылды делік. Несие
саясаты әлсіреуінің нәтижесі болып сату көлемінің 360 000 теңгеге артуы болады, жаңа сатып
алушылар да екі ай барысында төлемдер жүргізеді. Қосымша дебиторлық берешек екі бөліктен
құралады:
 
Š
сату көлемдерін ұлғайтумен байланысты дебиторлық берешек;
 
Š
бұрынғы дебиторлық берешек бойынша инкассалаудың баяулауымен байланысты.
Бұл жағдайда бірінші бөлік былайша есептеледі:
 
Š
сатулардың қосымша көлемі – 360 000 теңге;

155
 
Š
айналымдық – жылына 6 рет;
 
Š
қосымша дебиторлық берешек 360 000/6 – 60 000 теңге.
Кәсіпорынның инвестициялары осы берешекпен байланысты 0,8 х 60 000 = 48 000 теңге
көлеміндегі айнымалы шығындардан қалыптасады.
Екінші бөлігі былайша анықталады. Сатулардың бастапқы көлемі 24 000 000 теңгеге және
айналым 12-ге (12ай / 1ай) тең болғанда, дебиторлық берешектің деңгейі 2 400 000/12 = 200 000
теңгені құрайды. Жылына 6 рет айналым болғанда жаңа деңгейі 2 400 000/6 = 400 000 теңгеге
тең  болады.  Осылайша,  инкассалау  мерзімін  ұзартудан  200  000  теңге  сомасында  қосымша
дебиторлық берешек қалыптасады, ал сатулар көлемін арттырудан пайда 72 000 теңгені құрайды,
бұл дебиторлық берешектің артуымен байланысты шығындардан (40 000 теңге) артық, демек,
несие мерзімін ұзарту туралы шешім негізді деп қорытынды жасауға болады (кесте 3).
Кесте 3 – Қосымша дебиторлық берешек пен оны ұстауға жұмсалатын шығындарды
есептеулер
Сатулар көлемінің артуынан алынатын пайда (2 теңге х 36 000 кг)
72 000
Қосымша дебиторлық берешек (360 000/6)
60 000
Қосымша дебиторлық берешекке салымдар (айнымалы шығын/ сату бағасы
көбейту қосымша дебиторлық берешек = 0,8 х 60 000 теңге)
48 000
Дебиторлық берешектің қолда бар деңгейі (2 400 000/12)
200 000
Батапқы сату көлемімен байланысты дебиторлық берешектің жаңа деңгейі
(2 400 000/6)
400 000
Бастапқы сату көлемімен байланысты дебиторлық берешекке қосымша
салымдар (400 000 – 200 000)
200 000
Дебиторлық берешекке салынған қосымша салымдардың барлығы
(48 000 + 200 000)
248 000
Үстеме шығындар (қаражат дебиторлық берешекке салынған 0,2 х 248 000)
49 600
Дебиторлық  берешектің  түсімін  едәуір  қарапайым  әдіс,  ол  жылдамдыққа  берілетін
жеңілдікті  ұсыну  арқылы  жеделдетуге  болады.  Бірақ  жеңілдікті  кеңейтуден  орын  алатын
ысырап инкассалауды жеделдетуден алынған пайдадан артып кету мүмкіндігін атап өту қажет.
Мысалы, кәсіпорынның жылдық сату көлемі 3 000 000 теңге болса, инкассалаудың орташа
кезеңі – екі ай, сату шарттары – 45 күн жеңілдіксіз деп қарастырайық. Онда орташа дебиторлық
берешек 500 000 теңге болады (3 000 000/6). Егер шартты мынадай (2/10, таза 45) өзгертсек,
онда инкассалаудың орташа кезеңі қысқарады, себебі сатып алушылардың бір бөлігі 2%-дық
жеңілдікті қолданады.
Мұндай  сатып  алушылардың  саны  ақшалай  өлшемде  60%  болса,  онда  инкассалаудың
орташа кезеңі бір ай шамасында болады. Жеңілдік беру бойынша шығындар жылына 3 000 000 х
0,2 х 0,6 = 36 000 теңгені құрайды. Сонымен бірге айналымдық екі есе артады және дебиторлық
берешек сәйкесінше екі есе төмендейді (3 000 000/12 = 250 000 теңге). Осылайша, кәсіпорын
қосымша 250 000 теңге табады. Егер пайданың нормасы 20% болса, онда шығындар бойынша
үнемдеу 50 000 теңге болады, бұл 14 000 теңгеге жеңілдік беру бойынша шығыннан артық.
Сондықтан 2%-дық жеңілдік беру туралы шешім негізделген десе болады.
Алдыңғы  мысалдар  қаражаттың  тек  келіп  түсуінің  кешігуін  ескеретін.  Енді  дебиторлық
борыштардың бір бөлігі төленбейді деп болжайық. Бұл факторды несие төлеу қабілеттілігінің
кез  келген  саясатын  таңдаған  кезде  ескерген  жөн.  Төменде  кәсіпорын  саясатының  әр  түрлі
нұсқалары көрсетілген, сондай-ақ А-нұсқасы әрекет етіп тұрғаны делік (кесте 4).
Кесте 4 – Кәсіпорын саясатының әр түрлі нұсқалары
Көрсеткіштер
Нұсқалар
А
В
С
Сату көлемі, теңге
2 400 000
3 000 000
3 300 000
Қосымша сатулар бойынша несиенің қайтарылмау тәуекелі, %
2
10
18
Қосымша сатулар бойынша инкассалаудың орташа кезеңі, ай
1
2
3

156
Ашылуынан 6 ай өткен соң, әр шот инкассалау мекемесіне (банкке) өткізіледі, сондай-ақ
А-нұскасына сәйкес бастапқы сатулар бойынша түсімнің 2%-ы, В-нұсқасында – 10%-ы және
С-нұсқасында  18%-ы  қайтарылмайды.  Рентабельдік  20%-ға  тең.  Көріп  отырғанымыздай,
В-саясатына  өту  нақты  пайданы  алып  келеді,  ал  С-саясатына  өту  тиімсіз  болып  табылады
(кесте 5).
Кесте 5 – Кәсіпорын саясатының В және С нұсқаларын салыстыру
(теңге)
Көрсеткіштер
Нұсқалар
В
С
1. Сатулардың қосымша көлемі
600 000
300 000
2. Қосымша сатулардан түсетін пайда (20%)
120 000
600 000
3. Үмітсіз қарыздар бойынша қосымша ысырап
60 000
34 000
4. Қосымша дебиторлық берешек
600 000/6 = 100 000
300 000/4 = 75 000
5. Қосымша дебиторлық берешекке салынатын
инвестициялар
0,8 х 100 000 = 80 000
0,8 х 75 000 = 60 000
6. Қосымша салымдарға үстеме шығыстар (20%)
16 000
12 000
7. Үмітсіз қарыздар бойынша ысырап + шығын
(п. 3 + п. 5)
76 000
66 000
8. Қосымша пайда (п. 2 – п. 7)
44 000
(6 000)
Осылайша кәсіпорын несие саясатының тым сақтанымпаз (себебі сатулардың шектен тыс
ысыраптарына әкеліп соқтырады) немесе тіптен либералдық (себебі тым үмітсіз дебиторлық
берешекке  әкеліп  соқтырады)  болмайтын  түрін  таңдауға  әрекет  етеді.  Алдыңғы  төлемдер,
қаржылық  жағдайы,  сонымен  қатар  клиенттің  пайда  табу  болашағы  сияқтылар  кәсіпорын
тарапынан дебиторлық берешекті тиімді басқаруының түйінді факторлары болып табылады.
ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
1  Теплова Т.В. Финансовый менеджмент: управление капиталом и инвестициями. – М.: ГУ ВШЭ,
2000. – 504 с.
2  Есенгельдин Б.С., Ақбаев Е.Т. Қаржылық менеджмент: оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір»,
2011. – 298 б.
3  Белоножкова  Е.Ю.,  Игнатенко  А.А.  Управление  дебиторской  задолженностью  //  Проблемы
современной  экономики:  материалы  междунар.  науч.  конф.  –  Челябинск:  Два  комсомольца,  2011.  –
С. 88–90.
4  Брунгильд  С.Г.  Управление  дебиторской  задолженностью.  –  eBOOK.  –  2013,  Книжкин  Дом,
Астрель.
ӘDEBIET TІZІMІ
1  Teplova T.V. Finansovyj menedzhment: upravlenie kapitalom i investicijami. – M.: GU VShJe, 2000. –
504 s.
2  Esengel’din B.S., Aқbaev E.T. Қarzhylyқ menedzhment: oқulyқ. – Almaty: ZhShS RPBK «Dәuіr»,
2011. – 298 b.
3  Belonozhkova E.Ju., Ignatenko A.A. Upravlenie debitorskoj zadolzhennost’ju // Problemy sovremennoj
jekonomiki: materialy mezhdunar. nauch. konf. – Cheljabinsk: Dva komsomol’ca, 2011. – S. 88–90.
4  Brungil’d S.G. Upravlenie debitorskoj zadolzhennost’ju. – eBOOK. – 2013, Knizhkin Dom, Astrel’.
Аннотация
Цель работы заключается в поиске и обосновании оптимальной политики управления дебиторской за-
долженностью предприятия. Уровень дебиторской задолженности зависит от выбора между прибылью и рис-
ком. Необходимо правильно разрешить это противоречие между увеличением прибыли из-за роста дебитор-
ской задолженности и увеличением затрат на содержание этой дополнительной дебиторской задолженности.
Средний период инкассации дебиторской задолженности и доля потерь от безнадежных долгов во многом
определяются такими переменными, как продолжительность срока кредитования; скидки; инкассационная

157
программа предприятия. В ходе проведения работы использовались общенаучные методы познания, такие,
как  анализ  и  синтез,  классификация  и  обобщение,  аналогия  и  подобие.  Результаты  работы  представлены
обос нованием двух подходов к управлению дебиторской задолженностью – смягчением нормативов кредито-
спобности (удлинением сроков) и предоставлением скидки за скорость. Область применения результатов ра-
боты может быть охарактеризована функциями финансового менеджера или бухгалтера-аналитика компании.
Основной вывод согласуется с правилами финансового менеджмента: нормативы кредитоспособности мож-
но снижать до тех пор, пока дополнительная прибыль от увеличения дебиторской задолженности не станет
равна прибыли для покрытия издержек по содержанию этой дополнительной дебиторской задолженности.
Компании предпринимают попытки разработать такую кредитную политику, которая бы не была слишком
консервативной (приводящей к чрезмерным потерям реализации) или слишком либеральной (приводящей к
чрезмерной безнадежной дебиторской задолженности).
Ключевые слова: дебиторская задолженность, управление, инкассация, дополнительная прибыль, риск
потерь.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет