Вестник университета



Pdf көрінісі
бет7/33
Дата31.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#10671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

Abstract
The subject of the study is regional tourism and its interaction with government agencies for the development
of regions. The article is devoted to the importance of regional tourism development, the presence of these potential
resources, the use of which will give Kazakhstan an opportunity to achieve the objective, that is to become one of the
most competitive countries in the world arena, as it is the competitiveness of the regions is based on effective action
in these economic factors. Cluster development of tourism in regions is the most effective way to create a competitive
tourism industry, but for this representatives working in the field of the state body connection must be delegated. The
development of the cluster is the subject of support under the regional development strategies as clusters increase
productivity, innovation, competitiveness, profitability and employment in the regions. The necessity of cooperation
between the state and private sector of the tourism industry in Kazakhstan, resulting in a mutually beneficial partnership
between the states assumes the market risk under certain basic conditions; the private partner bears most of the risk on
the project. The authors suggest the creation of new organizational and legal forms of business. The main conclusions
of the article may be used in the development of regional programs for the development of tourism cluster, embedded
in the program for the development of public-private partnerships, interagency program of innovation development of
the tourism sector, as well as the municipal authorities for the development of tourism clusters in their region. Many
of the problems associated with the functioning of clusters, also remain underdeveloped. The issues of the formation
and implementation of a regional cluster policy in the Republic of Kazakhstan poorly understood. The authors suggest
the introduction of mechanisms in the current system that are acceptable to our mentality and correspond to the time.
Key words: competitiveness, industrial-innovative development, sustainable growth, mechanism, partnership,
business, economics.

49
ӘОЖ 334.012.6: 336
Ж.Қ. ДАВИЛЬБЕКОВА. 
К.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық зерттеу университеті,
Экономика және бизнес институты,
э.ғ.д., профессор
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ШАҒЫН 
ЖӘНЕ  ОРТА  КӘСІПКЕРЛІКТІҢ  ДАМУЫ
Аңдатпа
Мақалада шағын және орта бизнесті дамыту жолдарын зерттеу мақсатымен Қазақстан Республикасы-
ның Ұлттық статистика агенттігіндегі ресми тіркелген шағын және орта кәсіпорындардың саны, сондай-ақ
мемлекеттік  қолдаумен    шет  тілдер  тәжірибесі  туралы  мәліметтер  қарастырылады.  Зерттеу  барсында  кез
келген елдің экономикасының негізі шағын және орта бизнес болып табылатындығы анықталды. Дамыған
елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту елдің эко-
номикасын көтеруде маңызды орын алады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және
өңірлік  монополизмді  жоюға,  нарықта  тауарлар  мен  қызметтерді  көбейтуге,  жаңа  жұмыс  орындар  ашуға,
ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын
орта  тап  қалыптастыруға  үлкен  мүмкіндіктер  бар  екені  анықталды.  Шет  елдердің  тәжіребиесі  негізінде
қаржылық  несиелендіру  көптеген  несиелік  мекемелер,  банктер  арқылы  іске  асырылатындығы  көрсетілді.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту есебінен ел басымыз қойған тапсырмаларды шеше аламыз: ІЖӨ-нің
жыл сайын 5%-ға өсуі, ІЖӨ-нің энергия тұтыну ауқымын 2 есе төмендеуі және еңбек өнімділігін 5 есеге
арттыру. Шағын және орта бизнес болашақта бюджетке едәуір табыс әкеледі.
Тірек сөздер: кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, субъектілер, қызмет, ахуалы, несиелер, даму.
Қазақстан  Республикасының  шағын  және  орта  кәсіпкерлігін  дамыту  үшін  шет  ел дер-
дің  тәжірибелері,  мемлекеттің  қолдауы,  ҚР-ның  статистика  агенттігіндегі  тіркелген  кә сі по-
рындардың саны қарастырылды.
Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік болып табылады.
Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенетін болсақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қалыптастыру
мен дамыту елдің экономикасын көтеруде маңызды орын алады. Шағын және орта кәсіпкерлікті
дамыту арқылы салалық және өңірлік монополизмді жоюға, нарықта тауарлар мен қызметтерді
көбейтуге, жаңа жұмыс орындар ашуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пай да-
лануға, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптастыруға үлкен мүм-
кіндіктер бар.
Қазіргі  таңда  экономикасы  дамыған  елдерде  шағын  кәсіпкерлікті  дамытуда  көптеген
шаралар жүргізілуде. Экономикасы дамыған елдердің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік
экономиканың  дамуына  көп  әсерін  тигізетін  факторлардың  бірі.  Шағын  кәсіпкерліктің  эко-
номикалық өсіміне әсер ететін қажетті шарттардың бірі ол қаржылық-несиелік қамтамасыз ету
болып саналады. Шағын кәсіпкерліктің жақсы дәрежеде дамуы мемлекет тарапынан жүр гізіле-
тін  несиелік-қаржылық  көмексіз  өркендей  алмайды.  Дамыған  елдердің  тәжірибесіне  сүйену
Қазақстан кәсіпкерлері үшін қажетті бағыт болып есептеледі.
АҚШ-та шағын бизнесті несиелендіру Шағын бизнесті несиелендіру әкімшілігі арқылы
жүзеге асырылады. Ал Германияда шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жолдары банк арқылы
жүргізіледі.  Ұлыбританияның  тәжірибелеріне  сүйенетін  болсақ,  қаржылық  несиелендіру
көптеген  несиелік  мекемелер  арқылы  іске  асырылады.  Мысал  ретінде,  «қаржылық  өндіріс-
тік  және  сауда  кәсіпорындары»  корпорациялары,  әр  түрлі  клирингтік  банктер  тағы  да  бас-
қа  қаржылық  мекемелер.  Франциядағы  шағын  бизнесті  несиелендіру  негізінен  шағын  кә-
сіпорындарды дамыту банкі арқылы жүргізіледі. Бұл банктің капиталының көп бөлігі активтерді
басқару және жартылай депозиттер кассасын иеленетін Франция мемлекеті болып табылады.
Банктің негізгі бағыты – бұл мемлекет тарапынан шағын бизнесті қолдау.
Президентіміз Н.А. Назарбаев «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жол д ауын-
да: «Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды
ішкі  жалпы  өнімнің  3  пайызынан  кем  емес  деңгейге  дейін  арттыруды  талап  етеді.  ІЖӨ-нің

50
энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай
Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін
болады.  Еңбек  өнімділігін  5  есеге  –  қазіргі  24,5  мыңнан  126  мың  долларға  дейін  арттыру
керек. Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті
цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың
доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта
тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар
үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның
қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары
байланыстырады» – дейді [1].
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың пайдасы мемлекетімізге алып келер үлесі орасан
зор. Жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа
қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны
бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес
шешуші  фактор.  Қазақстанда  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуға  байланысты  шаралар
жүргізіледі.
Елбасы Н.А. Назарбаевтың 1997 жылы 6 наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіп-
керлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан бас-
талды.  Одан  кейін  «Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  туралы»,  «Жеке  кәсіпкерлік
туралы»  Заңдар  қабылданды.  Шағын  және  орта  кәсіпкерлікке  қолайлы  жағдайлар  жасау
үшін қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан
Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық
бағдарламалары  туралы»  жарлық  шығарды.  Міне,  жыл  сайынғы  жолдауында  елбасымыз
шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынып келеді. Биылғы «Бір мақсат,
бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  жолдауында  да  шағын  және  орта  кәсіпкерлікке  ерекше  назар
аударылған [2].
ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстанда соңғы 9 жылда шағын және
орта бизнестің тіркелген кәсіпорындарының саны екі еседен артық мөлшерге өскен [3].
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерліктің мониторингі (сурет 1).
2014  жылғы  (салыстырмалы  бағаларын)  2013  жылға  салыстырғанда  өнім  шығарылымы
9,3%-ға  өсті,  жұмыспен  қамтылғандар  саны  0,4%-ға  және  белсенді  субъектілер  саны  2015
жылғы 1 қаңтарға 1,7%-ға төмендеді.
Сурет 1 – Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
қызметтерінің көрсеткіштер құрылымы
2014  жылғы  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерінің  өнім  шығарылымы  10132,4
млрд  теңгені  құрады.  ШӨК  субъектілерінің  жалпы  санында  дара  кәсіпкерлер  үлесі  73,7%,
шаруа  (фермер)  қожалықтары  –  17,5%,  шағын  кәсіпкерліктегі  заңды  тұлғалар  –  8,3%,  орта
кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,5%-ды құрады.

51
2015 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШӨК субъектілер саны
өткен жылғы тиісті кезеңдегі сәйкес мерзіммен салыстырғанда 4,3% өсті. ШОК субъектілерінің
жалпы санында дара кәсіпкерлер үлесі 73,4%, шаруа (фермер) қожалықтары – 13,7%, шағын
кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 12,7%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,2%-ды құрады.
2015 жылғы 1 қыркүйекке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер қызметтерінің негізгі
көрсеткіштері – 104,3%, ал 2014 жылғы қаңтар айының көрсеткіші 106,9 %-ды құраған.
Қазақстан  Республикасы  шағын  кәсіпкерліктің  барлық  субъектілерінің  өнім  шығарылы-
мы бойынша 3 555 282 млн тенге өнім шығарды.
Кесте 1 – 2015 жылғы 1 қыркүйекке ШӨК жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны
           
Көрсеткіштер
Барлығы
Соның ішінде
Барлығы,
өткен
жылдың
тиісті
кезеңіне
пайызбен
шағын
кәсіпкерліктегі
заңды
тұлғалар
орта
кәсіпкерліктегі
заңды тұлғалар
дара
кәсіпкерлер
шаруа
(фермер)
қожалықтары
Қазақстан
Республикасы
1 332 186
169 812
2 857
977 378
182 139
104,3
Қазақстан  Республикасындағы  шағын  кәсіпкерлік  пен  микронесиелік  ұйымдар  қызметі-
нің көрсеткіштері барлығы 1 529 275 бірлікті құрап отыр, ал заңды тұлғалар 247 745 бірлігін,
жеке кәсіпкерлердің 1 086 460 бірлікті, ал шаруа (фермерлік) қожалықтары 195 070 бірлігін
құрайды [4].
Сурет 2 – 2008–2014 жылдардағы ҚР рейтингісінің салыстырмалы көрсеткіштері
Ескертпе – Автор Дүниежүзілік Банктің Doing Business рейтингісіндегі Қазақстанның жағдайы дерек-
нама бойынша жасаған.
Қазақстан  өз  позициясын  2008  жылғы  72-орыннан  2014  жылы  50-орынға  жақсартты.
Осы  рейтингідегі  ең  жоғарғы  позицияда  Қазақстан  2012  жылы  47-орынды  иемдене  отырып
орналасқан  болатын.  Рейтингтегі  оң  тренд  «Өнімділік  –2020»,  «Жұмыспен  қамту–2020»,
«Бизнестің жол картасы–2020», моноқалаларды дамыту бағдарламасы, «Агробизнес–2020» се-
кілді бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың кешенді шараларын іске
асырудың нәтижесінде орын алды. Осылайша, «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасын
іске асыру шеңберінде 2013 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді. 642 млрд теңге соманы
құрайтын 2 861 жоба қаржыландырылды. 21 млрд теңге соманы құрайтын 204 жобаға кепілдік
берілді.  Инвестицияларының  жалпы  сомасы  95,8  млрд  теңгені  құрайтын  454  кәсіпорынға
арналған өндірістік инфрақұрылым жасалуда. Сомасы 408 млн теңге құрайтын, 137 бастаушы
кәсіпкерге арналған гранттар ұсынылды.

52
Қорытынды
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет
жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы
дамыған. Бұның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ
мерзімде  кәсіпорындар  тек  саудамен  ғана  емес,  экономиканың  әр  саласында  жұмыс  істеуі
қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі
қажет.  Қазіргі  таңда  басқа  да  себептерге  байланысты  кәсіпкерлер  бөлігі  жасырын  салаға
өтіп  жатыр.  Осы  жағдайда  ескеретін  жәйт,  кәсіпкерлердің  құқығын  қорғайтын  жүйе  жасау,
тексеруші  органдардың  және  рұқсат  беруші  құжаттардың  санын  азайту  қажет.  Шағын  және
орта бизнес мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Мемлекет шағын және орта
кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  http://el.kz/m/articles/view/Президент-Н-Назарбаев-шағын-және-орта-кәсіпкерлікті-қолдайды.
2  Статистикалық  деректер  //  Қазақстан  Республикасы  Статистика  жөніндегі  агенттігінің  ресми
сайты.  [Электрондық  ресурс].  –  Қол  жеткізу  тәртіптемесі:  http://www.stat.gov.kz/  (Жодаудың  күні:
05.02.2014 ж.).
3  http://www.stat.gov.kz/.
4  Баяндама «Doing Business–2014: Шағын және орта кәсіпорындардың қызметін реттеуді түсіну»
// Дүниежүзілік банкінің ресми сайты. [Электрондық ресурс]. – Қол жеткізу тәртіптемесі: http://russian.
doingbusiness.org/ (Жолдаудың күні: 29.01.2014 ж.).
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1  http://el.kz/m/articles/view/Prezident-N-Nazarbaev-shaғyn-zhәne-orta-kәsіpkerlіktі-қoldajdy.
2  Statistikalyқ  derekter  //  Қazaқstan  Respublikasy  Statistika  zhөnіndegі  agenttіgіnің  resmi  sajty.
[Jelektrondyқ resurs]. – Қol zhetkіzu tәrtіptemesі: http://www.stat.gov.kz/ (Zhodaudyң kүnі: 05.02.2014 zh.).
3  http://www.stat.gov.kz/.
4  Bajandama  «Doing  Business–2014:  Shaғyn  zhәne  orta  kәsіporyndardyң  қyzmetіn  retteudі  tүsіnu»
//  Dүniezhүzіlіk  bankіnің  resmi  sajty.  [Jelektrondyқ  resurs].  –  Қol  zhetkіzu  tәrtіptemesі:  http://russian.
doingbusiness.org/ (Zholdaudyң kүnі: 29.01.2014 zh.).
Аннотация
С целью исследования путей развития малого и среднего бизнеса в статье рассматриваются данные о
количестве малых и средних предприятий, официально зарегистрированных в Национальном статистическом
агентстве Республики Казахстан, а также опыт развитых стран в аспекте поддержки их государством. В ходе
исследования выявлено, что основой развития экономики любой страны является малый и средний бизнес.
Опираясь на опыт развитых стран, можно констатировать, что формирование и развитие малого и среднего
предпринимательства занимает существенное место в экономическом росте. Выявлены, что развитие малого
и среднего предпринимательства дает большие возможности для общественной стабильности, использования
достижений научно-технического прогресса, открытия новых рабочих мест, увеличения товаров и услуг с
целью полного удовлетворения рыночного спроса, ликвидации отраслевого и местного монополизма. На ос-
новании опыта зарубежных стран показано, что финансовое кредитование производится посредством много-
численных кредитных организаций, не исключая и банки. За счет развития малого и среднего предпринима-
тельства мы сможем решить те задачи, которые ставит перед нами глава государства, а именно: ежегодный
5% рост ВВП, снижение энергоемкости ВВП в 2 раза и увеличение производительности труда в 5 раз. Таким
образом, малый и средний бизнес принесет значительный доход в бюджет в будущем.
Ключевые слова: предпринимательство, малый и средний бизнес, субъекты, деятельность, состояние,
кредиты, развитие.

53
Abstract
The  data  on  quantity  of  small  and  middle-sized  enterprises  registered  in  National  statistical  agency  of  the
Republic  of  Kazakhstan,  and  experience  of  the  developed  countries  in  aspect  of  support  by  their  state  with  the
purpose of studying main ways of development of small and middle-sized business are considered in the article.
During research it was revealed that the basis of development of any country economy is small and middle-sized
business.Based on experience of the advanced countries it is possible to ascertain, that formation and development
of small and middle-sized business takes essential a place in economic growth. Moreover, it was stated small and
middle-sized business play a big role for public stability, using of achievements of scientific and technical progress,
opening of new workplaces, increasing of the goods and services with the purpose of full satisfaction of a market
demand. The experience of foreign developed countries shows that financial crediting is made by means of the
numerous credit organizations, not excluding and banks. Due to development of small and middle-sized business we
can solve those problems which are put by the head of the state, namely: annual 5% growth of gross national product,
reduction of energy power consumption of Gross National Product in 2 times and increasing of labour productivity in
5 times. Thus, small and middle-sized business will bring the significant income in the budget in the future.
Key words: entrepreneurship, small and middle-sized business, subjects, activity, condition, credits, development.

54
УДК 338.439:664.143(574)
Ж.З. БАЙМУКАШЕВА.
С. Баишев атындағы
Ақтөбе университеті,
э.ғ.к.
ҚАЗАХСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ШАҒЫН 
ЖӘНЕ  ОРТА  БИЗНЕСТІҢ  ЖАҒДАЙЫ
Аңдатпа
Кәсіпкерлік  (кәсіпкерлік  қызмет)  –  заңдық  тұлғаны  ұйымдастырусыз,  табыс  немесе  жеке  пайда
табу мақсатына бағытталған, өз тәуекеліне және өзінің мүліктік жауапкершілігіне немесе басқа тұлға
тәуекеліне және сол тұлғаның мүліктік меншігінен, жеке тұлға атынан жүзеге асырылатын азаматтардың
бастамалы,  жеке  әрекеті.  Бүгінгі  таңда  аса  маңызды  болып  кәсіпкерлік  секторына  мемлекеттік  және
мемлекеттік емес әрекетінің оңтайлылығы, мемлекет және оның аймақтарының, нақты кәсіпорын дең-
гейінде кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің болмауы мәселелері табылады. Мемлекет бизнестің
теориялық аспектілері, шағын және орта бизнесті анықтауға, сондай-ақ шағын фирмаларды құру және
тиімді қызмет істеуінің тәжірибелі сұрақтарын игеруге бағытталған зерттеулер қатарына мұқтаж. Жал-
пылай  айтқанда  республикадағы  шағын  және  орта  бизнесті  қолдау  көп  деңгейлі  сипатқа  ие:  салық
жұмысын төмендету саласында іс-шаралар іске асуда, меншік пен активті легализациялау жүргізіледі,
несиелі  ресурстарға  қол  жеткізуді  жеңілдету  бойынша  шаралар  кешені  жүзеге  асырылуда,  әкімшілік
рәсімдер мен рұқсат берулер жеңілдетілуде, шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық орталықтары
қалаларда да, ауылдарда да ұйымдастырылуда. Бірақ Қазақстанның болшағы – кәсіпкерлерде. Сондықтан
өз кәсіпкерлік қызметтерін орындауға экономикалық қызметтің осы нысанымен кімде-кім айналысам
десе, әрқайсысына кәсіби тәсіл талап етіледі.
Тірек сөздер: шағын бизнес, сауда, өндіріс, сфералар қызметі, ауыл шаруашылығы.
Шаруашылықтың  нарықтық  жүйеге  ауысуы  –  бұл  кәсіпкерлік  түріндегі  экономикаға
ауысу  деген  түсінікті  береді.  Мемлекеттегі  кәсіпкерліктің  дамуына  жағдайлар  жасау  өтпелі
экономиканың дұрыс қалыптасуына ықпал тигізетін бірден бір дұрыс шешімдердің негізгісі.
Осыған байланысты елдегі кәсіпкерлік қатынастардың дамуы негізгі және маңызды орындарды
алатын аса қажетті қатынастардың бірі болып отыр.
Дамыған индустриалды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50%-
дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның
өзінде олардың ЖІӨ-гі сыбағалы үлесі 30%-дан аспайды. Мәселен, 2010 жылдың нәтижелері
бойынша еліміздегі шағын  және орта бизнес субъектілерінің жалпы  іші өнімдегі үлесі 17%
болды,  ал  2014  жылы  бұл  пайыздық  қатынас  20%  шамасында  болды.  Бұл  статистикалық
мәліметтер осы сектордың ұлттық экономикасындағы елеулі еместігін көрсетеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенін
көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы бес жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік
нарықтардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық
реформаларды  жүргізуінен  алады.  Олардың  нәтижесінде  Қазақстандық  экономикаға  ақша
массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде
біздің  елімізде  инвестициялау  объектілерінің  тапшылығы  байқалуда.  Сондықтан  көптеген
тұлғалар өз істерін ашуға тырысуда.
Статистика  бойынша  ҚР-сы  агенттігінің  мағлұматтары  бойынша  2014  жылғы  1  қаңтар
қарсаңында біздің елімізде шағын бизнестің 130 779 субъектілері тіркелген. Олардың 71,5%-ы
әрекет етеді. Бұл өткен периодтағы осы көрсеткіштегі 11,8%-ға көп. 2014 жылдың 1 қаңтарында
белсенді  кіші  кәсіпорындарының  42,2%-ы  саудаға,  автомобильдерді  жөндеуге  және  үй  ша-
руашылығы  қолдамындағы  өнімдерді  өндіруге  мамандырылған.  Ал  өнеркәсіптік  бағыттағы
әрекет ететін белсенді шағын кәсіпорындардың үлесі 12,5%, ал осы кәсіпорындардың 90,2%-ы
өңдеу бойынша өнеркәсіптік қызметті жүзеге асырады.
Жоғарыда келтіріліп кеткен статистикалық мәліметтерден көріп отырғанымыздай шағын
бизнес  субъектілері  көбінесе  сауда  мен  сервис  саласында  әрекет  етеді.  Ол  көбінесе  шағын
кәсіпорында  ашушылардың  бастапқы  қапиталдарының  аздығымен  байланысты.  Сондай-

55
ақ  өнеркәсіптік  қызметті  жүзеге  асыратын  кіші  бизнес  субъектілерінің  аз  үлесі  мемлекеттік
реттеудің жетілмегендігімен және құрал-жабдықтар мен технологияларды импорттауға кеден-
дік төлемдердің ауыртпалығымен түсіндіріледі.
Одан ары біз Қазақстанда әрекет ететін шағын кәсіпорындардың салалар бойынша ұсы-
нысының құрылымын қарастырамыз. Олардың ұсыныстарының салалар бойынша құрылымы
келесі (кесте 1) кестеде берілген.
Кесте 1 – Салалар бойынша кіші бизнес субъектілерінің ұсыныс құрылымы
Қызмет ету сферасы
Үлесі, %
Орташа құны
Сауда
28,9
94 300
Аптекалар, формакология
2,5
90 100
Ойын-сауық индустриясы
4,2
527 500
Қоғамдық тағамдану
11,3
240 800
Өндіріс
23,1
418 300
Ауыл шаруашылығы
10,0
222 100
Сервис сферасы
19,5
428 050
Барлығы
100
288 736
Келесі  статистикалық  мәліметтерде  біз  шағын  бизнестің  сфералары  бойынша  ин вес-
торлардың артықшылықтарын беруді қарастырамыз. Олар келесі 2-кестеде берілген.
Кесте  2  –  Шағын  бизнестің  сфералары  бойынша  инвесторлардың  артықшылық  берулері
(2014 ж. 1 қаңтар)
Қызмет ету сферасы
Үлесі, %
Сауда
17,6
Аптекалар, формакология
8,8
Ойын – сауық индустриясы
5,9
Қоғамдық тағамдандыру
17,6
Өндіріс
29,4
Ауыл шаруашылығы
10,0
Сервис сферасы
20,6
Барлығы
100
Көріп отырғанымыздай кіші бизнес субъектілерінің ұсынысындағы сауданың алатын са-
палық үлесі ең жоғары болып тұр. Екінші орында өндіріс секторы – 23,1%, ал үшінші орында
сервис секторы – 19,5%. Төртінші орында қоғамдық тағамдандыру 11,3%-бен алады [1].
Сапалар бойынша инвесторлардың артықшылық беруіне келетін болсақ, инвесторлар қазіргі
таңда шағын бизнес секторы бойынша өндіріске капитал салымын жасағанды қа лайды. 2-кесте
бойынша ол өндіріс секторына инвесторлардың артықшылық беруі 29,4%-ды құрады. Мұндай
тендецияның қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ақша массасының тез өсуі мен экономикадағы
сапаны инвестициялық объектілер мен жобалардың тапшылығымен байлынысты. Сондай-ақ
сауда  секторы  бойынша  қазіргі  кезде  бәсекелестік  өте  күшті  және  рентабелділік  төмен,  сол
себепті бірінші орында болып келген сауда секторына инвестициалау қазіргі кезде төмендеп,
ша ғын бизнестегі инвестиция тарту бойынша сауда 3-орынға түсіп қалып отыр. Инвестиция
тар ту бойынша шағын бизнес секторында 2-орында Сервис секторы ашады. Көптеген дамыған
елдердің көпжылдық тәжірибесі көрсетіп отырғандай экономика дамыған сайын, оның басым
бөлігін қызмет көрсету сапасы ала бастайды. Статистикалық қорытындыларға сәйкес мұндай
тендеция бізде де орын алып келе жатыр, инвестициялық тартымдылығы жағынан өткен жыл
бойынша 3-ші орынға сауда секторымен қоғамдық тағамдандыру бөлісіп отыр.
Сондай-ақ  шағын  кәсіпорындардың  тіркелуінің  көптігі  Астанада,  Оңтүстік  Қазақстан
облысында, шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында бақыланады.
Ал өткен жыл бойынша шығыс кәсіпорындарында ең аз тіркелуі Батыс Қазақстан, Сол-
түстік  Қазақстан,  Қызылорда,  Атырау  және  Маңғыстау  облыстарында  болды.  Статистика

56
көрсетіп отырғандай тіркелген шағын кәсіпорындар көбінесе өнеркәсіптік базасы және сауда-
делдалдық қызмет дамыған аймақтарда шоғырланған.
Зерттеу барысында шағын және орта бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті
екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын және орта бизнестің
дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:
Келтірілген  мәліметтерден  көріп  отырғанымыздай  Қазақстан  нарығында  шағын  кәсіпо-
рын дардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі – салық саясатының
жетілмегендігі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ
онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу
үшін мыналар қажетті болып келеді:
 
Š
жаңа өндірістік – инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін
енгізу;
 
Š
өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын
қайта қарау;
 
Š
ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық
талдау көрсету;
 
Š
салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс
орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық рет-
теушісі болуы керек [2].
Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі – жал-
пы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы. Яғни АҚШ доллары бағамының тез өзгеретіндігі,
макроэкономикалық жағымсыз өзгерістерге байланысты инфляция және жоғары тәуекелдер,
әлемдік қаржы дағдарысының орын алуы және т.б.
Үшінші  орында  кәсіпкерлер  несиені  алу  кезінде  туындайтын  қиыншылықтар  мәселесі.
Шағын  кәсіпкерліктің  дамуына  кедергі  келтіріп  отырған  бұл  мәселе  субъектілердің  өзінің
инвестициялық  және  айналымдағы  мұқтаждарын  қамтамасыз  ету  үшін  жеткілікті  қаржы
ресурстарының  жоқтығы  болып  табылады.  Республика  бойынша  шағын  және  орта  бизнес
субъектілермен  жүргізілген  анонимді  сауалнаманың  мәліметтері  бойынша  шағын  бизнестің
алдында тұрған ең негізгі мәселе-несиелік ресурстарға шығу жолының қиындығы.
Төртінші мәселе – шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді өткізу кезінде
қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі – бәсекелестік ортаның жоғарылылығы.
Шағын  кәсіпкерліктің  дамуына  кері  әсер  ететін  басқа  да  факторлар  шағын  кәсіпкерліктің
қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағ-
дайда  нақты  нормалардың  болмауы  болып  табылады,  бұл  әкімшілік  кедергілерді  ұлғайтуға
әкеледі.
Қарастырып отырған мерзім аралығында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік-
ке экономика салалары бойынша несиелер құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Мәліметтер-
ден  көріп  отырғанымыздай,  екінші  деңгейдегі  банктердің  шағын  кәсіпкерлікке  экономика
салалары  бойынша  несиелерінің  жартысынан  астамы  сауда  саласындағы  кәсіпорындарға
жұмсалды (сурет 1).
Сурет 1 – 2014 жылдағы екінші деңгейдегі банктердің
шағын кәсіпкерлікке экономика салалары бойынша несиелері, %
16%
67%
15%
2%
0%
Басқа да салалар 
сауда
құрылыс 
Көлік 
Байланыс

57
Сауда қызметі шағын кәсіпорындарға неғұрлым қол жетерлік, себебі үлкен капитал жұм-
салымын, тауарлы-материалды запастарды қажет етпейді, сондай-ақ ақша қаражаттарының тез
шалымдылығын қамтамасыз етеді.
Егер  мемлекет  тікелей  қаржы-қаражат  бөліп,  шағын  және  орта  кәсіпкерлікке  көмектесе
алмаса,  мемлекеттік  тапсырысты  қатыстырып,  әсіресе,  өндірістік  саланы  дамытуға  сөзсіз
ықпал ете алады.
Шетелдік нарықтық экономиканың тәжірибелері шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда
лизингтік және франчейзингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше,
шағын кәсіпорынның ірі орталық және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-
қаражаттарын, технологияларын пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы
іспетті.
Шағын және орта кәсіпкерліктің табысты дамуы елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық,
құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен
нығайту шағын және орта кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Грузинов В., Грибов В. Предпринимательство: формы и методы организации предприниматель-
ской деятельности. Экономика предприятия – М., 2012.
2  Кантарбаева А.К. Предпринимательство: институционально-эволюционный подход. – Алматы:
Раритет, 2013.
3  О дополнительных мерах по реализации государственных гарантий предпринимательской дея-
тельности: утв. Указом Президента Республики Казахстан № 3036 18 июля 2014 г.
ӘDEBIETTER TІZІMІ
1  Gruzinov V., Gribov V. Predprinimatel'stvo: formy i metody organizacii predprinimatel'skoj dejatel'nosti.
Jekonomika predprijatija – M., 2012.
2  Kantarbaeva A.K. Predprinimatel'stvo: institucional'no-jevoljucionnyj podhod. – Almaty: Raritet, 2013.
3  O  dopolnitel'nyh  merah  po  realizacii  gosudarstvennyh  garantij  predprinimatel'skoj  dejatel'nosti:  utv.
Ukazom Prezidenta Respubliki Kazahstan № 3036 18 ijulja 2014 g.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет