Бір буын бетімен басқа буын бетінің жылжу дәрежесіне байланысты толық және толық емес немесе жартылай шығу деп бөлінеді.
Зақымдалу сипатына байланыстыбуынның шығуы жай және асқынған болады. Асқынған түрі деп, сүйектің сынуымен және оның бүтіндігінің бұзылуымен қатар жүретін буынның шығуын айтады.
Жарақат уақытының өтуіне байланыстыбуынның шығуы жаңа (3 күнге дейін), ескі (3-4 аптаға дейін), ескірген (1 айдан көп) болып бөлінеді.
Сүйектің басы жарақаттың сипатына байланысты әртүрлі бағытта жылжуы (ығысуы) мүмкін. Ығысудың түрі буынның анатомиялық ерекшеліктеріне, жарақат механизміне және жарақат кезіндегі аяқ-қолдың орналасу қалпына байланысты болады. Шыққан сүйек басының жылжуына құлап келе жатқан дене салмағымен бірге, бұлшықеттің жиырылуының салдарынан болатын екіншілік ығысу да қосылады.
Этиологиясына қарайтуа біткен және жүре пайда болған (жарақаттық, патологиялық, үйреншікті) деп ажыратылады.
Сурет 13.2. Буын ұштарының ығысуы: а) ішке қарай; б) сыртқа қарай Туа біткен буын шығуы ұрықтың дамуында буын ұштарының және байланысқан сүйектердің дұрыс емес дамуынан болады. Жиі кездесетіні сан сүйегінің туа біткен шығуы (1000 нәрестеге 2-5 рет, қыздарда 5-7 рет жиі кездеседі). Жиі – бір жақты, кейде – екі жақты буынның шығуы болады. Көбінесе, бұл патология бала жүре бастағанда ғана анықталады. Бұл жағдайда аяқтың ақсауы, буынның ойнақтауы, буындағы ауыру сезімі және аяқ-қолдың қысқаруы байқалады. Екі жақты буынның шығуына «үйрек жүрісі» тән.
Жарақаттық буын шығуызақымдалулардың 1,5-3% -ын құрайды және жиі кездеседі. Негізгі мөлшері иық буынының үлесіне тиеді – 50-80%. Бұл иық сүйегі басының көлемі мен пішінінің жауырынның буын бетіне сәйкес келмеуімен түсіндіріледі.
Патологиялық буын шығуы әдетте, буын қуысы мен сүйектің буындық ұштарында дамитын, әртүрлі патологиялық (деструкциялық) үрдістердің нәтижесінде пайда болады. Мұндай буын шығуы көбінесе сүйек-буын туберкулезінде, созылмалы остеомиелитте, моно- және полиартриттерде, артроздарда, полимиелит кезіндегі аяқ-қолдың әлсіз салдануында, неврогенді артропатиялардың кейбір түрлерінде, ісіктерде, остеодистрофияларда, остеохондропатияларда болуы мүмкін.