20. Кеш ЖБХӨ кезінде орындалады: А) бөгде денелерді алып тастау
В) өліеттенген тіндерді кесіп алу
С) жараның шеттерін сылып алу
D) жараға тігіс салу
Е) іріңді қалталарды тіліп ашу
21. Жараланғаннан кейін, екіншілік ерте тігісті салу мерзімі: А) 4 тәулікте
В) 6 тәулікте
С) 7 тәулікте
D) 8 тәулікте
Е) 8-15 тәулікте
22. Жараланғаннан кейін, екіншілік кеш тігісті салу мерзімі: А) 8-15 тәулікте
В) 7-10 тәулікте
С) 3-4 тәулікте
D) 15 тәуліктен кейін
Е) 20 тәуліктен кейін
23. Жара іріңдеуінің клиникалық белгілері пайда болады: А) 1 тәуліктен кейін
В) 2 тәуліктен кейін
С) 3 тәуліктен кейін
D) 1 аптадан кейін
Е) 2 аптадан кейін
24. Стафилококкты инфицирлену сипатталады: А) басталуының айқын болуымен
В) баяу дамуымен
С) жоғары гипертермиямен
D) гипертермияның болмауымен
Е) тігілген жараның қатты ауыруымен
25. Жараның даму үрдісінің бірінші кезеңінде басым болады: А) пролиферация
В) экссудация, альтерация
С) жасушалық инфильтрация
D) эпителизация
Е) тыртықтану
26. Жараның даму үрдісінің екінші кезеңінде басым болады: А) альтерация
В) пролиферация
С) эпителизация
D) тыртықтану
Е) экссудация
27. Бірінші кезеңде жараны емдеу үшін қолданылады: А) майлы таңғыш
В) ультрадыбыс
С) антисептиктер
D) протеолиттік ферменттер
Е) дренажды түтіктер
28. Сіз оқиға болған жерге келдіңіз: ер адам етбетінен жатыр, кеудесінде сол жақ алдыңғы қолтық асты сызығымен 6 қабырғааралығында пышақ тығылған. Тамыр соғуы минутына 120 рет. АҚ – 70/40 мм.сын.бағ. Сол жақта тынысы әлсіреген. Пышақты не істеу керек? Жараланған адамға қандай көмек көрсетесіз? А) Пышақты алып тастап, науқасты хирургиялық бөлімге жеткізу керек.
В) Пышаққа тиіспей, шокқа қарсы шараларды ұйымдастырып, тез-арада
жақын орналасқан ауруханаға жеткізу керек.
С) Оқиға болған жерде жараланған адамның гемодинамикасы қалпына
келгенше, шокқа қарсы шараларды жүргізу керек.
D) Жараланған адамның қан тобын анықтап, гемотрансфузия жүргізу
керек.
29. Ауылдық ауруханаға 23 жасар ер адам келді, оның ішіне 1 сағат бұрын пышақ салған. Тамыр соғуы минутына 92 рет. АҚ – 120/80 мм.сын.бағ. Іштің алдыңғы қабырғасында кіндіктен аздап төмен және сол жағында 3,5 см -лік жара бар. Жарадан үлкен шарбы майы шығып тұр. Үлкен шарбы майымен не істейсіз? Қандай көмек көрсетесіз? А) Шарбы майын ішіне тығып, асептикалық таңғыш салып, хирургиялық бөлімге жеткізу керек.
В) Асептикалық таңғыш салу, шарбы майын қол тигізбей жабу, ауыру сезімін басу және операция жасау үшін, тез-арада хирургиялық бөлімге жеткізу керек.
С) Шығып тұрған шарбы майын кесіп, таңғыш салып, ауруханаға жеткізу
керек.
D) Шығып тұрған шарбы майын теріге тігіспен бекітіп, асептикалық
таңғыш салып, ауруханаға тасымалдау керек.