Єл-фараби атындаѓЫ



бет36/41
Дата01.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#78312
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

I Негізгі түсініктер





  1. Экономикалық өсу дегеніміз не?

  2. Экономикалық өсудің қандай түрлерін білесіздер?

  3. Экономикалық өсуді бағалағанда қандай көрсеткіштер алынады?

  4. Экономикалық өсу проблемасын макроанализ зерттейді ме?

  5. ЖҰӨ елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайды ма?

  6. Экономикалық өсу қарқындарын бағалап, ел халқының әл-ауқаты деңгейін бағалауға бола ма?

  7. Экономикалық өсудің қандай модельдерін білесіздер?

  8. Экономикалық өсу көздеріне не жатады?

  9. Солоу моделінің негізгі теңдеуі қандай?

  10. Капиталмен жарақтандырылғандық дегеніміз не?

  11. Қорланудың Алтын ережесінің мәнін ашыңыз.

  12. Солоу моделінде тепе-теңдіктің шарты қандай?

  13. Қандай факторлар Солоу моделінде экономикалық өсуді анықтайды?

  14. Халықтың өсуі экономикалық өсу деңгейіне әсер ете ме?

  15. Елдің экономикалық өсу қарқындарын не шектеуі мүмкін?



II Келесі пікірлер дұрыс па?




  1. Экономикалық өсу дегеніміз белгілі уақыт аралығында нақты өндіріс көлемінің артуы.

  2. Экономикалық өсуді бағалау үшін белгілі мерзім аралығында ЖҰӨ немесе ЖІӨ өсу қарқынын қолданады.

  3. Экономикалық өсуді зерттеу микроэкономикалық талдаудың міндетіне жатады.

  4. Экономикалық өсу қарқынын бағалауы ел халқының әл-аухаты дәрежесіне баға бермейді.

  5. Жан басына щаққандағы ЖІӨ қоршаған ортаның ластануын, бос уақытты, өмір-жасының ұзақтылығын, әлеуметтік қамсыздандырылу дәрежесін ескереді.

  6. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ жоғары деңгейі бар бай елде кедейшіліктің жоғары дәрежесі мүмкін емес.

  7. Кедейшілік – төмен экономикалық даму дәрежелі елдерге тән әлеуметтік проблема.

  8. Экономикалық өсу халықтың тұрмыс деңгейін жоғарлату шарты болып табылады.

  9. Таза түрде экономикалық өсудің екі түрі қана кездеседі – ол интенсивті және экстенсивті.

  10. Қазақстанда экономикалық өсудің экстенсивті түрі басымды.

  11. Экстенсивті өсу көзі болып жаңа тиімдірек өндіріс тәсілдерін шығару табылады.

  12. Интенсивті экономикалық өсу көздеріне еңбек, капитал, шикізат және жерді арттыру жатпайды.

  13. Елде экономикалық өсудің болуы нақты өндіріс көлемдерінің өсуіне тікелей тәуелді.

  14. Қазақстан Республикасында экономикалық даму қарқындарының өсуі 2000 жылдан бастап байқалады.

  15. Қазақстан Республикасында экономикалық даму қарқындарының өсуі 1998 жылдан бастап байқалады.

  16. Ресурстік және экономикалық шектеулер – экономикалық өсуді шектейтін негізгі себептер.

  17. Экономикалық өсу модельдерінің алғашқысы – Р.Харрод-Е.Домардың моделі.

  18. Х.Кобб-П.Дугластың экономикалық өсу моделі үш факторлық модель болып табылады.

  19. Көптеген экономикалық өсу модельдері бойынша нақты ЖІӨ өсуі ең алдымен капитал мен еңбектің әсерінен орын алады.

  20. Р.Солоу моделі – экономикалық өсудің екі факторлық моделі.

  21. Солоу моделінің мақсаты тұтыну мен жинақтың өзара тәуелділігін талдау болып табылмайды.

  22. Солоу моделі жинақтар, халық өсуі және ҒТП уақыт аралығында өндіріс көлеміне қалайша әсер ететінін көрсетеді.

  23. Солоу моделі елдер халықтың тұрмыс деңгейі бойынша бір-бірінен неліктен қатты ажырайтынын ашпайды.

  24. Солоу моделінде өндіріс көлемі өндірістік функциямен анықталады да, ал еңбек тұрақты.

  25. Тұрақты ауқым нәтижесі – Солоу моделінде өндірістік функцияның қасиеті.

  26. Солоу өз моделінде бір жұмысшыға шаққандағы айнымалыларды қолданған, себебі еңбек мөлшері тұрақты.

  27. Солоу моделінде Y – бір жұмысшыға шаққандағы шығарылым.

  28. Капиталмен жарақтандырылғандық k=L/K формуласы бойынша анықталады.

  29. Еңбектің капиталмен жарақтандырылғандығы – ол бір жұмысшыға шаққандағы капитал.

  30. Бір жұмысшыға шаққандағы өндірістік функция графикте кемімелі қисық болып сызылады.

  31. Капиталдың шектік өнімі – ол бір жұмысшыға шаққандағы капитал.

  32. Капиталдың шектік өнімінің формуласы: MPk = f(k+1) – f(k).

  33. Солоу моделінде барлық өндірілген өнім тұтыну мен инвестицияға бөлінеді.

  34. Қорлану нормасы s – инвестициялардың өндірілген өнімге қатынасы, оң шама болып табылады.

  35. Қорлану нормасының мәндері -1 ден 1 дейін ауытқиды.

  36. Қорлану нормасының мәндері 0 ден 1 дейін ауытқиды.

  37. Бір жұмысшыға шаққандағы инвестиция қорлану нормасына тәуелді және i=sf(k) тең.

  38. бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну c = (s-1)*f(k) формуласы бойынша анықталады.

  39. Амортизация нормасы δ – тозу салынан жыл сайын айналыстан шығарылатын капитал үлесі.

  40. Солоу моделінің негізгі теңдеуі бұлайша жазылады Δk=sf(k)-δk.

  41. Солоу моделінің негізгі теңдеуі қорлану нормасына тәуелсіз капиталмен жарақтандырылғандықтың бір жыл аралығында өзгеруін анықтайды.

  42. Стационарлық тәртіп – экономиканың тұрақсыз жағдайы.

  43. Экономика тұрақты қалпыда деп айтамыз, егер уақыт аралығында капиталмен жарақтандырылғандық өзгермесе.

  44. Тұрақты қалпыда бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар бір жұмысшыға шаққандағы тұтынудан артық болады.

  45. Графикте капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі – ол sf(k) және δk қисықтарының қиылысу нүктесі.

  46. Неғұрлым қорлану нормасы жоғары болса, соғұрлым капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі жоғары, бірақ бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну қалай өзгеретіні түсініксіз.

  47. Неғұрлым қорлану нормасы жоғары болса, соғұрлым капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі жоғары, бірақ инвестициялар азаяды.

  48. Қорланудың Алтын ережесі бойынша оптималды қорлану дәрежесінде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну максималды және уақыт аралығында тұрақты.

  49. Халықтың өсуі бір жұмысшыға шаққандағы өндіріс көлеміне кері әсерін тигізеді.

  50. Солоу моделінде тек ғана технологиялық прогресс үздіксіз өсетін тұрмыс жағдайын түсіндіре алады.



III Тестер




  1. Экономикалық өсу дегеніміз:

А) Халқының тұрмыс деңгейін төмендету мүмкіндігі;
В) Инфляция кезінде өндірістің құлдырауы;
С) Халықтың жан басына шаққанда нақты ЖҰӨ-нің артуы;
D) Капитал қорлануының азаюы;
Е) Еңбек өнімділігі мен фирмалардың техникалық дәрежесінің өсуін тоқтату.
2. Экономикалық өсудің түрлері:
А) Дамушы;
В) Өспелі;
С) Экстенсивті және интенсивті;
D) Технологиялық;
E) Техникалық.
3. Экономикалық өсу моделінде өсу қарқыны неге тәуелді:
A) технологияға;
B) еңбек пен технологияға;
C) еңбек пен капиталға;
D) капитал мен технологияға;
E) жер мен капиталға.
4. Негізгі өндіріс факторлары:
A) еңбек және капитал;
B) еңбек құралдары мен жер;
C) капитал және жер;
D) еңбек құралдары мен заттары;
E) жұмысшылар мен менеджерлер.
5. Өндірістік функцияның математикалық жазылуы:
A) у = ах;
B) у = вK;
C) у = F (х);
D) у = F (K,L);
E) у = F (L).
6. Өндірістік функция нені сипаттайды:
A) бар технологияны;
B) еңбек мөлшерін;
C) еңбек құралдарының мөлшерін;
D) капитал мөлшерін;

  1. E) фирмадағы маркетингтің қалпын.

7. Өндірістік функцияның тұрақты ауқым нәтижесі бар, егер:
A) zY=F(0.5zK,0.5zL);
B) zY=F(2zK, 2zL);
C) 2zY=F(4zK, 4zL);
D) 0,5zY=F(zK, zL);
E) zY=F(zK,zL).
8. Капиталдың шектік өнімі – ол:

  1. қосымша еңбек бірлігін пайдаланудан шыққан қосымша өндіріс көлемі;

  2. еңбек бірлігін пайдаланудан шыққан қосымша өндіріс көлемі;

  3. қосымша капитал бірлігін пайдаланудан шыққан қосымша өндіріс көлемі;

D) тұтынылған өнім көлемі;
E) қосымша пайдаланылған қаржы ресурстары.
9. Солоу моделінде стационарлық тәртіп қалпында қорлану нормасының артуы мына көрсеткішті өзгертпейді:
A) капиталмен жарақтандырылғандық;
B) еңбек бірлігіне шаққандағы өнім шығарылымы;
C) еңбек бірлігіне шаққандағы тұтыну;
D) еңбек бірлігіне шаққандағы инвестициялар;
E) жиынтық шығарылым.
10. Солоу моделінде ҒТП өсу қарқынымен қоса:
A) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі өседі;
B) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі өзгермейді;
C) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі азаяды;
D) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі ҒТП қарқынымен өседі;
E) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі ҒТП қарқынынан артық шамамен өседі.
11. Солоу моделінде оңтайлы тәртіп қалпында халықтың өсу қарқыны ҒТП қарқынымен бірге өссе:
A) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі өседі;
B) уақыт аралығында бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну азаяды;
C) уақыт аралығында бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну өседі;
D) уақыт аралығында бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну өзгермейді;

  1. жиынтық шығарылым халықтың өсу қарқынымен артады.

12. Қандай модель ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттейді:
A) ІS-LM моделі;
B) AD-AS моделі;
C) Сұраныс моделі;
D) Солоу моделі;
E) Манделл-Флеминг моделі.
13. Солоу моделін талдауының бастамасы:
А) Өндірістік функциялар;
В) Ұзақ мерзімді жиынтық сраныс функциясы;
С) MV=PY теңдеуі;
D) Жиынтық ұсыныс функциясы;
Е) Нақты жалақы.
14. Солоу моделінде функцияның көлбеу бұрышы неге тең:
A) еңбектің шектік өнімділігіне;
B) капиталдың шектік өнімділігіне;
C) еңбектің орташа өнімділігіне;
D) капиталдың орташа өнімділігіне;
E) капиталдың жалпы өнімділігіне.
15. Солоу моделінде тұрақты қалпы графигінде (n+δ)k сызығы және sq қисығының көрінісі қандай:
A) (n+δ)k және sq бір-біріне перпендикулярлы;
B) (n+δ)k әрдайым sq-н жоғары өтеді;
C) (n+δ)k әрдайым sq-н төмен өтеді;
D) (n+δ)k және sq бір-біріне параллель;
E) (n+δ)k және sq бір-бірімен қиылысады.
16. Солоу моделінде капитал қорлануының негізгі теңдеуі келесі:
А) Δ k= sq-(n+δ)k;
В) Δ k= sq+(n+δ)k;
С) Δ k= sq – k;
D) Δ k= sq+(n+δ);
Е) Δ k= q – k.
17. Солоу моделінде тұрақты жағдайға жету шарты:
А) sq=(n+δ)k;
В) q =k;
С) s=d;
D) sq = n;
Е) q=nk.
18. Солоудың факторлық моделінде экономикалық өсу капитал қорлануымен, жұмыс күшінің өсуімен және қосымша немен анықталады:
А) Нақты жалақының өсуімен;
В) Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуімен;
С) Техникалық өзгерістермен;
D) Жинақтар нормасының өсуімен;
Е) Негізгі капиталға инвестициялардың артуымен.
19. Солоу моделінде тұрақты қалпыда:
A) q және k – тұрақты шамалар;
B) өсу қарқыны нолге тең;
C) жан басына шаққандағы жинақтар капиталды кеңейтуге арналған жинақтардан артық;
D) жан басына шаққандағы жинақтар нолге тең;
E) капиталды кеңейтуге арналған жинақтар нолге тең.
20. Солоу моделінде айналыстан шығарылатын капиталды алмастыруға жұмсалатын жинақтар сомасы тең:
A) s;
B) sk;
C) δ;
D) δk;
E) (1-s)δk.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет